Материалдар / Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. Бөлім «Қиял әлемі. Морфология
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
1684
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қиял әлемі. Морфология

Оқу мақсаты:

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі:




Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді;

  • Зат есімдерді мағынасына қарай ажыратады.


Қолдану

Орындау уақыты:

20 минут


Тапсырма

ЖЖ.

1. Берілген мәтінді мұқият тыңдап, жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 1 жіңішке,

1 жуан сұрақ дайындаңыз.Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз.

Жіңішке сұрақ:

_____________________________________________________________________________

Жуан сұрақ:

_____________________________________________________________________________


Қиял туралы жалпы ұғым


Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болуы адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан.

Қиял – табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Туысқан қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам – биік, адам – ұлы» деп терең мағыналы ой қорытындылайды. Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бұрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.

Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді кызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да ұмытпайық. (147 сөз)

(https://massaget.kz/)


2. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз. Автордың «Адам өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады» деген ойына өз пікіріңізді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңіз.


«Менің ойымша, ...»

«Мен оны былай түсінемін ...»

«Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»

____________________________________________________________________________

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.


Жалпы

Жалқы

Деректі

Дерексіз

















Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады:

жуан сұрақ;

жіңішке сұрақ;



1

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-жауап;

2-жауап;


1

1

Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді.

2

Пікір білдіреді;

Ойын түсіндіреді;

Дәлел келтіреді;

Қорытынды жасайды.

1

1

1

1

Зат есімдерді мағынасына қарай ажыратады.


3

Жалпы есім, жалқы есімді анықтайды;

Деректі, дерексіз зат есімді анықтайды.

1


1

Барлығы

10




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!