Материалдар / Қазақ халқының салт-дәстүрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
982
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қашар кенті әкімінің аппараты»

Мемлекеттік мекемесінің

«№ 4 балабақша» КМҚК



Біріккен сабақ.

(Қоршаған ортамен таныстыру, Жапсыру.)



Тақырып:


Shape1





Тәрбиеші: Өтеуова Ж.Б.








Тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Білім бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру, Жапсыру.

Мақсаттар: Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Билингвалдік компонент: ыдыс - посуда, сандық - сундук, жаңа туған бала – новорожденный.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық










































-Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық:

- «Арайлап таң атты

- Алтын шапақ таратты

- Аманбысың, жер ана!

- Аманбысың, нұрлы күн!»

Тәрбиеші:

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Өнерлі халық-өміршең халық, қазақтың

әдет - ғұрпына, салт-дәстүріне бағытталған.

Салт - дәстүрдің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сенімнің, тұтас-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелегіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

«Кіндік кесер» - нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шеше) дайын тұрады. Кіндік кесу -мәртебелі, абройлы іс.

«Шілдехана» - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той.

Азан шақыру - туған нәрестенің атын молда адамға құлағына есімін айтқызып, азан шақыртырып қойдырған.

Бесікке салу - жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қаситті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Қырқынан шығару -баланың туғанына қырық күн толған соң, оңы ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Айдар. Балалардың төбе шашын ұзартып, өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.


Кекіл. Жас баланың шашын ұстарамен алып тастайды да мандайынан бір шөкім шаш қалдырады, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді.

Тусау кесер - Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалады.


Балалар, өзімізді бір сергітіп алайықшы:


Сергіту сәті:

Қарлығаш болып ұшайық,

Торғай болып қонайық,

Қане қанат жазайық,

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Балалар бәрі айтады









Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды



















































































Балалар бойларын сергітеді.

Ұйымдастыру-іздестіру


























Тәрбиеші:

-Балалар, енді мен жұмбақ жасырғым келіп тұр,

кім тапқыр екен?


-Шыр көбелек айналар,

Беліне жіп байланар.


-Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды.


Қызықты сәт.

Тәрбиеші:

-Қарандар, балалар, бізге біреу сиқырлы сандық тастап кетіпті.

-Ішінде не бар екен көрейікпе?

-Көрпешелер бар екен.

-Көрпеше қандай өрнекпен өрнектелген?

-Ал мынау қандай көрпеше?

-Балалар көрдіңдер ме, көрпешелер әр түрлі болады екен.

-Көрпені кімдер тігеді?

Тәрбиеші:

-Ал енді, балалар, бәріміз орымызда отырып, осы пішіндерден көрпеше жасайықшы.

Көрпешенің үлгісін көрсете отырып бірге жасау.

Тәрбиеші:

-Алдымен, балалар, төртбұрышты пішінді алып, ақ қағазды ортасына жапсырамыз.

-Пішінді алып, артына желімді жағамыз, содан кейін ақ қағазға жапсырамыз, асықпай таза жасаймыз.

-Екіншіден, бір үшбұрышты алып, жаңағы төртбұрыштың оң жағына жапсырамыз. Енді екінші үшбұрышты сол жағына жапсырамыз.

-Балалар, енді қандай пішінді жапсырған жоқпыз?

-Домалақты қағаздың бұрыш-бұрышына жапсырамыз.









-Ұршық



-Сандық




Балалар назар аударады.



-Иә



-Оюмен

-Құрақ



-Иә

-Тігіншілер, әжелер.






























Рефлексивті-түзетушілік

Жарайсыңдар, балалар, қандай тамаша, көркем өрнектер. Көрдіңдер ме балалар, адам алға талпынса алмайтын асуы болмайды, сендерге «жарайсыңдар» дей отырып, «Еңбек түбі-зейнет» дегенді естеріңе салғым келеді. Балалар сендер енді нағыз еңбек дегеннің не екенін түсінген боларсыңдар?(балаларды марапаттайды)

-Біз не білдік?

-Ең қызықтырғаны қайсысы?

-Ең қиыны не болды?







Балалар өздері жасаған өрнектерін аналарына сыйлауға уәде береді.






Балалар жауап береді


Күтілетін нәтіже:


Ұғынады: Өз елінің салт-дәстүрлерін, атауларын білу.

Түсінеді: Өзінің және өзге халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік болу.

Қолданады: Шаршы пішінді оюды құрастыруға, бұрыштарымен ортасын элементтермен толықтыруға үйрету. Қайшыны дұрыс ұстап, жолақшаны қию ережелерін білу.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!