Материалдар / Қазақ жазуының тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ жазуының тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жазуының жазбаша тарихы туралы, қысқаша баяндалған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімнің №16 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.




AutoShape 5 AutoShape 3



Қазақ жазуының тарихыAutoShape 9







Ибраева Айнашим Сергазиновна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі





















Қостанай, 2021ж







Қазақ тілінің жетілуі заман талабана сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады.

Қазақ жазуы - қазақ тілінің әріп таңбалaрынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі - aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны  Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ әліпбиін жасaды. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жaзылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн әліпби қолданылуда. Қазіргі кездe мемлекетіміз лaтын әліпбиінe көшуге қызу дайындық үстінде.

Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің oрны үлкeн. Сондықтан латын әліпбиінe көшу мәсeлесі кезек күттірмейтін мүндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кирилица таңбалaрына негізделгeн әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне oң ықпал тигізетіні бұған дейін сан мәрте айтылды. Оны бүгін қайта дәлелдеудің қажеті де жоқ.

Осыдан тура 5 жыл бұрын, 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын жасаған болатын. Сонда былай делінген: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады». Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің сөзіне сүйінсек, ол латынға көшуге қатысты халықтың ортасында әр түрлі пікір бар екендігін алға тартады. Қобалжу да бар дейді жазушы. Бірақ «Шешінген судан тайынбайды» деп тәуекел ету керектігін мәлімдейді: «Латын қарпіне көшу дегеніміз - әріптерді өзгерту емес. Қаншама жыл қазақ тілі орыс тілінің ережесіне бағынып келді. Өз тіліміз өз табиғатында дамымады. Бұған көшу үшін біздің тіліміздің табиғатына негізделген емле жасау қажет. Үндестік заңын негізге ала отырып әуелі емле жасалуы тиіс. Содан кейін латын әліпбиіне көшуге болады», - деп түйіндейді Б. Нұржекеев. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл заман талабынан туған шешім екеніне тоқталған Елбасы: «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен шығара бастауға тиіспіз» деген еді. Еліміздің белгілі қоғамқайраткерлері, жазушы мен ақындар, зиялы қауым өкілдері аталған шараны мейлінше қолдағаны белгілі. Осы ретте алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: "Мен латынға көшуді қолдаймын. Әрі Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия өз жұмысын соңына дейін жеткізеді деп сенемін", - деген болатын. Әлбетте, қолданыстағы қаріптерді латынға ауыстыру үдерісі - бірнеше саланы қамтитын әрі бірнеше жылға созылатын, ұлттың тағдырына тікелей қатысты мемлекеттік саяси науқан екендігі белгілі. Ел ішінде танымал мәдениеттанушы Серік Ерғали латын қарпіне көшу туралы былай дейді: "Қазіргі қолданыстағы кирилл әліпбиі қазақ тіліне тән емес, қазақ тілі кирилл әліпбиіне бағынған. Сол негізде орыс-қазақ кирилл әліпбиі дүниеге келген. Мен орысша теру үшін ешқашан орыс регистрін қолданбаймын, өйткені, ол тілдегі мәтінді теруге қазақ теруіші жеткілікті. Бүгінгі кирилл-қазақ клавиатурасы арқылы орысша да, қазақша да теруге мүмкіндік беретін ортақ дүние, демек, әліпби де екі тілге ортақ. Әлемде бұндай парадокс жоқ". Айта кетейік, қазақ елінің латынға көшуі туралы хабар әсіресе, Түркия мен Еуропада қоныстанған 25 мыңға жуық қазақты қатты қуантқан болатын. Латынға көшу - сауатын ашқаннан латын әліпбиін қолданатын Батыс елдеріндегі қазақтардың атажұртпен мәдени, рухани қарым-қатынасын арттырып, өзара түсінісуіне мол мүмкіндік береді деп күтілуде.

Елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру реформасы ҚР Үкіметі бекіткен үш кезеңнен тұратын ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілді. Әрбір кезеңде атқарылатын шаралар жоспарланып, мақсат-міндеттер айқындалды. Реформаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдық, техникалық, кадрлық, т.б. алғышарттар қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойғанын барша халық ыстық ықыласпен қабылдады. Бұл еліміздегі ерекше маңызды шешімдерінің бірі болды.

Рухани жаңғыру – бұл төл әдебиетімізді, мәдениетімізді жаңғырту, ұлттық сананы ояту.

Әліпбидің алғашқы нұсқасына қоғам арасындағы талқылаудан кейін өзгерістер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен жаңа редакциядағы әліпби нұсқасы бекітілді.

Жазуды жаңа әліпбиге көшірудің мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық, экономикалық, саяси, ақпараттық, педагогикалық себептері бар. Осы орайда, қазақ жазуын латын графикасына көшіру де мезгілі жеткен мәселе екенін қазіргі Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар көрсетіп отыр.

Барлық озық техно­ло­гияның тіліне айнал­ған латын әліп­биіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құ­бы­лыс. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселені таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні орасан.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!