Материалдар / Қазақ тілі "Түбір және туынды сөз" сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі "Түбір және туынды сөз" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
841
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:Қазақ тілі 42-сабақ.

Мектеп: №22 орта мектеп

Бөлім:Уақыт

Сабақ тақырыбы

Түбір сөз және туынды сөз

Күні: 13.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Тұмарбекова Д.Ж

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.



Барлық оқушылар:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

Оқушылардың көбі:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай

алады;

Бағалау критерийлері

негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады;

өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазады;

жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Түбір сөз және туынды сөз, өмірбаян.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады? (саралау)

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсіндір.

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу;

Оқушыларды уақыттың қадірін  білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж) «Он сұрақ» әдісі

Мұғалім кез-келген бір оқушыны ортаға шақырады. Оның маңдайына тақырып (түбір сөз, туынды сөз т б) жазылған стикерді жабыстырады. Оқушы сыныпқа он сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа қысқаша «ия», «жоқ» деп жауап қайтарады.

Мысалы:

  • Қосымша екіге бөлінеді ме? (ия)

  • Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі жұрнақ па? (жоқ)

  • Түбірге жұрнақ жалғағанда туынды сөз шыға ма? (ия) т

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.



Сабақтың ортасы

4 минут
























8 минут











5 минут








5 минут


8 минут














ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Оо ООО ооо Отан озық олжа оңға оқымысты оқушы отбасы

3.2.4.1, 3.4.2.1 (Т,Ж;МК; Т) 18-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқы Ұтымды жауап

  • Мәтін кім туралы?

  • Ә. Қастеев туралы не білесің?

  • Ә. Қастеевтің Н. Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла. Ол неліктен солай жауап берді?

  • Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?

  • Мәтіннен туынды сөздерді тап.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы мәтіннің негізгі ойы анықтатылады. Атақты суретші туралы не білетіндерін әңгімелеп, ой бөліседі. Сонымен қатар Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқылайды. Мәтіннің кімнің атынан баяндалып тұрғанын анықтайды. Мәтіннен туынды сөздерді тауып, дәптерге қатесіз көшіріп жазады.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • мәтіннен туынды сөздерді табады;

3.4.2.1, 3.3.5.1 (ҰЖ) Шығармашылық диктант

  • Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, туынды сөз жаса.

Мен бақытты баламын.

Мен бақыт… баламын ,

Шырқап әнге саламын.

Егемен... елімнің,

Жұлдызы боп жанамын.

Каирова К. У.

Оқушылар шығармашылық диктантты топта талқылап, дәптерлеріне көшіріп жазады. Туынды сөздің жасалу жолына назар аударады.

Бағалау дескрипторы:

- Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қояды;

- Туынды сөз жасайды;

- Қатесіз көшіріп жазады;

3. 4.2.1, 3.3.5.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) 19-жаттығу. Мақалдың қатесін түзеп жаз.

  • Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.

  • Мақалдың мағынасын қалай түсінгенінді айт

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Болған соң ортаға шығып ой бөліседі. Соңында дәптерге көшіріп жазады.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтіннен туынды сөздерді табады, сөз құрамына талдайды;

  • қателерді түзеп жазады;

3. 4.2.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) 20-жаттығу. Берілген жұрнақтардан жаңа сөз жаса.

  • Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады? (саралау)

  • Жасаған жаңа сөздерінің мағынасын түсіндір.

Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

3.4.2.1, 3.3.5.1 Шығармашылық үзіліс. Саралау. «Балық аулау» ойыны

Түбір сөз бен туынды сөзді тап!

1-топ

Түбір сөздерді тап

егін, сүт, қазан, жастық, егінші, есеп, өнер, сегіз, ойыншық, аспаз

2-топ

Туынды сөздерді тап

сызғыш, жазушы, балапан, сөз, торсық, дүкенші, ерлік, дәптер, сүзгіш, тапқыр

Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Ойын шарты түсіндіріледі.Әр топқа берілген тапсырмаларды өзара ақылдасып, дұрыс шешім қабылдайды. Топтар білімдерін ортаға салады. Балықты көп аулаған топ жеңімпаз атанады. Болған соң дәптерге қатесіз көшіріп жазады.

Бағалау дескрипторы:

- жұрнақтардан жаңа сөз жасайды;

- түбір сөздерді табады;

- туынды сөздерді ажырата алады;

- сөздерді қатесіз жазады.

1 Дәптермен жұмыс

4-слайд

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.


1 Дәптермен жұмыс









1 Дәптермен жұмыс












1 Дәптермен жұмыс



















5-слайд




Интерактив

ті тақта

6-слайд





1 Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: Сабақты қорытындылау.

«Менің

білетінім,...»


Есімде сақтаймын,..»

«Бүгін білдім,..»




Оқушылардан кері байланыс алынады.

Үй тапсырмасы

16-жаттығу




Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!