Материалдар / Қазақ халқының ырым тиымдары- ұлттық тәрбиенің қайнар көзі.Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқының ырым тиымдары- ұлттық тәрбиенің қайнар көзі.Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ырым - тиымдарының бала тәрбиесіндігі рөлі жайындағы жинақталған ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2020
1571
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

алматы облыстық білім департаменті

8 орта мектебі







Авторлары:Қайсар Балауса 4 «Ә» сынып


Тақырыбы: Қазақ халқының ырым – тыйымдары – ұлттық

тәрбиенің қайнар көзі


Секция: этномәдениеттану


Жетекшісі: Ахмедиярова Қ.Қ.
















Талдықорған



Талдықорған қаласы,Н.Островский атындағы

8 орта мектебінің 4 «Ә» сынып

Оқушылары Қайсар Балаусаның

«Қазақ халқының ырым – тыйымдары – ұлттық

тәрбиенің қайнар көзі» атты жұмысына

П І К І Р

Бүгінгі күнгі жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсаттарымыздың бірі ұлттық сана – сезімі оянған, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, бойына үлгі – қасиетті қалыптастырған ұлтжанды шәкірттерді тәрбиелеу болып табылады.

Қайсар Балаусаның зерттеу жұмысы қазақ халқының ырымдарын, оның түрлерін, олардың оқулықтарда қамтылмаса да өміршеңдігін зерттеуге бағытталған.

Осыған байланысты оқушылар Қайсар Балауса алдымен ұлттық тәлім, салт – сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін басшылыққа ала отырып, жүйелі түрде тақырыпты жан – жақты ашуға дәйек болатын материалдарды жинақтаған.

Жинақтай келе халықтық ырымдарды келесі төрт түрге бөліп, салт дәстүрді оқытуда көмегін тигізер біршама материалдар жинақтаған.

Қайсар Балауса халықтық ырымдарды келесі төрт салаға бөліп, жүйелі біртұтас дүние шығарған.:

- халықтың тұрмысы мен мәдениетіне байланысты ырымдар

- жан – жануарларға байланысты ырымдар

- табиғат туралы ырымдар

-адам психологиясына кері әсерін тигізетін ырымдар

Дана халықтардың өзі жасаған осы әдет – ғұрып пен жөн – жосықты біліп, үйрену және қолдану – ағайынды адастырмас сара жол екендігін басшылыққа ала отырып, ырымдардың тәрбиелік жағына көп көңіл бөлген. Осы аталған ырым түрлерінің барлығында өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие берер ұлағат мол екендігіне баса назар аударып, мол материал жинақтаған.

Қорыта түйген ой: жинақталған материалдар фольклорды оқытуда қосымша деректер болатындығы.










Аннотация

Зерттеу мақсаты: қазақ халқының ырымдарын, оның түрлерін, тәрбиелік мәнін, оқулықтарда қамтылмаса да өміршеңдігін зерттеу, бүгінге дейін бірсыпыра мәтіндер жинақталғанымен арнайы зерттеле қоймаған осы шағын жанрлық түрдің  халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде көтеріп келе жатқан жүгі орасан ауыр екендігін айшықтау, жастарды имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу, ұлттық салт – дәстүрімізді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу жауапкершілігін сезінуге, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азаматтарды тәрбиелеуге үлес қосу.

Гипотеза: «заңға дейінгі жазылмаған заң» деп аталатын ырым – тыйымдарды тұрмыс –тіршілікте бұлжытпай орындау, жастарға ұлттық тәрбие ретінде қолдану.

Кезеңдер:

1. Ұлт дәстүрі – заңнан биік

2. Әдеп немесе өлмес өнеге

3. Төрт түлік малға байланысты ырымдар

4. Табиғатқа байланысты ырымдар


Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі: ырым-тыйымдар кәріқұлақ естияр жандар тарапынан бақыланып, үнемі қадағаланып отыратын қасиетке ие. Ол әлеуметтік-қоғамдық реттілікті, тәртіпті қалыптастырушы, орнықтырушы бірегей жүйе. Бір сөзбен айтқанда, оны «заңға дейінгі заң»  деп бағалауға болады.

Әрбір ырымның өзегінде бір замандарда  қоғамда  маңызды рөл атқарған әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік алар орны ерекше.


Жұмыстың жеткен нәтижесі: ырым-тыйым  қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа әрі ең өміршең жанрдың бірі деп танылып, оның ғасырлар керуеніне өтіп, бүгінгі ұрпақтың зердесіне ұя салуы –  қысқа да ұшқыр, ұтқыр да тұтқыр сипатында жатқандығы екеніне зейін қойып, ырым – тыйымды оқытуда қосымша болатын материал жинақтап, жүйеге келтірілді.

Қорытынды: қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет - ғұрыптарын, тұрмыс-тіршілігін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету. Бүгінгі мектептегі жасөспірімдерді білім алуымен қатар ұлттық дәстүрде тәрбиелеу




Мазмұны

І. Кіріспе ...........................................................................2 - 3

ІІ. Зерттеу бөлімі .............................................................3-14

1.Ұлт дәстүрі – заңнан биік ........................................3 - 6

  1. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне байланысты ырымдар .....................................................................7 -9

  2. Төрт түлік малға байланысты ырымдар

  3. Табиғатқа байланысты ырымдар ...........................10-11

5.Адам психологиясына кері әсерін тигізетін

ырымдар.......................................................................11-12

ІІІ. Қорытынды ..................................................................13-14

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ......................................15

V. Қосымшалар ..................................................................16




























І. Кіріспе

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...оқушылардың бойында ұлттық мінез құлық, биік талғампаздық.тәкәпарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек ...» баса атап көрсетілген болатын [1] . Сол үлкен жауапкершіліктің бірі ел тәуелсіздігімен бірге қайта оралған халық мұраларын, оның ішінде қазыналы ауыз әдебиетін терең танытуға басымдылық берілуі заңды.

Ауыз әдебиеті – тәрбие көзі,өнеге - өсиет кені. Халықтық тәрбиенің жас ұрпаққа әсер – ықпалын зерделеп – зерттеу ісімен айналысқан ғалымдардың ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсеткен еңбектері баршылық. Атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М.Ғабдуллиннің «Ата – аналарға тәрбие туралы кеңес», Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың «Қазақ тәлім – тәрбиесі», С.Қалиевтың «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» және т.б. еңбектерде бұл мәселені жан – жақты ашып көрсеткен.

Түркі халықтарының әдебиетін жинақтаушы, әрі зерттеуші ғалымдар В.В. Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Диваевтар да қазақ халық ауыз әдебиетінің мазмұндық, тілдік сипаттарына жоғары баға берген болатын.

Қазақтың белгілі ғалымдары М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Қаратаев, Қ.Бекхожин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Ысмаилов, М.Ғабдуллин т.б. әдеби мұраларды игеру, зерттеу, жинақтап жариялау, оларды оқулық көлеміне баяндау мәселелерін көтерді.

Халық ауыз әдебиетінің мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, батырлар жыры сынды жанрлары оқулықтарда беріліп, балалардың ақыл – ой, сана – сезімін көтеріп жүргенімен, бала тәрбиесінде өзіндік орны бар, салт – дәстүрдің бір түрі - ырым, тыйым сөздердің қамтылмауы өкінішті –ақ.

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – ырым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

Мұндай ырым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбірлеріне зерттеу жасап көрдік.

Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды [2]. Олай болса, әдет – ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

Зерттеу мақсаты: қазақ халқының ырымдарын, оның түрлерін, тәрбиелік мәнін, ырымдардың оқулықтарда қамтылмаса да өміршеңдігін зерттеу болды.

Ырымдар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде көп қолданылады, адам баласын тәрбиелеуде көп ықпалын тигізетіндігі өзекті мәселе ретінде алынды.

Зерттеу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде халықтық ырымдар жайлы әдебиеттермен танысу болды. Ұлттық тәлім, салт – сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін басшылыққа ала отырып, жүйелі түрде тақырыпты жан – жақты ашуға дәйек болатын материалдарды жинақтадық.

Зерттеудің екінші кезеңі: халықтық ырымдардың түрлерін анықтау болды. Халықтық ырымдар зерттеле келе келесі төрт түрге бөлінді: халықтың тұрмысы мен мәдениетіне байланысты ырымдар, әйел әдептері, жан – жануарларға байланысты ырымдар, табиғат туралы ырымдар. Дана халықтардың өзі жасаған осы әдет – ғұрып пен жөн – жосықты біліп, үйрену және қолдану – ағайынды адастырмас сара жол екендігін басшылыққа ала отырып, ырымдардың тәрбиелік жағына көп көңіл бөлінді. Осы аталған ырым түрлерінің барлығында өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие берер ұлағат мол.

Зерттеудің үшінші кезеңі: ата – бабамыздың өнегелі тағылымдарын, ырымдарын басшылыққа ала отырып, тек ғылым негіздерін алып қоймай, тұрмыс түйткілдерін, шаруа сырлары мен тәсілдерін насихаттайтын халықтық ырымдарды басшылыққа алу керек екендігіне көз жеткіздік. Қазақ халқы әр нәрсеге тыйым салғанда – ұрпағының иманды, әдепті болғанын тілегені. Қазақ халқының ырымдарының тәрбиелік маңызы зор.

Қорыта түйген ой: жинақталған материалдар фольклорды оқытуда қосымша деректер болатындығы.



1. Ұлт дәстүрі заңнан биік

Біз, негізгі тақырыбымызға көшпес бұрын, өзіміз жинақтаған салт – дәстүрлер мен ырымдардың атауларына, беретін мағынасына тоқтала кетейік.

Салт – дегеніміз кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді [3].

Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады [3].

Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.

Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазаланады. Үй-ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған.

Аузына түкіру – ырым. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.

Бие байлар – сауылатын биелерді көктемде алғаш рет байлар алдында жасалатын ырым. Желіні тартып, құлындарды байлау кезінде мал сойылып, ауылдағы адамдар түгел қонаққа шақырылады. Бие байлар көктем шығып, ақтың молайған кезінде жасалған.

Шөміш қағу – ырым. Көктемде сәуір айының бас кезінде көкжиекті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Осы кезде ата-бабаларымыз «күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғашқы күн күркіреген кезде киіз үйдің босағасына, табалдырығына ағаш шөмішті тигізіп:

Айран, сүт көп болсын,

Жақсылық көп болсын,

Жабырқау жоқ болсын.

Ел-жұрт тоқ болсын, –

деп тілеу тілеп, көктемнің алғашқы найзағайлы күркірек жаңбырын қарсы алады. Осыны шөміш қағу деп атайды.

Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.

Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.

Аяғына жығылу – ғұрып. Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі – аяғына жығылу деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып,

кешірім сұрайды. Егер іс қиындап асқынып кетсе, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғын құшып кешірім сұрауы керек. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі.

Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде адамды «ант атқан» деп жек көрген. Ант – адалдық сөзі.

Енші қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесті енші дейді.

Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бөледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады.

Айттыру – қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шешесінің айттыруға қарсы емес екендігін біледі. Содан кейін қызды ресми түрде айттырады. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың есімін ататады. Той қамы, басқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кесіледі.

Ауыз тию – ғұрып. Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдасын деген сенімінен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстінде келген адам дәмнен ауыз тиюге тиісті деген ырым бар. Қазақтың дәстүрі бойынша, үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармау керек.

Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жасы кіші адам үлкенге бөгет жасамай, жол босатады, үй ішінде төрге отырғызады, астан дәм татар кезде де осы әдеп сақталады.

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.

Сыралғы – дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының сөзін жерге тастамайды.

Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет,

наурыз тойлары. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Тоқым қағар – қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.

Сыбаға – қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кезінде ауыл адамдары бір-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген сыбағаға көрші-қолаңдарын, жақын туыстарын шақырады. Сыбаға әкелген табаққа тиісті сыйлығын салып қайтарады. Көбінесе отау үйдің адамдары қара шаңыраққа немесе жасы үлкен адамдарға сыбаға береді.

Сыйлық – тұрмыс салт-дәстүрі, құрмет көрсету, ол барлық халықтар арасында ертеден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қазақ қауымдарында мәртебелі адамдарға, дарынды ақын-әншілерге, құда-жекжаттарға берілген. Сыйлыққа түйе бастаған тоғыз берген, ат мінгізіп, шапан жапқан немесе басқа да бағалы заттар берген. Ал қазіргі кезде үздік өнерге, озат адамдарға, үздік спортшыға ақшалай сыйлық береді.

Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақ халқы салт –

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!