Материалдар / Қазақ тілі сабақтарында жаңашыл әдістерді пайдаланудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабақтарында жаңашыл әдістерді пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңдағы оқыту процесі әр мұғалімнен жаңашылдығын талап етіп отыр. Қазіргі педагогикаға енген жаңа әдістер мен тәсілдер мұғалімнің тек түсіндіруші, оқушының қабылдаушы рөлінде мүлдем сыйыспайды. XXI ғасырды бәсеке ғасыры десе, сол бәсекеде тек бәсекеге қабілетті, өзіндік пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді игеріп қана қоймай сол білімін өмірде қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менлибаева Паризада

Төлеби ауданы Қаратөбе жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



Қазақ тілі сабақтарында жаңашыл әдістерді пайдаланудың тиімділігі


Бүгінгі таңдағы оқыту процесі әр мұғалімнен жаңашылдығын талап етіп отыр. Қазіргі педагогикаға енген жаңа әдістер мен тәсілдер мұғалімнің тек түсіндіруші, оқушының қабылдаушы рөлінде мүлдем сыйыспайды. XXI ғасырды бәсеке ғасыры десе, сол бәсекеде тек бәсекеге қабілетті, өзіндік пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді игеріп қана қоймай сол білімін өмірде қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылып отыр.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Қазіргі мұғалім алдына келесі міндеттер мен талаптар қойылады: жаңа технологияларды енгізу, электронды оқулықтарды пайдалану, жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз ету, сабақта оқытудың белсенді әдістерін қолдану. Жаңа жағдайлар, жаңа уақыт қазақ тілін оқыту әдістемесі мен тәсілдерін қайта қарауды қажет етеді.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі - сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға сәйкес келетін қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары мен тәсілдерін анықтайтын педагогикалық ғылым. Сондықтан оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамыту, сыныптарда тілдік білім беру мазмұнын жетілдірудің басым бағыты ретінде қарастырылады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы сабақтардың алғы шарттары төмендегідей:

    • Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

    • Сенімділікке баулу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

    • Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

    • Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

    • Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

    • Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

    • Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Қазақ тілін оқытуда жиі кездесетін әдістерге тоқталып өтсек:

  1. Түсіндіру әдісі: бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.

  2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.

  3. Көрнекілік әдіс: экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б.

  4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагменті, компьютермен жұмыс, т.б.

  5. Жаттығу әдісі; ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы т.б.

Сабақтарда жиі баяндау әдісі қолданылады. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті - ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін - ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, қысқа, не ұзын баяндалуы мүмкін. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру, лекция түрі. Әңгіме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе оны жазған авторлар мағлұматтан бастап әңгімелеу әдісімен айқын тілмен түсіндіруге талаптанады. Орта жастағы оқушыға 10 минут, жоғары сынып оқушыларына - 15 минуттай уақыт ішінде сұрақ-жауап ретінде әңгіме айтылады.

Әңгіме әдісі - көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында жүреді. Мысалы, қазақ тілінен «сөз жасамын», «сөз тіркестерін» өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардың өздеріне айтқызу, міне, осылар олардың естерінде жақсы сақталады. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсіндіргенде білім жүйесін әңгімелеу, білімді қорытындылағанда - әңгімелесу, ауызша сұрау-жаттығулар тексергенде - өткен материалдарды қайталағанда бала оқып білгенін саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әдісін жақсы ұйымдастыру - мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Әңгіменің нәтижелі болуы - сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп, сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.

Түсіндіндіру әдісі - қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құралды, кестені, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. - «Бүгін сіздерге түсіндірілетін жаңа сабақ тақырыбы мынадай» - деп, бастап кетеді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып, қызықты түсіндірсе, онда олар проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Оқушылардан өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар «Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?», «Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?» деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушы нақты өз деңгейінде бағаланады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинский. Жаңашыл мұғалім оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін арттыратын жұмыстар беріп, өзін-өзі және ұжымды талдауға жетелейді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!