Материалдар / «Қазақ хандығының құрылуы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ хандығының құрылуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ хандығының аумағы. Қазақ хандығы бірнеше жылдар ғасырлар бойы (XV-XVIIғғ.) қазақтар мекендеген жердің азғана аумағын иеленіп келді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2022
329
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ хандығының құрылуы»

Шурабекова Айнұр Берденәліқызы

Түркістан қаласы, «Farabi - School» ЖШС

Тарих пәнінің оқытушысы

Қазақ хандығының аумағы. Қазақ хандығы бірнеше жылдар ғасырлар бойы (XV-XVIIғғ.) қазақтар мекендеген жердің азғана аумағын иеленіп келді.

Зайн ад-дин Васифи (XVIғ) «Бадап әл-уәкай» шығармасында Қазақстан жері деп Шу, Талас және Оңтүстік –Батыс Жетісуды, былайша айтқанда Қазақ хандығы қалыптасқан (Жәнібек пен Керей хандардың тұсын) жерді ғана есептейді. «Михман-наме-ий Бұхар» еңбегінің авторы болса қазақтар көшіп-қонатын жер аумағын Зайн ад-дин Васифи айтқан көлемнен біраз батысқа қарай кеңейтеді: Қазақтар (Бұрындық пен Қасым хандар тұсындағы) Еділден Сырдарияға дейінгі аралықта көшіп-қонып, қыстап жүреді деп жазады ол. Орыстың «Үлкен Сызба кітабы» (XVIғ) деректері бойынша «Қазақ ордасының көшпелілері» Сырдарияның орта ағысынан солтүстікке қарайғы 600 шақырым жерге, былайша айтқанда Сарысу, Ұлытау (сарыарқа) ауданында орналасқан.

Қазақ хандығының жері туралы деректердің қайшылықта болуы бұл мемлекет дамуының түрлі кезеңдерінде жер, билік үшін күрестің тоқтаусыз жүргендігін білдіреді. Билеушілер ешкімге тәуелсіз сыртқы саясат жүргізді, қол астындағы халық Орта және Орталық Азия халықтарымен, Ресей мемлекетімен мәдени-шаруашылық байланыста болды. Көрші елдермен қақтығыстар, соғыстар да болып тұрды. Осындай әскери және бейбіт қарым-қатынас, шекаралық жер үшін күрес, тайпалар мен рулардың қоныс алмастыруы жағдайында аймақ халқының мемлекеттік және ұлттық аумағы қалыптасты.

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

Shape2 Shape1

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті


Shape3



Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.




Shape4

Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар толастамады


Shape5


Shape6

Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды


Shape7

Қазақ хандары бірыңғай мемлекет болуға даяр, ұзаққа созылған этносаяси және мәдени-шаруашылық дамуы барысында тұтасып кеткен жерлерді қоластына біріктірді. ХҮІ-ХҮ ғасырлардағы қазақтардың мемлекетті Қазақстанның оңтүстігінде шаруашылықтың, қалалар мен егіншіліктің біртіндеп жолға қойылуы, сондай-ақ феодалдық қатынастардың өркендеуі жағдайында дамыды. Бұл процесс Қазақстанның кең-байтақ аумағында бес жүз жылдан астам уақыттан бері билік басында келе жатқан Шыңғыс хан әулетінің қол астындағы жергілікті этникалық ортада жүріп жатты.

Туысы әр түрлі көптеген этносаяси бірлестіктерді, тайпалар мен халықтарды күшпен біріктерген монғол ұлыстарынан айырмашылығы бұл мемлекеттің этникалық негізгі бірыңғай, үйлесімді болып келеді.

А

Әбілхайыр

қ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттерінің құрылып, өмір сүруінің қазақ халқының, сондай-ақ осы мемлекеттер орнында қалыптасқан басқа да халықтардың дамуына зор маңызы болды. Бұл мемлекеттер аймақта шаруашылықтың өркендеуіне, көшпелі және отырықшылықтың өркендеуіне, егінші халықтар арасындағы шаруашылық байланыстардың күшейе түсуіне ықпал етті.

Осының нәтижесінде тілдері, материалдық және рухани мәдениеті ұқсас этникалық топтардың бірігупроцесі жылдамдады. Бұл хандықтардың мемлекеттік жүйесінде де ұқсас жақтары көп еді: көшпелі халықтың ұлыс бойынша ұйымдасуы, билеуші (хандық) құрылымдары, әскер күшін жасақтау, салық жүйелері ұқсас болды.

Монғол билігі кезінен келе жатқан бұл құрылым мен формалары Қазақ хандығындағы да сақталды. Аталған мемлекеттер саясатының айтарлықтай тұрақтылығы жекелеген этникалық топтарды мүлде жойылып кетуден сақтап қалды және ілгері дамуына кепіл болды, сыртқы агрессияға-Әмір Темірдің, жеріне көз алартқан соғыс құмарлардың тегеурініне төтеп бере алатындай мүмкіндікке жеткізді. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы кейінгі генезиске, аймақта этникалық бір текті феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, қазақ, жағдай жасады деуге болады. Алайда, даму үстіндегі қазақ халқының жекелеген бөліктері әр түрлі мемлекеттердің құрамына еніп, бөлшектенуі, сондай-ақ Жошы ұрпағының өзара және рулар мен тайпалар басшыларының арасында жиі болып тұрған қақтығыстар өндіргіш күштердің, оның ішінде адам санының азаюына, экономиканың құлдырауына, саяси және шаруашылық байланыстардың үзілуіне әсер етіп, халықтың ұлт болып бірігу процесіне үнемі тежелеу болып келді.

Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бір мемлекетке бірігуі қажет еді. Бұл міндеттің ойдағыдай шешілуі Қазақ хандығының құрылуына алып келді.

Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең-байтақ аумағында Қазақ хандығының құрылуы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды қорытындысы еді. Көшпелі және отырықшы аймақтар арасындағы экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси қатынастардың нығаюы қазақ тайпалары мен руларының бірігуіне, ұзаққа созылған халық болып қалыптасу процесінің аяқталуына жеткізді.

Ж әнібек пен Керей хандар, Бұлардың екеуі де, біреуі Барақ ханның туған баласы ретінде (Жәнібек), екіншісі Барақ ханның інісі әрі жасы үлкендігіне байланысты (Керей) билік етуге құқылы болды. Ортағасырлық Қазақстан мемлекеттерінде хан тағы әкеден балаға Мұрагерлік жолымен берілуімен қатар хандық билік рудың жасы үлкеніне тиесілі болатын ескі түркі-монғал салтына байланысты Керей де Жәнібекпен қатар хан тағына таласа алатын еді.

Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы арта түскен Әбілхайыр хандығы және Моғолстан секілді екі мемлекеттің ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде өміргекелді.

Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру және тайпа көсемдерінің ең атақтылары саяси тәуелсіздікке ұмтылды. Олар Әбілхайыр мен Моғолстан ханы Есенбұғаның да билігіне мойынсұнғысы келмей, Шыңғыс әулетінен шыққан басқа бір қамқоршының соңынан еруге даяр тұрды. Сондықтан да жеке хандық құруға бет бұрған Жәнібек пен Керейдің әрекетін қазақ рубасылары мен тайпа көсемдері өз ойларын дөп басқан іс ретінде қызу қолдады. Олар 40-50 жылдары-ақ Керей мен Жәнібектің маңына,Қазақстанның оңтүстік аудандарына- Қаратау бөктеріне, Сырдарияның сағасына, Түркістанның солтүстік бөлігіне топтаса бастады. Қаратау бөктері мен Сырдариядағы қалалар-Созақ, Сығанақ,Сауран,т.б.бұл кезде Жәнібек пен Керейдің қолында болатын. Қазақ хандарына ерген көшпелі рулар мен тайпалар Әбілхайырға қарайтын Қазақстан далаларында бұрынғыша емін-еркін көшіп-қонып жүре алмайтын болды, өз кезегінде ол жақтағы халықтың да Сырдарияның төменгі және орта ағысындағы дағдылы қыстауларына қолдары жетпей қалды сауда айырбасына тыйым салынды.

1446 ж. Әбілхайыр созақ, сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін екі ұлыс арасындағы жаулық пиғыл ұлғая түсті. Бұл саяси тартыста хандықтардағы қара халық қиындық көрді, өйткені дастүрлі экономикалық және мәдени байланыстар үзіліп, этносаяси қарым-қатынасқа тыйым салынды.

ХV ғ 20 жылдарынан бастап жайылым іздеген, олжа түсіріп, сауда орталықтарына жол ашуды көздеген ойраттар Жетісуда жиі шабуыл жасай бастады. 50 жылдары олар Түркістан аймағына жетті. 1457 жылы Әбылхайыр хан ойраттардан қират жеңіліп, шайқас алаңын тастай қашты. Бұл жеңіліс қазақ рулары мен тайпаларын Керей мен Жәнібектін төңірегіне бұрынғыдан да гөрі тығызырақ топтастыра түсті. Әбілқайырды кемістеттін шарттар мен бейбітшілікке келіскен ойраттар шу арқылы өз еліне қайтқан соң Әбілхайыр өз ұлысында, соның ішінде Қазақстанның оңтүстігінде де қатаң тартып орнатуға кірісті. Ойрат шапқыншылығынан онсыз да күйзелген елді Әбілхайырдын аяусыз жазалауы, сондай- ақ монғолстан ханы Есенбұғаның Жетісу халқын ойраттардан қорғай алмауы елдің ашу – ызасын тудырды.

Жиі-жиі бұрқ ете қалатын өзара қақтығыс, шағын соғыстарда халықтың шыдамын жұқарта түсті, отбасына ауыртпашылық, қайғы – қасырет акелді. Жұртшылық наразылығы ортағасырлық көшпепелілерге тән қарсылық білдіру түрі- өз билеушісінін иелігінен жаппай көшіп кету тасқынын туғызды ХV ғасырдың 50 шы жылдарынан бастап 10 жыл бойы осындай жаппай көшу бір толастамады-қазақтар Шығыс Дешті Қыпшақтан, түркістан жазираларымен Қаратау бөліктерінен Жетісудың Батыс бөлігіне, Моғолстан жеріне қарай көшу мен болды. Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалардың бәрі Керей мен Жәнібек қол астына жиналды. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды.

Қазақ хандығы алғашында Батыс жерде Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген қазақ рулары мен тайпалары жергілікті қазақтармен табысып, араласып кетті. Моғолстанның билеушісі Есенбұға қазақтармен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысты,өйткені Монғалстанға жау Әбілхайырдың, Темір ұрпақтары мен қалмақтардың (ойраттар) шабуылынан шекара қауіпсіздігін қорғауға қазақтардың көмегі тиеді деп үміттенді.1462 ж Есенбұға өлген соң Моғолстан іс жүзінде билеушісіз қалды. Мұндай жағдайда Жетісуда Қазақ хандығының ірге бекітіп, нық орнығуы даусыз ақиқат болғандығы анық. Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылды деп есептейді.

Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы, экономикасы және мәдениеті.

Әлеуметтік-экономикалық құрылымы. XVI-XVIІ ғасырларда қазақтардың қоғамдық қатынасы патриархаттық-Феодалдық қатынас айқын байқалды. Ал көшпелі және жартылай көшпелі мал қатынастарда патриархаттық-қауымдық белгілері де сақталып қалды. Қазақ мемлекетінің екі әлеуметтік-экономикалық қатынастан нәр алуы оған тұрақтылық пен орнықтылық берді.

К ейінгі орта ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымына монғол дәуіріндегі Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда қала мәдениеті мен егіншіліктің құлдырауының зардабы өз әсерін тигізбей қоймады. Көшпелі мал шаруашылығының басымдылығы қоғамдық қатынастарға патриархаттықты күшейтугетүсті. Далалық ауданда жерді қоғамдаса пайдалану басым болды. Жайылымды пайдалануда көшпелі рулар мен қоғам мүшелері бірдей құқылы еді. Соңғы ортағасырлардағы қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан патриархаттық-феодалдық қатынас деңгейінде болды, ал қазақ мемлекеті феодалдық мемлекет болып саналды.

Экономикасы, мәдениеті және дін. XVI-XVIІ ғасырларда қазақтарда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Негізінен қой, жылқы, түйе өсірілді. Ірі қараны аз мөлшерде, көбіне отырықшы елдер ұстады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. К.М. Байраков. Б.Е.Көмеков. К.А.Пищулина. Қазақстан тарихы оқулық Алматы кітап баспасы 1995ж

  2. Н.У.Шаяхметов Қазақстан тарихы Алматы кітап баспасы 2009ж

  3. Қазақстан иарихы (бес томдық энциклопедия) ІІ том.

  4. Қазақстан тарихы очерктері

  5. Қазақстан тарихы Қазақ 1,2,3,4,5, том.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!