Материалдар / Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл, әрине, оны тәжірибелі іс-әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға кӛп еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға ұмтылдырды. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылығымен орындалуы жиі байқалды. Ал білім беру процесінің жаңа үлгілері (парадигма) мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті потенциалына негізделе, өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуальды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2022
3436
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары
Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттарын түсіндіру, айқындау,талдау.
Қаралатын мәселелер:


  • Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі.


  • Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде пайдалану.


  • Оқытудың жаңа технологиялары


  • Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл, әрине, оны тәжірибелі іс-әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға кӛп еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға ұмтылдырды. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылығымен орындалуы жиі байқалды.

    Ал білім беру процесінің жаңа үлгілері (парадигма) мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті потенциалына негізделе, өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, 
    тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуальды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді.

    Білім алушы нысанда немесе процестерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің ролі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.



Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады. Бұл ауытқулар оқыту технологиясының мәні мен нәтижесінің толық мақсатына жетуіне күмән тудырады.

Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың

жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.

Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.

Оқу құралының мазмұнында «технология», «педагогикалықтехнология»,

«оқытудың технологиясы» ұғымдарына кеңінен талдау жасалынып, оқытудың жаңа технология түрлерінің шығу өзектілігі мен тарихы, оқыту түрлерінің мәні, жетекші идеялары мен тұжырымдамалары, теориялық және технологиялық, әдістемелік негіздері қарастырылған.

Қазіргі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту технологияларының алуан түрлерін ұтымды қолдана, жастардың үйлесімді әлеуметтенуіне жаңаша қарым-қатынастарды жүзеге асырып отыру үздіксіз педагогикалық процестің мақсатты құбылысына бет алады.

Оқытудың жаңа технологиялары. Модульді оқыту идеясының пайда болуын шетел зерттеушілері 1960 жылдың аяқ кезі мен 1970 жылдың бас кездеріне саяды. Америкалық психолог С.Н. Послезвайт оқыту мазмұнының бірлік тұжырымдамасын жасаған. Осы тұжырымдама бойынша автор оқу материалдарының өте шектеулі мөлшерін

«автономды бірлік» деп санай отырып, оны еркін әр түрлі сабақ бағдарламаларына кіріктіре алуға болады деп ұсынды. С.Послезвайт оны шағын курстар деді. Алғашқы шағын курстар 1970 жылдары АҚШ-тың университеттері мен колледждеріне енгізе бастаған. Ол модульді оқытудың бір түрі бола оқу бағдарламасы мынандай пакеттерден тұрады: «оқу пакеті»,

«меңгеру пакеті» және «жеке оқыту пакеті». Модульді оқыту Англия, АҚШ, Швейцария, Канада және тағы басқа шетел мемлекеттерінің кәсіби білім беру оқу орындарында кеңінен таралған. Ресейде модульді оқытудың алғашқы белгілері 1920 -1930 жылдары Еңбек институты орталығы(ЦИТ) жасаған кәсіби оқыту тұжырымдамасында модульді принципке негізделген еңбек процесіндегі қарапайым операциялар мен жүйелі қозғалыстарды бөлу керектігін жүзеге асыру ұсынылған. Яғни, қысқа мерзімде арнайы оқу материалдарын меңгере отырып, оның іскерлігін дағдыландыру жаттығуларын орындап, мамандану бойынша курстармен аяқтау болып табылды. Сол жылдары бір жарым миллион жұмысшы жастар 400 оқу базасында 200 мамандық бойынша білім алған.

Модульді оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған. Ол модуль деп - білім алушылардың әрекетін бірізділеу және оқу материалының тұжырымды бөлігін қамтыған оқу жиынтығы (пакет) дейді. ЮНЕСКО - ның тезаурусында модульді оқытудың бірнеше туынды балама ұғымдары бар: модульді әдіс, модульді жол, модульді дайындық.

Ол технология идеясының негізі мынада болды:

бағдарламалаудың аралас болуы;

оқу материалының блокты берілуі;

тікелей және кері байланыс;

бақылау мен өзіндік бақылаудың ұштасуы.

ТМД елдерінде модульді оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар П.Юцявичене, М.А.Чошанов, П.И.Третьяков, Т.И. Шамова, ЕА.Ермоленко және т.б.

Қазақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп, оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп



бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың

алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын түзу. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына кӛмектеседі. Технология жобасындағы негізгі нысана – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.

Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке 
тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушылардың Өзін өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.

Модульді оқыту теориясы мына қағидаларға негізделеді:


  • модульдік;


  • оқыту мазмұнынан жеке элементтерді бӛлу;


  • динамикалылық;


  • білім мен оның жүйесінің әрекеттілігі мен жеделдігі (оперативтілігі);


  • икемділік;


  • саналы болашақтық;


  • әдістемелік кеңесінің жан-жақтылығы;


  • тепе-теңдік(паритеттілігі).


Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы ролін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс- әрекетіндегі мәселені шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л.Рубинштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түрлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді. Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қол жету жолдары көрсетіледі.

Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:


  • ақпарат материалының мақсаттылығы;


  • жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;


  • модуль элементтерінің жеке- даралығы;


  • ақпараттық және әдістемелік материалының оңтайлы берілуі.


Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау

жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.



М.М.Жанпейсованың модульді оқыту технологиясында оқу материалдары модуль, схема, кесте және тағы басқа бейне кескіндері арқылы әңгімелеп түсіндіріледі. Сабақтың диалогті бөлімінде оқушылар шағын топтарға бөлініп, әрекетті белсенді ойын формасында ұйымдастырады. Алдымен оқушылар оқу материалын қайта шығарып айтуға ұмтылса, кейін қарапайым іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға әрекет жасайды. Кез-келген оқушы әрбір сабақта тыңдау, көру, еске сақтау, жорамалдай алуы қажет және автор ұсынған үш деңгейге жетуі абзал.

Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л. Йоваиша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:


  • ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан).


  • операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).


  • ізденімпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан,


  • шығармашылық диалог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).


  • өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу).


Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде сарапшының пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.

Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға арналады. Мысалы, «видеоконфронтация» әдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.

Ізденпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады.

«Іскер себет» әдісіне оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды. Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.

Модульді оқыту технологиясы – оқытудың жоспарлаған нәтижесіне жетуге мәнді әрекеттер мен операциялар жүйесін бөлу жолымен жүргізілетін оқу процесін жүзеге асыруды айтады.

XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар:


  • Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.


  • Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.


  • Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.


  • Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.


Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.

Модуль – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін ―диалогтік қарым-қатынас негізінде құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни, кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. Оқу модульнің бірінші ерекшелігі жалпы қанша сағат бөлінсе де ,кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты – кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты – диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса 1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, ―диалогтік бөлімге 9сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3 деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым білім, білік, дағдыны меңгеруден бастап ―білімді көшіру немесе пайдалануға дейінгі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет қайталау – қарапайымнан күрделіге қарай, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр оқушыға оқу материалын түсіну, деңгейінен білімді көшіру деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді.

Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады:


  • Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.


  • Класта берілген блокты немесе тарауды оқыту модулімен таныстыру.


  • Оқу материалын мұғалімнің қысқаша (схема, график, кестелер т.б. түрінде) баяндауға немесе зерттеу тұрғысында беруі).


  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ―диалогтік негізінде әрбір оқушының іс-әрекетінің нәтижесін әр сабақ сайын бағалай отырып ұйымдастыру.


  • Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай оқыту.


  • Тарау, блок бойынша тест алу.


  • Тарау бойынша релейны зачет алу (немесе диктант, бақылау, т.б.). Бұл 3 деңгейлі жүйеден тұратын карточкалармен білім тексеру.


Әрбір оқытудың жаңа технологиялары оқыту теориясы бойынша белгілі бір субъектілердің қарым-қатынасындағы қасиеттерін өзгерте жаңа өрістегі белгілерді қалыптастыруға ұмтылады. Оған қажетті оқытудың құралдарын өзгерте жаңа мазмұнда, жаңа сипатта жетілдіре анықтауды көздеген. Осы оқыту технологиясының көздеген мақсатындағы ерекшеліктерін топтау арқылы анықтайық. Бірінші топтағы оқытулар оқу пәнінің оқу материалдарын жетілдіре, жаңарта оқушының танымдық және психикалық қасиеттері мен процестерін дамытуға байланысты оқытудың ақпаратттық оқыту, бағдарламалап оқыту, модульдік оқыту, әр деңгейлі оқыту, кіріктіре оқыту және дидактикалық бірліктерді ірілендіре оқыту технологиялары болып табылады.
№ 
4 дәріс
Тақырыбы: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың қағидалары мен дидактикалық ұстанымдары
Қаралатын мәселелер:


  • Білімнің үздіксіздігі қағидасы


  • Білімнің мотивациялық сипатын арттыру және өмірлік дағдыларды жетілдіру қағидасы


  • Құзыреттілік қалыптастыра оқыту қағидасы


  • Білім беруді демократияландыру қағидасы


  • Білім алушыны тұлға деп тану қағидасы



1. Қазақ тілін оқыту заңдылықтары. Қазақ тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім тілді оқытудың заңдылықтарын, принциптерін, әдістемесін білмейінше оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде көп ателеседі.

Оқыту заңдылығын білу – қоғамдық құбылыстар мен татабиғи ортаны танып білудегі дүниеге диалектикалық материалистік көзқарсты түсіну. Тілдің дамуы – адам, қоғам табиғаттың даму заңдылықтарымен байланыстырыла қарастырылады. Мысалы, тілдің лексикасында болатын өзгерістер, тілдің сөздік құрамынан ескірген сөздердің шығып қалу, оның есесіне жаңа сөздердің енуі, сөздердің мағынасының өзгеріп жаңары, басқа тілдерден енген сөздермен толығып отыруы жайында мұғалім оқушыларға түсіндіріп отыруы қажет. Тілдің грамматикалыұқ құрылысы тұрақты дейміз, дегенмен оның дамуы, ондағы өзгерістер баяу даму үстінде болады. Мысалы, үстеуді оқытқанда қазіргі қазақ тіліндегі 
«ендігәрі» деген үстеу. Шығыс септік жалғанғандағы «ендігі» - деген сөз «әрі» деген шылау сөзбен бірігіп, ықшамдалып жасалған. Сондай ақ тосыннан, кенеттен, ежелден үстеулердің құрамы - құрамы түбірге шығыс септігі жалғанып, кірігіп, сіңісуінен жасалғаны, сол сияқты зат есімді өткенде: қазір зат есім болып қалыптасып кеткен егеу, көсеу, бөгеу, бояу, жабу деген сөздер тұйық етістіктердің субстантивтенуінен жасалғаны, бұл сөздер мұнымен бірге етістік қалпын сақтап қалғанын айтыптүсіндірген жөн (батыр, ер, қарт, жарымжан т.б. субстантивтенген сын есімдер екені скертіледі).

Қазақ тілін оқытуда тілдің тарихи даму ерекшелігіне тоқталып түсіндіру қажет. Мысалы, 
барамын – барам, келемін – келем – жіктік жалғауының ықшамдалған түрі, бүгін – бұл күн екі сөздің ұзақ уақыт тіркесе қолданылып бір – бірімен кірігіп кетуінен жасалса, «алып бер» екі сөздің тіркесінің «әпер» түрінде кірігіп өзгеріске ұшырап түрленуі, өзгеруі, дамуы заңды құблыс.

Қазақ тілін оқытуда тағы бір сүйенетін де, есепке алатын да заңдылық – жеке бсты оқытуда білім берудің сапасы, саналы тәрбие. Жас ұрпақты оқытудағы міндеттердің бірі олардың жас ерекшелігін, ақыл - ойының даму рекшелігін ескере отырып, қазақ тілін оқыту ісінде саралап, даралап оқыту.

Оқушының білімін жетілдіре беруде, оқып –үйренсем 
деген ынтасын арттыра отырып, ізденімпаздық қасиетке жетелеу, өз бетінше білім алуға үйрету, сабақ үстінде қазақ тілінен білім бере отырып, олардың санасына халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, халқының тарихын, әдебиетін, өнерін, салт – дәстүрін меңгерту – жан – жақты жетілген жаңа ұрпақты оқытып тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы өмір заңдылығы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде диалектиканың заңдылығындағы қарама – қарсылық, қайшылықтың болатын кезеңдері. Ол оқыту әдістемесінің дамуына әсерін тигізеді. Атап айтқанда , бүкіл оқу – тәрбие жұмысы мазмұнының, оқу – методикалық жүйенің «Одақтық компетенцияға» толығымен бағындырылуы салдарынан бұл мектептер Ресейдегі орыс мектептерінің дәлме – дәл көшірмесі болды. Тәрбиеленушілірдің ұлттық құрамы, өз өлкесінің тарихы, мәдеиеті, табиғаты мен шаруашылығының ерекшеліктері, ғылым саласындағы жетістіктері мүлдем ескерілмеді, қазақ тілін оқытуға мән берілмеді. Ал со кеткен кемшіліктерден, қайшылықтардан, қателіктерден құтылу жолы – тиімді оқыта отрып, білімді гуманизациялау (гуманизм – латын сөзі – humanus – адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас) және оқытуды дифференциялау идеяларын жүзеге асыру, тиімділігін арттыра отырып, интенсивтендірудің маңызды құралы ретінде білім мазмұнын интеграциялау арқылы жүзеге асыру мәселесі талап етіліп отыр.

Қорыта келгенде, оқыту процесіндегі қарам – қарсылықтар, кездесетін қайшылықтарды жеңу, жек оқушылардың білімін арттыруға қажетті қозғаушы күш болатын тиімді жолдарды табу, іздеу, зертеуарқылы жүзеге асады. Мәселен, бір баланың үлгеруі, екінші баланың үлгермеуі, осы үлгермеуші баланың білімін арттыру үшін мұғалім оған қозғаушы күш боларлықтай әдіс –тәсіл іздейді. Оның білімін (жеке оқушыға) арттыру үшін ақыл – ойына әсер ету, білімді қаншалықты дәрежеде игеруге мүмкіндігі барын анықтайды. Оқытудың заңдылықтарына сүйене отырып, мұғалім қазақ тілін оқытудың дидактикалық принциптерін жете білулері қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!