Материалдар / «Абай – дана, Абай – дара қазақта» Абай оқулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» Абай оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың Абай өлеңдері мен әндеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне өте қажет. Бұл сыныптан тыс іс-шара оқушылардың Абай шығармашылығына тереңірек үңіліп, құрметтеп, оны зейін мен ынта қоя үңілуге өз септігін тигізері анық. Сайыс 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу) 2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін орындау ) 3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
821
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай оқулары

Тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Мақсаты: А.Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай, оқушылардың Абай өлеңдері мен әндеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Талабы: 
1. «Қатысушы өзі білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет. 
2. Өлеңдер мәнерлеп, нақышына келтіре орындалуы тиіс.

(Кеш шымылдығы «Абай жолы» романының үзіндісінен қойылатын көрініспен ашылады)

1-жүргізуші: 
Дана Абайды 
Қазақтың ақылына балаймын. 
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын! 
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың, 
Жан алаңы, мұңы бар - қазағы бар Абайдың. 
2- жүргізуші: 
Арлы Абайды 
Қазақтың қайраты деп ұғамын, 
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын! 
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын, 
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын! 
1-жүргізуші: 
Сара Абайды 
Қазақтың жүрегі деп білемін, 
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін? 
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің, 
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!.. 
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,
Ақындықты көздесең, жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз.
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары» сайысына қош келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. 
1- жүргізуші: Ендігі кезекте Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады. 
1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу) 
2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін орындау ) 
3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы) 
ІІ жүргізуші: 
Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.  Қазылар алқасы мүшелері: мектеп директоры Жансұлтанов Серік Ғабдоллаұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сахаритова Айжан Сәрсенқызы, драма үйірмесінің жетекшісі Қуат Тұрсынұлы.
1-жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға, 
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға. 
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар 
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. 

2-жүргізуші: Сайыскерлеріміз сахнаға шығу ретін асық таңдау арқылы анықтайды. (Асық таңдалып болған соң сахнадағы үстелге барып жайғасады)

1-жүргізуші:

Өзің едің өлең-жырдың тарланы, 
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы. 
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым, 
Қолдасын деп Абай ата аруағы, - деп Абай атасының жалынды жырын оқитын 1-номерлі қатысушымызды қошеметпен ортаға шақырайық. (Әрі қарай оқушылар кезекпен өз өнерлерін көрсете береді)

2-жүргізуші:

...Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

Бұл дүниенің ләззаты – бәрі сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды, - деп өнер құдіретін тереңнен түсінген. Ұлы Абай атамыз күй өнерінен де құр алақан емес, бүгінгі бізге жеткен күйлері «Торыжорға», «Май түні», «Майда қоңыр».

Күй: «Келіншек» орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Болатбековна.





1-жүргізуші: (II кезең)

Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар, 
Ойы сергек жан оны ұғар, 
Бар сезіміңді қозғар ән-күйге 
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі. С
айысымыздың екінші кезеңі «Көңілім әнді ұғады» демекші ұлы Абай атамыздың әсем әндеріне кезек берейік.

2-жүргізуші: Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай әндерін орындайтын жас таланттарымызды шақырамыз. Сайыскерлеріміз асық таңдау арқылы сахнаға шығу ретін анықтаса.

1-жүргізуші. Сайыскерлеріміз шығу ретін анықтап болса ортаға 1-номерлі өнерпазымызды шақырамыз. (Әрі қарай оқушылар кезекпен өз өнерлерін көрсете береді)

2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп жырлаған Абай атамыздың
«Өзгеге көңілім тоярсың» әнін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікболатқызы Саяның орындауында тыңдасақ.

1-жүргізуші:
Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде? 
Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе? 
Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс 
Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?-деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Енді
гі кезекте «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы бөліміне қатысатын ақындарымызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші: Олай болса ақындарымыздың асық таңдауы бойынша сахнаға шығу ретін анықтап алсақ.







1-жүргізуші:

Орындалмай қалды қанша арманы, 
Жас ақындар өнеріңді жалғады. 
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді, 
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады, - деп Абай ізін жалғастырушы 1-номерлі ақынымызға кезек берсек. (Әрі қарай ақындар кезекпен өз өлеңдерін оқи береді)

2-жүргізуші: Абай қарасөздеріндегі ой-толғам, пікір-көзқарастар шынайы да өміршең. Ғақлиядағы айтылған дәлелді пікірлер азаматтарға ой салып, түсінуге ықпал етті. Ортаға Абай атамыздың ___ қарасөзімен ___ сынып оқушысы ________________________ шақырамыз.

1-жүргізуші: Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып, өткізілген байқау қорытындысын жариялау үшін, қазылар алқасының мүшелерін ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:

Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды, 
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды. 
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың 
Шымырлаған шуақ болып тарайды. 
Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын, 
Анық басып, жүрдің байқап ақырын. 
Қазақ бүгін көтереді көгіне, 
Халық үшін қан жылаған ақынын. Осымен
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары сайысы өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші: Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен-көп рақмет.
Бірге: Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!