Материалдар / "Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту" жоба жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту" жоба жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің мағынасын ұғына отырып, оның бала тәрбиесіндегі алатын орнын айқындау, жас ұрпаққа дәріптеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2021
1215
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













32 ЖББМ КММ

Секция: Қазақ тілі және әдебиеті

Ғылыми жоба тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту»

Орындаған: Мейманова Дильназ, 5-сынып

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тулеева Айгуль Закариановна















2021 жыл





Мазмұны

І. Аннотация........................................................................................1-2 бет

ІІ. Кіріспе..............................................................................................3 бет

ІІІ. Негізгі бөлім..................................................................................4-8 бет

Бесікке салу..........................................................................................4 бет

Қырқынан шығару..............................................................................5 бет

Тұсау кесу................................................................................................6 бет

Сүйінші.....................................................................................................7 бет

Көрімдік беру............................................................................................8 бет

ІV. Қорытынды.........................................................................................9 бет

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................9 бет

VI. Жетекші пікірі.....................................................................................10 бет























1


Аннотация

«Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту» атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен тұрады.

«Қазақ халқының салт-дәстүлерін жаңғырту» тақырыбына ғылыми жоба жазуыма не себеп болды? - Зерттелу нысаны етіп салт - дәстүрді алуыма біріншіден өзім тұратын Қазақстан деген ұлан байтақ жер болса, екіншісі –кей жерлерде салт - дәстүрлердің кейбірі қолданыстан шығып жатқаны себеп болды.

Менің ойымша, әр қазақ отбасы өз салтын насихаттау барысында дәстүрлерге сүйене отырып өмір сүруі қажет. Қазақ халқының ұлттық-мәдениті өркендеген сайын, мен сияқты жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын. Өйткені, осындай негіздерді білмей, қазақ жастарының тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес. Бұл арада ең маңыздысы : әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанына бар жан-тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері” атты зерттеу жұмысымның барысында қазақ халқында көптеген салт –дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың бар екенін білдім. Өз жұмысымда соның 5 түріне тоқталып кеттім.

Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің мағынасын ұғына отырып, оның бала тәрбиесіндегі алатын орнын айқындау, жас ұрпаққа дәріптеу.

Міндеттері :

  • Қазақтың салт – дәстүрлерінің қолданылу аясын зерттеу.

  • Қолданыстан шығып қалған көне дәстүрлердің мағынасын ашу.

  • Салт – дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын маңызына тоқталу.


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ халқы өзінің салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той - мереке, әдеп - ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді.




2


Алайда, осы салт – дәстүрлердің халық арасында ұмытылып бара жатқандары да жоқ емес. Тәуелсіз елімізде бұрыннан келе жатқан салт – дәстүрлерді қадірлеп, ұмытылғанды еске алу біз сияқты жас ұрпақтың қолында.


Жұмыстың жаңалығы:

Қазақтың салт – дәстүрлерін дәріптеу, ұмыт қалған дәстүрді қолданысқа енгізу.


Күтілетін нәтиже:

Жас ұрпақты сыпайылыққа, адамгершіліке, адалдыққа, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелейтін салт – дәстүрлердің қолданылу аясын кеңейту.



Зерттеу әдісі:

  • Ақпараттарды жинау және өңдеу.

  • Материалдарды  талдау және жүйелі түрде жинақтау.

  • Теорияны  практикамен  қолдану.





















3

Кіріспе

Халқын сүйген,

Салтын сүйер.

                           (Халық даналығы)


Менің аты-жөнім Мейманова Дильназ. Шешем- Махаббат, ұлты қазақ. Мен үйдегілердің ең үлкенімін. Менің анам үлкен отбасында тәрбие алып, өскен. Туыстарымызбен бір-бірімізге қонаққа жиі барып, тығыз қарым-қатынастамыз. Осы тақырыпты жоба ретінде алуыма да себеп болғандығының бірі қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығуым еді...осы жайлы көп білгім келеді, біле түссем екен деймін.

Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрі болады . Сол сияқты қазақ халқының өзіне тән қалыптасқан дәстүрлері бар екендігін білемін. Бұл ертеден келе жатқан дәстүрлер ұрпақты сыпайы, тәрбиелі, парасатты, саналы болуға тәрбиелейді екен. Мен де келешекте сондай азамат болып өсуді армандаймын. Анам қазақ болғандықтан, анамның көріп өскен салт-дәстүрін сақтағым келеді, себебі маған нағашы әжем үнемі айтып отыратын. Әжемнің айтуынша: «Отбасында негізгі туыстық қатынас – әке жағымен есептеледі екен. Сонымен қатар шеше жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды «жиен» деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары «нағашы», «нағашы жұрт» деп аталады»

-деп айтып отыратын. Әжемнің сөзінен байқағаным, қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларына жиі-жиі айтып отырған. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып өседі екен.





4

Мен қазақ халқының біраз жаңарған салт- дәстүрлері туралы оқыдым.

Б есіке салу


 Нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді «әжеге», «әйелге» тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі немесе анасы түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек жаулық сияқты сый

тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және бесік жыры айтылады.






5

Қ ырқынан шығару

ҚТуғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген «ит жейдесіне» тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді.





6

Тұсау кесу



Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.











7

Сүйінші


Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.

Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, сүйіншісін алудың да ешқандай ұяттығы жоқ.





8

К өрімдік беру



Жаңа туған балаға, жас келінге алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.











9

Қорытынды

Салт - дәстүрлерді зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным – оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені, тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оның адамды ізгіліке , қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған қазақ халқы үшін маңызды. Болашақ ұрпақты білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт - дәстүрге, оның ішінде көне салт – дәстүрлерді қайта жаңғыртып, ерекше мән беруіміз керек. Қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан мәдени салт - дәстүрлерін ұмытпауымыз керек. Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт – дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп сенемін.

Салт - дәстүр, әдет -ғұрып - халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқауы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүрді халықтың асыл мұрасы ретінде бағалап, көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру – өркенді де өнегелі іс.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары. С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі»1994ж

2. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы. «Ана тілі»2003ж.

3. Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1992ж

4. Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999ж



10


32 ЖББМ КММ

5 сынып оқушысы

Мейманова Дильназдың «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту»

атты ғылыми- практикалық жоба жарысына жазған

зерттеу жұмысына ғылыми жетекшісінің пікірі



ПІКІР:

«Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту» атты ғылыми- практикалық жұмысын 5-сынып оқушысы Мейманова Дильназ орындады. Ол зерттеу жұмысы кезінде интернет желісінен, қалалық кітапханадан әр түрлі мәліметтер, ақпарат-

тар жинақтады. Оқушы өз жұмысы кезінде ізденімпаздық, белсенділік танытты. Алдымен орыс тіліндегі ақпараттарды оқып, қызықты деген мәліметтерді қазақ тіліне аударып отырды. Осы тақырыпта жұмыс жасаған кезде оқушымның

бойынан еліне, қазақ халқына, өзі туған жеріне деген құрметті, әжесіне деген махаббатын, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын байқадым.



Қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Тулеева Айгуль Закариановна






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!