Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2023
334
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

  Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Маманның ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын. Ал қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттік тілді білуі біліктілік қағидаларының бірі ретінде аса маңызды шарттарының бірі болуы заңды талап. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек. Қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді.
Әдіс ұғымының мағынасы кең. Біздің саламызда білім берудің, тәрбиелеудің және үйренушілердің білімін көтерудің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара бірлескен іс-қимыл жиынтығы - оқыту әдісі болып табылады. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамдас бөлігінің бірі. Әдіс – тілді оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын және оларға қол жеткізудің амалдарын айқындайтын бағыттар.

Елбасының халыққа Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі күн талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту-тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып отыр.

Қазақ тілі пәнінің мемлекеттік 2010 жылы шыққан бағдарламасында мынадай анықтама берілген: « «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік  дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат».

Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз. Демек, жаңа стандарт бойынша, алға қойған озық әдістеріміздің бірі – қатысымдық оқыту болмақ. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.
   Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -  сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі  қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.
  Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар мемлекеттік қызметкерлерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады
.
І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР 
Қатысымдық бағдарлы оқыту  арқылы бегілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» .
  Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу.
 Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения» .
   Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
   Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі
   Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
   Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыружаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.
   Құбылыс немесе объект, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
   Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді.
 Бұл жағдайда тіл үйренушілердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойынның төмендегідей түрлері негізінде құрылады:
   Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр.
   Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады
   Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.
   Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.
   Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды .
 
 Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын дамытады. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.
  
 Іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі.   Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.
   Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:
   - қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;
   - білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;
   - тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;
   - бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;
  - бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.
   Қазіргі кезде қатысымдық ойындарды орындаудың үш сатылы формасы кең тарап келеді. Іс жүзінде кез-келген тапсырма үш сатыда орындалуы мүмкін. Олар:
   - дайындық сатысы;
   - орындау сатысы;
   - қорытынды сатысы:
   Бұл кезде Р.П.Мильруд, И.Р.Максимовалардың айтуынша «....жеке тұлғаның іс-әрекетке белсенді және еркін қатысуына қолайлы жағдай жасау керек».
   Бұл жағдайда сөздегі қателерді тек мүмкін нәрсе деп қана емес, сонымен қатар қалыпты жағдай деп түсіну керек. Әңгімелесу грамматикасы жазбаша сөз грамматикасынан белгілі дәрежеде ауытқушылықты да тудырады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тілін оқыту кезінде сөзсіз кездесетін жағдай болып табылады.
   Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
   Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады:
   - оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;
   - қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;
   - тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;
   - тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;
   - қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).
   Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
   - Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
   - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
   - Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
   - Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
   - Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;
   - Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;
   - Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;
   - Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;
   - Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;
   - Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.
  Қатысымдық тапсырмаларды  қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.

І. Сөйлеу жаттығулары

   Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:
   1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;
   2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;
   3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;
   4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау
   5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;
   6. Диалогтарды толықтыру;
   7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;
   8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;
   9. Сурет бойынша әңгіме құрау;
   10. Берілген сұрақтарға жауап беру.
   Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!