Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденістерге баулу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденістерге баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Шығармашылық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ІЗДЕНІСТЕРІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ. ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ.



















Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі

Мүтәнова Бибіхадиша Сартайқызы





ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ІЗДЕНІСТЕРІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ. ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

МАЗМҰНЫ



  1. КІРІСПЕ

1. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденістеріне баулу жолдары

2.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдары;

2.3 Балаға әсер ететін орталар ата-ана, мұғалім, жұртшылық, БАҚ және жолдастарының жағдайын анықтау;

2.4 Дарынды оқушылардың алдына мақсат қою, күрделендірілген тапсырмалар беру

2.5 Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту



III. ҚОРЫТЫНДЫ



















  1. КІРІСПЕ

2.1 Дарынды оқушыларды анықтау

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.

Мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?

Бұл ұғымның мазмұндық жағы әр түрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен емес, бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Мәселен,әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы мүмкін, олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша , сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік тұрғыдан дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойларын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақытты қажет ететініне мысалдар да бар. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар. Мұғалімдердің естеріне дарынның санқырлылығын түсіру үшін «тұрақты сезімдер мен пікірлерді» немесе «түсініксіз әзілдік сезімін» көрсететін мінез-құлықтар сипатын айқындайтын сауалнама құрастырылады.

Адамның тумысынан қалыптасқан ерекше қабілетті- дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын тез, жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қабілеттері жоғары болады.

Дарынды оқушы дегеніміз кім?

Ол :

  • Зерек,алғыр

  • Ізденімпаз

  • Тапқыр

  • Логикалық ойлау қабілеті жоғары

  • Шешен, шебер

  • Ашық, тұйық

Бұған қоса, даралап оқыту, пәнді тереңдетіп оқыту,оқушылардың қызығушылықтарына қарай шығармашылық кештерге, байқауларға, интеллектуалдық сайыстарға , спорттық сайыстарға көптеп қатыстыру, жеке кеңес беруді ұйымдастыру қажет. Осы орайда дарынды балаларды төмендегі қабілеттерді дамыту қажет:

  1. Танымдық қабілеттері:

  • Үлкен көлемді ақпаратқа ие болу

  • Үлкен сөз қоры

  • Себеп-салдарлық байланыстарды табу

  • Қорытынды жасай алу

  • Күрделі мәселелерді шешуге қатысу

  • Күрделі идеяларды қолға алу

  • Қарама-қайшылыққа түсіне білу

  • Жағдайларды талдау

  • Талқылай алу

  • Процестердің өзін және нәтижесін бағалай алу

  • Өз ойын сынай алу

  • Бәрін білгісі келушілік

  1. Шығармашылық қабілеттері:

  • тәуеклге бару

  • ойлау мен іс-әрекетінің жылдамдығы

  • жаңа бір нәрсе ойлап таба алу

  • бай фантазия

  • күрделі заттарды қабылдай алу

  • эстетикалық құндылықтар

  • дамыған интуиция

  • 3. Эмоционалдық ерекшеліктері

  • Басқаларды сыйлау

  • Басқа адамдардың ерекшеліктеріне шыдау

  • Өзін-өзі талдай алу

  • Сынға шыдау

  • Тапсырмаларды орындаудан бетінен қайтпастығы

  • Ойлау мен іс-әрекеттерінде еркіндігі

  • Әзілкештік

  • Мораль мәселелерін таңдай алу

  • Өз күші мен қабілетіне сенімі

  • Ішкі сезім

Дарындылықты дамыту жолдары: оқушылардың ғылыми қоғамы, әдістемелік кеңес,Ғылыми Жоба сайыстары.

Нағыз дарындыны,үшке бөлуге болады.

  1. Шығармашылық дарындылық – мақсатқа ұмтылушылық,дербестік,ұйымшылдық, жақсылықты қажетсіну,сенімділік, әдемілікті түсіне алу, саналылыққа ұмтылу, қиялшылдық, еңбекке көзқарас, еңбекқорлық,болашаққа ұмтылушылық.

  2. Лидерлік дарындылық – бастамшылық,ізеттілік, ұжымдық мақсат-мұрат, адалдық,тәуелсіздік, қоғамдық парыз, жариялылық, белсенділік, тектілік, табандылық, ықыластық.

  3. Зияткерлік дарындылық- болжам, өзіндік еңбектену мәдениеті, қызығушылық, бейімділік, әлемдік көзқарас, білімділік, бейімділік.

Дарынды балалармен атқарылатын жұмыс түрлері төмендегіше:


  1. Баланың бейімдік жақтарына қарай сабақ жоспарын құру

  2. Ең күрделі сұрақтарға берілетін кеңестердің тақырыбын анықтау.

  3. Баланы тексеру формасын таңдау(тест, сұрақтар)

  4. Балаға берілетін мәліметтер:

-Тақырып аты

-негізгі сұрақтар

-Термин сөздер

-Әдебиеттер тізімі

-Бақылау түрі

-Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар

5. Нәтижелерді талдау үшін кесте құру керек:

- Пән

-- Кеңестің уақыты мен күні

- Негізгі қаралатын мәселелер

- Бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар

- Анықталмаған сұрақтар

- Уақыттан ауытқу себептері






















II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.2 ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ІЗДЕНІСТЕРІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ



Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы мұғалімнің біліктілігіне, оның жеке тұлғалақ қасиетіне байланысты.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Оқушы дарындылығын дамытуда, ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығының орны ерекше.

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаған оқушы өз тақырыбы бойынша мәлімет жинауға талпынушылығы,тәжірибеден өткізуге дайын тұруы, дарынды оқушының ерекше қасиеті деп білеміз.

Кезінде ұлы Абай Жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – «Ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады.Екіншісі – «Көрсем, білсем»деп, ержеткенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді, «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген , құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейді»,- деп тағылымды сөз қалдырған. Яғни баланың бойында түрлі дарындылық қасиеттер ержеткен кезден бастап қалыптасады.

Дарынды оқушыны жеке тұлға деп, ары қарай дамыту үшін , оның танымдық белсенділігін дамытып, зерттеу дағдысын игеруге бағыттау керек.

2.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ



Бұл ретте дарынды оқушымен мынадай жұмыстар атқаруға болады:

  1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу.

  2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау

  3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір-сайыс. Зияткерлік ойындарға дайындау

  4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен – күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат- оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздер бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу біздің басты бағыттарымыздың бірі.

Дарынды оқушылармен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету, оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасы идеясында «Оның басты мақсаты-жаңа қалыпта Қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандықтарды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы нақтылаған негізгі үш аспекті мыналар:

  1. Білім беру үрдісіндегі инновациялық даму

  2. Ақпараттық даму

  3. Жастарды рухани тәрбиелеу

Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.

Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әр түрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі-дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешеленіп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білім құмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі.

Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналар да, оқытушылар да тап болады. Мұндай білімқұмар балаларды сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балалар да отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмас үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.

Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделілігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан ,айрықша табиғи қабілеті мол нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың зияткерлік қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Дарынды және талантты балалар үшін зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері төмендегіше болады:

жобалау,аннотациялау және рецензиялау, ғылыми жұмыстарға пікір жазу, әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру,ғылыми пікірталастар мен диспуттар ұйымдастыру, портфолио құрастыру,кейс-стади,мақала, реферат,сценарий жазу, идеялар аукционын өткізу,презентациялау,өз ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру,сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар,жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу, тәжірибелер жасап,олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау.

2.3 БАЛАҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАУ( ата-ана, БАҚ. жолдастары)


Дарынды балаға әсер ететін орталар ата-ана, мұғалім БАҚ және жолдастарының жағдайы болғандықтан, оқушының отбасы жағдайы зерттелінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықталған жағдайда , баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті аныұталады.

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан, әке де, шеше де баланың жан-дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады.

Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиеттері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жеке тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаңа деген қызығушылығын оятуға болады. Мұндай жұмыстар мұғалімге инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытумен қатар, білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді.

2.3 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫҢ АЛДЫНА МАҚСАТ ҚОЮ.


Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын,мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

-қоршаған ортаны сезе білу,

-ақыл парасатты игеріп,ойлау, сезім қабілеттерін арттыру

-алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу

-өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру

-басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу(интернет, электронды пошта)

Оқушының дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан-анық.

Көбінесе «дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы»деген пікір қалыптасқан.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілеттерін дамытуға, жағымды эмоционалдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып,оның педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластауға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.


III. ҚОРЫТЫНДЫ


ДАРЫНДЫ БАЛА-ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ


XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушының неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушының ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен-күнге артуда.

Оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр түрлі ортада дұрыс бағыт, бағдар бере алады.

Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі- көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.





















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  2. Интербелсенді әдістемені жоо. қолдану мәселелері. Алматы 2013ж.

  3. III деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулығы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 2012ж.


























Шығармашылық топ мүшелері туралы мәлімет





қ\с




Мұғалімнің аты-жөні




Туған жылы




Білімі




Санаты

1

Мутанова Бибіхадиша

17.09.1967ж.

Жоғары

Жоғары

2

Ешмұрзаева Рахима




3

Қалыбекова Бибайша




4

Бисембиева Рано




5

Расулов Марат




6

Муталиев Мұхтар




7

Асабаев Нуржан
















Шығармашылық топ жетекшісі : Мутанова Б.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!