Материалдар / Қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырған қаламгер - Бердібек Соқпақбаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырған қаламгер - Бердібек Соқпақбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевқа арнап 12 қыркүйек күні №4 МаксимГорький атындағы қалалық кітапханасы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты әдеби кешін кітапхананың оқу залында өткізді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырған

қаламгер - Бердібек Соқпақбаев



Шығармашылық жолы өлеңмен басталып, суреткер қарымы прозада танылған, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев – өскелең жас буынның, мақсат-мұратына жеткізер –Темір қазық жұлдызы болып қалады.

Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім, қара сөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз, деп жазған Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлкесі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы. Әкесі қарапайым малшы болған, оқымаған жан болса да ауыз әдебиеті үлгілерін көп білген дейді. Балаларының анасы көз алдында дүние салды. Ол кезде Бердібек небәрі сегіз жаста болған. Бұғанасы қата қоймаған ол бала күнінен ауыр еңбекке жегілді. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі қазақ даласындағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келді. Жетімдіктің зардабын шекті. Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Содан кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген.

Институт бітірген соң Бердібек Бәшен атты қызға үйленді. Аз уақыттан кейін ол шәкірт тәрбиелеуге ден қойған. Еңбек жолын өзінің туған өлкесі Нарынқолда бастады. Біраз жыл ауыл мектебінде ұстаздық етті.

Балалармен бірге жұмыс істегені оның балалар әдебиетіне тың серпіліс әкелуіне ықпалын тигізді. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастады. Олар «Лениншіл жас», «Қазақ пионері», «Пионер» журналдарында басылып тұрды. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Авторлық сезімдердің ерекше сенімділігі мен шынайылығымен ерекшеленген жинақ бірден өз оқырмандарын тапты.

Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевқа арнап 12 қыркүйек күні №4 МаксимГорький атындағы қалалық кітапханасы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты әдеби кешін кітапхананың оқу залында өткізді. Биылғы жылы балалар әдебиетінің классигінің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Әдеби кешке кітапхананың серіктес мекемелері Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» студенттері, №28 орта мектеп кітапханашылары Ж.Ж. Бисембина, Г.Н. Қозыбагарова және 6»А», 6 «Ә» сынып оқушылары, сонымен қатар Ақбөбек халықаралық мектебінің кітапханашысы Л.Б.Сапаровамен оқушылары қатысты. Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. Әдеби кеште жазушының оқырман қауымға танымал болған шығармалары: «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек», «Өлгендер қайтып келмейді» – шоқтығы биік туындылары оқырмандармен талқылатып, насихатталды. Кеш барысында оқушылар шығарма кейіпкерлерін сомдап, олардың образдарын шеберлілікпен көрсете білді. Б.Соқпақбаевтың мәңгі өлмес шығармалары, дара қолтаңбасы біздің де, бізден кейінгі ұрпақтардың да жүрегін тербеп, жанын жадырата берері сөзсіз деп қорытындаланды.






Ақтөбе қаласы, №4 М.Горький

атындағы қалалық

кітапхананың кітапханашысы

Кемалова Ақмарал Сүлейменқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!