Материалдар / "Тіл жүйрікте - кім жүйрік?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тіл жүйрікте - кім жүйрік?"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу. Сайыс бес турдан тұрады. Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші көк жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі, әдебиеті пәндері бойынша қойылады. Материал қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне көмекші құрал. Себебі мұнда сайысты өткізе отырып ,оқушының қазақ тілі пәнінен және әдебиет пәнінен де білім деңгейін анықтаудың таптырмас құралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
966
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Тіл – ұлттың жаны», слайд, шарлар т.б.

Барысы.

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, мектебімізде Тіл – барлық білімнің кілті екені белгілі. Бүгін «Балдәурен» лагерінде өтетін «Тіл жүйрікте – кім жүйрік» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ, - дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық. Оқушылар өздерін таныстырады.

Мұғалім: Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Лагерь жетекшісі – Тлеубек Қ.Т.

2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Карабекова Р.С.

3. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Танатарова Д.Т.

Сайысымыз бес турдан тұрады. Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші көк жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі, әдебиеті пәндері бойынша қойылады.

I тур «Бәйге»

1. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз? (архаизм)

2. Лексикалық мағынасы бойынша қарама-қарсылықты сөз қалай аталады? (антоним)

3. Қазақ тілінің әліпбиі неше дыбыстан тұрады? (26)

4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

5. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)

6. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (3)

7. Күрделі сөздер неше түрге бөлінеді? (4.қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз)

8. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздерді қалай атаймыз? (неолгизм жаңа сөздер)

9. Жалғаудың неше түрі бар? (4. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік)

10. Сөздің түпкі мағыналық бөлшегі қалай аталады? (түбір)

11. Зат есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді? (екіге бөлінеді: негізгі зат есім, туынды зат есім)

12. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (екіге бөлінеді: дара сын есім, күрделі сын есім)

II тур «Полиглот»

Мұғалім: Бұл ойында мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса 5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды.

1. Өнер алды – қызыл... (тіл – язык – language)

2. Тіл ... жарады ... жармаса бас жарады. (тас – камень – stone)

3. ... тамған тілден у тамар. (бал – мед – honey)

4. ... кілті – тіл. (білім – знание – knowline)

5. ... аласынан сөз аласы жаман. (көз – глаза – eye)

6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің ... тәтті. ( нан – хлеб – bzead)

7. Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген ... таныр. (хат – письмо – letteru)

8. Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз – слова – word)

Мұғалім: Ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығады. Қошеметпен шығарып салайық.

III тур «Әдебиет әлемі»

Мұғалім: 1. Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үніні.

Қай ақынның өлеңі? (С.Торайғыров)

2. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қай ақынның өлеңі? (Әбділда Тәжібаев)

3. «Тар жол, тайғақ кешу» романдарының авторы кім? (С.Сейфуллин)

4. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім? (Ж.Жабаев)

5. «Абай мен Әйгерімнің бұл жолғы қонақтары шынында Тобықты жастарының ең бір өнерлісі, нәрлісі болатын».

Үзінді кімнің қай шығармасынан алынған?

(М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында)

6. «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастандарының авторы кім? (Ж.Жабаев)

7. 27 жасында қайтыс болып, артына бірнеше құнды туындылар қалдырған әдебиеттің өкілі кім? (С.Торайғыров)

8. «Қартқожа» романының авторы кім? (Ж.Аймауытов)

9. «Оян, қазақ!» жинағының авторы кім? (М.Дулатов)

10. «Маса» өлеңдер жинағының авторы. ( А.Байтұрсынұлы)

Ұпайы аз оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.



IV тур “Шешендік өнер»

Мұғалім: Бұл сайыста сайыскерлеріміздің бүгінгі таңда өте кең таралған тіл мәселесі жайында «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілім!» тақырыбында ой қозғай отырып, сайыскерлеріміздің шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Сайыскерлеріміз қазақ тіліндегі өз туындыларын мәнерлеп оқып береді. Ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады.

V тур «Жорға»

Мұғалім: Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады. Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді.

Бірінші сайыскерге сұрақ

Мұғалім: 1. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

2. Қазақ тілінде неше септік бар? (жеті)

3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

4. Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі бар? (үш)

5. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім?(Бердібек Соқпақбаев)

6. «Төбе шашы тік тұру» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (қорқу)

7. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы. (Абай)

8. Одағайдың неше түрі бар? (үш түрі: жекіру, көңіл-күй, шақыру)

9. «Даудың басы -Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы кім? (Б.Майлин)

10. Сын есімнің сұрақтарын ата. (Қандай? Қай?)

Екінші сайыскерге сұрақ

Мұғалім: 1. «Еңлік-Кебек» пьесасын кім жазды? (М.Әуезов)

2. Зат есімнің сұрақтарын ата. (Кім? Не?)

3. «Қалың елім қазағым қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың» өлеңінің авторы кім? (Абай)

4. Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі бар? (екі)

5. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім? (Абай)

6. «Қас пен көздің арасында» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (жылдам, лезде)

7. Сөмкеге бақа салатын қай кейіпкер? (Қожа, Қожаберген Қадыров)

8. «Аухау-аухау, шөре-шөре» қандай одағайлар? (шақыру одағайы)

9. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторы? (Абай)

10. Етістіктің сұрақтарын ата. (Қайтті?, Қайтеді?, Не істеді?)

Сайыстың қорытындысы шығарылып, ойын жеңімпазы марапатталады.

Мұғалім: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтейік! Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!