«Қазақ тілін латын әліпбиінде оқытуда оқылым дағдыларын дамыту жұмыстарының тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілін латын әліпбиінде оқытуда оқылым дағдыларын дамыту жұмыстарының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман талап етіп отырған өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік тілімізді латын графика- сына көшіру. Бұл өзгерістің еліміз үшін пайдасы зор екендігін сеземіз. Өйткені, латын әліп- биіне көшсек, халы- қаралық аренада үл- кен өзгерістер күтіп тұрғаны анық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білім мазмұны аясында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерде қазақ тілінің маңыздылығы

Рахимова Эльмира Ерсалимовна ,

Қостанай қаласы, №1 мектеп-лицейі,

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз.

Тіл  үйрену -  белгілі  бір  түсінік  пен  білім қалыптастырып, оларды  түсіну  және   сөйлеу  үшін  қолдана  білу. Шетелдік ғалым (Крашен) өзге  тілді  үйрену барысында  «табиғи  тәртіп» бар  деп  болжаған. Яғни  грамматикалық  құрылымды  үйрену   белгілі  бір    реттілікпен  жүзеге  асады делінген.Сонымен  қатар   екінші  тілді  үйрену    түсінікті  ақпараттың  қолжетімділігіне    негізделеді  деп  болжайды.

Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды  көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы», «География» пәндері қазақ тілінде өткізілуі жоспарланып отыр, Сонымен қатар елімізде үштіділік моделін біртіндеп пәндерге енгізілуі көзделіп отыр.

2018-2019 оқу жылынан бастап 5- сыныптан орыс тілді мектептерде «Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде өткізіледі. Сондықтан да мектебімізде қоғамдық- гуманитарлық бағыттардағы пән мұғалімдерін қазақ тіліне оқыту, сонымен қатар оқыту үрдісінде қазақ тілін біртіндеп енгізу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдер бірлестігі қазіргі уақытта мұғалімдермен қосымша сабақтар өткізіп жүр.Бұл курстың мақсаты- пән мұғалімдерін өз сабақтарында қазақ тілін қолдану, оқушылардың түсінік деңгейінде қазақ тілін қолдануға бағыттау. Мектеп-лицейде 3 топ құрылған. Олар : география және тарих мұғалімдері, ағылшын мұғалімдер, орыс тілі мұғалімдері. Курсты бастамас бұрын мұғалімдермен кеңес жүргізілді, яғни мұғалімдердің қазақ тілін игеру деңгейін анықтап, олардың қажеттіліктерін айқындалды. Біз мұғалімдермен аптасына 2 рет кездесеміз. Курстың сабақ кестесі бекітілген. Бұл сабақтарда, ең алдымен, біз мұғалімдердің сабақтарда тапсырмалардың қазақ тілінде айтылуы, оның аудармасы, оның дыбысталуы туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік жасаймыз. Наурыз айы бойы курста мұғалімдердің қажеттілігі бойынша қажетті сөздік қор жасалып, олармен жұмыс істесек, қазіргі уақытта мұғалімдердің коммуникативті дағдыларын арттыруға, сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушыларға қазақ тілінде тақырыпты меңгертуге, бағдар жасап отырмыз. Аптаның бір сабағы лексикалық минимумдармен жұмыс жасаймыз, келесі сабақта мұғалімдер оны сабақта қолдануға тырысады. Сонымен қатар біз сабақ жоспарлаырмен құруда көмектесеміз. Яғни, мұғалім өз сабақ жоспарын құруда қазақ тілін енгізу, оқушыларды материалды қазақша игеруге бағытталған жұмыстар жасаймыз.

Келешекте өз тәжірибемізде :

        1.Пәнді игеруге бағытталған орыс және қазақ тілінде глоссарий жасау;

        2. Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді, кіріктірілген сабақтарды енгізу;

        3. Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды;

        4. Тарих, география пәндері бойынша пәннің спецификасын ескеріп , сөздіктер құру;



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2021
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі