Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіс-тәсіл түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2021
705
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталғандығын білеміз. Осы жаңа деңгейдің бірден -бір негізі -жаңа форматтағы оқу. Біз жиырма бірінші ғасыр ұстаздары сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, заман талабына сай білім беруіміз қажет.

Мен мектептегі іс-тәжірибемде сандық технология негізінде оқушылардың тақырыпты жылдам табу, қабылдау және өңдей алу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлудемін. Бұл модуль білімді бағалау және пайдалану жүйесін үнемі өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған орай әдіс-тәсілдер жаңартылып отырады.АКТ оқушыларды танымдық және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының дәлелдері жеткілікті. Дегенмен, бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша үлгерімді жақсартуға әкелмеуі мүмкін. Бүгінгі таңда АКТ дүниежүзінде көптеген ұстаздардың қызметінде қолданысқа еніп кетті. Сандық технология негізінде оқушылардың қабылдауын ,түсінуін жеңілдету тақырыбында оқыту барысын түсіндіруді жеңілдету мақсатында және қоғамдастық желілік құру мақсатында жұмысымды үнемі жоспарлап отырамын. АКТ-ны қолданған кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастылығын ойланып қолдануға үйрендім .Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,әдістемелер,технологиялар жаңартылып отыратындығын, сол себепті қазіргі мұғалімнің де жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы болу керектігін ескердім

Сондықтан ,АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін дамытуға тиіс және мұғалімдердің осы технологияны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек . Теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы қажет екендігін түсіне отырып ,АКТ-ны өз сабақ жоспарыма енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдерді ойланып қолданамын. Пән мазмұнын жан жақты білу мұғалімнің біліктілігіне ,білім алушылардың оқу нәтижесінің жақсаруына кепілдік бермейді. Мұғалімге өз білімімен қатар оқу мен оқыту үдерістері ,тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік қажет.Оқыту үдерістері ,тәжірибесі мен әдістері білім кешені болып табылады. Сабақта АКТ ны қолдану сәтті болып табылуы үшін білім кешені және сабақты басқару ,сабақты жоспарлау , өткізу,оқушыны бағалау сияқты мұғалімнің педагогикалық білімдері шебер ұйымдастырылуы қажет.

Ал оқытудың қосалқы құралдарын, бейне желілік материалдар ,сандық бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалім жеткілікті дәрежеде білуі және соны қолдануды дағдыға айналдыруы қажет. Сандық технологияны қолдану компьютерлік ақпараттық құралдарды білу, мәтіндерді теру мен түзету,электронды кестелер құру. Электронды поштаны пайдалану болып табылатындығын түсіне отырып өз жұмысымды жалғастырудамын.



Ұлы ұстаз Әл-Фараби «Адам мақсатына өзін -өзі жетілдіру арқылы жетеді»-деп айтқандай ,озық технологияларды игеру үшін ізденуге ,білімденуге ұмтылу басты мұратым деп есептеп қазіргі күндежұмысымның мақсатын жүзеге асыру үшін орта мерзімді жоспарымды құрдым.Өз әріптестеріммен кеңесе отырып АКТ-ны топтық жұмыста ,жұптық жұмыста қолданудың маңызын талқылай отырып,орта мерзімді жоспарды кестеге толтырдым. Керекті деректі ,деректер мен оқулықтарды пайдалана отырып , орта мерзімді жоспарымды толықтырдым.АКТ-ны қолдану сабағын жоспарлау;

  • Тиімді тәсілді таңдау;

  • Түсінуін, қабылдауын жеңілдетуге талпыну

  • Сыныптағы сандық сауаттылықты нығайту

  • Сабақ жоспарын Блум таксаномиясына салу

  • Іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу.

Осы сызбада көрсетілген жұмыстарды ескере отырып ең бірінші сегізінші сыныптағы сабағым «Ислам дәуірі әдебиеті тақырыбына» сабақ жоспарымды құрдым. Сабағымда сандық технология мүмкіндігін мейлінше қолдануға тырыстым.

Ең алдымен балалрды топқа бөлдім.

Топқа оқушылар «Шаттық шеңберінде» тұрып,бір -бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп болғаннан кейін , үш топқа бөліну үшін 1,2,3-ке саналып,1-лер бір топқа, 2-лер бір топқа,3-тер бір топқа жинақталды. Бұл сабағымда оқушыларды топқа бөлінуге дағдыландыруды әдетке айналдырдым.

Әр сабағымда АЛТЫН ЕРЕЖЕ ұғымымен таныстырып ,бұл ереженің сабақ барысындағы тәртіпке байланысты құрастырылатындығын және ол ережені оқушылар сабақта тәртіп сақталмай бара жатқанда өздері плакатқа жазатындықтарын айтып отырамын.Оқушыларым тақтаға өздеріне ой туған уақытта барып жазуға дағдыланды.

Үй тапсырмасын тексеру барысында топтық жұмыста постер қорғаттым.Ол тапсырманы кеспе карта арқылы ашық сұрақ қою жолымен жүргіздім.

1-топқа:

Қобыз аспабы Қорқыт ата үшін не себепті маңызды деп есептейсіз?

2-топқа:

Қорқыт туралы аңыздар саған қандай ой салды?

3-топқа:

Қорқыт атаның дүниеге келуі туралы не ойлайсыз?

Әр топ оқушылары бағалау критерийлері мен дискрипторлар арқылы бағаланатындығы ескертілді.





Критерий

Дискрипторлар

Ұпай

Қорқыт ата туралы мазмұндау.

Қорқыт ата туралы біледі,

1

Шығармашылығын айтады

2

Қорқыт атаның нақыл сөздеріне талдайды

Талдайды

Салыстырады

жинақтайды

1

2

3













Бұл бағалау кестесі бойынша топ басшылары оқушыларды бағалады.Оқушылар үшін бұл бағалау жүйесі жаңалық болды.

Топқа үш түрлі ашық сұраққа жауап беруге 5минут уақыт берілді.Осы уақытта олар сұрақты талдап талқылады.Топ мүшелерін тағы да 1-ден 3-ке дейін санаттым,жаңадан қайта топ құрып, ЖИГСО әдісін пайдаландым.Әр оқушының өз тобында талдағанын басқа оқушылармен талдауына тапсырма бердім.Бұл әдіс те оқушылар үшін таңсық еді. Олар топпен жұмысқа қызыға кірісті.3-минут талдағаннан кейін әр оқушы өз орнына қайта келді.Басқа топта алған мәліметтерін ортаға салып ,тапсырманың жауабын толықтырып орындап шықты.

Келесі тапсырма «Ислам дәуірі әдебиеті туралы мәтінмен танысу». Осы мәтінен алған білімдерін INSERT стратегиясын пайдалана отырып,АКТ-ны қолданып, компьютерде кестесін құрды, толықтырды.Сол Ислам дәуірі әдебиеті туралы түйген ойларын кестеге орналастыра білді,интербелсенді тақтада әр топтан бір оқушы сол кестені қорғады.

АКТ-ның бір тиімділігі ,ғаламторды шебер пайдалансаң ,керекті дерегіңді тез тауып алуға болатынын және ол деректің суретін ,бейнежазбасын ала-алатынын оқушыларға түсіндірдім.

Тағы бір ерекшелігі суреттер айқын әрі үлкейтуге , кішірейтуге болады.

Әр топ Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерінің суреттері жөнінде не ойлайтындығын топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жинақтады. Сурет Жусіп Баласағұнидікі.

1-топ жауабы:

-Бұл кісінің көп оқығандығын байқадық, қабағы қатқыл, көп ойланады, киімді талғаммен киеді. XII ғ. Өсмір сүрді деп ойлаймыз. Осы жауаптан кейін дұрыс жауабы интербелсенді тақтада көрсетілді. Оқушылар тақтадығы дұрыс жауапты қызыға отырып өз жауаптарымен салыстырды. АКТ-ның пайдасын бұл жерденде айқын көре алдым, себебі тақтаға плакат ілмейміз жауап жинақы, әдемі, эстетикалық талапқа сай жазылады Осы ретпен үш топтың тапсырмасы тексерілді. Мен АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың сабақты қабылдауы мен түсінуін жеңілдетуге болатындығын сабақ барысында байқадым. Өзім де сандық сауаттылығымды артттыруым керектігін түсіндім. Әр істің басталатын уақыты болады демекші, менде сандық технологиямен жұмыс істеуге тырыстым.

Shape3 Shape2 Shape4 Shape1 Shape5 Келесі тапсырма бойынша компьютерде терген әрі дайындаған тестілерін тексеріп болғаннан кейін ,оқушылар социограмма жасады. Бұндағы мақсатым топпен жұмыс барысындағы оқушылардың бір бірімен ынтымақтастығын бақылау болды. Білім алушыларым социограмма толтыру барысында көптеген дүниені ой елегінен өткізді деп ойладым.Себебі,өзім де социограмма толтыру кезінде дәл сондай сезімде болдым. Әр топтан бір оқушыға оқыттым.Ойланып жауап бергендерін түсіндім.

Кері байланыс жасап оқушыларымның өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі керектігін түсіндім, сол себепті оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс жүргізуі қажет екендігін айттым. Бұл әрекет олардан түсінушілікті, қызығушылықты талап етті. Осы негізде кері байланыс жүргізілсе, оқыту үшін өте маңызды екендігін зерделей білдім. Кері байланыс кезінде оқушыларымның жазбалары әр деңгейде болды , бұл кері байланыстың оқушыны ойландыруға үлкен әсері бар екендігін байқатады.

Кері байланыс ұсыну



Блумның таксономиясының бағалау деңгейінде ислам дәуірі әдебиетінің өкілдеріне ауызша хат жазды.

Іс-тәжірибеге өзгерістер енгізе отырып, балаларды оқыту жөнінде дәлелдемелер жинай отырып, оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып, бағдарламаның жеті модулін кіріктіріп, Блум таксономиясының алты деңгейі бойынша тапсырмаларды орындай отырып, оқыту мен оқуды тиімді ұйымдастыра білсек, ойлау қабілеттері жоғары деңгейге дейін дамыған, өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатын тұлғаны қалыптастыра аламыз.



. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Әдебиет пәнінен шығармашылықпен оқыту – Блум таксономиясының ұтымдылығы. К.Ә.Қылышбаева, Астана - 2012

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Алматы, 2019.



Қарағанды облысы

Қарқаралы қаласы

КММ академик О.А.Жаутыков атындағы

1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі

Нарынбекова

Карлыгаш

Салыкбаевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ