«Көңілді старт» ойыны бойынша есеп
№49 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінде 7 маусым күні жұмыс кестесіне сәйкес «Көңілді старт» ойыны жүргізілді. Жауапты мұғалімдер: Лагерь жетекшісі – Тлеубек К.Т., Хусаинов М.М., Шоқбарова М.Қ., Серікболатқызы С.
Ойынды жүргізу мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру, үштілділікті дамыту. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Ойынды жүргізу барысында, сайыскер топтарды бағалау үшін әділқазылар алқасының құрамында Тлеубек К.Т., Хусаинов М.М., Шоқбарова М.Қ., Серікболатқызы С. болды.
Сайыстың әр кезеңі 5 балдық жүйемен бағаланды. Оқушылар «Болашақ», «Қыран», «The best» топтарына бөлініп, әр топ өздерінің ұрандары және эмблемасын үш тілде таныстырды.
Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атымен, ұранымен таныстыру керек)
2. «Кім жылдам?» кезеңі. (Скакалкамен секіру).
3. «Пингвин» кезеңі (Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді).
4. «Кедергілерден өту» (Алда қойылған кедергілерден айналып жүгіріп өту).
5. «Боулинг» (Әр оқушы допты алып, нысанаға дәл тиіп, өз командасына көп ұпай алуы керек).
6. «Баскетбол» допты жерге ұра жүгіріп жарысу.
7. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
8. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
9. «Желаяқ» жылдамдыққа жүгіру
10. «Шегірткелер» /әр ойыншы бір аяқты бүгіп, оны қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді. Қайтарда тез жүгіріп келуі керек.
11. «Кім бірінші?» сайысы. Оқушыларға сөздер айтылады, топтағы оқушылар сол сөздің орысша, ағылшынша баламаларын айтады. Дұрыс жауап берген оқушының тобына 5 ұпай қойылады. Мысалы: Жер, күн, кітап, бала, айна, көктем, жүрек, орындық т.б.
Сайысқа әр топ қызығушылықпен белсене қатысып, нәтижесінде «Болашақ» тобы ерекше өнер көрсетті. Сайысты қорытындылай келе, ұпай сандарына сәйкес 1-орын «Болашақ» тобы, 2-орын «The best» тобы, 3-орынды «Қыран» тобы иеленді.
Сайысты өткізу барысында алға қойылған мақсат орындалып, өз мәресіне жетті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көңілді старт" ойыны
"Көңілді старт" ойыны
«Көңілді старт» ойыны бойынша есеп
№49 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінде 7 маусым күні жұмыс кестесіне сәйкес «Көңілді старт» ойыны жүргізілді. Жауапты мұғалімдер: Лагерь жетекшісі – Тлеубек К.Т., Хусаинов М.М., Шоқбарова М.Қ., Серікболатқызы С.
Ойынды жүргізу мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру, үштілділікті дамыту. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Ойынды жүргізу барысында, сайыскер топтарды бағалау үшін әділқазылар алқасының құрамында Тлеубек К.Т., Хусаинов М.М., Шоқбарова М.Қ., Серікболатқызы С. болды.
Сайыстың әр кезеңі 5 балдық жүйемен бағаланды. Оқушылар «Болашақ», «Қыран», «The best» топтарына бөлініп, әр топ өздерінің ұрандары және эмблемасын үш тілде таныстырды.
Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атымен, ұранымен таныстыру керек)
2. «Кім жылдам?» кезеңі. (Скакалкамен секіру).
3. «Пингвин» кезеңі (Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді).
4. «Кедергілерден өту» (Алда қойылған кедергілерден айналып жүгіріп өту).
5. «Боулинг» (Әр оқушы допты алып, нысанаға дәл тиіп, өз командасына көп ұпай алуы керек).
6. «Баскетбол» допты жерге ұра жүгіріп жарысу.
7. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
8. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
9. «Желаяқ» жылдамдыққа жүгіру
10. «Шегірткелер» /әр ойыншы бір аяқты бүгіп, оны қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді. Қайтарда тез жүгіріп келуі керек.
11. «Кім бірінші?» сайысы. Оқушыларға сөздер айтылады, топтағы оқушылар сол сөздің орысша, ағылшынша баламаларын айтады. Дұрыс жауап берген оқушының тобына 5 ұпай қойылады. Мысалы: Жер, күн, кітап, бала, айна, көктем, жүрек, орындық т.б.
Сайысқа әр топ қызығушылықпен белсене қатысып, нәтижесінде «Болашақ» тобы ерекше өнер көрсетті. Сайысты қорытындылай келе, ұпай сандарына сәйкес 1-орын «Болашақ» тобы, 2-орын «The best» тобы, 3-орынды «Қыран» тобы иеленді.
Сайысты өткізу барысында алға қойылған мақсат орындалып, өз мәресіне жетті.
шағым қалдыра аласыз













