Материалдар / Қазақ қыздарының бас киімі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ қыздарының бас киімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазақ әйелдері мен қыз келіншектерінің киіну мәдениеті және бас киімдері туралы сөз етіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
685
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ БАС КИІМІ

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ әйелдері мен қыз – келіншектерінің киіну мәдениеті және бас киімдері туралы сөз етіледі. Ондағы бас киімдердің әр түріне жеке –жеке тоқтала келе, мәні мен мағынасы сараланады. Қымбат маталармен қапталып, алтын, күміс, інжу сынды асыл тастардан жасалған моншақтар тағылатын таңдаулы бас киімге таңдай қағып, тамсанбайтын қазақ кемде-кем.

Қ. Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп- интернатында оқушыларды тәрбиелеуде өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлімі болатыны белгілі. Сондықтан да қыздарға барынша ұлттық салт- дәстүрді, әдет–ғұрыпты, жөн-жосық секілді этностық ерекшеліктеріміздің педагогикалық астарына бойлап, олардың қайталанбас белгілерін, оның күнгей және көлеңкелі жақтарының даму,қалыптасу жолдарын ғылыми елктен өткізуге келіп тіреледі.

Солардың бір саласы халықтың өзіндік киім кию ерекшелігі болады. Соның ішінде қазақ халқының киім кию ерекшелігі мен медениеті өте көркем. Қазақтың қыздарының киім киюі – тұла бойды жауып тұратындығымен сәнді.

Әсіресе, қазақ қыз – келіншектерінің бас киім кию мәдениеті сол кездердердегі оның жасы мен дәрежелеріне байланысты өзгеріп отырған. Халқымыздың бас киімге ерекше көзқараспен қарай отырып, қастерлеген. Адамның басынан бас киімін жұлып алу және бас киімді абайсызда бір жерге лақтыру сол адамға деген құрметсіздік деп санала отырып, оған жамандық пен сәтсіздік тілеумен тең болған. Үнемі бас киімнің жоғарыда тұруына баса назар аударған. Бас киімнің жерге немесе төменге қоюы ол адамға сәтсіздік әкеледі, жеке басына денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп есептеген[1].

Қазақ халқы ежелден қызға қырық үйден тыю жасай келе, олардың киім кию үлгісі мен мәдениетіне баса назар аударған. Қазақ қызының ұзын етекті көйлегі инабаттылықты білдірсе, бас киімдері желдің өті мен күн ыстығынан, қыстың қаһарлы аязынан сақтаған.

Қазақ әйелдерінің бас киімі жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болған.

  • Тақия

  • Кепеші

  • Сораба

  • Жырға

  • Бөрік

  • Қарқара

  • Сәукеле

  • Қасаба

  • Күндік

  • Шәлі

  • Кимешек жатады[2].



Қылықты, гүлдей құлпырған қыздың ажарын одан әрмен ашатын бас киімдердің ішіндегі тақия болған. Тақия аса байқампаздық пен ұқыптылықпен тігілетін болған. Тақияны моншақтармен, күміс теңге және маржан тастармен, кестелі тігіспен әшекейлеген. Ал, үкілі тақияны қазақ қыздары ұнатып киетін болған. Тақия дөңгелек пішінді және өте жеңіл, қақпағының биіктігі 10-15 см болатын. «Үкілі тақияға» ақ үкінің қауырсындары бойтұмар ретінде тігіліп, шеттері қымбат тастармен безендірілген.

Қазақ қыз баласына жастайынан көйлек кигізіп, шашан өріп қоятын болған. Басына тақия кигізген. Жазда жұқа матадан тігілген тақия кисе, қыста бөрік киген[3].

Бөрікті бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр түрлі атаумен аталатын болған:

  • Құндыз бөрік,

  • сусар бөрік,

  • кәмшат бөрік,

  • жанат бөрік,

  • түлкі бөрік,

  • елтірі бөрік, т. б. деп аталады.

Қыздар бөркінің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат матамен тысталып тігіледі, жиегі бағалы аң және мал терілерімен көмкеріледі.

Қыздардың тағы да ерекше бас киімінің бірі - қарқара. Биік әрі шошақ, әсем безендірілген, әр түрлі құс қанат қауырсынын қадаған қарқараны жас келіншектер, қыздар киген. Сондай – ақ, қарқараны хан балалары, сұлтан, төрелер де киген[4].

Тұрмысқа шықпаған бойжеткен барынша сәнді киініп жүрген. Қыздардың киімдері өзіндік әсемдігі мен әдемілігімен ерекшеленген. Ою-өрнектің сан түрімен әшекейлеп, түрлі тастармен, кестелі тігістермен, күміс теңгелермен безендірілген. Ал өз ұясынан ұшқалы жатқан бойжеткенге «сәукеле» кигізген. Сәукеле - келіншектің бас киімі. Ол ақ киізден немесе қымбат матадан тігілген қыздың себіне тігіледі[5].

Қыз өз үйінен ұзатыларда шешесі қызының басындағы үкілі тақиясын алып сәукелені өз қолымен кигізіп, ақ батасын беріп аттандырған. Өзге шаңыраққа келін боп түсерде беташар жасалып, бөртпе немесе жібек жаулық салатын болған. Ал перзент сүйіп ана атанғаннан бастап жасына қарай әртүрлі кимешек кие бастаған.

Халқымыз ертден қыздарын қылықты етіп тәрбиелей отырып, бас киімін басты құндылығы ретінде ұлықтай білген. Ал халқымыздың бұл дәстүрі бұдан әрі ұлтымыздың ұлы мұрасы, асыл қазынасы болып ғасырдан-ғасырға құнын жоймай, жаңғырып жете беретіні сөзсіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шаханова традиционной культуры казахов. - Алматы: Казахстан, 1998. - 174 с

  2. Захаржевская костюма. - М.: РИПОЛ классик, 2007. - 287 с.

  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

  4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  5. "Қазақтың ұлттық киімдері" энциклопедиясы













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!