"Менің атым Қожа"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің атым Қожа"

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет материал. Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаятын оқытудағы топтық жұмыстың тиімділігі айқындалған. Материалды оқушыларға меңгерту жолындағы тәсілдер сараланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;

*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;

*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

Дамытушылық:

*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;

*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;

*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, талқылау

Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу;

ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;

б) Оқушылар шаттық шеңбері арқылы, бүгінгі сабаққа тілектерін айту


2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

- Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев - 15 қазан 1924 жылы, Алматы облысы Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында туылған — қазақ балалар жазушысы.

Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы

"Он алты жасар чемпион" (1951)

"Бақыт жолы" (1952)

"Алыстағы ауылда" (1953)

"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).

"Дала жұлдызы" (1960)

"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)

"Гауһар" (1966) повестерін жазды.

-“Менің атым - Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы “Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.

4. Топтастыру:

І топ «Қожа - жақсы бала»

ІІ топ: «Қожа - сотқар бала»


Еркін жауап

І топ: Қожаның - тентек болуына себеп нәрселер

ІІ топ: Қожаның - әдепті жолға түсуіне себеп нәрселер (өз ойларын ортаға салады)


І топ “Қожаның сотқар болуына себеп нәрселер”

1. Әжесінің еркелетуі

2. Әкесін сағынуы

3. Анасын қызғануы

4 Жантас сияқтыларды жек көруі

5 Өзінің менмендігі

6 Еркелігі, балалығы

ІІ топ “Қожаның әдепті жолға түсуіне себеп нәрселер”

1. Анасын аяуы

2. Сәйбек қарт, Оспанов айтқан естеліктер

3. Майқанованың педагогикалық кеңестен шығып бара жатып айтқан сөздері

4. Әжесін сыйлауы

5. Болашағын ойлауы

6. Жанарға ұнау үшін


«Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?

Жанр: комедия, жанұялық, Шыққан жылы: 1963, Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н. Зелеранский, Сазгер: Нұрғиса Тілендиев

Кейіпкерлерді сомдаған: Қожа - Н. Сегізбаев, Сұлтан - М. Көкенов, Жанар - Г. Құрабаева, Жантас - Е Құрмашев, Миллат - (Қожаның шешесі) - Б. Римова,

Рахманов - Қ. Қожабеков, Майқанова – Р. Мұхамедиярова, Қожаның әжесі - З. Құрманбаева


Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

І топ: Қожаға мінездеме:

алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.


ІІ топ: Жантасқа мінездеме: өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)

алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз

Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.

Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

Тест тапсырмасы

1) «Менің атым Қожа повесінің алғашқы аты:

А. «Қожаберген»; Б. «Менің атым Қожа»;

Ә. «Өзім туралы повесть»; В. «Балалық шаққа саяхат».

2) Қожаның шын аты кім?

А. Қожабай Б. Қожатай

Ә. Қожаберген В. «Балалық шаққа саяхат»

3) Жанардың фамилиясы

А. Балабекова Ә. Майқанова Б. Қадырова В. Тұрсынбаева

4) «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А. Сұлтан Ә. Анасы Б. Ахметов В. Майқанова

5) «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А. Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі;

Ә. Тәртібінің педкеңесте қаралуы;

Б. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы;

В. Лагерьге жолдама үшін мұғалімдерге ренжуі.

5. Үйге тапсырма

«Балалықтан - даналыққа» эссе жазу

6. Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2018
818
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі