Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
547
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану

Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды пайдалану

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ол біліктік сол білімді іске асыру дағдысы» (Ахмет Байтұрсынов)

Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.
Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатып, дәріптеу, қолдану аясын кеңейту жолында қолданысқа еніп жатқан оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды, әсіресе интерактивті тақтаны жиі қолданамыз.Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, «жаңашылдықты енгізу» деген мағынаны білдіреді.«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс – тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған. [1]
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.

Инновациялық процестің дамуына 2 - фактор ықпал етеді:
Объективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау.
Субъективті фактор – инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог - ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады[2]
Педагогикалық инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз.

Әдістемелік инновациялар - бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу – тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс - тәжірибесінде пайдалана алатын білім. [3]

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Яғни орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады.
Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой - пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімділігі мол.

Қазақ тілі сабағынан жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз іс - тәжірибемде мынадай құрылым жүйесін түземін.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!