Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мұғалімдер мен студенттерге, жас мамандарға пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
744
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каражанова Бибигул ТулегеновнаҚазақ тілі, әдебиеті пәні мұғаліміЫ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебіАқтөбе облысы, Мұғалжар ауданы



Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары. Қазақ тілі-дүниежүзіндегі ең бай, бедерлі де бейнелі тілдердің бірі. Бір кезде ұлы Абайдың өзі: «Қазақтың өзгелерден сөзі ұзын» немесе «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, өз ана тіліне таңырқар, тағзым еткені белгілі. Қазіргі қазақ тілі-мемлекетіміздің өркендеуіне себепші болатын қуатты күші, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құралы, жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңартулар мемлекеттің саяси және рухани дамуынан туындайтын мәселе болып табылады. Өмір өзгеріске ұшыраған сайын, қоғам ілгері дамып, жетілген сайын білімнің де атқарары мол. Сол себепті білім беру мазмұнында жаңа бетбұрыс, жаңа бағыт, жаңа талаптар қалыптасуда. Қазіргі оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану кеңінен құлаш алуда. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру ұғымдарын бірлікте қарастырғанда ғана білімдар, тағылымы мол, ақыл-парасаты биік оқушы қалыптасады. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Қай кезеңде, қай заманда болмасын, мектептегі басты тұлға-мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, алған білім мен тәрбиесін туған еліне, адамзат үшін жұмсай алатын қазақтың саналы азаматын тәрбиелейтін, оған үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтары мен білім алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерді пайдалану, оны пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Үйрену адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде қалыптасады. Осыны есте ұстай отырып, қазақ тілінің ерекше жоғары мазмұнын ашудың терең қыр-сырларына тоқталамыз. Ең басты мақсат оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту, тіл құпияларына жетелеу, сөйлеу әдебі мен мәдениетін меңгерту, оқушының тілге деген саналы көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Сол себепті қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі белгілі бір мақсатқа жетуіне баса назар аударып, жұмыс жасауы тиіс. Өзтізетін әр сабақтарында төмендегі бағыттарды ұстанғаны жөн:
  • оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу;
  • шапшаңдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың ойлау қабілеті мен есте сақтау дағдысын жетілдіру, әдеби тілде өзіндік ойларын шебер жеткізе білуге дағдыландыру;
  • оқушылардың ана тіліне, әдебиетіне деген қызығушылығын ояту мен арттыру;
  • қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өнер сабақтарымен, тарихпен, қоршаған ортамен байланыстыра өткізу;
  • оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
  • оқушыларды шешендікке, шебер сөйлеуге баулу;
  • оқушыларды өз білімін қажетіне қарай орынды пайдалана білуге үйрету.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту арқылы сөз мағыналарын дұрыс ажырата білуге, көркем әрі, шешен сөйлеуге баулу-қазіргі заман талабының басты міндеттері. Оқушылардың тілі ұстартуға баса назар аударуға байланысты сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерін, олардың ерекшеліктері мен байланыстарын түсіндіру арқылы оқушы дағдысын жетілдіру мақсат етіледі. Қазіргі қоғамда техниканың дамуына сай оқушылардың көркем әдебиетке, тіл өнеріне қызығушылығы төмен. Олар өздеріне қажетті ақпаратты техника құралдары арқылы (компьютер, ғаламтор жүйесі т.б.) алады. Алған мағлұматтарды тек есінде ғана сақтап қояды, ал ауызша сөйлеу арқылы жеткізу дағдысы төмен. Оқушылардың сөздік қоры аз. Көркем шығарманы оқып, оны талдап, өзінің тілін, ойын жаттықтыратын оқушылар сирек кездеседі. Оқығандардың мазмұнын айту, оны өз сөзімен жеткізу үшін оқығанды толық түсінуге баулудың маңызы зор. Әр сабақта оқушыларға сөздік қорларының жеткілікті болуын мақсат ете отырып, бұл жағдайдың басқалар сөзін дұрыс ұғынуға жол ашатындығына көз жеткізу керек. Ол үшін:
  • оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ой ұшқырлығын дамыту;
  • сөйлеу шеберлігін шыңдау;
  • тіл мәдениетін көтеру;
  • пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • оқушылардың ізденгіштік, танымдық іс-әркетін, өмірге көзқарасын қалыптастыру;
  • жеке тұлға ретінде белсенді сезіне білуге тәрбиелеу.
Бұл тәсілдер оқушылардың өз бетінше ізденуіне жол ашып, танымдық, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді. Белгіленген мақсатқа жетудегі мұғалім және оқушы іс-әркеті айқындалады.Бәсекеге қабілетті мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетісітікері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар, әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар көшінен қалмай, үнемі ізденісте болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз еңбектерінің нәтижелі болуын үнемі басты назарда ұстауы тиіс.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ