Материалдар / Қазақ Тілі, 10 сынып ТЖБ✔
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ Тілі, 10 сынып ТЖБ✔

Материал туралы қысқаша түсінік
қгб бағыты бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2024
241
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша
маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға
белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
А мәтіні
«Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әлауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта
сарқылуға ұшыраған ресурстарды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді
тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға
қызмет етеді» деп жазылған бұл жайында Электронды мемлекеттік қызметтер мен Жасыл
коалиция сайттарында.
Сонымен, «жасыл экономика» таза өнімдер шығаруға негізделген «жасыл» технологияларға арқа тірейді. Қазақстандық мамандардың пікірінше, «жасыл экономиканы»
дамыту, көптеген индустриялық дамыған елдер бастан кешкен экологиялық дағдарысты
біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Біз әлем халықтары тұтынатын қуаттың 85 пайызы мұнай мен газ және көмір арқылы
алынатындығын білеміз. Сондықтан Жер шарында олардың аса зор өндірістері
қалыптасқан. Бұл өндірістер оларды үдемелі түрде өндіруге қол жеткізе алды. Дегенмен,
сарапшылардың мәлімдеуінше, адамзаттың ендігі жүретін жолы бұл емес. Өйткені егер біз
осы жолмен жүре берсек, олардың негізгі қорлары 40-100 жылдың арасында таусылатындығы белгілі болып отыр. Мәселен, мұнай қорлары 40-50 жылда, газ қорлары 80 жылда,
уран қорлары 80-100 жылда, көмір 400-500 жылда таусылуы мүмкін. Ал Қазақстан өзінде
бар көмірсутегі қорларын тек бір өзі пайдаланатын болса, олардың ғұмыры бұдан да ұзақ
мерзімге жетпек. Бірақ біз оларды тұтынып отырған кезде әлем елдері басқа қуат көздеріне
толықтай көшіп үлгіретін болады. (200 сөз)
С.Әліпбай «Егемен Қазақстан»
Ә мәтіні
Айша Бибі - тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата)
салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып
біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер арқылы көтерілген. Кесене
ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ
плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше
беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың
жоғары жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы
бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі
кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы
бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер
жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен

қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен
бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға
ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін
қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының
сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы
безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған.
Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық
сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі
сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. ( 203 сөз)
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап,
салыстырмалы талдау жасаңыз. [10]
А мәтіні
«Мәңгілік Ел» идеясының философиялық мәдени астарын талдауда ерекше назар
аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие
отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды
басты мақсат ретінде ұстануы керек. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны
одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру
үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек.
Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау бүгінгі
Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан
туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап
беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея
алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін,
елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея десек, артық
айтқандық емес. (145 сөз)
Ә мәтіні
Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне
қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие
болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты
көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды. Монумент
құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында
салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей
академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда»
қазақстандық
жобалау-құрылыс
компаниясы
орнатты.
Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын,
мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар.
Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған
ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен
өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды. ( 140 сөз)

Мәтіндер

А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіндердің тақырыбы

Көзделген аудиториясы

Стилі, негізгі белгілері

Мәтіндердің құрылымы

Авторлар қолданған тілдік
ерекшеліктер

Жазылым
Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
5- бөлім. «Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма»

Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік.
Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды
қолдана отырып әңгіме жазыңыз.
6- бөлім. «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль»
«Белгілі бір мемлекеттерде әлеуметтік теңсіздік мәселесі түпкілікті жойылады» деген
пікірді тақырып етіп алып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп «келісу,
келіспеу» эссесін жазыңыз.Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық
құрылымдарды қолданып,
сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтауды
ескеріңіздер.
7- бөлім. «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер»

«Сіз болашақта табысы мол, ойы мен есебі сай архитектор болуды армандап жүрсіз. Осы
кездің өзінде сіздің сызған жобаларыңызды белгілі бір компаниялар пайдалана бастады.
Демек, сіздің болашақта сұранысқа ие архитектор болуға мүмкіндігіңіз бар. Осы жолы сізге
еліміздегі бір ірі компания сәулетті ғимараттардың жобасын сызуды ұсынды. Егер
көңілдерінен шықса, қомақты табысқа кенелуіңіз әбден мүмкін. Сіз ойлана келе жобасын
жасап шықтыңыз. Енді сол жобаңызды қалай салу керектігін түсіндіріп, құрылысшыға
арнап нұсқаулық жазыңыз. Олай болса, іске сәт!»

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы
дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша
маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға
белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір
ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір
құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр
дегеніміз - бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр).
Нанотехнология – осындай кішігірім өлшемдермен айналысатын ғылым. 1986 жылы сол
кездегі студент Эрик Дрексел «Жасампаз машина» атты футуристік эссесінде алғаш рет
«молекулярлы технология» деген сөз тіркесін қолданған болатын. Эрик Дрессел фантастжазушы Станислав Лемнің тұжырымдамаларына өз ойындағы қиялдарды үстей отырып,
«Саналы тіршілік ортасының» негізгі бейне-кескінін ойлап шығарған. Осы болжамға
сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар мен технологиялар әрбір ағзаның, заттың құрамына
енгізіледі де, адамзат өзін қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы суперкомпьютерге
айналады. «Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ,
«кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі «миллиардтың
бір бөлшегі» деген мағынаны береді. Қысқасы, кез келген заттың миллиардтан бір бөлшегі
бастапқы тегінен ерекшеленді де, басқа физикалық қасиеттерге ие болады. Міне, осы
заңдылық арқылы, яғни, материяның белгілі бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер
арқылы өмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи
«сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар – осы
нанотехнологияның жемісі десек, қателесіп отырған жоқпыз. Бұған мысал ретінде
байланыс саласындағы талшықты-оптикалық жүйелерді жатқызуға болады. Яғни,
ешқандай сым-баусыз ақпараттарды бір нүктеден екінші нүктеге ауа ағынындағы
талшықтарды өз еркіміз бойынша басқару арқылы оп-оңай жеткізе аламыз. Менделеев
кестесіндегі көптеген химиялық элементтер нанотехнологияның әсерінен өзгерістерге
ұшырап, басқа да бір қасиетке ие болып жатқаны осылайша анықталған болатын. Қысқасы,
нанотехнология адамзат өміріндегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі болды десек, артық
айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен болашағы әлдеқайда «жемісті». (230 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/321/
Ә мәтіні.
“Байлықты, кедейшілікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес”.
Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым
— жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген моральдық ұстаным
қалыптасқан. Осы рухани принцип қазақ қоғамындағы әлеуметтік құндылықтар мен
құқықтық нормалардың имандылыққа, әділеттілікке негізделуіне себепші болды. Соған
қарамастан, қазақ халқы байлықты адам мұратының, әлеуметтік құндылықтардың бірі

ретінде бағалаған. “Түстік өмірің болса, күндік мал жи” деген нақыл соның айғағы. Мал
— дала өркениетіндегі байлықтың басты өлшемі болды. Мыңғырған мал өсірген байлар
дәстүрлі қазақ қоғамындағы экономика және әлеуметтік жүйенің негізін құрады. Олар
ауылдастарына, руластарына көмектесіп, мешіт-медреселер ұстап, алғашқы газетжурналдарға демеушілік жасап, талантты жастарды шет елдерде оқытып, қоғамдағы рухани
Байлықтың сарқылмауына, өсіп-өркендеуіне ықпал етті. Кеңес заманында материалдық
байлық ортақтастырылып, жалпыхалықтық меншік ұранымен бірте-бірте адамдарды
байлықтан жатсындыру саясаты жүргізілді. Мұның өзі әміршілдік-әкімшілдік жүйе
құрсауының орнығуына, бұл құрсау әлсіреген кезеңде ортақ байлықты талан-таражға
ұшыратуға, нәтижесінде адамдардың байлықты молайтуға деген ынтасының әлсіреп, қоғам
дамуының әлем өркениеті көшінен кенжелеп қалуына соқтырды. КСРО ыдыраған соң,
дербес мемлекеттігін қайта қалпына келтірген Қазақстанда қоғамды демократияландыру,
экономиканы ырықсыздандыру процесі жүзеге асты, әлем өркениетінің үлгісімен байлықты
меншіктену нысандарының барлық түрін қорғауға мемлекет кепілдік береді. (180 сөз)
kk.wikipedia.org
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз.
[10]
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап,
салыстырмалы талдау жасаңыз.
А мәтіні
Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған
өнер. Сәулет ғимараттары әр түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш, тас, бетон,
пластик, әйнек, т.б. салынады. Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Біртебірте қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына
көп қабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ елінің Даллас қаласындағы
аспанмен таласқан үйлер бейнеленген. Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда
салынған. Олар 4-5қабаттан биік болған жоқ. Аспанмен таласқан алғашқы биік үйлер 19
ғасырдың аяғында АҚШ-та салынған. Қазіргі кездегі ең биік құрылыс Гонконгтегі Нина
мұнарасы. Оның биіктігі 520 метр. Ал Дубайда биіктігі 800 метрден асатын мұнараның
құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Сәулетші де суретші сияқты шығармашылық ой
иесі болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза
алмайды. Мына Сидней қаласындағы опера театрының ғимараты ақ желкендерден
аумайды емес пе? Ал Торонтодағы телемұнара аспанға атылған ракета тәрізді. Әсем қала
Алматы да өзінің қазіргі заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен
бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақ үйі - қалағакөрік беруші құрылыстардың
бірі. (163 сөз)
ashi-saba-azastandai-sulet-neri…
Ә мәтіні
Астананың көрнекті орындарының бірі – бейбітшілік пен келісім сарайы.
Архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана
қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде
ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м, ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын
архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара
рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида
түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік
кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық
және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең

орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа
райын ескере отырып салынған, оның кіре берісі жер астында орналасқан. Бейбітшілік пен
келісім сарайы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің өткізілетін
орны ретінде әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың жобасымен «Сембол Иншаат»
Турциялық құрылыс компаниясы салды. Осы кешеннің ең басты ерекшелігі ғимарат
Фибоначчидің алтын қима принципіне сәйкес салынған.
Мәтіндер

А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіндердің тақырыбы

Көзделген аудиториясы

Стилі, негізгі белгілері

Мәтіндердің құрылымы

Авторлар
қолданған
тілдік ерекшеліктер
Жазылым
Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
5-бөлім. «Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма»
«Өмірімізді өзгерткен технологиялар» тақырыбында көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолдана отырып, әңгіме жазыңыз.
6-бөлім. «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль»
« Әкеден мал қалғанша , тал қалсын» деген тақырыпта ойыңызды дәлелдеп «келісу,
келіспеу» эссесін жазыңыз. Эссе жазу барысында қажетті клишелер мен лексикалық
құрылымдарды қолданып,
сөзжасамдық және синтаксистік
нормаларды сақтауды ескеріңіздер.
7-бөлім. «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер»
«Киіз үй іспеттес мейрамхананы қалай салу керектігі туралы түсіндіріп, құрылысшыға
арнап нұсқаулық жазыңыз.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!