Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада көрсетілген мүмкіндіктер тәжірибелі мұғалім үшін әрқашан ақпараттық-қатынастық технологияны дұрыс таңдап, белгілі бір сабақтағы нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2262
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ


Орал қаласы

34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жунусова Анар Махсотқызы


Қазіргі білім беру ордаларындағы ұстаздар алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі білім ордаларындағы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан - 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі – жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаздар қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға – әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.

Бүгінгі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Себебі білім саласындағы түбегейлі өзгерістер мен жаңа бастамалар білім беру мазмұнының жаңаруына, білім беру парадигмасында жаңа көзқарасқа жол ашты. Жалпы инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Ғалымдардың еңбектерінде инновация термині "өзгеріс", "жаңа", "жаңалық енгізу" деген ұғымдармен түсіндіріледі. "Инновация" ұғымын ғалым Немеребай Нұрахметов: "инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады.

"Білім - ғылым - инновациялар" үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжыған заманда оқушыға білім беру барысында мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушының білім алуға өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеруіне қарай бағыттап отыруына жағдай туғызу керек. Мұғалім жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, әлемдік білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал етуші, қоғамның қозғаушы генераторына айналуы тиіс.

Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы және т.б.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән оқытушыларының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды байлықтарын танып-білу арқылы танымдық құзіреттілікті қалыптастыру іске асырылады. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.

Өйткені бұл жаңа технологиялар баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.

Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К.Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.

Яғни, олар:

  • Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;

  • Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;

  • Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;

  • Диалог жүргізе алу;

  • Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу,

  • Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине, терең білім де, материалдың игеруге қолайлылығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айтуға болмайды.

Мектепте білім беру сапасын дамытудың басты бағдарларының бірі - оқушылардың білімділік деңгейін бағалау технологиясын жаңашаландыру болып белгіленді. Оқушылардың білімін бағалау мәселесі өзекті тақырып ретінде көп зерттеліп келеді.

Қазақ тілінен оқушылардың білімін шынайылықпен бағалаудың мақсаты:

- оқушылардың оқу қызметі нәтижесінде қолы жеткен шынайы ақпарат туралы мәлімет алуы және ол табыстарының білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келуі;

- мұғалімнің оқу қызметіндегі жайлы және теріс үрдістерді анықтау;

- оқушылардың қол жеткен табыстарының жоғары не төмен көрсеткіште болу себептерін нақтылау және оларды болашақта түзету амалдарын қарастыру.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақты жоспарлы қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Осы технологияны сабақта қолданудағы негізгі мақсат:

  • оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • оқу мен тәрбиенің бірлігі;

  • оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • әр оқушының, оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

  • барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.


Міндеті:

- оқушылардың ой-әрекетін белсенді ету;

- ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;

- өз пікірлерін құрастыра білу;

- сын тұрғысынан және икемді ойлай білу.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:

- қызығушылықты ояту (ой қозғау).

- мағынаны тану;

- ой-толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында "әдебиет үйірмесі" әдістерін қолдануға болады.

Топтағы оқушыларға мәтін таратып беріп, дайындалуына он минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң әр топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша мәтін туралы айтып шығады. Бұл стратегияны қолдану барысында топтағы оқушылар түгелдей сабаққа қатысып отырады. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе алу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс «Мен не ұқтым?» және «Мен нені білгім келеді?» - деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар студенттердің деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын мұғалім жүзеге асырады.

Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады.

Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн диаграммасын» қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе «Бес жолды өлең» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері отандық білім беру бағдарламаларын басшылыққа алып, кеңінен қолданады. Сабақта пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру бағыттары бойынша сан алуан инерактивті кестелерді, сызбаларды, қызықты мультимедиалық сабақтарды, ауызша-жазбага бақылау сұрақтар мен тест тапсырмаларын қамтиды. Алайда аталған ресурстарды бір пәннің, атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлық сабағында бірдей қолдану мүмкіндігінің шектеулі екені баршаға аян. Интерактивті тақталар үшін неғұрлым тиімдісі – SMART – Note book типтегілері.

SMART – Note book типтегі файлда мұғалім сабаққа қажетті қосымша материалдарды ойластыра отырып көрнекі құралдарды дайындауға, оларды ұсыну қалпын өзгертуге, интерактивті тапсырмалар енгізуге мол мүмкіндік алады.

Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, оқушылардың әр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, олардың жалпы уақытын үнемдейді, ынта-ықыласын жақсартады, әрбір оқушыны ұжымдық жұмысқа тартуға көмектеседі, әрбір білімгердің жеке қабілетін жетілдіреді және олардың шығармашылық, зерттеушілік дағдылдарын дамытады. Осы мүмкіндіктерді ескерген тәжірибелі мұғалім әрқашан ақпараттық-қатынастық технологияны дұрыс таңдап, белгілі бір сабақтағы нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісін таба біледі.





Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Исхан Б. Ақпараттық технология – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында. - //Қазақ тілі мен әдебиеті №12 – 2012 жыл. – 3-7 б.

  2. Кдырова Г.Г. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану - сапалы білім негізі. - //Білім №3. - 2017 жыл. - 16-18 б.

  3. Рахымжанов Қ.А. Қазақ тіліндегі инновациялық бастамалар. - //Білім. №2. - 2015 жыл. - 66-68 бет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!