ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІНІҢ
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Ахметова Назым
Орынбасарқызы
Түркістан облысы, Жетісай
ауданы, №51 «Дәуір» ЖОББМ
орыс тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Салт-дәстүр дегеніміз –
халықтың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты
қалыптасқан ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отырған қоғамдық құбылыс. Ол
ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан
тарихи және көне үрдіс. Ал, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі
мен тіршілігіне байланысты қанға сінген қылықтарды
білдіреді.
Қазақ этнопедагогикасының
үлкен бір саласы – осы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары болып табылады. «Халқым қандай десең салтымнан сұрап
біл» демекші салт-дәстүрлерден халықтың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі,
даналығы, шешендігі, танымдық көзқарастары көрінеді. Қазақ халқы
қазақ атанғалы бері қаншама заман, сан ғасырлар өтті. Әсіресе түркі
тектес туыстас халықтардан еншісін алып, өз алдына жеке ту тіккелі
бері қазақтар өз ата-баба дәстүріне шын беріліп, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін және тілін қадірлеп, өте таза сақтап келгені белгілі.
Қазақ дәстүрі тек ата – ананы ғана емес, жалпы адамды, сыйлауға
баулиды. Үйіне қонақ келе қалса, атын байлап, есік ашып, төрге
шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас –жораға қайырымды
болу сияқты салт – дәстүрлердің бірде- бірі ескірген жоқ. Бұлар
өмір бақи ескірмейтін салт – дәстүрлер және оны жас ұрпаққа
түсіндіріп, ұлттық қасиеттерді бойына дарыту біздің, ата -ананың
және педагогтардың міндеті.
Еліміздің болашағы - жас
ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі
болса, екінші бесік – білім, білім беру мекемесі, яғни баланың
қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне
бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша.
Елбасы Н.Назарбаев «Кешегі бабамызбен ғана
емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт
болуды ойлауымыз керек» - деп нақтылағанындай, ата-бабамыздан
қалған ұлттық тәлім-тәрбиені болашақ ұрпаққа ұғындырып, түсіндіруді
мақсат тұтқанымыз
жөн. Елімізге
тәуелсіздік таңы атқалы бері бала бойынан жат әдеттер алыстап, өз
дінімізді, рухымызды, салт-сана дәстүрімізді бала бойына
қалыптастыру мақсатында әрбір оқу іс-әрекетте өз қазақ халқымыздың
мәдениетімен байланыстыра өту қолға алынып
жатыр.
«Аға ұрпақ пен болашақ
ұрпақтың арасында ешқандай байланыс болмаған жағдайда, әрбір жаңа
ұрпақ тарихи өткен мұраты, дәстүрлерді, қол жеткен жетістікті
білмесе, оны сақтамаса қоғамның алға дамуы мүмкінеместігі ақиқат.
Осыған байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының барлық құндылығын сақтап,
жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отырады. Бұл сабақтастықта
ұрпақтар бірлігінде халықтың дәстүрінің өміршең мәңгілігі
бекітіліп, сақталып, жаңа ұрпақтың әлеуметтік және адамгершілік
құндылықтарға қарым-қатынасы оның жеке тұлғалық қалыптасуына негіз
болады», - деп Р.Төлеубекова орынды көрсеткен өз еңбегінде.
Өркениеттер тарихына ой жіберсеңіз, қай халықтың да ұлттық тағылымы
бар екеніне көз жеткіземіз. Белгілі бір халық тағылымы – сол
халықтың ұлттық негізі. Ұлттық негіздердің бір қыры ұлттық
салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен тікелей байланысты. Сондықтан да, салт –
дәстүр мен әдет – ғұрыпқа түсінік бере
кетейік.
“Қазақтар - балаңды өз
тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, -
дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән
қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығармай, ұстануымыз
керек.
Психолог ғалым Т. Тәжібаев өз
зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен
спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті білдіреді деген
теріс қиқарысты орынды сынай отырып, олардың тәлім - тәрбиедегі,
денесін машықтыру мен ақыл - ойын жетілдірудегі жеріне тоқталады.
Ұлттық ойын түрлері ұрпактың көңіл көтеруі, ойын - сауық түрлерімен
шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт санасын,
дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез
келген ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін
құбылыс.
Бүгінде ұлттық ойындар арқылы
балабақшаларда балаларды адамгершілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа,
ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдыққа тәрбиелеу басты
мәселе болып отыр. Сол себепті қазіргі кезде балабақшаларда осыған
байланысты кең түрде ұлттық ойындарды ойнату ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде жиі қолданылуда.
Қазақтың ұлттық ойындары ата –
бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстырған баға
жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің,
күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге
пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін оятады.
Сондықтан да қазіргі заманға
сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі
мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы
тәрбие жұмысын кеңінен ұйымдастыра білуіміз керек. Бала тәрбиесінде
халыктың, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму
ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі
ұйымдардағы балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен
халық педагогикасын басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде
ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз
қажет.
Балабақша бала тұлғасының
қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім
ошағы. Сол
себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет.
Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып
тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол
балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі
шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық
ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік
маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі
қажет.
Қазақтың салт-дәстүрі
күнделікті жүріп –тұрғанымыз, істеген ісімізге, оқыған оқуымызға,
сөзімізге, қарым-қатынасымызға бір-біріне байланысы бар.
Балабақшада тәрбиешілер әрбір оқу іс-әрекетін қазақтың
салт-дәстүрімен байланыстырып өту үшін ізденіп, балалар бойына
сіңіре білуі керек. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы
адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру,
алдынан баса көктеп өтпеу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты
дәстүрлер өмір бойы ескірмейтін, табиғи құлық мінездер. Бұл
мінездерді қорлау – алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау – алдымен
өзін-өзі сыйлау.
Балабақша – тәрбие бесігінің
бірі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын
адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап,
тәрбие жұмысында қолдану керек. Адам баласы дүниеге келген күннен
бастап, үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтан да бала
тәрбиесінде халықтық тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін,
даму ерекшіліктерін, орнығу заңдылықтарын ашып көрсетудің тәбиелік
мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың
жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы
басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып,
ұтымды жүргізе білуіміз қажет.
Еліміздің ертеңгі болашағы
балаларға ұлттық тәрбие беру – қазақ халқының басты міндеті. Ұлттық
тәлім-тәрбиенің басты мақсаты – адамгершілік, бауырмалдық,
қайырымдылық, туысқандық, әдептілік, әдемілік болып табылады.
Балаларды балабақшадан бастап ақылдылыққа, алғыр ойға, тілдік
шешендікке, іскерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты
мақсаты.
Ата-баба дәстүрінің ең бір
қастерлейтіні - дұрыстап сәлемдесе білу. Халқымыз осы рәсімге де
ерекше мән берген. Расында да, қазіргі кезде де жөн-жосығы мен
сәлемдесе білу - үлкен өнер, бұл - адамның кісілік қасиетін
көрсетеді. Оның имандылығымыз бен ар-ұятымыздың бастауы екендігі
хақ. Күн сайын біз қан шама адаммен жүздесеміз, қанша жұртпен
тілдесіп, пікірлесеміз десеңізші! Өкінішке орай, қазіргі кейбір
жастар, мектеп оқушылары мен студенттер халқының сәлемдесу рәсімін
ұмытқан, не болмаса, білсе де білмегендей сыңай танытады. Тіпті,
қысқаша аман-саулық түрін, кісіге қайырымдылық танытуды да кейбірі
қажет деп санамайды. Сондықтан жас ұрпаққа: «Амандасу-кісіге
қайырымдылық пен қаншама қуаныш, күш-жігер беретінін, бұлардан
адамның кісілігі, иманжүзділігі және инабаттылығы мен тәрбиелілігі
көрініп тұратынын» түсіндіру керек.
Халқымыздың ұлттық ойындарының
көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада
өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке,
ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері,
мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ»,
«Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын»,
«Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с.
Ұлттық ойындар – қазақ
халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын — сауықтарының бір
түрі. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды,
аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі
заман ағымына қарай белсене қатысады. Ұлттық ойындарымыз балаларға
тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге
пайдасы зор. Бір-ақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны
балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге,
көңілін көтеруге қолдануға болады.
Балабақша тәрбиесінде баланың
ынтасын өсіру, ой-өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін
көбірек пайдаланып, жаңартып отырса, бала тәрбиесі өз жемісін
берері анық. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын,
салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді жас
буынға дәріптеуге, оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп отыруға
міндетті.
Бауыржан Момышұлы: «Мен үш
нәрседен қорқамын – бесік жырын айтатын әйелдер табылмай қалады ма
деп қорқам, ертегілер айтатын әжелер табылмай қала ма деп
қорқам,салт-дәстүрлерді құрметтейтін жастар табылмай қала ма деп
қорқам». Олай болса, салттар мен дәстүрлер ең алдымен әдептілік
мәселелерге жататынын ескерсек, халықтың мәдениетін жоғары көтеру
жолында аянбай еңбек етіп ету керек. Өсіп келе жасқан ұрпаққа
ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш жайында молынан түсінік беріп
өткен жөн. «Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңңің ұлтаны бол» деп
намысы бар азаматтарды тәрбиелеу басты
парызымыз.
Қорытындылай келе, «Ер ел үшін
туады, ел үшін өледі» деп, жұртымыз намысты ерді халқы үшін жанын
қиятынын мақтаныш еткен. Әрбір адам кісілікке жеткен соң, өз
халқының намысын қорғай білуге міндетті. Егер кісі ел намысын
қорғай алмаса, ол азаматтық беделден жұрдай болады. «Ерді намыс
елтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақал содан қалған. Мәселен,
ер азаматқа туған жерін қорғау, атамекенді қастерлеу, халқының
атына кір келтірмей, ана тілін ардақтап, құрмет тұту, біреуге
жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, үлкенді
сыйлау т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру ер- азаматтың қастерлі
қасиеті, абыройы мен ары. Әсіресе, ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты,
иманды, ілтипатты болу - ер жігіттің бұлжытпай орындайтын борышы
екенін ұмытпауымыз керек.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. - Астана,
2008.
2. Ф. Бизакова «Психологиялық
түзету-дамыту жұмыстары» Тараз 2013
3.
«Грэйс Крайг.
Психология развития. - СПб., 2000
4. Төтенаев Б. «Қазақтың
ұлттық ойындары». – Алматы, 2002.
5. «Отбасы және балабақша»
№6, 2018
6. «Балабақша меңгерушісі
және әдіскері» №5/6, 2014ж.