Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы 7-сынып
I-нұсқа
1.
Қандай сөздердің
қысқартылып берілетінін
табыңыз.
А) Тұрақты тіркестер. B) Жаңа сөздер. С) Біріккен
сөздер. Д) Күрделі атаулар.
2. “Еш” сөзінің қай сөзбен
бірге жазылатынын белгілеңіз.
A) Еш(нәрсе). B) Еш(уақыта). C) Еш(болу). Д)
Еш(қашан).
3.
Қайтті? Қайтеді?
сұрақтарына жауап беретін сөз табын
белгілеңіз.
A) Зат есім. B) Етістік.
C) Одағай. Д) Үстеу.
4.
Етістік нені білдіретінін
белгілеңіз.
A) Заттың қимылын
білдіреді. C) Заттың түрін білдіреді.
B) Заттың атын білдіреді. Д) Заттың санын
білдіреді.
5.
Күрделі етістікті
табыңыз.
A) Алып берді. B)
Кел. C) Айтты. Д) Жайды.
6.
Күрделі етістікті сөйлемді
көрсетіңіз.
A) Арман сабақ оқып отыр.
C) Сен кешке кел.
B) Балалар мектепте отыр. Д) Ол
келмеді.
7. Түбір етістікті
табыңыз.
A) Келтір. B)
Барғыз. C) Тұр.
Д)
Көбей.
8.
Болымсыз етістіктерді
көрсетіңіз.
A) Ешкім, әлдене. B)
Оқыма, ішпе. C) Жетінші, үш. Д) Оқыған,
келген.
9. Дара етістікті
табыңыз.
А) Жауып тұр, бара жатыр, ойнап жүр С) Тарсылдады, тәрбиеледі, айдап келді, басқарып отыр
В) Жауды, ұқпа, үтікте, сана
Д) Барып еді, келген екен, жүріп келе жатыр, айтып барған
еді
10. Есімше дегеніміз
не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі.
С) Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі.
Д) Негізгі қимыл- амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдретін етістіктің түрі
11. Көсемшенің жұрнақтарын табыңыз.
А) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі В) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с
С) -атын, -етін, -йтын, -йтін Д) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр
12. Көсемше жұрнағы арқылы жасалған сөзді көрсет.
А) Ертеде В) Тартады С) Көрмейтін Д) Оқығалы
13. Ырықсыз етісті
табыңыз.
A) Айтқыз. B)
Жуынды. C) Орылды. Д)
Жіберді.
14. Ортақ етісті
көрсетіңіз.
A) Алысты. B) Жазылды.
C) Емізді. Д) Керілді.
15. Тұйық етістік дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс – әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік.
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер.
16. Тұйық етістікті
табыңыз.
A) Қуу. B) Бау. C)
Сау. Д) Жау.
17. Бірігу арқылы жасалған
күрделі үстеуді анықтаңыз.
A) Бүгін. B) Ретімен.
C) Тосыннан. Д)
Бұлақтайын.
18. Туынды үстеуді
табыңыз.
A) Ақырын. B)
Бұрын. C) Жорта. Д)
Сұңқардайын.
19. Туынды үстеуді
белгілеңіз.
A) Адамша. B)
Қазір. C) Кеш. Д) Ерте.
20. Қанша? Қаншама? Қаншалық?Қаншалап? Қалай? Қай үстеудің сұрақтары?
А) Мекен В) Мөлшер С) Мақсат Д) Сын-қимыл
21. Күрделі үстеуді тап.
А) Тездет В) Жорта С) Таңертең Д) Осыншама
22. Себеп- салдар үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қашаннан? қай
уақыттан?
В) қалай? қайтіп? қалайша?
кімше?
С) неге? не себепті? қалай?
Д) қандай? қалай? не
мақсатпен?
23. Дұрыс жазылған
үстеулердің қатарын белгілеңіз.
А) таң сәріде, бірте- бірте,
қыстыгүні, абайсызда, биыл В)
бұл жыл, емін еркін, бір қыдыру, кейкүні,
С) не ғұрлым, оқта текте, некенсаяқ, таң- ата, ауық
ауық Д) білетұра, бір талай, со ғұрлым, өте
мөте,
24. Туынды еліктеуіш сөздерді табыңыз.
А) тарс, сарт- сұрт, зу, күрт-
күрт,
ерби
В) селк- селк, талтаң- талтаң, ду, ыршу, қылт- қылт
С) сылдыр- сылдыр, шолп- шолп, жалт, баж, былқ Д)
алшаң, арбаң, ирең, сымпың, кілтің, бағжаң
25. Бейнелеуіш сөздерді
табыңыз.
А) пыр, тырс, сақыр- сұқыр,
күрт, гүрс, шарт-
шұрт В)
күмбір, сақ- сақ, сылқ- сылқ, күжіл, гүріл
С) жылт, ербең, жалп, томпаң, қайқаң,
лып
Д) дүңгір- дүңгір, арс, борт- борт, ыз- ыз,
тарп
Қазақ тілі пәнінен тест жұмысы. II-нұсқа
1.Етістік дегеніміз не?
А)Заттың не құбылыстың атауын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі, сипатын білдіретін сөздер.
2. Төмендегі сөз таптарының ішінен етістікті ажыратыңыз.
А) Әдемі, жақсы, жалқау, қызыл В) Адам, табиғат, қар, үй
С) Бес, алтыншы, төрттен бір, жетеу Д) Бар, кел, ойна, оқы
3. Дара етістікті табыңыз.
А) Жауып тұр, бара жатыр, ойнап жүр
В) Жауды, ұқпа, үтікте, сана
С) Тарсылдады, тәрбиеледі, айдап келді, басқарып отыр
Д) Барып еді, келген екен, жүріп келе жатыр, айтып барған еді
4. Туынды етістіктерді ажыратыңыз.?
А) Ойна, шегеле, басқар, арқала В) Ал, айтқыз, келер, тұр
С) Оқы, ақ, айт, жаса Д) Айтып тұр, білді, тындырады
5. Есімше дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі.
С) Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі.
Д) Негізгі қимыл-амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдретін етістіктің түрі.
6. Есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтарды табыңыз..
А) –мақ, -мек, -ғалы,- гелі, -у В) –ын, -ін, -с, -тыр, -тір
С) –ғыз, -гіз, -ар, -ер, -ып, -іп Д) –ла, -ле, - да, -де, -ық, -ік, - қар, -кер
7. Еліктеу сөздер дегеніміз не?
А) Айналадағы ( табиғаттағы)
әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл- әрекеттеріне еліктеуден
туған немесе қимыл- әрекетті бейнелеп тұратын сөздер.
В) Қимыл, іс- әрекеттің, сын-
сапаның әр түрлі белгілерін , сипатын,
жай- күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге келмейді,
грамматикалық тұлғалармен түрленбейді.
С) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
Д) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
8. Болымды етістік дегеніміз не?
А) Іс- әректтің болмауын, орындалмауын, жүзеге аспауын білдіретін етістіктер
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
С) Күрделі етістіктің құрамында келіп, көмекшілік қызмет атқаратын етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер
9. Болымсыз етістіктер қалай жасалады?
А) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ба, -бе, -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарының жалғануы арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
В) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер жұрнақтарының жалғануы арқылы және болымды етістікке еді, де сөздерінің тіркесуі арқылы
С) Негізгі етістікке –ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы
Д) Туынде етістікке –дыр, -дір, тыр,-тір, ғыз,- гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы
10. Сабақты етістік дегеніміз не?.
А) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік
Д) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін білдіретін етістіктің түрі.
11. Салт етістіктерді ажыратыңыз.
А) сөйледі, сұра, жаз, көр В) баста, секірді, құлап қалды, ұшып түсті
С) бардым, сырласты, шықтың, мақтанды Д) құйды, айтты, бар, келіс
12. Етістің түрлерін табыңыз.
А) Жалпы, болымсыз, көмекші, негізгі В) Дара, күрделі, негізгі, туынды
С) Салт, сабақты, болымды, ортақ Д) Өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ
13. Өзгелік етіс жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) –ын, -ін, -н, -ыл, -ыл, -л В) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
С) –ыс, -іс, -с, -ын,-ін,-н Д) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р
14. Өздік етістің жұрнақтарын белгіле.
А) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; В) –дыр, -дір, -тыр, -тір; С) –ын, -ін, -н; Д) –ыл, -іл, -л;
15. Көсемшенің жұрнақтарын табыңыз.
А) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі В) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с
С)-атын, -етін, -йтын, -йтін Д) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
16. Тұйық етістік дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс – әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік.
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер.
17. Дұрыс жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) Оқыұ, йіру, бұу, жүу, байыу В) Оқу, йру, бууу, жұу, баию
С) Оқыу, іиіру, бу, байу Д) Оқу, иіру, буу, жуу, баю
18. Үстеу дегеніміз
не?
А) Қимыл, іс- әрекеттің, сын-
сапаның әр түрлі белгілерін , сипатын,
жай- күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге келмейді,
грамматикалық тұлғалармен
түрленбейді.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі, сипатын білдіретін сөздер.
19.Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 6-ға В) 5-ке С) 7-ге Д) 4-ке
20. Туынды үстеулерді табыңыз.
А) қазір, дереу, енді, тым, кеше, кейін В) балаша, жаздай, осыншама, зорға, етпетінен, кезекпен
С) бүгін, биыл, ала жаздай, ендігәрі, сөйтіп, күн ілгері Д) күні- түні, әрең- әрең, ілгері- кейін, алды- алдына
21. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
А) Іс- әрекет, қимылдың амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
В) Қимыл, іс- әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? қай уақытта? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
С) Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
Д) Заттың сынын немесе қимылдың, іс- әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеудің түрі.
21. Мекен үстеулерін табыңыз?
А) әдейі, жорта, қасақана,
әдейілеп, біле
тұра
В) ақырын, бірден, қолма- қол, дереу, әрең
С) ілгері, кейін, артта, жоғары, тұс-
тұстан
Д) босқа, бекерге, текке, амалсыздан,
лажсыздан
22. Қимыл- сын үстеулер
жазылған қатарды тап.
А) ақырын, бірден, лезде,
өйтіп- бүйтіп, емін- еркін,
шапшаң В) айрықша, өте-
мөте, орасан, аса, нағыз
С) мұнша, осыншалық, бірқыдыру, азғантай, неғұрлым,
сонша
Д) әуелде, ежелден, таңертең,
кешелі- бүгінді, таң ата, ауық-
ауық
23. Мөлшер үстеулерін
табыңыз.
А) тысқары, артта, бермен,
төмен, ілгері, асты- үстінен В) біраз, осындайлық, недәуір,
әжептәуір, онша, анағұрлым
С) шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, жоққа,
текке Д) дереу, жылдам,
баяу, кенет, қаннен-қаперсіз
24. Мақсат үстеулерін табыңыз.
А) әдейі, жорта, қасақана,
әдейілеп, біле
тұра
В) бірен- саран, талай, бірқыдыру, азғана, соғұрлым
С) бұрыннан, жаздай, әзір, жыл бойы, әнеугүні,
жаңа Д) қазақша, орысша, дәл, әншейін,
жайдан- жай
25. Туынды еліктеуіш сөздерді табыңыз.
А) тарс, сарт- сұрт, зу, күрт-
күрт,
ерби
В) селк- селк, талтаң- талтаң, ду, ыршу, қылт- қылт
С) сылдыр- сылдыр, шолп- шолп, жалт, баж, былқ Д)
алшаң, арбаң, ирең, сымпың, кілтің,
бағжаң