Материалдар / Қазақ тілі сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызықты қазақ тілі

(Қазақ тілі пәні бойынша сайыс )


22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. Массагет сайты Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтайды!



Жоспар:

1. «Бәйге» 12 бала шығады. Кім көп ұпай алады, сол бала қалады (6 бала қалады, екі топ болып).

3 топтан 3 бала қалады.
І топ
1. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты, атын атауға болмайтын сөздер қалай аталады? (табу)
3. Сөз мағынасын зерттейтін ТБ саласы? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
15. Ұяң дауыссыздарды ата








ІІ топ
1.Екпін түрі нешеу? (4)
2.Үндестік заңы деген не?
3.Сөз таптарын тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі нені білдіреді (тілдегі сөздердің жиынтығы)
5.Пуктуаци дегенн не?
6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Әсемпаз сөзі буын үндестігіне бағынады? (иә не жоқ)
8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11 Үнді дауыссыздарды ата
12 Ә дыбысын талда

13. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
14. Қосымша түрлері? (жұрнақ жалғау)
15. Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)

ІІ тур “Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)
1. ...қылды қақ жарған. (қара,
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер,
4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау,
5. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,
6. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы,
7. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,
8. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,
9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,
10. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз,

11. Әке көрген оқ жонар,

...көрген тон пішер (ана,

12. ...үй-базар (бала, ребенок,





3- тур «Өлең шығару »
ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.

4-тур иә не жоқ Топ басшылары


1.Зат есім заттың сынын білдіреді? -

2. Айдағаның бес қой, ысқырың жер жарады. Мәтелде қате бар.+

3. ба, бе, ма, ме, па, пе Сұраулық шылау +

4. Қазақ тілінде 6септік бар-

5. Табыс септігі кімнің ненің деген сұрақтарға жауап береді-

6. дәулет- Жалқы есім+

7. ауылдың маңы ілік септігі мен тәу ж 3 +.

8. Баланың бас ұстазы –ата-ана+

9. ше-бер-ха-на 3 буын бар -.

10. қыркүйек, қазан, қараша- күз айлары +

11. –лер, -дер, -тер жалғаулары жіңішке +

12. Сан есім дегеніміз . заттың санын білдіретін сөздер.. .+

13. Жатыс септік жалғауларын–да, -де, -та, -те ++

14. Ауыспалы осы шақ күнделікті болып жатқан қимылды білдіреді+

15. -лау, леу дау деу күшейтпелі шырайдың жұрнағы-


ІІ-нұсқа

1.Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз++

2. Үлкен-үлкенірек- салыстырмалы шырай++

3. ауыл сөзі- Жалқы есімді --

4. Асхана сөзінде 2 буын бар--

5. Қарағанды Қазақстанның көмір табылған өңірі++

6. Барыс септігінің сұрақтарын кімге? неге++.

7. Қалаға сөзі буын үндестігіне бағынады+

8. І жақтың жалғауын -мын+++

9. Етістіктің сұрақтары не істеді? не қылды?++

10. Бір жылда 4 мезгіл бар++

11. Қаладан келдім. Сөз тіркесі барыс септік жалғауы арқылы байланысқан-

12. Кіммен? немен? көмектес септіктің сұрақтары+

13. Ілік септіктің жалғаулары нда, -нде --

14. Морфология- сөз тіркесін зерттейді---

15.Жұмысшы сөзі- туынды сөз++


5- тур «Алтын жұмбақ»
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)
- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).


Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.

6- тур Бейнесұрақ



Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!