Материалдар / «Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
1143
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Республикалық «Тәуелсіз Қазақ елінің болашағын бірге қалаймыз!» атты қашықтықтан өткізілген зерттеу жобасы



Узбекова Камшат Тулегеновна

орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі

Телефон, үялы, е-mail

8-775 9251728, kamshat.uzbekova.85@mail.ru







«Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны»

зерттеу жобасы





Орындаған:

Сұлтан Аружан

6 сынып оқушысы









1

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Менің Отаным – Қазақстан.

2.2. Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі

Қорытынды

Әдебиет












І. Кіріспе

Қазақ тілі – дүниедегі ең көркем, ең бай, ең табиғи тілдердің бірі. Қазақ тілінің осындай айрықша қасиетін ұлыларымыздың баршасы бағалаған, өзімізді қойып қаншама орыс оқымыстылары, еуропалық білімдарлар айрықша баға берген.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында, қазақтың ата-анасының қолында. Өйткені Елбасымыз айтқандай: «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз».

«Дос жылата айтады» дегендей, жан жүрегімен, ақыл-парасатымен айтып та, жазып та жатқан елдің жоғын жоқтаушы ағаларымыздың сөзіне құлақ асайық. «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген екен біздің бабаларымыз. Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны. Сондықтан да өз тілімізді, дінімізді сыйлайық.

Әрбір халық дербес мемлекет болуды, өзінің тарихын түгендеуді, дәстүрлерін дамытуды, мәдениетін жаңғыртуды, саяси жағынан да, әлеуметтік жағынан да өзгеге тәуелді болмауды армандайды. Бұл ұлы арманның орындалуы бүгінде өзінің мемлекеттілігі бар халықтардың ғана маңдайына жазылған, несібесіне бұйырған. Дүниедегі бес мыңнан астам ұлттың екі жүздейінде ғана мемлекеттілік болса, онда сондай халықтың бірі – қазақ халқы.

Қазақтың дауылпаз ақындарының бірі Қасым Аманжолов өзінің бір өлеңінде:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! – деп зор шабытпен, шалқып-толқып жырлаған. Ал қазір біздің «Егемендік» деген құлаққа жағымды, әрбір жүрекке жылылық ұялатар асыл сөзді жыр ғып жырлап келе жатқанымызға 25 жыл толғалы отыр. Қазақстан үлкен-үлкен өркениетті елдердің қатарына қосылды. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны ешқашан ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу бай өлкесінде тұрамыз. Ол біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз бәріміз өз Отанымызды шексіз сүйеміз. Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ шығар, сірә.

Қазақтың жері қандай кең болса, мінезі де сондай дархан десек, оның тілі де сол даласындай, мінезіндей шалқар, кемел. Осындай тілде сөйлеу, өмір сүру әр қазақстандық үшін әрі мәртебе, әрі міндет. Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі. Үйде де, түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де, туысымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады.

«Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» депті барша ғұмырын қазақтың азаттығына арнаған Алаш көсемі, халқымыздың кемеңгер ұлы Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл ұлтты сақтайтын болса, ұлт мемлекетті сақтайды, сондықтан өзінің ділі, тілі мықты халық қана мықты мемлекет бола алады. Сонда «ұлт», «тіл», «мемлекет»деген ұғымдар бір-бірінен бөлінбес, бірінсіз-бірі болмайтын аса қастерлі ұғымдар болып шықпақ. Ал тілді сақтаушы сол халықтың өзі, болашақтағы ұрпағы. Сол үшін де өзгелермен терезесі тең мемлекет болу үшін қазіргі кезде жас ұрпаққа айрықша көңіл бөлінуде, ерекше сенім артылуда. Болашақтағы қазақ елінің тұтқасы болар ұрпақ ең алдымен ұлт тәрбиесін алу керек.

Қазіргі дамыған қоғамда, жаһандану дәуірінде тілді сақтайтын ең басты қорғаныш оның саяси мәртебесі және сол тілде ұлт азаматтарының сөйлеуі, әсіресе, жас ұрпақтың өзінің ана тілін білуі. Мемлекеттілігі бар ұлт болсын, мемлекеттілігін ала алмаған ұлт болсын қай-қайсы да өзінің ұлттық болмысын сақтауға міндетті түрде тырысады. Ұлтты сақтау үшін ең алдымен тілін сақтауға күш салады. Себебі, ұлттың дара ұлттығын көрсететін негізгі нышан – тіл. Сондықтан да Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұ Ұлттың тілінен қымбат нәрсе болмасқа керек» десе, Бауыржан Момышұлы: «Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі» депті. Ұлттың тілін кемелендіретін, жетілдіретін, оның барлық байлығын, бейнелілігін, тереңдігін көрсететін ақындар, жазушылар, ғалымдар, өнер мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тілдің толыққанды өмір сүруі тұтас халықтың қолында, ал оны болашаққа жеткізетін бүгінгі балалар, мына біздерміз. Міне, осыны мықтап ескеріп біз жеткіншек балалардың өз тілінде сөйлеуіне, олардың өзі үшін де, жалпы халқымыз үшін де, азаттыққа жетіп, тәуелсіздігін алып өзгелермен терезесі тең болып тұрған мемлекетіміз үшін де аса мүдделі болуға тиіспіз, әрбірден соң міндеттіміз. Қазақ елінің мемлекет болып өмір сүруінің алғы шарты оның саяси бағытында, экономикасында ғана емес, оның азаматтарының тұтастығы мен бірлігінде. Қазақ тілі осындай мемлекеттік тұтастықтың белгісі болуымен бірге, оны нығайтатын ең басты тіректердің бірі.

Биыл «Қазақстан Республикасы» атты мемлекеттің жеке саяси субъект ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма бес жыл толмақ. Дегенмен, мемлекетіміздің басты тілі - қазақ тілі өзінің саяси мәртебесіне жетті деп айта алмаймын. Әрине тіліміздің аз уақыт ішінде толық мәртебесіне жетуі оңайшылықпен бола қоймайтындығы түсінікті. Десек те, тіліміздің толық мәртебеге жетуінің іргетасы кешеден, бүгіннен бастап нық әрі сенімді қалануы тиіс. Ең алдымен қазақ баласы өзінің отанында, атамекенінде, тәуелсіз елінде ана тіліндегі мектепке баруы тиісті деп ойлаймын. Өйткені қазақ баласының қазақ мектебіне баруына қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз» деген болатын. Осыдан бір 25 жыл бұрын жақсы өмір сүру үшін, жоғары білім алу үшін орыс тілі қаншалықты қажет болса, енді белгілі бір жетістіктерге жету үшін қазақ тілі соншалықты қажет болмақ. Орыс тілі – әлемдік тілдердің бірі. Орыс тілі Ресей үшін, орыс халқы үшін аса қымбат құндылық, мәселе орыс тілінде емес, Қазақстандағы тілдік ахуал жөнінде, қазақтың орыс тілін біліп алып өзінің ана тілін білмейтіндігі жөнінде. Қазақ тілі Қазақстанда ғана кең өріс жая алады, орыс тілінің мызғымас тірегі – Ресей. Орыс тілі бізсіз-ақ өзінің елінде дамыған, үлкен тілге айналған.

Алла тағала адамды жаратқанда оны бір ұлттың адамы етіп жаратады. Яғни, сіздің де, сізден туған баланың да қазақ болуы Жаратқан иеміздің жарлығы. Сондықтан, біз жаратылысымыздан айнып, қанша тырбансаңыз да қазақ боп қаласыз.

Әлемдегі барша дамыған халықтар сияқты қазақтың да дамуға, ілгерілеуге қақысы да, мүмкіндігі де бар. Адамзат баласы ғасырлар бойы бір-бірімен тәжірибе алмасып өмір сүріп келеді. Соңғы жылдары үштұғырлы тіл саясаты жөнінде көптеген пікірлер айтылып жүр, яғни бала қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі керек. Мен бұл бастамаға толық қосыламын, үштұғырлы тіл саясатын, мен баланың ең алдымен мемлекеттік тілді білуі деп түсінемін.

Қазақ тілі – дүниедегі ең көркем, ең бай, ең табиғи тілдердің бірі. Қазақ тілінің осындай айрықша қасиетін ұлыларымыздың баршасы бағалаған, өзімізді қойып қаншама орыс оқымыстылары, еуропалық білімдарлар айрықша баға берген.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында, қазақтың ата-анасының қолында. Өйткені Елбасымыз айтқандай: «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз».

«Тәрбие басы - тіл» дегенді Махмуд Қашқари неге айтты? Бүгін біздің ортада неге өз ана тілін білмейтіндер көбейді? Осылай тізе берсең қазақ тілінің бүгінгі жайы, ақын тілімен айтқанда, «Мың өліп, мың тірілген» қазақ ұлтының дәл өзі сияқты. Бірақ айтылуы көп, орындалуы жоқ мемлекеттік тіл туралы заңды орындамайтындар бізде жетіп жатыр.

Ата Заңда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған. ХХ ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп еді.

Туған тіліміз - халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз. Еліміз тәуелсіздік жолының жиырма бесінші жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде мені тіліміздің қазіргі жайы толғандырады. Әсіресе, кейбір жастар, өкінішке орай, ана тіліне менсінбей қарауға әуес. Көшеде жүрген екі қазақтың бірі орыс тілінде сөйлейді, дүкенде де, қоғамдық орындарда жүрсек те көретініміз-сол. Жасы да, үлкендеріміз де тілін бұрап орыс тілінде сөйлеп жатқаны. Өз тілімізді білуге тырыспаймыз.

Жалпы, қай тәрбиенің бастауы отбасынан басталатыны рас, патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Әр қазақ өз шаңырағында ағарту ісімен айналысса деймін. Сонда ғана әр адамның санасында ұлттық намыс, патриоттық жігер оянар еді. Сөйтіп ол да ана тілін қадірлеуге, сыйлауға, ұмытпауға, патриоттық сезімнің оянуына ат салысар еді. Отан – отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырақтан, ана тілінен басталған. Бірақ қазіргі жастардың көбі мұны түсінбейді. Сондықтан да мен тіліміздің мәселелерінің өзегін жастар бойындағы намыстың, патриоттық қасиеттердің жоқтығымен байланыстырамын. Олай болса жастар арасында ұлттық патриоттық тәрбиеге мән беру қажет.

Ана тілі туралы ұлы адамдардың ой-пікірлері көп. Соның бірі – жүрегіме ұялаған жазушы Ғабит Мүсіреповтың сөзіне тоқтала кетсем. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады» деген екен Ғабит атамыз.

«Дос жылата айтады» дегендей, жан жүрегімен, ақыл-парасатымен айтып та, жазып та жатқан елдің жоғын жоқтаушы ағаларымыздың сөзіне құлақ асайық. «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген екен біздің бабаларымыз. Сондықтан да өз тілімізді, дінімізді сыйлайық. Өз жерімізге, өз елімізге, ұлтымыздың атымен аталатын республикада өмір сүріп, өзіміздің тілімізді білмейтініміз, түсінбейтініміз – ұят. «Елге деген сатқындық оның болашағына сенбеуден басталады. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол – ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, ең алдымен, білім ордаларынан бастау алуы тиіс.

Өз баласын қазақша сөйлетпеген қазақтың «қазақ тілі» деп сарнауының ешбір реті жоқ. Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Әлі – ақ қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады. Тәуелсіздік жылдарында 883 қазақ мектебі іске қосылған екен. Қазірдің өзінде еліміздің барлық 7721 мектептің ішіндегі таза қазақ мектептері 3788. Қазақ мектептерінің үлесі елу пайыздан асуда. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Арта беретін болады. Ал сан сапаға айналмай қоймайды.

Қазақ тілі - ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқи білуіміз керек. Қазақ тілін оқуды мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қазақ тілі ерекше орын алуға тиіс.

Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оған көңіл де, қаржы да солай бөлінеді. Қазақ тілі – өзіміздің ана тіліміз. Біз бәріміз ана тілімізді ардақтаймыз.

Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамауы оның келешегіне әсер ететін болуы керек. Өйткені, екі тілді, үш тілді еркін меңгерген маманның өз міндетін жақсырақ атқаруға жалғыз тілмен жүргендерден гөрі мүмкіндігі мол екені анық. Осы 20 жылдың ішінде әрбір қазақ өзінің ана тілін үйренуге міндетті еді. Бұл – парыз. Перзенттік парыз. Адамдық қарыз.

Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді. Мен «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөзді қайталап айта бергім келеді. Егер ұлт пен тілді тікелей қатынаста алсақ, «тіл» деген жалпы ұғым мен «ана тілі», яғни белгілі бір ұлттың өзіне тән тілі, деген ұғым бір – біріне дараланады. Осы тұрғыдан келгенде, ұлттың басты белгісі – тіл, тіл иесі – ұлт. Егер тілді адамдардың өзара қарым-қатынас құралы десек, ана тілі – ұлтішілік әлеуметтік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұлттық қатынас құралы. Ана тілі ұлттың дамуына септігі тиетін негізгі фактор болып танылады. Ана тілінің қоғамдық қызмет атқаруы – ұлттың өмір сүруінің кепілі.

Ана тілі өмір салаларын қаншалықты мол қамтыса, соншалықты дамыған тіл болып есептеледі. Бірақ тілдің сақталуында өмірдің барлық саласынан гөрі жанұяның орны ерекше. Өйткені жанұя деген – туыстық қатынастағы, тұрағы мен тұрмысы ортақ адамдардан құралған шағын әлеуметтік топ болса, оның өзіне ортақ тілі де болуы тиіс.

Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазір кейбір жастар ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін оқып, біліп, қазақ тілін тіпті білмейді. Тіл – қазағымыздың байлығы. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі етіп көрсетуіміз керек.

«Тіл бесікте бекиді, үйде қалыптасады, бойға ұялайды, шаңырақта шыңдалады, мектепте дамиды, сөйлегенде жетіледі, жазғанда қалыптасады» депті ғалым Асылы Османова. Өте әдемі айтылған, терең мағыналы сөз.

Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» - деген ұлағатты сөзі

күннен -күнге ойымызда жатталып барады.

Қазақ тілі – «еліміздің мемлекеттік тілі» екендігі Конституцияда заңдастырылған.

Біз хабар білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткені осылай әдебиет пәні дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын көп деректерді білесіз.

Тілсіз білім жоқ,ал білім – өмірдің шырағы. Тағы да қазақта «білім кілті – тіл деген мақал бар.

Қазақ тілі менің туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.























ҚОРЫТЫНДЫ

Тіл – адамдықтың белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір-бірімізбен әңгімелесе аламыз.Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – «тұл» деп атайды.

Тіл – қазағымыздың байлығы. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі етіп көрсетуіміз керек.




ӘДЕБИЕТ



  1. Б.Хасанұлы. Мемлекеттік тіл: әлеумет және жастар. Алматы,2013

  2. О.А.Асанғазы. Тіл болашағы жас ұрпақта. Астана,2011

  3. «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналы, №1-2011, №9-2013ж.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!