Материалдар / Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
3475
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму

Мектеп: Теректі ауданы Новопавлов ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байсақалов Б.І.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1.-Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;

6.3.1.11-Қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін сипаттау;


Сабақ мақсаттары

  • Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың қоғамдағы рөлін анықтайды;

  • Қазақ қоғамынының әр кезеңіндегі әлеуметтік топтардың қызметін талдайды.

  • Қазақ хандығының әлеуметтік қоғамдық құрлысын көрсетеді


Ойлау дағдыларының деігейі

Білу және түсіну;Қолдану; Талдау;

Бағалау критерийлері

  • Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың қоғамдағы рөлін сипаттайды;

  • Қазақ қоғамынының әр кезеңіндегі әлеуметтік топтардың қызметінің айырмашылықтары мен маңызын ажыратады

  • Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар мен таптарды кестеде ажыратып, жіктейді(мысалы, сұлтандар, төрелер, қожалар, ақсүйектер, қарасүйектер,сұлтандар,билер, батырлар,құлдар,байлар, кедейлер, жыршы-ақын...)

Тілдік мақсаттар


Тақырыпқа сай бейнематериал көрсетіледі. (тыңдалым дағдысы)

Әлеуметтік топтардың қоғамдағы рөлін сипаттап айтады. (айтылым дағдысы)

Әлеуметтік топтардың айырмашылығы мен маңызын жазады.(жазылым дағдысы)

Оқушылар берілген мәтінді пайдалана отырып әлеуметтік топтарды сәйкестендіреді (оқылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология: сұлтан, хандық билік, тақ мұрагері, жырау, феодализм, аристократия, уәзір, хан, би, батыр, жасақ;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың айырмашылығы.......

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың маңызы.........


Құндылықтарды дарыту



- патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- көшбасшылық

- ұлттық сана – сезім

- бостандық

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, дүние тарихы, құқық негіздері

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. ( интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


Әлеуметтік топ дегеніміз не және ол қандай топтарға бөлінетінін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал қалыптыстыру.




Сабақтың ортасы


5 мин












7 мин






















15 мин


























7 мин




3. Ширату сәті:

О қушыларға тақырыпқа сай видеоматериал көрсетіледі де, жаңа сабақты ары қарай өрбіту үшін сұрақтар қойылады:

  • Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?

  • Хандардың, би, батырлардың басшылық рөлі мен шешімдері қаншалықты маңызды болды?



Жұптық жұмыс - Төменде берілген әлеуметтік топ өкілдерінің қоғамдағы рөлін сипаттаңыз.


Әлеуметтік топ өкілдері

Қоғамдағы рөлі

Сұлтан


Би


Батыр


Жырау




Дискриптор: Білім алушы

  • Сұлтанның қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;

  • Бидің қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;

  • Батырдың қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;

  • Жыраудың қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды.


Көршіңмен бөліс әдісі бойынша бірін-бірі

дискриптор арқылы бағалайды және бірінде жоғын

бірі толықтырып отырады.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды. Мозайка тәсілі алдын-ала дайындалған курылым бойынша топқа бөлемін. (Хандардыңсуреті)

Топтық жұмыс. Үш топқа кестені толтыруға тапсырма беріледі:


Әлеуметтік топтар

Айырма

шылығы

Маңызы

І Түркі кезеңі

Ақсүйектер

Қара будундар

Таттар


 .

ІІ Моңғол шапқыншылығы


Ақсүйектер

Шонжарлар

Қараша



ІІІ

Қазақ хандығы кезеңі

Ақсүйек

Қарасүйек





Дискриптор: Білім алушы.

-Түркілік кезеңдегі әлеуметтік топтарды атайды;

-Түркілік кезеңнің айырмашылығын анықтайды;

-Түркілік кезеңнің маңызын көрсетеді;

- Моңғол шапқыншылығы кезеңңндегі әлеуметтік топтарды

атайды;

- Моңғол шапқыншылығы кезеңінің айырмашылығын

анықтайды;

- Моңғол шапқыншылығы кезеңінің маңызын көрсетеді;

- Қазақ хандағы кезеңіндегі әлеуметтік топтарды атайды;

- Қазақ хандағы кезеңінің айырмашылығын анықтайды;

- Қазақ хандағы кезеңінің маңызын көрсетеді;


Әр топ берілген тапсырманы орындайды. Айналмалы бекет арқылы сараланады. . Қажет болса толықтырылып, кері байланыс беріледі. Топтар бірін-бірі дискрипторлар арқылы бағалайды.Сұрақ-жауап арқылы

сараланады.


Жеке жұмыс.Әлеуметтік топтарды қоғамдық қызметіне

Қарай сәйкестендіріңіз



1. Хан

А. Шыңғыс хан ұрпағы, хан бөліп берген ру-тайпаларды

басқарады, оларға жерлерді бөліп береді, хан сайлауына қатысады, елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтайды.



2. Сұлтан

B. Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған,

жерді және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды, бидің шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді



3. Би

C. Қалада тұрады, бұрын малшы болғанмен, туыстары немесе өзі барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн

көріске ақша табады.



4. Батыр

D. Байдың малын бағады, кедейленіп, қиын жағдайға душар болса, байдан сауын ала алады, мүлкінен айырылып қалса, туыстарымнан, басқа малшылардан жылу жинайды, қиын жұмыстар істеу үшін

ағайымдары арасында асар жасайды



5. Малшы

E. Мемлекет басшысы, Шыңғыс хан ұрпағы, қараша халықтан жоғары тұрады, әскерді басқарады, халыққа жер бөліп береді, бүкілхалықтық Құрылтай шақырады.



6. Жатақ

Ғ. Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға қатысады, сұлтандар бөліп берген жерлерді басқарады, сот билігін жүзеге асырады, елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты

Құрылтайға қатысады.



7. Қожа

G. Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам

дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалайды.



Дескриптор Білім алушы

  • Қазақ хандығының әлеуметтік топтарын атайды;

  • Қазақ хандығындағы ақсүйектердің әлеуметтік рөлін атайды;

  • Қазақ хандығындағы қарасүйектердің рөлін атайды;

- Қазақ хандығындағы әлеуметтік

топтардың қызметін атайды.


Бағдаршам тәсілі арқылы бағаланады . Мұғалім оқушының қай деңгейде отырғанын саралайды.



Рефлексия:

Оқушылар шеңберге тұрып бір сөйлемнен бүгінгі сабақта жаңадан не білгені туралы айтады?

Әлеуметтік топ: http://el.kz/m/articles/view/%D0%90

%D2%9B%D1%81%D2%AF%D0% B9%D0%B5%D0%BA-1



Левшин А.И. Описание киргиз- казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.


Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010.


Материалы по казахскому обычно- му праву: Сб. /Научно-популярное издание. – Алматы: Жалын, 1998.


Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос (XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). – Павлодар, 2004.


Левшин А.И. Описание киргиз- казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.

Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос (XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). – Павлодар, 2004.



Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс
«Жетістік баспалдағы»




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілді жетік меңгермеген оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру. Термин сөздермен жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндік беру. Ойын жеткізе алуына қолдау көрсету.

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады.

Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады.

Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!