
Серікболатқызы Сая -
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 8 материал
Барлық мектептерге ашылып жатқан Абай клубының ашылуына дайын кеш жоспары. Бұл - мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Басқа
Сыныптан тыс жұмыс
Барлық сыныптар
оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу. Сайыс бес турдан тұрады. Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші көк жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі, әдебиеті пәндері бойынша қойылады. Материал қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне көмекші құрал. Себебі мұнда сайысты өткізе отырып ,оқушының қазақ тілі пәнінен және әдебиет пәнінен де білім деңгейін анықтаудың таптырмас құралы.
Қазақ тілі
Ойындар, Сценарийлер
5 сынып
Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру. Бұл жоспар бойынша жазғы уақытта мектеп жанынан ашылған лагерде пайдаланып, оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауда жұмыс түрі болып анықталады. Үш тілді қастыған бұл ойын, оқушылардың үштілділікқабілеттерін де арттыра түседі.
Дене шынықтыру
Ойындар, Сценарийлер
5 сынып
оқушылардың Абай өлеңдері мен әндеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне өте қажет. Бұл сыныптан тыс іс-шара оқушылардың Абай шығармашылығына тереңірек үңіліп, құрметтеп, оны зейін мен ынта қоя үңілуге өз септігін тигізері анық. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)
2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін орындау )
3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)
Қазақ әдебиеті
Ойындар, Сценарийлер
8 сынып
Материал 6-7 сыныптарда сабақ беретін қазақ тілі пән мұғалімдеріне оқушы білімін саралау үшін өте қажет. Тест жұмысын тоқсан соңында алған өте пайдалы. Неге десеңіз оқушының білімін тексеру үшін жақсы әдіс. Тест жұмысы екі нұсқада жасалған, төрт жауапты, жиырма бес сұрақтан тұрады. Бұл тест жұмысы қазақ тілі пән мұғалімдеріне көмекші құрал деп есептеймін.
Қазақ тілі
Тест
6 сынып
Материалды 5-6 сыныпта сабақ беретін сынып жетекшілер, 1 қыркүйек білім күні, патриоттық бағытта өткізетін ашық тәрбие сағатында пайдалана алады. Тәрбие сағатын өткізу барысы анық айқындалған. Ең бірінші еліміздің гимнімен ашып, ары қарай оқушылардан "патриот" сөзіне анықтама сұралады.«Жібек жолы» іскерлік ойыны арқылы топтарға ежелгі ескерткіштер туралы мәліметтер таратылып, түсінгендері бойынша постер қорғатылады. Бұл пәнаралық байланыс орнатуға өте қолайлы. «Идеялар қоржыны» Жеке жұмыс. Әр білім алушы Қазақстан мемлекеті туралы не білетіндерін, тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне қысқаша жазады.
«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады. «Кім жылдам?» ойыны. Топтарға ортақ сұрақтар қойылады, кім бұрын жауап берсе, сол топқа ұпай сандары беріліп отырады. Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі.
Сынып жетекші
Тәрбие сағаты
5 сынып
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет материал. Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаятын оқытудағы топтық жұмыстың тиімділігі айқындалған. Материалды оқушыларға меңгерту жолындағы тәсілдер сараланған.
Қазақ әдебиеті
Сабақ жоспары
6 сынып
Материал М.Әуезовтың "Қилы заман" повесінің желісі бойынша, өткен тарихты зерделеп, бүгінгі күннің бағамына жету. Бейбіт таңнығ парқына жету, шүкіршілік айту. Эссе талаптары сақтала отырып жазылған. Бұл эссені жоғары сыныптарға беретін пән мұғалімдері пайдаланып, үлгі ретінде алуға болады.
Қазақ әдебиеті
Эссе, шығарма, мазмұндама
11 сынып