ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ОҚУ
САУАТТЫЛЫҒЫ
Омарова Разима Кадирхановна
–
Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданы
В.Терешкова атындағы орта
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Т Ү С І Н І К Х А
Т
Тіл – адамдардың бір-бірімен
қатынас жасауына, пікір алысуына, өзара
түсінісуіне мүмкіндік беретін
құрал және осы қатынас құралының заңдылықтары мен ерекшеліктерін
оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым. Қоғамның қандай түрі болмасын
тілсіз өмір сүре алмайды. Тілдің қарым-қатынас саласында,
күнделікті тұрмыста бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік беруі – тілдің
әлеуметтік, қоғамдық қызметі. Тілдің қоғамдық қызметімен қатар ойын
жеткізу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің қатынас құралы болу
қызметін оның коммуникативтік қызметі десе, ойды жүзеге асыру
қызметін оның көркемдеуші, бейнелеуші, экспрессивтік қызметі
болады [1].
Тілдің осы қызметтері
бір-бірімен тығыз байланысады. Сонықтан да курс барысында тілдің
әлеуметтік қызметін, қоғамдағы адамдардың қатынас құралы ретіндегі
қызметін және тілдің құрылымы мен жүйесін қарастырады. Оқушылардың
сауатты жазуын, сауатты сөйлеуін, тілдің грамматикасын меңгеруін
қадағалап, көркем сөйлеуін жетілдіреді.
«Қазақ тілі және оқу
сауаттылығы» авторлық
бағдарламасы оқушылардың өз бетімен
жаттығуына бағытталып, өздері ізденіп оқитын ақын-жазушылар
шығармаларынан алынатын үзінділермен де қамтылған. Оқушылар өз
бетімен тіл мәселелерін талдап-түсінуге, сабақ барысында алған
теориялық білімдерін тереңдетіп кеңейтуіне,
теориялық та, практикалық
та игеруіне мүмкіндік
туғызады.
Оқу сауаттылығы тапсырмалары
мәтінмен жұмыс жасауды, мазмұнына орай пікір білдіруді, ойлауды,
білім мүмкіндіктерін көбейтуді, әлеуметтік өмірге қарым-қатынасын
күшейтуді дамытады. Тапсырмаларды көркем шығармаларды оқу ғана емес
түрлі ақпараттық матеиалдарды табу, мәтіннің ақпараттық формасын
түсіну, бағалау, мәтіннен ақпаратты алу, оны қазақ тілі
грамматикасының теориясымен, практикасымен байланыстыру оқушының
оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім құзіреттілігін де
қалыптастырады.
Ұсынылып отырған «Қазақ тілі
және оқу сауаттылығы» бағдарламасы тіл ғылымы негізіне және оқу
сауаттылығы талаптарына сәйкес құрылды.
Ауызекі сөйлей алу, тілдің грамматикасын білу,
әртүрлі бағыттағы материалдармен жұмыс
жасауға бағытталған. Берілген
жаттығулар оқушыларды қазақ тілі гарамматикасын игеруге, сауатты
жазуға, тілін дамытуға бағыттайды және
әдеби көркем мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушының ұлттық
дүниетанымын, рухани құндылықтарды жасөспірімдер санасында
қалыптастыруды мақсат етеді.
Мақсаты: Қазақ тілі грамматикасы
бойынша білім беру және осы пән арқылы оқу сауаттылығын дамыту.
Тілдік категорияларды ұғындыру, көркем әдеби шығармалардан алынған
үзінділер арқылы жұмыс жасауға үйрету.
Міндеттері:
-
Қазақ тілі грамматикасы мен
оқу сауаттылығы туралы біршама тереңдетіп білім
беру.
-
Қазақ тілі фонетикасы,
лексикасы, морфологиясы, синтаксисі бойыншы түрлі талдау жұмыстарын
жүргізу.
-
Тілдік категориялармен жұмыс
жасау.
-
Сауатты жазуға, сауатты
сөйлеуге, сөздік қорын байытуға арналған тапсырмаларды
орындату.
-
Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай көркем шығармаларды
оқыту.
-
Көркем әдеби шығармалардан
алынған үзінділермен жұмыс жасату, талдау, пайымдау жұмыстарын
жүргізу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.
-
Көркем әдеби шығармалардан
үзінділер алуға үйрету.
-
Тіл дамыту, тіл ұстарту
жұмыстарын жасау.
-
Қиындық деңгейі әртүрлі
тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды
үйрету.
-
Ақпараттық материалдармен,
түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға
дағдыландыру.
Күтілетін
нәтижелері:
-
Қазақ тілі грамматикасынан
біршама тереңбілім алады.
-
Оқу сауаттылығы тапсырмаларын
орындай алады.
-
Жас ерекшеліктеріне сай әдеби
көркем шығармаларды оқиды, түсінеді.
-
Көркем әдеби шығармалардан
алынған үзінділермен жұмыс жасайды, талдау, пайымдау жұмыстарын
жүргізе алады.
-
Мәтіндермен жұмыс жасауға
үйренеді.
-
Көркем шығармалар арқылы
ұлттық дүниетанымы қалыптасады.
-
Тіл сауаттылығына
үйренеді.
-
Қазақ тіл білімі бойынша түрлі
талдау жұмыстарын жүргізу жолдарын
түсінеді.
-
Қиындық деңгейі әртүрлі
тапсырмалар мен жаттығуларды орындай
алады.
-
Ақпараттық материалдармен,
түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды
үйренеді.
-
Қазақ тілі пәніне қызығушылығы
оянады.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, тарих,
музыка.
Өзектілігі: Қазақ тілі теориясын меңгеру,
сауатты жазу мен сөйлеу, әдеби туындыларды оқыту барысында ұлттық құндылықтарға
жетелеу, дүниетанымын, сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру өзекті болып
отыр.
Қолданылатын
технологиялары: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, кейс
– стади технологиясы (case - Study), Блум таксономиясы,
жобалау.
Қолданылатын
әдістері: Т кестесі, 6 неліктен,
пікірталас, еркін жазу, ішіне-сыртына, ой қозғау, кең ауқымды
лекция, бірін-бірі оқыту, галереяны шарлау, үшбу
хат, автор
орындығы, еркін
жазу.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ
МАЗМҰНЫ
(Барлығы – 34 сағат,
аптасына – 1 сағат)
Кіріспе. 1
сағат. Қазақ тілі және оқу
сауаттылығы туралы түсінік беру. Курстың мазмұнымен таныстыру.
Тапсырмалар
орындау.
Фонетика. Дыбыстар
әлемінде. 1 сағат. Тіл білімінің фонетика
саласы туралы. Дауысты дыбыстардың қызметі, жуан, жіңішке түрлері.
Дыбыстау мүшелерінің қызметі.
Дауысты және дауыссыз
дыбыстардың жазылу емлесі. 1
сағат. Дауысты дыбыстардың қатесіз,
орфографиялық нормаға сай жазылуы.
«Ақсақ
құлан» аңызы. 1
сағат. Қазақ аңыздары туралы түсінік.
«Ақсақ құлан» аңызын оқу, мазмұндау. «Ақсақ құлан» аңызы мәтініне
фонетикалық жаттығулар жасау.
Буын және тасымал. 1
сағат. Дауыс толқыны. Сөздегі дауысты
дыбыстардың әсері туралы. Сөзді тасымалдау. Сөз ішінде келген үнді
дауыссыз (у, й,
ң) дыбыстардың
тасымалдануы. Қысқа мәтіндермен
жұмыс.
Сөздіктер. 1
сағат. Қазақ тілі лексикасындағы
сөздік қор туралы. Сөздіктермен таныстыру. Айтылу
және жазылу заңдылықтары бойынша сөздіктерді пайдалануды
түсіндіру. Сөздердің дұрыс жазылу заңдылығына және дұрыс оқылу
заңдылығына арналған жаттығу жұмыстары.
Диалог. Күзгі
табиғат. 1
сағат. Күзгі табиғат сипатының
белгілері туралы. Күзгі дала мен күзгі табиғаттағы өзгерістер.
Ауызекі сөйлеу жұмыстары.
Тайыр Жароков. «Күз» өлеңі.
1 сағат. Өлеңнің мазмұны мен оқиғасы
туралы. Күзгі табиғатты суреттеуі. Күзгі дала табиғаты туралы
сипаттама дайындау жұмыстары.
Сөз және сөз құрамы. 1
сағат. Сөздердің лексикалық
мағыналары, шығу тарихы, өзгеру ерекшеліктері, жазылуы, айтылуы,
түрлі сөздіктерде берілуі. Сөз құрамы: түбір, жұрнақ және
жалғаулар.
Қосымшаның қызметі, жұрнақ
және жалғау.
1
сағат. Қосымшаның қызметі. Түбір мен
қосымша. Сөздің мағына беретін және
бөлшектенбейтін түпкі бөлшегі. Қосымшасыз дербес қызмет
атқаруы. Негізгі және туынды түбірлер.
Сөз құрамына талдау.
«Көп қосымшалы сөздер»
дидактикалық тапсырма. 1
сағат. Түбір және
қосымша. Сөздердің түбірі және
қосымшалары туралы. Жалғау және жұрнақ. «Көп қосымшалы сөздер»
жарыс ойыны.
Дидактикалық ойын «Сөз
құрамын білесің бе?». 1
сағат. Ұсынылған сөздер тобы
бойынша сөздің түбірін, қосымшаларын
табу. Сөз тіркестерін құру. Сөздерді құрамына қарай
талдау.
Сөз мағынасы. Антоним.
Синоним. Омоним. 1 сағат. Қазақ тілі сөздік қоры
туралы. Сөздің белгілі бір зат,
құбылыс, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі
екендігі туралы. Антоним, синоним, омоним
сөздерге жаттығу жұмыстарын, тапсырмаларын
орындау.
Қанатты сөздер. 1
сағат. Бөліп-жаруға болмайтын сөздер.
Құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасы. Сөйлемде тұрақты тіркес
ретінде бір сұраққа жауап беруі. Ұсынылған мәтіннен тұрақты
тіркестерді табу, түйінді пікірлерді жазу.
Қызықты тапсырмалар. 1
сағат. Фонетика және лексика саласы
бойынша алған білімдерін қорыту. Қызықты тапсырмаларды орындау,
тест сұрақтарын дайындау, талдау. Оқу сауаттылығы тапсырмаларымен
жұмыс.
Зат
есім. 1
сағат. Сөз табы туралы түсінік беру.
Олардың қызметі. Зат есім болатын сөздермен жұмыс. Зат есімдердің
түрі және жалғаулары бойынша тапсырмалар
орындау.
Эссе. 1
сағат.
«Адам және жер-су атаулары»
мәтіні. 1 сағат. Адам және жер-су атауларының
жазылуы туралы. Олардың зат есімге қатысы. Жалқы есімдер мен жалпы
есім. Олардың жазылуы мен ерекшелігі туралы. Өз есімдері туралы
шағын хабарлама жазу.
Септік жалғаулары. 1
сағат. Зат есімге септік жалғауларын
тікелей жалғап септеу. Көрген кинолары негізінде
тілдесім жұмыстарын жүргізу. Фильмдегі кейіпкерлер туралы айту және
жазу. Зат есімдерді септеу.
Жіктік жалғау. 1
сағат. Жеке және көпше
түрі. Мен, сен, ол; біз, сендер,
олар сөздерін жіктік жалғаулары бойынша өзгерту. Жаттығу жұмыстарын
орындау.
Есімдік. Есімдіктің
сөйлемдегі қызметі. 1 сағат. Есімдіктердің түрлері.
Сөйлемдегі қызметі. Сөз табына және сөйлем мүшелеріне
талдау. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын
орындау. Мәтіндермен жұмыс.
Ойлан, ізден, тап»
ойыны. Сын есім. 1
сағат. Сын есімнің жасалуы:
морфологиялық, синтаксистік. Түбір сын есімдер. Сын есім тудыратын
жұрнақтар. Сұрақтары, жазылуы, мағынасы. «Ойлан, ізден, тап» ойыны
арқылы қайталау жаттығулары.
Теңге – ұлттық валюта. Сан
есім. 1 сағат. Қазақ елі тарихындағы теңгенің
маңыздылығы. Сандердың шығуы. Сан есімнің түрлері мен
емлесі.
«Теңге – ұлттық валюта»
мәтінін жазу, сан есімдермен байланыстыру.
Етістік. 1
сағат. Етістік туралы. Етістіктің
сұрақтары, сөйлемдегі қызметі. Мәтін бойынша тест сұрақтарын
дайындау, талдау. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын
орындау.
Рахымбеков Әскербек. «Теңіз
тақсіреті» дастаны. Етістік. 2 сағат.
Етістік сөздердің
қолданылуы.
Табиғатты аялау, қорғау.
Адамдар тіршілігі. «Бала күшік» бөлімін
жаттау. Мәтін бойынша тест сұрақтарын
дайындау, проблемалық ой-талдау жұмыстары.
Үстеу. 1
сағат. Үстеу туралы. Сұрақтары,
сөйлемдегі қызметі. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Мәтін бойынша тест сұрақтарын
дайындау, талдау. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын
орындау.
Морфологиялық тапсырмалар
мен жаттығулар.
2
сағат. Сан есім мен етістіктің
негізгі белгілері. Мағыналық түрлері мен жасалуы. Жұрнақтары.
Тапсырмалар мен жаттығулар орындау.
Көктем. Шығармашылық жұмыс.
1 сағат. Көктемгі табиғатқа сипаттама
жазу. Түс атауларын қолдану. Сын есімдерді қолданып қысқа мәтін
құрастыру.
Сөйлем. Сөйлем түрлері. 1
сағат. Сөйлем және оның түрлері,
сөйлемнің құрылысы. Ақпарат көздерінен алынған сөйлемдерді оқу,
жазу, талдау жұмыстары.
Сөйлем мүшелері. 1
сағат. Сөйлем мүшелері және олардың
түрлері туралы. Қысқа әдеби мәтін
бойынша сөйлем мүшелерін анықтауға
арналған жаттығу жұмыстары. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын
орындау.
Эссе. 1
сағат. Менде бос уақыт бола
ма?
Қорыту. 1
сағат. Өткен тақырыптар бойынша жоба
жұмысын қорғау.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК
ЖОСПАРЫ
№
|
МАЗМҰНЫ
|
Сағат
саны
|
|
|
Теория-лық
|
Тәжіри-белік
|
-
|
Кіріспе
|
|
1
|
-
|
Фонетика. Дыбыстар
әлемінде
|
|
1
|
-
|
Дауысты және дауыссыз
дыбыстардың жазылу емлесі
|
1
|
|
-
|
«Ақсақ құлан»
аңызы
|
|
1
|
-
|
Буын және
тасымал
|
1
|
|
-
|
Сөздіктер
|
|
1
|
-
|
Диалог. Күзгі
табиғат
|
|
1
|
-
|
Тайыр Жароков. «Күз»
өлеңі
|
1
|
|
-
|
Сөз және сөз
құрамы
|
1
|
|
-
|
Қосымшаның қызметі, жұрнақ
және жалғау
|
1
|
|
-
|
«Көп қосымшалы
сөздер» дидактикалық
тапсырма
|
1
|
|
-
|
Дидактикалық ойын «Сөз құрамын
білесің бе?»
|
|
1
|
-
|
Сөз мағынасы. Антоним.
Синоним. Омоним
|
|
1
|
-
|
Қанатты
сөздер
|
|
1
|
-
|
Қызықты
тапсырмалар
|
|
1
|
-
|
Зат
есім
|
1
|
|
-
|
Эссе
|
|
1
|
-
|
«Адам және жер-су атаулары»
мәтіні
|
|
1
|
-
|
Септік
жалғаулары
|
1
|
|
-
|
Жіктік
жалғау
|
1
|
|
-
|
Есімдік. Есімдіктің сөйлемдегі
қызметі
|
1
|
|
-
|
Ойлан, ізден, тап»
ойыны. Сын
есім
|
1
|
|
-
|
Теңге – ұлттық валюта. Сан
есім
|
|
1
|
-
|
Етістік
|
|
1
|
-
|
Рахымбеков Әскербек.
«Теңіз тақсіреті» дастаны.
Етістік.
|
|
2
|
-
|
Үстеу
|
1
|
|
-
|
Морфологиялық тапсырмалар мен
жаттығулар
|
|
2
|
-
|
Көктем. Шығармашылық
жұмыс
|
|
1
|
-
|
Сөйлем. Сөйлем
түрлері
|
1
|
|
-
|
Сөйлем
мүшелері
|
1
|
|
-
|
Эссе.
Менде бос уақыт бола
ма?
|
|
1
|
-
|
Қайталау,
қорыту
|
|
1
|
-
|
|
14
|
20
|
|
Барлығы:
|
34
|
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Бектұров Ш.К. Қазақ тілі.
Лексика, фонетика, морфология, синтаксис. Алматы. «Атамұра»
баспасы. 2006 жыл. 336б.
-
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің
лексикологиясы. Алматы, 1971ж.
-
Маманов И. Қазіргі қазақ тілі.
Алматы, 1976ж.
-
Исаев С. Қазіргі қазақ
тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы. Ана тілі,
1992
-
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі
(морфология). Алматы, «Ана тілі» баспасы.
1991.
-
Кеңесбаев І., Ғ. Мұсабаев.
Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. –
А.,1975
-
Ақ сандық,
көк сандық: Балалар фольклоры: бесік жырлары,
тақпақтар, жанылтпаштар мен жұмбақтар, ойын өлендері мен ойындар,
ертегілер / құраст. Ш. Ибраев. - Алматы: Жазушы,
1988.
-
Ишмұхамедов Ә. Қызықты
грамматика. Алматы. Рауан. 1996ж.