Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Фразеологизмдерді зерттеудің ең маңызды жағы–сөйлеу тілімізде өте бейнелі, көңілге қонымды етіп көрсететіндігі. Фразеологизмдер ойымызды бейнелі, әсерлі етіп жеткізеді. Халық тілінің байлығы фразеологизмде көрінеді. Себебі, фразеологияда халықтың тарихы, оның күн көрісі мен тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, керек десеңіз діні де осы фразеологияда сәулеленеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
1439
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ


Абсаматова Камила Сұлтанқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,

Қапланбек жоғары аграрлық- техникалық колледжі, Сарыағаш қ.


Фразеологизмдерді зерттеудің ең маңызды жағы–сөйлеу тілімізде өте бейнелі, көңілге қонымды етіп көрсететіндігі. Фразеологизмдер ойымызды бейнелі, әсерлі етіп жеткізеді. Халық тілінің байлығы фразеологизмде көрінеді. Себебі, фразеологияда халықтың тарихы, оның күн көрісі мен тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, керек десеңіз діні де осы фразеологияда сәулеленеді.

Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай топтастыру да ең негізгі мәселелердің бірі. Әрине, бұл тізбектердің ішінде мызғымастай болып қалыптасқан сөз таптары бар деп, үзілді-кесілді тұжырым жасаудан аулақпыз. Себебі, фразеологизмдердің тұлғасы мен семантикасы жеке сөз табына барабар келмейді. Белгілі бір сөз табының қызметіне ғана жуықтайтын ғана фразеологизмдер бар. 1. Зат есімге жуықтайтыны.2. Сын есімге жуықтайтыны. Сан есімге жуықтайтыны. 3. Үстеуге жуықтайтыны.

Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвистері назарынан да тыс қалмаған. Мәселен, Кеңесбаев І.(1977), Қайдаров., А.Жайсақова., Р.(1988), Болғанбаев Ә.(1988)., Қожахметова Х. (1972)., Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.

І.Кеңесбаев фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болатынын айтты[1].

Ә.Болғанбаев «фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешуді» ұсынды. Ол «фразеологизмдерді етістік мағыналы фразеологизмдер, сындық мағыналы фразеологизмдер, заттық мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер» деп төрт топқа бөледі[2,111-б].

Фразелогизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын , «ал сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты екендігін» Х.Қожахметова еңбектерінде атап көрсетті[3]. Фразелогизмдерді сөз табына қарай шартты түрде болса да жіктеуге болатындығы анық, ал оларды топтастыруда қазақ тілшілері бір-бірінен алшақ кете қоймады.

Фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына жатқызу мәселесінде компоненттер құрамының беретін мағынасына, морфологиялық табиғатына, синтаксистік қызметіне көңіл бөлу керектігін айта келіп Г.Смағұлова алты топқа бөледі: 1.Етістік мағыналы фразеологизмдер. 2.Есім мағыналы фразеологизмдер. 3.Үстеу мағыналы фразеологизмдер. 4.Одағай тұлғалы фразеологизмдер. 5.Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер. 6.Сөйлеу дағдысына (речевой штамп) қолданылатын фразеологизмдер [3,95-99-б].

Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтарды айтамыз: 1. Етістікті мәнді фразеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4.Әр түрлі сөз таптарынан жасалған фразелогизмдер.

Зат есімге жуықтайтындары: көкөрім, бау кеспе, без бүйрек, кескекті аю, көк ми, ақпа құлақ, ақ саусақ, ақ жүрек, ала қол, әзірейіл, бас бұзар.т.б.

    1. Сын есімге жуықтайтындары: бармағынан бал тамған, екеуінің жұлдызы ыстық, ит жанды, белінің күші, бетінің қызылы бар, бүйрегі бітеу, сегіз қырлы, бірсырлы.

    2. Сан есімге жуықтайтындары: алпыс екі тамыры, алты бақан, екі елі ауызға төрт елі қақпақ, екі дүние бір қадам, екі ойлы, елу жылда–ел жаңа, жүз жылда–қазан.

    3. Үстеуге жуықтайтындары: көзге шыққан сүйелдей, қас пен көздің арасында, көзді ашып-жұмғанша, қоңын ойып, жағын сыдырыпалған.

    4. Етістік мәнді фразеологизмдер: селт етіп, ала көзімен қарады, жағасын ұстады, шаншу болып қадалды, бетінен оты шықты, үні өшті, егіліп жылады, мырс етіп күлді, жалп етті, күдер үзді, жүрегі тас төбесінен шығу, ашуына мінді, езу тартты, үзенгі қағысты, тезіге түсті, құйысқанға қыстырылды, тарамысына ілінді, сойылын соқты, қырғи қабақтанытты.

Қазіргі қазақ тілі фразеологизмдердің құрамы жағынан молы – етістікті фразеологизмдер. Басқа сөз таптарына қатысты фразеологизмдер сияқты семантикасы мен құрылым-құрылысы әр түрлі, әр алуан. Етістікті фразеологизмдер екі мүшелі және көп мүшелі болып келеді де, етістіктің жақ, шақ, рай категориясын қабылдап, синтаксистік функциясы да етістіктерге қатысты болады [4]. Сондықтан да етістік мәндегі фразеологизмдер оқулықтарда тұрақты етістіктер тобы деп аталып жүр.

Тіліміздегі етістікті фразеологизмдердің сыртқы құрылым құрылысы жағынан сөйлемге ұқсас келетіндері кездеседі, бірақ бұл шартты түрде ғана. Фразеологизм құрамындағы компонентті бастауыш пен баяндауышқа жіктеуге болатын сияқты көрінгенмен, олар сөйлемдік қызмет атқара алмайды, себебі олар коммуникативтік емес, номинативтіккежуыққанақызметатқарыптұрады.Құрылымжағынан сөйлемдерге ұқсас фразеологизмдердің құрылысы бір тектес бола бермейді. Мысалы: тілі байланды», жүрегі жарылды» тіркестері жай сөйлемге, "аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты" тіркесі құрмалас сөйлемге ұқсайды. Олар сырт тұлғасы жағынан сөйлеммен ұқсастықтары болғанымен, сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: Мазақ қылу үшін Шұғаның хаты қылып өлеңмен жазып Кәрімге тапсырдық. Кәрім ашып оқығанда төбесі көкке жеткендей болды. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. Үш-төрт күн өткен соң, әбден үйренісіп алғаннан кейін, ұрынарға қара таппай жүретін Есікбай басқа балаларға істейтін қылығын Аянға да істеді. Мысалдағы етістікті фразеологизмдер бірінші, екінші сөйлемде баяндауыш, үшіншіде анықтауыш қызметіндежұмсалған.

Жай сөйлем типтес етістікті фразеологизмдер жиі кездеседі. Олар жалаң, жайылма, жақты, жақсыз сөйлем тектес болып келе береді.

Жақты, жайылма сөйлем тектес: қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көрерсің; жанын қоярға жер таппады; көзіне көк шыбын үймелетті; ішкен асы бойына тарамады; төбеден суық су құйып жібергендей болды; бетіне жел боп тимеді. Жақты, жалаң сөйлем тектес: жаны шықты; қабырғасы қайысты; көзімен ішіп-жеп барады; іші жек көрді.

Жақсыз сөйлем тектес: бетіңнен жарылқасын, арасынан қыл өтпейді, жолың болсын.

Етістікгі фразеологизмдерді сөйлемнің айтылу мақсатына қарай да топтастыруға болатын тәрізді.

Хабарлы сөйлем тектес: тасы өрге домалады, ит терісін басына қаптады, ит мініп, ирек қамшылады, қой үстіне боз торғай жұмыртқалады, т.б.

Сұраулы сөйлем тектес: желегің желбіреп тұр ма? Шошқа тағалап жүрмісің? Ай қарап жүрсің бе? Жұлдыз санадың ба?

Лепті сөйлем тектес: жортқанда жолың болсын! жолыңа жуа біткір! жолың болмай жолда қалғыр! өшкенің жанып, өлгенің тірілгір! жеңіл барып, ауыр қайт! Бұл топқа көбіне алғыс не қарғыс мәнді фразеологизмдерді жатқызуғаболады.

Бұйрықты сөйлем тектес: етістікті фразеологизмдер арасынан бастапқы формасы бұйрықты сөйлем тектес болып келетіндерін кездестірмедік, бірақ етістікті фразеологизмдердің қолданысқа түсуі ретіне қарай, бұйрық мәнде айтылатындары бар:

- ит терісін басына қапта, жанын шығар, жұмған аузыңды ашпа, біреудің ала жібін аттама, қара қылды қақ жар.

Етістіктіфразеологизмдердіңендібіразықұрмалассөйлемтиптес.Олардықұрылысы жағынан сабақтас құрмаласқа жатқызуға болады. Мысалы: жан алып, жан береді; тастай батып, судай сіңді; аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты; айрандай аптап, күбідей пісті; әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтты, басы ауырып, балтырысыздады.

Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер ішінен салалас құрмаласқа сәйкес келер тұлғаларды кездестірмедік, бірақ жоғарыда келтірілген тіркестердің кез-келгенін салаластыра байланыстыра айтуға болады: аузынан ақ ит кірді, көк ит шықты; басы ауырды, балтыры сыздады. Байланыстың бұл түрінің мағынаға ешбір залалы жоқ.

Етістікті фразеологизмдер сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады. Фразеологизмдердің сөйлемде синтаксистік қызмет атқаратынын С.Аманжолов, Х.Қожахметова, т.б. атап көрсетеді. САманжолов "Есім етістіктен болған құрама баяндауыштар ... идиомдық тіркестен әрі фразеологиялық тіркестен жасалумен қатар, жай тізбектерден де жасала береді"- дейді, яғни тұрақты тіркестер баяндауыш қызметінде жұмсалатындығы айтылады [5, 115-б].

Етістікті фразеологизмдер жұмсалуына қарай сөйлемде тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелер қызметін атқара алады. 1.Етістікті фразеологизмдердің тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалуы.

Баяндауыш:

Бала шағасының аузын айға қараттың. Ол шоферді қазір жердің тесігіне кіріп кетсе де тауып аламын ... ешкім аузыңа су тамызбайды. Ешқайсысына іші жылымайды. Апам тағы бет бақтырмады. (Х.Есенжанов).

Етістік фразеологизмдер құрмалас сөйлемдердің бағыныңқысының да, басыңқысының да баяндауышы бола алады. Мысалы:

Қонағының ішіне ел қонған кезде, Жанат шым-шымдап сыр тартуға кірісті. Егер Шұға сөзінде тұратын болса, мен не қиыңдық болса да көнермін.(Б.Майлин). Бірінші саптағы жігіттердің алдыңғы қатары оққа ұшқанда, кейінгі топ екпінімен оның үстіне келіп қалып, оқ тиген жандар мен ойнап шыққан аттарға араласып кетеді, екінші дүркін жаудырған оқ оларды бейне баудай түсіріп жібереді.(Х.Есенжанов). Әбдірахман хат жіберуге екі оқты болған соң, мен демеп жібердім.(Б.Майлин).

Кейде етістікті фразеологизм алдыңғы сөйлемдегі ойды жалғастырып, жеке сөйлемнің орнына да жүреді. Мысалы: - Жоқ, мен мұны көрген де, алған да жоқпын, білмеймін-,деп,азардабезерболыптұр.Есіттіңбе,Шұғақайтпапты-ау,-деді.Суықсуды төбемнен құйып жібергендей болды. Содан ба жұрт мұғалім десе, ішкен асын жерге қояды. Шындықты айтсам ренжиді. Ізіңе шам алыптүседі.(Б.Майлин).

Бастауыш:

Менің кешегі сау басымды саудаға салғаны–осының айғағы.Біреудің шабына от салу — оның ежелгі әдеті.(Х.Есенжанов).

2. Етістікті фразеологизмдердің тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалуы Пысықтауыш:

Мойнымызға су құйылып бірімізден соң біріміз сүмірейіп орнымыздан тұрып жатырмыз. Жастық шағың жұлдыздай ағып өткесін, амалсыз ақылды боласың. Біржыл бола ма, болмай ма қос қолын төбесіне көтеріп тайып отырады.(Х.Есенжанов).

Анықтауыш:

... ұрынарға қара таппай жүретін Есікбай басқа балаларға істейтін қылығын Аянға да істеді.(С.Мҥратбеков). Бірақ өзі ғана емес, әкесіне, кәдімгі Шұғыл қажыға, тіл тигізе киліккен жынды Нұрымның сөзі оның өңменінен найза салғандай болды. (Х.Есенжанов).

Толықтауыш:

Толықтауыш қызметінде жұмсалатын етістікті фразеологизмдердің субстантивтенген (заттанған) етістікті тіркестер болып келеді. Мысалы: Үлкеннің сөзіне құлақ аспағанды қашан қоясың? Қол қусыруды қоятын уақыт әлдеқашан жетті.

Қорыта келгенде, іс-әрекет, жай-күйді білдіретін етістік мағыналы фразеологизмдер сөйлемде, негізінен, сөйлемнің тұрлаулы да тұрлаусыз да мүшелерінің қызметін атқара алады. Қазақ тіліндегі етістік мағыналы фразеологизмдер 70-80 пайызды құрайды, тіліміз етістікті фразеологизмдерге бай екеніне көз жеткіздік.

Етістікті фразеологизмдердің беретін мағыналары да, беретін формалары да көп. Бірнеше етістік тіркесіп келіп, бір емес бірнеше фразеологиялық мағына беретіні байқалады.

Жалпы тіл фразеологиясына қатысты зерттеулерде көрініс тапқан тақырыптарды, көтерілген мәселелерді, шешімін тапқан мақсат-міндеттерді ой елегінен өткізе келе, ― «қазақ фразеологиясы әр түрлі аспектіде тереңірек зерттеуді» қажет етеді деген ойға келдік.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы,1977

  2. Болғанбаев Ә. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер. Жинақ. Қазақтілінің түсіндірмесөздігінжасаутәжірибесінен.Алматы, «Ғылым»баспасы,1989-175б

  3. 3.Смағұлова Г.Н. Фразеологизмдердің варианттылығы. А.,1993

  1. ҚожахметоваХ.К.Фразеологизмдердіңкөркем әдебиеттеқолданылуыА.,1972

5.Аманжолов С.Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А., 1940.-145б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!