Материалдар / «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмыстың ерекшеліктері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмыстың ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
топтық, ұжымдық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
548
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдістемелік баяндама «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмыстың ерекшеліктері»  Қазақстан Республикасы Егеменді ел болғалы өмірімізде түбірлі өзгерулер, жаңа ашық қоғам құруда үлкен бетбұрыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мұғалімге – жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізеді. Оқушының топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді. Әр оқушының таланты мен қабілеті бар. Сол қабілет пен мүмкіндіктерін  біз, мұғалімдер дер кезінде байқап, қолайлы жағдай жасап, ашуымыз керек. Бұл біздің міндетіміз. Оқыту мен оқудың  жаңа тәсілдері менің оқушыларымды  басқа қырынан танытты. Оқушыларды жан-жақты ашуға, әрқайысысының мінез-құлқының ерекшелігін байқауға көмектесті. Әр сабақта топқа бөлудің алдында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Топтасу барысында әр оқушы қамтылады. Топтық жұмыс әдісі мұғалімнің тарапынан мұқият дайындықты талап етеді. Мұндай сабақтың жоспары барлық екжей-тегжейіне дейін қаралуы керек. Мұғалім топтарға арналған негізгі және қосымша тапсырмаларды анық тұжырымдап, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігін  мұқият ойластыруы (топтың аудиториядағы, тапсырманы орындау барысындағы құрылымы, жедел бақылау түрлерін және т. б.), кедергілерді ескеруі керек. Мен топтарды әртүрлі деңгейдегі студенттерден құрамын. Бастапқы кезде топтарға бірыңғай жақсы оқитын немесе бірыңғай нашар оқитын студенттердің  түсуінің нәтижесінде жұмыстың өнімі мен ойлағандай мақсатқа жеткізбеді. Бірақ келе-келе бұл олқылықтарды ескере отырып топтарды біркелкі жұмыс нәтижесін беретіндей  етіп бөлуді үйрендім. Мысалы, Абай шығармашылығын өткенде студенттердің бүгінгі күндеріне сәттілік тілей отыра әр түрлі жемістерді таңдау арқылы топқа бөлдім. Алма, алмұрт, шие мен лимонды таңдап топтарға бірікен студенттердің сол жемістердің адам психологиясымен сәйкестендіру қасиеттерін оқып бердім. Мысалы, алманы таңдағандарға – сіз сынақ жасауға, жаңа бірдеңелерді іске асыруға тым құмарсыз. Сіз көпшілік ортада болуды ұнатасыз. Сіздің темпераментіңіз белсенді, өзіңізге не керегін білесіз және соған қол жеткізесіз дегенді айттым. Бұл психологиялық тест болғанымен, студенттерге ерекше әсер етті. Олар тек сүйікті жемісін таңдап қана қойған жоқ, өздерінің ерекше қаситеттерін естіп, көңілдері марқайып қалды. Ал өлеңдеріне тоқталған кезде студенттер туған күндерінің қай жыл мезгіліне сәйкес келетінін анықтап, сол жыл мезгілі жазылған топқа бірікті. Сонымен қатар, бұлай топқа бөлудің сырын сұрағанымда, оқушылар бірден Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері бар екенін айтып, өлеңдерден үзіндіні жатқа айтты. Мен осы жерде қай студенттің өткен тақырыптарды кез-келген уақытта еске түсіре алатынын байқадым. Шәкәрім Құдайбердиевті өткен кезде ақынның Абай ұрпағы екенін дәлелдеу мақсатында Құнанбайдан тараған балалардың ауылдарымен топқа бөлдім. Осылай студенттерді топқа біріктіру жұмысынан кейін бірлесе отырып орындайтын әдістердің бірі- ассоциацияны қолдандым. Сөзімді дәлелдей кетсем, мысалы Абайға арналаған сабақтарда ақын туралы өз білетіндерін бірлесе отырып топтастырып, таныстырылым дайындады, оны тақтаға шығып қорғады және менің ұсынған нұсқаммен салыстырды. Мұнда мені сурет салуға бейім студенттердің бейне мен мағынаны ұштастыра білетінін аңғардым. Мысалы, бір топ ештеңе жазбаған, оның орнына тоғызқұмалақ, кітап, медресенің суретін салған, қорғаған кезде Абайдың кітапқа құмар, білімқұмар екенін, қазақ баласын оқу-білімді үйренуге шақырғанын, тоғызқұмалақ оның сүйікті ойыны екенін айтты. Топтық жұмыста студенттер өздерін еркін ұстап, арасында күлкі де, әзіл  болды, бірақ мен ескерту жасамаймын, еркіндікке мүмкіндік беремін. Байқағаным, студенттер топтық жұмыстан кейін көңілденіп, араларында достық қарым-қатынас орнаған сияқты. Олар білмей жатқан жерлерін бір-бірінен сұрайды, өз ойларын басқаларға жеткізу үшін шешімдерін дәлелдеп береді. Топтық тапсырмаларды беру кезінде топ арасында қызу пікірталас, түрлі сыни ойлар тудыру - мұғалімнің шеберлігі. Мен мұны «Шәкәрім шыңына» шығу әдісін қолданғанда байқадым. Шыңға жету үшін топтар бірнеше сатылардан өту керек болды. Бірінші саты Шәкәрімнің Абай ұрпағы екендігін дәлелдеумен басталды, әр топ Абай мен Шәкәрім арасындағы туыстықты өзінше дәлелдепберді. Әр сатының тапсырмалары әр түрлі болды: «Жастарға» өлеңін оқыды,тақырыбы мен идеясын анықтады, сөздік жұмысын жүргізді, өлең құрылысына талдады, көркемдік ерекшелігін айқындады. Барлық сатыда да топтардың басымдығы өзгеріп отырды, олар Абай мен Шәкәрім арасындағы сабақтастықты аша білді. Өлеңдегі ойлардың Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен үндестігін баса айтты. Студенттер ақынның сазгерлігіне келгенде тосылып қалды, олар тек әндерінің бар екенін айтып аттарын атады да, пікірлерін дәлелдей алмады. Мұндай тығырықтан шығудың жолын өзім ұсындым, тез арада Бекболат Тілеуханның және Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» бейнебаянын тыңдаттым. Студенттер ән туралы өз ойларын ортаға салды. Бұдан олардың әнді қазақ тілінде көп тыңдамайтындарын, оның ішінде Б.Тілеуханның орндауындағы нұсқаның оларға ұнамағанын аңғардым. Сонымен қатар екі нәрсенің ұқсастығы мен ерекшелігін айырып айта алатындай сыни ойлары қалыптасып келе жатқанына қуандым.Топтың ішінде тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында тиімді диалогты негізге алған жөн. Мерcер мен Литлтон (2007)   еңбектерінде диалог cабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өcуіне үлеc қоcады дегендей  оқытудағы жаңа тәcілдерді cабағымда қолданып, оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту үшін диалогтік әдіcін қолданамын. Оқушылар жұппен, топпен cұрақтар құраcтырады. Менің байқағаным, бұл жұмыcты олар қызыға орындайды.   Бұл тапcырмада  оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруін, идеяларын дәлелдеуге және  қандай деңгейде екенін түcінуіме оcы бірлеcкен cұхбат көмектеcетініне көзім жетті.Топтық жұмыстан кейін, студенттер рефлексия жазады. Кейде рефлексия ауызша да алынады. Сабақта не ұнады, қандай сәттерге көбірек көңіл бөлдіңдер деп сұрағанда, Айкүміс деген студент:  «Қазақ тілі сабағында топтық жұмыстарда біз бір-бірімізді тани бастадық, сабақ танымды болды» деген жауабымен мені қанағаттандырды, яғни, бұл сабақтар студенттердің бір-біріне қарым-қатынасын нығайтқанын түсіндім және топтық жұмыстың тиімділігіне көзім жетті.Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді. Сондай-ақ оқытудың жаңа әдістерін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі студенттер бойында мынадай қасиеттерді қалыптастыруға болатынын байқатты:• әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлауқабілетімен ерекшеленеді;• бір-бірінің пікірлерін қабылдауға үйренеді;• ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді, өзіне белгіліні пайдалана алады;• өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!