Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Тамыз 2024
46
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы

білім беретін мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Махымова Гульжаухар

Бейсембаевна





Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: ЖүСүлейменов атындағы №70 ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Махымова Гульжаухар Бейсембаевна

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

"Ғылым таппай мақтанба" өлеңі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.

Көпшілігі:

шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.

Кейбір оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы























І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Жағымды психологиялық ахуал. Сыныптағы оқушылар «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы «Білім мен ғылымның пайдасы» тақырыбында өз пікірлерін білдіреді.

Шеңбердегі оқушылар кезекпен өз пікірін анық,

дәлелді жеткізеді.

І. Қызығушылығын ояту. Абай ақынның айтпақ ойынан не түюге болады?

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық. Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы; надандық, білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осы еріншектіктен шығады. Ал залымдық – адам баласының жауы.

Бұлардың емі – халқына деген махаббат, күллі ғаламға деген шафқат, әділетті іс және ғылым-білім»

Абай

«Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...»

Абай

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

  • Олай болса, балалар, осы «дүние де өзі, мал да өзі болған» Абайдың ғылым-білім тақырыбына арналған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысатын боламыз.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Жағымды ахуал қалыптастырады.



Оқушылар Абай ақынның айтқан даналық сөздерімен танысып, мазмұнын ашады, ой түйіндейді.












Сабақтың тақырыбын анықтайды.











Қалыптастырушы бағалау

ҚБ








6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы






https://bilim-all.kz/article/2230



















Сабақтың ортасы




























ІІ. Мағынаны тану. Мұғалім сөзі:

Абай қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім, ғылым, өнерді халықтың қажетіне жаратуға мән берген. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі 1886 жылы жазылған. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы»

адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды.

Жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, осындай асыл қасиеттерді уағыздау – Абайдың бүкіл

шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық желісінің бірі. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілік пен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететіне үлкен сенім білдіреді. Абайдың өлеңінен ғылымды үйренетін жастардың өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын аңғарамыз.

(Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады).

https://www.youtube.com/watch?v=0gFZ-PNClNE

1-тапсырма. Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білгендерін талқылайды. Олар ақынның лирикасы туралы (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты постер жасайды.

1-тапсырма.

1-топқа: 1. Ғылымсыз неге мақтана алмаймыз?

2. Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма?

3.Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз?

2-топқа: 1. Адам болу дегенді қалай түсінесіздер?

2. Автордың түйінді ойы қандай?

3. Рақымшылық жасауға қандай мысал келтіруге болады? 3-топқа:

1. Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл істерді дәріптейсіз?

2. Ақынның «ғалым болмасаң да ұқсап бақ» деуінің сыры неде?

3. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, деген өлең жолдарында не айтылған?

Дескриптор:

  • ақынның шығармашылығына талдау жасайды;

  • тақырып бойынша мазмұнды пікірлер айтады;

  • өлеңнің ерекшелігіне талдау жасайды.

ҚБ



2-тапсырма. «Талдап білу» әдісі.

Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.

Дескриптор:

  • Өлеңнің тақырыбын, идеясын, мағынасын ашады;

  • Өлең мазмұны бойынша сұрақ дайындайды;

  • Өлеңнің мағынасын өмірмен байланыстырады;

  • Өлеңнің мазмұнына сәйкес қазіргі қолданыстағы

  • мақал-мәтелдерді айтады;

  • Өлеңнің құндылығын айтып, баға береді.

ҚБ

Бекіту. Бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды.

1.Неліктен Абайға осындай өсиет айту қажеттілігі туды?

2. Неге ғылымсыз адамның күні жоқ?

3. Абай айтқан бес жаман мінез неліктен дұшпандарың болып саналады?

4. Адам баласына керек қасиеттерді неге «асыл іс» деп атаған?

5. Неліктен «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген?

6. Неге мал мен дүние ғылымға көңіл бөлгенде ғана келеді?

7. Абай неге:

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл, – дейді?

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;

  • Өлеңдегі көтерілген мәселені, автор идеясын анықтайды;

  • Ойын дәлелдейді.

ҚБ

Оқушылар шығарманың шығу тарихына байланысты мәлімет алады.



















Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады.


Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білгендерін талқылайды. Олар ақынның лирикасы туралы (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты постер жасайды.


Ақынның шығармашылығына талдау жасайды;

тақырып бойынша мазмұнды пікірлер айтады;

өлеңнің ерекшелігіне талдау жасайды.




Оқушылар өлең жолдарын кезекпен бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір-бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.











Бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды.





















ҚБ











ҚБ







ҚБ











ҚБ





ҚБ



















6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы



А. Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

https://www.youtube.com/watch?v=0gFZ-PNClNE





















Сабақтың соңы


Кері байланыс.


Үйге тапсырма: Өлеңнен үзінді жаттаңдар.

Қанағат, рақым, құмарлану, ғибратлі сөздерінің синонимдерін табыңдар.





















Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!