Материалдар / Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, ұстаздар мен балаларға қысқаша мәлімет ретінде қажет болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ азақ поэзиясының Ханәңірі


Тарихта ерекше, өзгеше өрнегімен аты қалған дара тұлға, біртуар лирик, ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толуына орай, ақынның өмірі мен шығармашығын еске алып, өз тарапымнан қысқаша мақала жазуды жөн көрдім.

Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жаздым, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.

Мұқағали (шын аты Мұхаммедқали) өз заманында өзіне лайық бағасын ала алмаса да, кейінгі ұрпақ біздер үшін мәртебесі биік дара тұлға.

«Қарасаз, қара шалғын мекенде өстім,
Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім», – деп өзі жырға қосқан,  Алматы облысы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында 1931 жылдың 9 ақпанында  дүниеге келген.

Албан тайпасы Алжан руынан шыққан ақын жайында екі түрлі ақпарат бар.

Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні  9 ақпанда атап өтіледі.

Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апаның айтуынша: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі, балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін  Наурыз тойы болады, наурыз  көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз».

Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты  Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». 

Әкесі қарапайым шаруа, колхозда сушы, шалғышы болған.

Мұқағалидың «Әке» өлеңінен үзінді келтірсек:

Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын Ол мәңгілік жанады көрмей тыным Ұрпағың бар, ел менен ер намысын, Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын

Ақын небәрі он жасында әкесінен айрылған. Оның әкесі 1941жылы Калиниград майданында қаза тапқан. Әжесі Тиынның қолында тәрбие алғандықтан, анасын жеңгесіндей қабылдаған.

...Сағынбаймын,
Сағынсам, мұңайтады...
Мұңайсам, көңіл тағы лай татады.
Әнуарды, Шәмшіні, Шәмілдерді
Күн өткізген солай деп кім айтады?... деген өлең жолдары ақынның балалық шағының тәтті болмағандығын, қаншама баланың соғыстың кермек дәмін татқандығын байқатады.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі – шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы. Ол замандастарының арманын қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық үйлесіммен, сезіммен, өлмес мұра етіп қалдырған.

Ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай” атты тұңғыш өлеңдері 1949 жылы аудандық “Советтік шекара” газетінде жарияланған.

Ал 1951 жылы “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері  “Жастық жыры” атты жинағына енген.

Мұқағали 1962 жылы отбасымен Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға араласып, Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып, Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алып, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар Одағында қызмет атқарған.

Алматыдағы қазақтың әдебиет пен өнер майталмандары жиналған ортада өткізген аз жылдар ішінде ол «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын өзінің көзі тірісінде жариялап үлгерген.

Мұқағали әлем әдебиетшілерінің шығармаларын аударып та өзін сынап көрді. Атап айтқанда,  Дантенің  “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімін, Шекспирдің “Сонеттерін”, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды.

Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шыққан, сондай-ақ, кейбір шығармалары  өзбек, қырғыз т.б. тілдеріне аударылған.

Ақын дүниеден өтер алдында “Реквием” ( «марқұмға бағышталатын дұға» деген мағынада) атты толғау-өлеңін жазды.

«Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде Кім біледі, ендігі қалған өмір Неше жылға жетерін, неше күнге. Ұмыт болып, есебің, өсегің де, Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде...», - деп жырлаған Мұқағали ақын бар болғаны 45 жасында өмірден өткен. Қырық бес жыл өмір сүрген ақынның биыл өмірден өткеніне де 45 жыл.

Осындай ұлы бар қазақ бақытты. Оның әндерін жас-кәрі сүйіп орындайды, ұл-қыздарымыз өлеңдерін патриоттық сезіммен жатқа оқиды, махаббат жырларын ғашықтар тамсана орындайды.

Мұқағали ақынның өлеңдеріне   өз заманының сазгерлерінен бөлек заманауи сазгерлер ән жазып, қаншама жас әншілер сол әндерді орындап жүр.

Өмір ешқашан ұлыларды, дарындарды тірі кезінде еркелетпейді, ескермейді. Өмірден өткеннен кейін ғана бағаламағанымызға өкінеміз. Өкінішті болса да, бұл жай өмірдің жазылмаған заңына айналып кеткендей. Тек соңғы уақытта біз бір кездегі пенделікпен кеткен қатемізді жөндеген сияқтымыз. Өйткені ақынның аманаттап кеткен жырлары бізден осыны тіледі.

Жазылар естеліктер нешелеген, Көрерміз оның бəрін пешенеден. Əйтеуір, білетінім бір-ақ нəрсе — Көшеді өлең немесе өшеді өлең! —

Сөз соңында айтарым, ғұмыры қысқа болса да, ақын өшпейтін, өлмейтін мұра қалдырды.

ХХ ғасырдағы санаулы ақындардың ішіндегі есімі тарихта алтын әріппен жазылған біртуар талант иесі.


Калиева Ақмарал Рақымқызы

Қарағанды қаласы Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы






























































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!