Материалдар / Абай клубының ашылу жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай клубының ашылу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мектептерге ашылып жатқан Абай клубының ашылуына дайын кеш жоспары. Бұл - мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
630
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ




















Shape1




























«Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанаты

1) Басталуы: Абайдың әні «өзгеге көңілім тоярсың»


Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,

Абай деп таныр Қазақтың байтақ даласын.

Өлеңі бізге рухани азық секілді,

Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?


Кеше өткен бұлдыр заман желегі,

Болашаққа Абай үнін тіледі.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,

Абай үні бізбен бірге келеді!


Жүргізуші 1: Армысыздар, қадірменді қонақтар, әдебиет сүйер қауым, білім нәріне құмар оқушылар, ұстаздар! Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға, әлемге қазақ атын танытқан, сол алып ақынның топырағында туған қайратты жастар! Бүгін біздің мектебімізде ерекше күн, тарихта қалар айтулы күн. Олай дейтін себебіміз бүгін біздің мектебімізде Абайдай алып теңізге жолаушылар өз кемесіне мініп Абай дейтін әлемге саяхат жасамақшы. Олай болса бүгінгі «Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!


Жүргізуші 2: Добрый день, уважаемые гости, учителя, ученики! Сегодня у нас — великое торжество. Мы собрались в нашей школе, чтобы выразить вечную непреходящую любовь немеркнущей памяти своему самому славному сыну и мудрейшему наставнику. Сегодня у нас великое событие. Открытие клуба «Путешествие в мир Абая».  

«Путь к цивилизации для казахского народа — это Путь Абая... Абай – это целая планета вселенской духовности, гениальное выражение мудрости казахского народа, его зрячее око, отзывчивое сердце».

The name of Abai is known worldwide just as Shakespeare, Goethe, and Pushkin are well-known in many countries, because his great words became a spiritual patrimony of not only one nation, but of the entire humankind. 


Жүргізуші: Клубымыздың мақсаты – Ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін, оларды Абай сөздері, Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру! Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді. Жас буынды Абай шығармашылығымен нәрлендіру үшін осы бастаманы Елбасына хат жазып, барлық мектептерде осы клубтың жұмыс жасауына еңбектеніп, тер төккен «Абай әлеміне саяхат» клубының Президенті - жазушы, ақын, сәулетші, драматург, этнограф Назарбек Сайын Назарбекұлына алғысымызды білдіреміз!


2) Олай болса құттықтау сөз кезегі бүгінгі кешімізге арнайы келген қонағымыз (Абай музейі) ________________________________________________ беріледі.




Жүргізуші:

4) Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. (Жасұлан аға шығады. Абай бейнесі) (Дидар музыка қосу)

Жүргізуші: Гарифола Есим, советский и казахстанский религиовед и философ, государственный деятель, автор «Философского трактата об Абае»:

«Абай не делил человечество на расы, религии, политические формации, говорил о том, что нужно любить всех людей как братьев. Этот тезис характеризует Абая как ренессансную личность, возводит его на вершину духовной мысли Возрождения. Именно поэтому такие личности, как Абай, не просто мыслители с узконациональным мышлением, это фигуры Ренессанса, выходящие за пределы сознания не только своей нации, высокие мысли и идеи которых всегда являются реформаторскими, вселенскими. Мы называем Абая ренессансной личностью именно в этом аспекте».


Жүргізуші:

5) Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер.

Ақындығы жөнінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген ойы ақындыққа берілгенең ең жоғарғы баға десек болады. Олай болса «Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелерінің орындауында өлеңдері мен қара сөздеріне және Елбасымыздың маржан ойларынан үзінділерді тыңдасақ!

Жүргізуші:

6) Ол қалдырған күй даланы кернейді,

Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.

Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,

Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді!

Абай мұрасы бүгінгі жас буын барда өлмейді, өшпейді. Келесі ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу бүгінгі клуб мүшелерінің де өміріндегі мызғымас серт пен бұлжымас қағидаға айналуы тиіс. Олай болса осы мүшелікке қабылданғалы отырған Абайды сүйер жас өнерпаздарға «төс белгілерін» тағу салтанатын, мектебімізге арнайы келген құрметті қонақтар мен ұлағатты ұстаздарымызға тапсырсақ.

Жүргізуші: Олай болса «Абай әлеміне саяхат» клубына қабылданған оқушыларымызды құттықтау үшін «Әжелер» кеңесінің төрайымы Сембаева Жанат апамызға сөз кезегін берсек!

Сая:

7) Абайдай дананың кәусар бұлағынан сусындап мәңгі жасап, мәңгі жаңара беріңдер!

«Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы». Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» деп бүгінгі жас ұрпақтың қай ізбен жүру керек екенін айқын саралап тұрған сияқты.

Жүргізуші 2: Произведения Абая читают не только в Казахстане, но и во всем мире. Его творчество – обращение не только к молодому, но и зрелому  поколению, поэт призывает нас быть справедливыми, честными, наполненными духовно. Именно поэтому его наследие – не имеет возраста, оно вне времени и вне всяких границ. В каждом произведении глубочайший смысл. (Дидар Абай клубының гимні)

Ән: «Абай әлеміне саяхат» клубының әнұраны.


Сая: 8) «Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді». Келесі кезекте осы жиынға орай мектебіміздегі «Абай әлеміне саяхат» кабинетінің ашылуына орай лента қию рәсіміне кезек берсек.

Олай болса лента қию рәсімін орындау үшін ортаға қонағымызды шақырамыз!


Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Токтубаева Гульфариза Темирбаевнаға беріледі!


Жүргізуші 2: Произведения Абая вдохновляют молодое поколение казахов на служение своему народу, поддерживают в нем стремление к просвещению, знаниям, к развитию наций через культуру. Они всегда актуальны. Жизнь Абая, «…который боролся с тысячами один», - пример непреклонного поиска правды и справедливости для потомков.

Жүргізуші 1:

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы!


«Абай әлеміне саяхат» клубының мүшелеріне ақ жол, сәт-сапар тілейміз!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!