Материалдар / Қазақ тіліндегі маркетинг терминдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тіліндегі маркетинг терминдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба 11 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2024
179
0 рет жүктелген
4500 ₸
Бүгін алсаңыз
+225 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +225 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



(Мектеп атауы)





Ғылыми жоба тақырыбы:

Қазақ тіліндегі маркетинг терминдері

(оқушының аты - жөні)



Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар



Секция:Тіл білімі



Жоба жетекшісі:














ЭССЕ


Маркетинг қазіргі қоғамда үлкен маңызға ие сала. Оның терминдерін жүйелеу, біріздендіру заман талабы болып отыр. Алайда маркетинг ғылымы, терминдері туралы қазақ тілді еңбектердің жоқтығы көңіл қынжылтады.

Қазақстанға маркетингтің келгеніне 30 жылдай ғана уақыт болды. Жекелеген жоғары оқу орындары маркетолог мамандарын даярлағанымен, маркетингті ғылым ретінде зерттейтін орталықтар жоқ. Осы жағдайлар қазақ тілінде маркетинг терминдерінің дұрыс қалыптаспауына кедергісін тигізуде. Біз сол терминдерді өз табиғатымызға лайықтап дұрыс қолдана алып жүрміз бе?

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз: «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар» деген ойын айтқан еді.(М.Жолдыбаев " Қазақ тілін байытамыз// Еңбекші қазақ. 12.VIII.1926). Осы орайда, біз де терминдерді өз ыңғайымызға лайықтап қолдануымыз қажет деп ойлаймын.Себебі, маркетинг терминдерін аудармашылар өз білгендерінше қазақ тіліне аударып жүр. Ғылыми әдебиеттер мен әлеуметтік желілерде бір сөз бірнеше баламамен қолданылып жүр. Яғни, бұл аталған ғылым саласының терминдері жүйелеуді қажет ететіндігін айқындайды. Егер әр аудармашы Терминкомдағы нұсқаларға сүйенсе қазіргідей жүйесіздік болмас еді. Мысалы, бір жылдары "Адресат", "Маркетингтік статистика" деп сәтсіз аударылған терминдерді зерттей отырып, ол терминдерді "Жіберілуші мекенжай", "Маркетингтік санақ",- деп аударып көрдім.Осындай сәтсіз аудармалар маркетинг саласында жетерлік. Сол себепті,осы тақырыпқа қызығушылық білдіріп, маркетинг саласындағы сәтсіз терминдерді жинақтап, мүмкіндігінше баламасын тауып, Жамбыл облысы Тіл басқармасына ұсындым. Аударма жасау барысында,«Маркетинг негіздері» атты оқулықтардың соңында глоссарийлерге жүгіндім, кейбір терминдерінің аудармасы мен анықтамасын экономика терминдерінің сөздігінен таптым.

Ойымды қорытындылай келе, мен маркетинг - нарықтық экономика саласының қажеттілігінен туған сала екендігін біле алдым. Маркетинг терминдері- қазақ тілінің мүмкіншілігін пайдаланып, аударуды қажет ететін сөздер. Бұл саланың терминдерін жүйелеу уақыт еншісінде деп ойлаймын. Менің мақсатым- қалыптасып жатқан терминологиялық жүйелерді зерделей отырып, жаңа терминологиялық жүйені стандарттауға, біріздендіруге белгілі үлес қосу.






МАЗМҰНЫ


Кіріспе

5-6

1.

Жұмыстың зерттеу бөлігі

Теориялық бөлім


1.1

МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

7

1.2

МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДА СӘТТІ ЖӘНЕ СӘТСІЗ АУДАРЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР

13

2.

2.1

Практикалық бөлім.

МАРКЕТИНГ САЛАСЫНА ӨЗГЕРІССІЗ ШЕТ ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР ОЛАРҒА ҚОСЫМША ЖАЛҒАУ


18

2.2

МАРКЕТИНГ ТЕРМИНДЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

21


Қорытынды

26



Пайдаланылған әдебиеттер

27

Зерттеу күнделігі

Пікір















АННОТАЦИЯ

Жобада қазақ тілі лексикасының ең күрделі де бай саласы-терминологияның, оның ішіндегі маркетинг саласы терминдерін зерттеп, жаңа терминологиялық жүйені стандарттауға, жүйелеуге, біріздендіруге белгілі үлесі қосылған.

Жұмыстың мақсаты: маркетинг терминдері мен терминологиялық жүйесінің қалыптасу ерекшелігін айқындау болып табылады. Жоба үш бөлімнен - кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімнен тұрады.

Жобада қазіргі тіл біліміндегі терминжасамға қатысты теориялық базаны айқындап, маркетинг саласының қазақ тіліндегі терминологиялық жүйесін құрайтын терминдерді анықтап, жинақтаған. Аталған сала терминдерінің негізгі терминжасам амал-тәсілдерін талдай отырып, кірме терминдер мен ұлттық тіл негізінде жасалған терминдердің ара жігін ажыратып, үлес салмағын анықтап, басты ерекшеліктерін айқындап берген.


Annotation

The project has made a significant contribution to the standardization, systematization, unification of the new terminological system, studying the most complex and rich branch of the vocabulary of the Kazakh language-terminology, including the terms of the marketing industry.

The purpose of the work: to identify the specifics of the formation of marketing terms and terminology systems. The project consists of three parts - introductory,main,Final.

The project defines the theoretical basis for the development of the term in modern linguistics, defines and summarizes the terms that make up the terminology system of the marketing industry in the Kazakh language. He analyzed the main methods of term formation of the terms of this industry, distinguished the differences between the input terms and the terms created on the basis of the national language, determined the specific weight and identified the main features.














Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жұмыс қазақ тіліндегі маркетинг саласының терминологиялық жүйесінің тілдік тетіктерін зерттеуге арналған. Қазіргі таңда біздің елде әлеуметтік, қоғамдық өмірде маркетингтің тез таралуына байланысты оны жанжақты зерттеу күн тәртібінде тұр. Аталған саланың қарқынды дамуы оның терминологиялық жүйесінің кеңеюіне, сондай-ақ осы кезге дейін ұлттық тілде бар термин жасам амал-тәсілдері арқылы көптеген жаңа терминдердің қалыптасуына алып келді. Қалыптасып жатқан терминологиялық жүйелерді зерделеу өзекті мәселе болып саналады, себебі дәл қазіргі сәтте даму үстіндегі қызмет саласының терминологиясын анықтау жаңа терминологиялық жүйені стандарттауға, жүйелеуге, біріздендіруге белгілі үлес қосады.

Сонымен қатар зерттеу жұмысының өзектілігі төмендегідей бірнеше факторлармен де айқындалады:

- маркетингтің қазіргі қоғам өмірінде жоғары маңыздылыққа ие болуы;

- маркетинг терминдері мен терминологиялық жүйелерін зерттеуге арналған жұмыстардың жоқтығы;

Зерттеудің нысаны: қазақ тіліндегі маркетинг терминжүйесі.

Зерттеу жұмысының пәні: қазақ тіліндегі маркетинг терминдерінің өнімді/өнімсіз амал-тәсілдері, құрылым, қолданыс ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының материалдары: маркетинг саласындағы терминдер

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің негізгі дереккөздеріне ең алдымен лингвистикалық деректемелерді жатқызамыз: түсіндірме, түрлі терминологиялық сөздіктер. Түрлі әлеуметтік желілер мен парақшалар қолданылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – маркетинг терминдері мен терминологиялық жүйесінің қалыптасу ерекшелігін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- қазіргі тіл біліміндегі терминжасамға қатысты теориялық базаны айқындау;

- маркетинг саласының қазақ тіліндегі терминологиялық жүйесін құрайтын терминдерді анықтау, жинақтау;

- аталған сала терминдерінің негізгі терминжасам амал-тәсілдерін талдау;

- кірме терминдер мен ұлттық тіл негізінде жасалған терминдердің ара жігін ажыратып, үлес салмағын анықтап, басты ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: жинақтау, салыстыру, сипаттау, топтау әдістері қолданылды. Терминдерді жаппай іріктеу тәсілі арқылы жинақталды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізігі және практикалық бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Қорытынды: 1.Маркетинг саласын жетік меңгерген адамды маркетолог деп атайды екен. Біздің елге аталған ғылым саласы тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана нарықтық экономикамен бірге енген. Қазақстан қоғамына маркетингтің желілік маркетинг және интернет маркетинг деген екі саласы бар ал нейромаркетинг, ауромаркетинг, арналық маркетинг, телемаркетинг деген салаларын арнайы сала мамандары болмаса, көпшілік халық біле бермейді.

Маркетинг саласындағы терминдер жүйесін, олардың жасалу жолдарын қарастырмастан бұрын «маркетинг» ұғымының өзіне анықтама беріп, әлеуметтік қызметіне шолу жасауды жөн көріп отырмыз.

«Маркетинг (ағылш. marketіng —базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады» [2]. Бұл УИКИПЕДИЯ жүйесінен алған анықтаманы, қарапайым тілмен түсіндірсек, маркетингтің негізгі қызметі коммерциялық ұйымның пайдасын арттыру, тұтынушыға тауарды жеткізу болып табылады. Сондай-ақ, маркетинг саласы экономика, басқару, менеджмент, коммуникация сынды бағыттармен тығыз байланысты.

Осы арада белгілі американдық маркетолог, профессор Филип Котлердің мына бір сөзі еске түседі: «Бүкіл нарықты зерттеп, клиентің проблемасын анықтай отырып, соған бір жақсы өнім беру осыны маркетинг деп атайды. Яғни нарықтың қажеттілігін анықтау, оны сұранысқа сәйкес жасап шығару, өткізу маркетинг болып табылады» [1,15].

Маркетинг саласы қазір өте көп тармақтарға бөлініп кетті. Нейро маркетинг – ол адамның миына әсер ету арқылы заттарды сату, арома маркетинг – ол иіс сезу мүшелері арқылы адамға әсер ету, аудио маркетинг – ол музыка арқылы адамға әсер ету. Сонымен бірге, желілік маркетинг, интернет маркетинг, арналық маркетинг деген т.б. түрлері көп.








жұмыстың Зерттеу бөлігі

1.1.МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстанға маркетинг ұғымы тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикамен бірге енді. Ондаған тармақтан тұратын бұл саланың терминдері күн сайын толығып отырады. Ал аталған саланың қазақ қоғамына тереңдеп енуі тілдегі терминдер қатарының көбеюіне алып келуде. Тіптен, алғашында терминдердің көпшілігі аударылмай, сол қалпы сөздік қорға еніп жатты. Мәселен, «маркетинг» сөзінің өзі ағылшынның «marketing» сөзінен шыққан. «Marketing» сөзі «market» (нарық) және «ing» жалғауынан тұрады. Осылайша, бұл терминді қазақ тіліне «нарықтандыру» деп аударуға болады. Осыған ұқсас тағы бір сөзді «менеджмент» терминін қарастырайық. «Management» латын тілінен аударғанда, «manus» «қол» деген мағынаны береді. Қазақ тіліндегі бұл терминнің баламасы «басшылық» немесе «басқару». Бірақ бұл екі терминді де аталған ғылым саласында маркетинг, менеджмент деп сол қалпында қолданамыз.

Маркетинг саласындағы терминдердің жасалу жолдарына сипаттама беру үшін маркетингтің Қазақстанда танымал екі саласына тоқталайық.


Shape1


Алдымен баршамыз білетін, жетік түсінетін желілік маркетинг терминдеріне шолу жасайық. Желілік маркетингте сатып алушылар дистрибьютор бола отырып, тауарларды өздері сата алады. Желілік маркетингтегі терминдер негізінен сатушылардың қызметімен және олардың компания ішіндегі қатынастарымен байланысты. Мысалы, «дистрибьюторлық желі», «артық кіріс», «шығын», «табыс» және т.б. Желілік маркетинг терминдері анықтамасымен:

Нарық сегменті - мақсатты аудитория бөлінетін топтар. Олар ұқсас сипаттамаларға немесе мінез-құлыққа негізделген.

Стратегия - ұйымның мақсаттары мен оларға жету жоспарларын сипаттайтын кешенді жоспар.

Тактика дегеніміз - мақсатқа жету үшін қолданылатын маркетингтік күш-жігер. Бұл стратегияда көрсетілген мақсаттарға жетудің нақты және егжей-тегжейлі әдістері.

Мақсатты аудитория - маркетинг тобы олардың өнімді немесе қызметті сатып алуды ықтимал деп шешкендіктен, ұйымға бағытталған адамдар тобы. Маркетингтік мақсат - бизнестің басты мақсаты, сапалық және сандық көрсеткіштер, оларды белгілі бір уақыт аралығында іске асыру маркетингтік науқанның мазмұнын белгілейді [2].

Интернет-маркетинг (ағылш. Internet marketing) — клиенттерге өнімді немесе қызметті сату және олармен қарым-қатынасты басқару мақсатында интернет желісіндегі дәстүрлі маркетингтің барлық аспектілерін пайдалану тәжірибесі.

Internet Marketing әлеуметтік желілердегі ілгерілету (SMM), cайтты іздеу жүйесінде оңтайландыру (SEO), электрондық пошта маркетингі, іздеу жүйесіндегі маркетинг (SEM), кіріс маркетингі, серіктестік маркетингі және басқа да түрлерді қамтиды.

Интернет-маркетинг кешенінің негізгі элементтері:

Тауар (Product) - Интернет арқылы сатылатын нәрсе. Ол басқа сайттармен ғана емес, дәстүрлі дүкендермен де бәсекелеседі.

Price - Интернеттегі баға шығындарды үнемдеудің арқасында дүкендегі бағаға қарағанда төмен деген болжам бар.

Promotion (Promotion) - желідегі брендтер немесе өнімдердің жылжытылуына арналған іс-шаралар жиынтығы. Бұл құралдардың үлкен арсеналын (іздеу, оңтайландыру, мәнмәтіндік жарнама, баннер хабарландырулар, электрондық пошта маркетингі, аффилиирленген маркетинг, вирустық маркетинг, жасырын маркетинг, интерактивті жарнама, блоггинг және т.б.) қамтиды.

Сату орыны (Place) - сату нүктесі, сатып алу кезінде өзара әрекеттесудің онлайн-маркетинг нүктесі (мысалы, сайт, үй иесі, жарнама, әлеуметтік желідегі топ және т.б.). Мақсатты аудиториямен дұрыс таңдалған байланыс нүктесі және сатушымен байланыс ыңғайлы болуы маңызды рөл атқарады. Жиі бұл аспект компанияның бәсекеге қабілетті ұсынысы болса да жақсы сатуға мүмкіндік бермейді.

Интернет-маркетинг жүйесі мынадай элементтерді қамтиды:

  • Медиялық жарнама

  • Мәнмәтіндік жарнама

  • Жалпы алғанда іздеу маркетингі және атап айтқанда, SEO

  • Әлеуметтік желілерде алға жылжыту: SMO (сайтты әлеуметтік желілерге оңтайландыру) және SMM

  • Электронды поштаRSS және т.б. арқылы тікелей маркетинг.

  • Вирустық маркетинг

  • Партизандық маркетинг

  • Интернет-брендинг

  • Электрондық пошта маркетингі

  • Мазмұнды маркетинг [2].

Бұл туралы соңғында айтылады.

Сонымен бірге, осы мысалдардан маркетингте гибрид терминдердің де жиі кездесетінін байқауға болады. Мәселен, медиялық жарнама, желілік маркетинг, дистрибьюторлық желі, нарық сегменті, мазмұнды маркетинг және т.б. Бір бөлігі өзге тілден алмасқан, ал өзге бөлігі қабылдаушы тілге аударылған немесе байырғы сөз болып келетін будан терминдер маркетингтің әрбір саласында көптеп кездеседі.

Басқа тілге жартылай немесе толықтай аударылмайтын, аударылатын тілде нақты баламасы жоқ белгілі бір тілдің терминдері де маркетингте баршылық. Мұндай терминдерді тіл білімінде баламасыз терминдер дейді. Бұларға вирустық маркетинг, онлайн-маркетинг, тактика, стратегия терминдерін жатқызуға болады. Мүлде аударуға келмейтін терминдермен қатар, араға уақыт салып барып баламасын табуға болатын атаулар да болады. Терминдердің мұндай түрін «уақытша баламасыз термин» деп атайды. Уақытша баламасыз терминге «мәнмәтіндік жарнама» терминін мысалға келтіруге болады. «Контекст» термині соңғы жылдары ғана «мәнмәтін» деген аудармаға ие болып жүр. Жалпы бұл терминнің қолданыс аясы кең. Маркетингтен басқа лингвистика, публицистика, экономика, коммуникация салаларында «контекст» терминін кездестіруге болады. Бұрын маркетингте «контекстік жарнама» деп аударылып жүрген терминді қазір көбіне «мәнмәтіндік жарнама» деп аударады. «Контекст» немесе «мәнмәтін» салааралық термин болып табылады. Маркетинг терминдері көбіне экономика саласына да қызмет етіп жатады. Бұған себеп маркетинг ғылым ретінде нарықтық экономиканың қажеттілігінен туындаған сала болуында.

Негізгі түбірі сақталып, шет тілдерден енген, қазақ тілінің қосымшалары жалғанған сөздер де баршылық. Тілде мұндай ұғымдардың мәнін толық ашып көрсететін сөздер, атаулар болмаған жағдайда, оларды тілдің дыбыстық заңдылықтары бойынша, емле ережелеріне сәйкестендіріп, өзгертіп, бейімдеп (қазақыландырып) алуға тырысу байқалады. Мысалы: медиялық жарнама, партизандық маркетинг, электрондық пошта, вирустық маркетинг. Бұл сөздердегі –лық, -дық жұрнақтары қазақ тілінде терминжасамдағы өнімді қосымшалар болып есептеледі. Shape2

Қазақ тілінде терминжасамда жиі қолданылатын әдіс – калькалау. Калька жолымен аудару барысында төл тіліміздегі бұрыннан бар сөздердің жаңа сөздерге балама ретінде жұмсалып, терминдік мәнге ие болуы. Олардың ерекшелігі – табиғи терминдермен салыстырғанда аудармаға қатыстылығы. Бұл жөнінде Ә. Қайдар «Калькирование является одним из ведущих и продуктивных способов образования новых терминов в казахском языке. Терминологические кальки по своему характеру делятся на два типа: смысловые и структурно-смысловые» [3; 36] деп калькалау тәсіліне сипаттама береді. Маркетинг саласында калька жолымен жасалған терминдер қатарын екіге бөлуге болады.

Дара терминдер: талдау (анализ), кіріс (доход), хабарландыру (объявление), іздеу (поиск), тұтынушы (потребитель), сату (продажа).

Күрделі терминдер: мақсатты аудитория (целевая аудитория), әлеуметтік желі (социальная сеть), құпия сатып алушы (тайный покуппатель).

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған терминдерде жетерлік.

Қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы сөзжасау 20-30 жылдары жедел дамығаны белгілі. Сөзжасамның бұл тәсілі алғаш А. Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Е.И. Шипова, Ғ. Қалиев еңбектерінде зерттелінді. Соңғы жылдары осы мәселеге арналған А. Салқынбайдың тарихи сөзжасам, яғни сөздік құрамның бүкіл негізін құрайтын туынды сөздердің жасалуы мен тарихи қалыптасу, даму заңдылықтарын айқындап беретін зерттеуінің маңызы зор.

Терминологиялық сөзжасам жай сөзжасамға қарағанда күрделі процесс. Егер жай сөзжасамда сөзжасаудың белгілі бір тәсілін пайдаланумен шектелсе, термин үшін терминдік атаудың сөздік мәнін ашу, яғни ұғымға анықтама беру қажет.

Сөзжасамның морфологиялық тәсілі деп түбір сөзге түрлі жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасауды айтамыз. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған терминдерге профессор Б.Қалиевтің ізімен тек түбірге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды түбірлерді ғана емес, сонымен бірге екі түбірдің бірігуінен, кірігуінен және қосарлануынан жасалған терминдерді жатқызады. Белгілі ғалым А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған терминдері дәлелдейді. Мәселен, буыншы, бастауыш, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен жасалған.

Морфологиялық тәсілмен жасалған терминжасамның маркетинг саласындағы ең өнімді түрі – түбірге жұрнақтардың қосылуы арқылы жасалуы. Кейбір лингвистикалық еңбектерде бұл тәсілді «аффикстік тәсіл» деп атайды. Бұл тәсіл арқылы туындайтын сөздер екі бірліктің қатысуымен жасалады. Олар лексикалық мағыналы сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Басқаша былай өрнектеп көрсетуге болады:

Лексикалық мағыналы сөз + сөзжасамдық жұрнақ = туынды cөз


1

ғыш, гіш

бейімдегіш

2

қыш, кіш

көрсеткіш

3

лық, лік

аралық,

4

дық, тық

ақпараттық, электрондық

5

ыш, іш

санауыш, сілтеуіш

6

ым

басылым

7

шы, ші

жорамалдаушы, қолданушы



Қысқасы, морфологиялық жолмен жасалған терминдер қазіргі қазақ тіліндегі информатика терминдері жүйесінен елеулі орын алады. Бұл–қосымша арқылы сөз жасаудың термин шығармашылығы негізгі көз екендігімен түсіндіріледі.

Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған терминдер.

Қазіргі қазақ тілінде терминжасаудың үлгілері мол. Солардың бірі – сөздерді тіркестіру арқылы термин жасау. Маркетинг саласында тіркесу арқылы жасалған терминдер дара терминдерден әлдеқайда басым екенін байқауға болады. 70-жылдары жазылған М.И.Макованың ғылыми мақаласында ағылшын тіліндегі сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер терминологияның 70 пайызын құрайтынын көрсетсе, З.М. Осипенко кандидаттық диссертациясында орыс терминологиясындағы тіркесті терминдердің терминқордың 62-77 пайызын құрайды деп көрсетеді. В.Н.Прохорованың да орыс тіліндегі синтаксистік жолмен жасалған терминдер туралы пікірі сол алдыңғы ғалымның тұжырымын растай түседі. Ол «Терминжасамда синтаксистік тәсіл өте белсенді түрде жұмсалады. Орыс тіліндегі термин жасаудың бұл дәстүрлі тәсілі қазір де ең өнімді тәсілдердің бірі болып табылады» – деп көрсетеді [4, 20].

Бұл тәсіл қазақ тілінде де өнімділігімен ерекшеленеді. Олай болуының себептері арнайы зерттеуді қажет етеді. Алайда кейбір себептері туралы қазірдің өзінде айтуға болады деп ойлаймыз. Бір себебі – біздің терминологиялық лексикамыздың құрамындағы көп компонентті терминдердің басым бөлігі орыс тілінен тікелей аударылып алынған. Оған кез келген арнаулы саланың терминологиясынан мысал келтіруге болады. Терминологияда бір арнаулы ұғымның екіншісімен түрлі байланысын көрсететін, тегі бір ұғымдардың түрлерін білдіретін атаулар жиі ұшырасады. Әдетте ондай атауларды бір сөзбен беру оңай бола бермейді. Сондықтан екінші бір себебі – түр атаулары болып келетін терминдер логикалық жүйеге сәйкес ұғым мазмұнын дәл беру мақсатымен көп сыңарлы болады. Тек терминологияда емес, қазақтың жалпыхалықтық тілінде де сөзтіркесімнің өнімді тәсіл болғандығын сөзжасам саласын зерттеген тіл мамандары атап көрсетеді. Сөзтіркесім – жаңа сөз жасаудың ең өнімді жолы. Қазақ тілінде зат немесе құбылыстың атын тіркестіріп атау жиі ұшырайды. Бұл сөздер аталым дәрежесіне жеткен сөздер. Егер сөз тіркесі лексикалық тұтастыққа айналып, аталым дәрежесіне ие болса сөз тіркесі қызметін тоқтатады. Мұндағы басты қасиет – ұғымның атауы дәрежесіне жетуі. Маркетинг терминдерінің басым көпшілігі осы тәсіл арқылы жасалады. Мысалы, деректер базасыақпараттық жүйе, басқару құрылғысы, операциялық жүйе, сақтау құрылғысы, электрондық пошта, электронды мәліметтерді өңдеу.

Қорыта келгенде, маркетинг қазіргі қоғамда үлкен маңызға ие сала. Оның терминдерін жүйелеу, біріздендіру заман талабы болып отыр. Алайда аталған сала терминдерін қарастыратын арнайы еңбектердің жоқтығы көңіл қынжылтады. Маркетинг ғылымы туралы қазақ тілді еңбектердің өзі жоқтың қасы. Маркетинг дамыған елдерде бір ғасыр бойы қызмет етіп келеді, дамып келеді. Қазақстанға маркетингтің келгеніне 30 жылдай ғана уақыт болды. Жекелеген жоғары оқу орындары маркетолог мамандарын даярлағанымен, маркетингті ғылым ретінде зерттейтін орталықтар жоқ. Міне, осы жағдайлар қазақ тілінде маркетинг терминдерінің дұрыс қалыптасуына кедергісін тигізіп жатыр. Маркетинг терминдерінің көпшілігі ағылшын тілінен, сондай-ақ латын тілінен енгенін байқауға болады. Бұған себеп аталған ғылымның АҚШ-та қалыптасуы болып табылады. Маркетинг терминдерін аудармашылар өз білгендерінше қазақ тіліне аударып, нәтижесінде бір терминнің бірнеше баламасы пайда болуда, жөнсіз аудармаларда ғаламтор желісін шарлап жүр. Мысалы «тайный покупатель» термині әлі өзінің нақты қазақ тіліндегі баламасын таппады. Кейбірі «құпия сатып алушы», кейбірі «жасырын сатып алушы», кейбірі ағылшын тіліндегі нұсқасын қолданып жүр, бірізділік жоқ. Осындай олқылықтарды реттеу күн тәртібінде тұр.






1.2.МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДА СӘТТІ ЖӘНЕ СӘТСІЗ АУДАРЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР

Термин мәселесі – күн тәртібінде тұрған, өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі. Әсіресе олардың бірізділігі, шет тілінен аударылуы сияқты мәселелер әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Елімізде тіл мамандарының, ғалымдарымыздың терминдердің қалыптасуы жайлы түрлі зерттеу жұ­мыстары жоқ емес, бар. Бірақ сол жұмыстар бір жүйеге келтірілсе, әлі де тереңірек зерттеле түссе деген тілек басым. Өйткені термин – тілімізбен бірге дамып, үздіксіз қозғалыста болатын тірі ағза іспетті.

Академик Ә. Қайдар аталған мәселеге қатысты: «Терминнің бәрі – сөз, ал сөздің бәрі – термин емес» [3; 45] депті. Айтса, айтқандай, бір жылдары «балкон» сөзі – «қылтима», «фонтан» – «шаптырма» болып аударылды. Бірақ бұл аудармалар таразыға салынып, Мемлекеттік терминология коммиссиясында бекітілмеді. Осындай сәтсіз аудармалар маркетинг саласында да жетерлік.

Маркетинг терминологиясын ретке келтіруде кедергі жасайтын мәселелерді атауға болады: терминологиялық жұмыстарды жүргізудің негізгі бағыт-бағдары, терминқор қалыптастырудың ғылыми қағидаттары айқын емес. Терминологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде белгілі бір баршаға ортақ ұстанымдар мен қағидаттар басшылыққа алына бермейді немесе оларды жауапты құрылымдар мен осы жұмысқа жетекшілік етушілер қалауына қарай өздері белгілейді, жиі өзгертіп алады. Терминге, терминологияға бұлай қарау – бұл саладағы жұмыстың жолға қойылмағандығын, істің ғылыми, кәсіби тұрғыдан тиісті деңгейде жүргізілмей отырғанын көрсетеді. Соның салдарынан тұрақты қолданылатын ұлттық ғылыми терминологиялық қор қалыптасып, толық орнықпай отыр. Ұлт тілінде жасалған терминдердің сапасын анықтап, олардың арасынан ғылыми ұғымды дәл беретін, тілдік нормаға сай сәтті жасалғандарын уақтылы сұрыптап, іріктеп алу жолға қойылмаған. Соның салдарынан түрлі факторлар әсерінен терминге қойылатын талаптарға сай жасалған нұсқа таңдалмай, сәтсіз жасалған атаулар қолданысқа еніп, ресми бекітіліп кетіп жатады. Терминдерді ресми бекітуге ұсыну мен бекіту, сондай-ақ олардың қолданысын орнықтыру жұмысында жүйелілік, сабақтастық жетіспейді. 90-жылдардан бастап терминқорымыздың ұлттық сипатын арттыру мақсатында кезінде орыс тілінен аударылмай өзгеріссіз қабылданған көптеген терминдердің қазақша баламалары жасалып, қолданысқа енгізілді. Олар жұртшылық санасына сіңіп, тілдегі қолданысы енді тұрақтай бастағанда сондай орынға бастаған атаулардың бірқатары қайта қаралып, бастапқы қалпына келтірілді. Мысалы: аукцион (90-жылдарға дейін) – бәссауда (2009) – аукцион (2014), процент (90-жылдарға дейін) – пайыз (2000) – процент (2018), принцип (90-жылдарға дейін) – қағидат (2000) – принцип (2014) және т.б. Иә, терминдерді жүйелеп, жетілдіріп, талаптарға жауап бермейтіндерін алмастырып отыру үздіксіз атқарылатын, ешқашан тоқталмауға тиіс жұмыс. Қатып қалған ешнәрсе жоқ. Термин шығармашылығы да жанды процесс. Бір бекіткен терминді өмірбақи солай қолдану қажет деп отырған жоқпыз. Бірақ айналдырған 15-20 жылдың ішінде бір терминді екі-үш рет қайта бекіту деген – мүлде ақылға сыйымсыз тірлік. Кеткен кемшіліктерді түзету, сәтсіз жасалған терминдердің орнын жаңа баламалармен алмастырылуы орынды. Алайда осылай әр он-он бес жыл сайын терминдерді қайта-қайта бекітіп, жиі-жиі өзгертіле берсе, ғылым тілінің, салалық терминдер жүйесінің орнығуын, терминдердің тұрақты қолданылуын қамтамасыз ете алмайды екен.

Маркетингтегі сәтті және сәтсіз терминдерді анықтау үшін Филип Котлер мен Гари Армсторнгтің «Маркетинг негіздері» атты қазақ тіліне аударылған оқулығындағы терминдер қаралды.

Оқулықтағы сәтсіз аудармаларды тізіп көрейік: бәсекелесті ортаға қоятын компания - competitor-centered company  (менің нұсқам: бәсекелеске мән беретін компания), көпес көтерме саудагер (көпес пен саудагер мағыналас сөздер, менің нұсқам: тәуелсіз көтерме сауда), қоймадан алатындар клубы (менің нұсқам: қоймадан алатындар тобы), қызметтің материалдық еместігі (материалды емес қызмет), нарықты ортаға қоятын компания (нарықты назарда ұстайтын компания).

Бәсекелесті ортаға қоятын компания - competitor-centered company бәсекелестердің әрекеттеріне сүйенетін компания. Оқулық ағылшын тілінен аударылған болғандықтан болар, мұндай сөзбе сөз аудармалар жетерлік. Ағылшын тілінен аударғанда «centered» ортаға алу, ортасы деген мағынаны береді. Менің ойымша, «бәсекелеске мән беретін компания» деп алсақ қазақшалау болатын секілді.

«Көпес көтерме саудагер» сөздері өзара тіркеспейтін, мағынасы көмескі термин пайда болды. Көпес дегеніміз орыстың «купец» сөзінен шыққан, жекеменшік сауда орталығы бар адам, «саудагерде» осы сөзге мағыналас сөз. Сондықтан бұл термин ағылшын тіліндегі терминнің мағынасын ашпақ түгілі, қазақ тілінің өзінде белгілі бір мәні, мағынасы жоқ тіркес болып тұр. «Қоймадан алатындар клубы» термині, яғни тауарды қоймадан көтерме бағада алатын адамдар. Бұл жерде терминді толық қазақ тіліне аударып, «клуб» деген сөзді «топ» деген сөзге алмастырсақ, мағынасы өзгере қоймайды. Бұл жерде «клуб» дегеніміз - мақсаттары бір адамдардың тобы. «Қызметтің материалдық еместігі» деген терминді «материалды емес қызмет» деп ықшамдасақ, дұрысырақ болатын сияқты. «Нарықты ортаға қоятын компания» тағы да сөзбе сөз аударманың кесірінен қазақ тілінің заңдылықтары ескерілмей отыр. «Нарықты назарда ұстайтын компания» десек, құлаққа жағымдырақ естіледі.

«Категория жоюшылар» (category killer) – белгілі бір өнім желісінің бай ассортиментін ұсынатын ірі арнайы дүкен. Мұндағы «category killer» - ағылшын тіліндегі сленг сөз. Сленг дегеніміз – белгілі бір топқа түсінікті, белгілі бір тілге тән жаргон сөздер. «Category killer» сленгіне орыс тіліннің маркетинг саласының терминдері сөздігінде «дешевый специализированный магазин» деген мағыналық аударма берілген. Қазақ тілінде бұл терминге калькалау арқылы тікелей аударма жасалғанын көруге болады. Бұл терминді мен «көтерме арнайы дүкен» деп аударуды ұсынар едім.

«Нарықтан «қаймақ алу үшін» баға белгілеу» термині (компанияның тауарды аз өндіріп, қымбат бағада сатуы) де бар екен. Қазақ тілді адам үшін мағынасы көмескі өзара байланыспайтын тіркес секілді көрінеді. Ағылшынша «market skimming pricing» деген терминнің қазақ тіліндегі баламасы. Мұнда қаймақтың не қатысы бар деген сұрақ баршаңызда туындайтыны рас. Бұл термин орыс тілінде «снятие сливок» деп аударылған екен, терминдегі қаймақ сөзі осыдан шыққан болуы керек. Бұл терминді әлі де пысықтау қажет сияқты. «Жаңа тауарға жоғары баға», «тауарды қымбатқа бағалау» сынды нұсқалар әлдеқайда түсінікті әрі ықшамдау көрінеді.

Теориялық шешімі айқындалған терминжасамның қазіргі кезде алдында тұрған бір мәселе тілімізде бар сөздердің терминдерге айналуына жол ашу. Кез келген сөз қолданылу белсенділігі артқан сайын мағыналық жағынан дамып, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Сондықтан, жергілікті аймақтарға тән немесе көнерген сөздер деп қарамай, сөздердің мағынасындағы түрлі ақпараттарды зерттей отырып, жаңа заман талаптарына бейімдеу аса маңызды міндет болып табылады. Тілдегі сөздердің жаңғырып, жаңаша түлеуі оның ақпараттық кеңістігіндегі барша дифференциалды семантикалық кеңістікті тереңірек тануға арналған зерттеулерге байланысты. Сөздің ақпараттық мүмкіндігінің көрсеткіші – семалардың ерекшеліктері неғұрлым айқындалған сайын қолданыс аясы да кеңейе бермек. А.Байтұрсынұлы тілдің ішкі мүмкіндігін сарқа пайдалану туралы айтқанда осы жайтты ескерген болса керек. Міне осындай тілдің ішкі мүмкіндігін сарқа пайдаланудың негізінде қалыптасқан сәтті терминдерде оқулықта кездеседі. Мәселен, Айырбас – қайтарымына әлдене ұсынып, өзіңе қажет затты алу әрекеті.  Саяздық – компания ұсынатын өнімдері беретін артықшылықтары мен тәжірибеден гөрі сол өнімдердің өзіне көп көңіл бөліп қателесуі. Оқулықта аймақ бойынша баға белгілеу, айнымалы шығын, айрықша тауар, қажеттілікті мойындау, құнды ұсыныс, қарсылықты еңсеру, мақсатты шығын, нарықта бәсекеге шақырушы, және т.б. ықшам әрі қазақ тілі грамматикасының заңдылықтарын сақтай отырып жасалған, терминнің мәнін ашатын тіркесу арқылы жасалған сөз тіркестері жеткілікті.

Маркетинг саласындағы сәтті терминдердің көпшілігі жұрнақ жалғау арқылы да жасалған:

-шы/-ші: тапсырыс беруші, сатушы, бәсекеге шақырушы, тұтынушы, сатып алушы т.б.

-м, -ым/-ім: әзірленім, басылым, жөнелтім, көрсетілім, өсім, салым, төлем, ұстаным, т.б.

-лық/лік, -дық/дік, -тық/тік: біртектілік, құндылық, серіктестік, бәсекелестік, ықпалдастық, іскерлік, т.б.

-нама/-дама: дерекнама, жаднама, жарнама, сауалнама т.б.

-ыс/-іс: ұсыныс, тапсырыс, тексеріс, үдеріс, т.б.

Соңғы жылдары аударылған немесе жасалынған терминдердің көпшілігі тілімізге сіңісіп кетті, ал кейбірі жалпы қолданысқа түсе алмады. Ағымдағы жылы Елбасы бас болып, жалпы қазақ қоғамы мен Терминком қостап бұрынғы, кейбір терминдердің халықаралық атауын қайта қайтару жайы сөз болуда. Бұған байланысты «Терминком kz» порталының мәліметі мынадай:

- 1971-1991 жылдары бекітілген терминдер саны – 2748 (оның ішінде шет тілдік атауы сақталғаны – 41.0 %, қазақ тіліне аударылғаны – 19.7 %, шет тілі және қазақ тілі сөзінің араласқаны – 39.3 %

- 1992-2016 жылдар аралығында бекітілген терминдер саны – 15963 (оның ішінде шет тілді атауы сақталғаны – 35.3 %, қазақ тіліне аударылғаны – 23.3 %, шет тілі және қазақ тілі сөзінің араласқаны – 41.4%;




- тек соңғы жылдары терминком 8000 мың жаңа термин бекіткен [5].

Терминкомда 2018 жылы аудармасы бекітілген маркетинг терминдерін назарларыңызға ұсынамын:

қолдаушы маркетинг маркетинг поддерживающий

сынама маркетинг маркетинг пробный

дамытушы маркетинг маркетинг развивающий

маркетинг жүйесі система маркетинга

маркетинг делдалдары посредники маркетинговые

мақсатты маркетинг маркетинг целевой

маркетинг тұжырымдамасы концепция маркетинга

маркетингтік ақпараттық жүйе маркетинговая информационная система

маркетингілік іс-шараны жоспарлау және өткізу планирование и проведение маркетингового мероприятия

маркетингілік науқанды жоспарлау планирование маркетинговой кампании

маркетингтік негіздеудің қалыбы шаблон маркетингового обоснования

Бұл терминдерді сәтті аудармалар қатарына жатқызуға болады. «Маркетинг негіздері» оқулығында түпнұсқада ағылшын тілінен аударма жасалса, Терминком терминдерді делдал тіл орыс тіліндегі терминдерден аударма жасаған.

Тiл жүйелi құбылыс ретiнде реттеудi, тiптi оның дамуын жоспарлауды қажет ететiн құбылыс. Сондықтан термин қалыптастыру iсi де бiр күнде бола қоймайтын, бiр күнде аударыла салмайтын iс. Ол жоспарлы, саналы түрде жүзеге асатын құбылыс. Бiр кезде тiл-тiлдердi жаулап алған кiрме терминдер де жоспарлы түрде енгiзiлгенi белгiлi. Олай болса, қазақ тiлiнде де термин жасап, оны қалыптастыруға, аударуға, жоспарлы түрде ретке келтiруге болады. Бұған дәлел ретінде алаш зиялыларының терминжасау тәжірибесін айтуымызға болады. Мысалы, А.Байтұрсынұлы жасаған бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, жұрнақ, жалғау, есімше, көсемше т.б., Х. Досмұхамедұлының  жүйке жүйесіжүйке түйініжүйке тұтқасықозғалғыш жүйкеқозусезім жүйке т.б. терминдерінің өміршеңдігі дәлел болады.

Терминдердiң аударылмауын көздейтiн көзқарастағылар «халықаралық» термин ұғымын алға тартады. Халықаралық терминдер барлық тілдерде бар, олар ортақ, сондықтан аударуға болмайды, аударсақ, ғылым мен техникадан кенде қаламыз, әлемдік өркениетке ене алмаймыз деген негізсіз уәж айтады. Шын мәнінде халықаралық терминдерге төркіні тек грек-латын тілдерінен шыққан сөздер ғана жатқызылады екен. Ал маркетинг саласына еніп жатқан терминдер көбіне ағылшын тілінен немесе дел дал тіл орыс тілінен алынған. Сондықтан бұл салада сәтті болсын, сәтсіз болсын, терминдерді аудару үрдісін тоқтатпау қажет. Уақыт өте ол терминдердің ішінде сәттілері ала зиялылар енгізген терминдер секілді өміршең терминдерге айналады.

Практикалық бөлім

2.1.МАРКЕТИНГ САЛАСЫНА ӨЗГЕРІССІЗ ШЕТ ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР. ОЛАРҒА ҚОСЫМША ЖАЛҒАУ

Тіл адамзатпен бірге пайда болып, адамзатпен бірге өсіп-өркендейтін болғандықтан, оның даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қоғам өмірінде болатын құбылыстардың барлығы тілден көрініс тауып, тіл арқылы болашақ ұрпаққа жетеді. Кез келген тілдің қоғамда қызмет етуінің алғышарты - ол ғылым тілі қызметін атқару болып табылады. Ал ғылым тілінің өзегі – терминдер екені бәрімізге аян. Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы терминдердің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіншілік жасап отыр. Терминологияның маңыздылығы тіліміздегі терминдердің дұрыс жасалуымен, оның реттілігімен, тұрақтылығымен, ертеңгі болашағын қанағаттандыра алатын әлеуетімен анықталса керек. Олай болса, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың басты жолы - оның ғылыми терминдерін жасау, оларды ретке келтіру, жүйеге түсіру және оны қолданысқа енгізу.

Қазіргі кірме сөздер, терминдер мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналғанын жан-жақты көріп отырмыз. Ғалымдар А.А. Белецкий, В.В. Акуленко пікірінше, қандай сөз бол­масын кірме терминдер болу кеңінен тараған әлемдік бір-бірімен туыстық жақындығы жоқ тілдерде қолданылуы тиіс екен. Терминтанушы Ю.А. Бельчиков жоғарыдағы пікірді қолдай отырып, кірме терминдердің кем дегенде бір-бірімен туыстық жақындығы жоқ тілдердің ғылым, техника, экономика, әдебиет, өнер т.с.с. салаларда қолданылуы деп есептейді. Кірме терминология – әрбір кірген тілдің халықаралық лексикалық қоры. Оған құрамында ең кемінде үш бір-бірімен туыстық жа­қындығы жоқ тілдердегі жазылуы, айтылуы, лексикалық мағынасы бір сөздер жатады. Кірме терминдердің кіруі, қалыптасуы, орнығуы жеңіл мәселе емес. Ол көп жағдайларға байланысты, айталық, өмір қажеттілігі, баламасының болмауы т.б. Қазақ тілінің маркетинг терминдері құрамында кірме сөздер аз емес. Ағылшын тілі арқылы кірген маркетингке енген шетел терминдері өзгеріссіз алынады. Төменде солардың біразын мағыналары: Алгоритм, орыс. алгоритм (ағылш. algorіthm, algorіsmus «алгоритм») — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп – қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Агент – орыс. агент (лат. agens (agent) «белсенді, тексеруші») – кезкелген коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымның қызметкері, оның өкілі және әртүрлі іскерлік тапсырмаларды орындайтын, жарнамалық уақытты, жарнама алаңдарын, маркетингтік келісімшарттарды, PR – науқандарды сатумен айналысатын маман. Аккредитив – есеп айырысу тәсілдерінің бірі. Актив орыс. актив – белгілі бір күнге ұйым мүлкінің құрамы мен құнын көрсететін баланстың бөлігі (сол жағы); заңды тұлғаға немесе кәсіпкерге тиесілі мүліктің жиынтығы.

Кірме терминдер дыбыстық құрамы, тұлғалануы мен дыбысталуы жағынан төл терминдерден ерекшеленіп, оқшауланып тұрады. Бұл туралы қазақ ғалымдары не дейді шолу жасап көрейік. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделінбей қабылданғандықтан, олар үндестік заңына бағынбай жұмсалады. Тілімізге кірме сөздерді қабылдау мен қолдану, оларды орфографиялық нормаларымызға сәйкес жазу мәселесі бір ғасыр бойы күн тәртібінен түспей келеді. Себебі, интернационалдық (халықаралық) терминдерді өзгертпей қабылдау – өз тіліміздің мүмкіндігін шектеу деген сөз. Ол туралы академик Ә. Қайдаров «Тіл-тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдарының бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған. Бұл салада біз Қытай, Жапон, т.б. халықтарды жақсы білеміз» [3; 37], – дейді.

ХХ ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар» [6] десе, Халел Досмұхамедұлы «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін, сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе, жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді» [6] деп, оларды тілімізге икемдеп қолданды. Кейін Алаш зиялылар салған сара жолдан тайып, біз кірме сөздерді тура сол қалпында қабылдауға көштік.   Әлі күнге дейін қазақ қоғамында «Өзге тіл сөздерін өзгертпей алғаннан тілге келер зиян жоқ, олар сөздік қорымызды байытады» деген пікір басым. Бұрын орыс тілінің сөздерін қаз қалпында қабылдасақ, енді ағылшын тіліндегі сөздерді де тура солай қабылдап жатырмыз. Бұған бүгін қарастырып отырған маркетинг саласындағы терминдер дәлел.

2017 жылы Терминком бекіткен маркетинг саласындағы кірме сөздер: конверсиялық маркетинг, дифференцияланған маркетинг, макромаркетинг, демаркетинг, рейтинг, ремаркетинг, банк маркетингі, операциялық маркетинг, маркетинг-микс, тренинг, телемаркетинг, брокер, дискаунт, консюмеризм, брендинг, оффер, трафик, хештег, арбитраж, биллинг, лендинг, прелендинг, стиль, спам, шоуруминг, фетиш, франшиза, экспорт, миссия, минимаркет, мотив, процесс т.б.

Қарап отырсақ, қазақ тілінің заңдылықтарына, оның ішінде сингорманизим заңдылықтарына мүлде бағынбайды. Ағылшын терминдерін орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес қабылдап алып жатырмыз. Макромаркетинг, демаркетинг, ремаркетинг, банк маркетингі, телемаркетинг дегендердің барлығы маркетингтің тармақтары мен салалары болып табылады.

Ғаламторды немесе кез келген газет-журналды ашып қалсаң, шет тілден енген терминдерге жалғанған қосымшалардың қатесінен көз сүрінеді. Көпшілік қауым қазақ тілінің орфографиялық сөздігін ашып қарамайтын да сияқты, қазақ тілінің сингорманизм заңын ұмыт қалдырғандай. Тіптен маркетинг саласы бойынша жазылған Ф. Котлер мен Г. Армстронг «Маркетинг негіздері», С. Тойкин «Маркетинг негіздері» оқулығында кірме сөздерге қосымшалар қате жалғанғанын көруге болады. Сондықтан маркетинг саласындағы кірме сөздерге қосымша жалғау ережесіне де тоқталуды жөн көрдім.

1) сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк, вт дыбыстарына біткен есім сөздердің соңғы әріптері түсіріліп жазылуы керек: турист емес, турис, фантаст емес, фантас, грамм емес, грам т.с.с. А. Байтұрсынұлы, Е.Омаров т.с.с. ғалымдардың еңбектерінде термин сөздердің тұлғасын қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес дұрыс жазуда қосымша жалғап тексеру әдісі қолданылған. Ол әдісті қазіргі кезде де пайдалануға болады. сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк, вт дыбыстарына біткен есім сөздерге қосымша жалғанғанда да соңғы әріптері түсіп қалады:  экономист – экономиске, экономисі; процесс – процесі, процеске т.с.с.

2) ск, кт, фт дыбыстарына біткен сөздердің соңына ы, і дәнекер дыбыстарын қосылып жазылуы керек.  Себебі ол сөздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады: объектіге, объектісі, фактісі, фактіге, деффектіге, деффектісі т.с.с.

3) Орфографиялық анықтағыштың соңындағы ережеде сөздің соңы нг дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшаның әрдайым жіңішке жалғанатыны туралы айтылған. Брифинг, брифингіге, брифингісі;  макромаркетинг, макромаркетингіге,макромаркетингісі; микромаркетинг,микромаркетингіге, микромаркетингісі;  мониторинг, мониторингіге, мониторингісі.

Шет тілден енген сөздердің соңындағы нг дыбысының орнына қазақ тіліндегі ң дыбысын таңбаласақ дұрысырақ болатын сияқты:  Себебі ағылшын тіліндегі түпнұсқада нг дыбыс тіркесі емес, ң дыбысы. Ол транскрипциядан да анық көрінеді: сленг – slæŋ, рейтинг  –  ˈreɪ.tɪŋ, тренинг  – ˈtreɪnɪŋ, маркетинг  – ˈmɑːkɪtɪŋ т.с.с. Алайда орыс тілінде ң дыбысы болмағандықтан, нг тіркесімен берілген. Бұл сөздерді делдал тілдегі өзгеріске түскен қалпында емес, түпнұсқадағы қалпына жақын етіп алуға болады.

4) -ог/-уг, -ок/-ук буынына біткен сөздерге қосымшаның жалғануы: маркетолог, маркетологі, маркетологқа блок, блокқа, блогы, пролог, прологке, прологі, текстолог, текстологке, текстологі.

5) Соңында жіңішкелік белгісі бар, орыс тілінен енген терминдерге жіңішке қосымшалар жалғанады: стиль, стилі, стильдік [7].

Жоғарыда маркетинг саласында тілімізге енген кірме сөздердің басым көпшілігі ағылшын тілінен екенін дәлелдедік. Ағылшын тілі ең көп тараған тіл болғандықтан кірме сөздер пайдаланудың өзіндік артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар. Біріншіден ағылшын тілінен енген кірме сөздер сөздік қорын кеңейтеді, екінші жағынан өз тіліміздің әдеби көркемдік мағынасын жояды. Қазіргі жағдайда филологтер ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көптігі сонша, өз тіліміздің қасиеті жойылып барады деп дабыл қағуда. «Күнделікті өмірде қазіргі жастар ағылшын тілінен енген кірме сөздерін жиі пайдаланады» дегенді де естейміз. Бұл сөздердің жаны бар. Себебі маркетинг саласында қазақ тілді аудиторияда баламасы бар, Терминком бекіткен терминдердің орнына ағылшын тіліндегі нұсқасы жиі қолданылады: digital marketing (цифрлық маркетинг), content (мазмұн), social media (әлеуметтік медиа) және т.б.


2.2.МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДА ТЕРМИНДЕРДІ БІРІЗДЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ

Терминологияны толықтыратын, әрі дамытатын – салалық терминдер. Қазақ тілі білімінде 90 жылдардан былай қарай ұлттық ғылым тілінің даму үрдісі жаңа белеске көтерілді. Оның басты себебі – қазақ тілінің ғылым тіліндегі мәртебесін көтеру, қазақ тілінің ғылым тіліне қызмет ету мүмкіндігін жан- жақты қарастыру.

Бұл ретте қоғамдық ғалымдармен қатар, техникалық ғалымдардың қазақ тілінде сөйлей бастауына жағдай туғызған түрлі ғылыми зерттеулер мен екі тілді сөздіктердің көптеп жарыққа шығуы деуге болады. Әсіресе, салалық ғылымдар бойынша жарық көрген оқулықтар мен сөздіктер және мақалалар көптеп саналады. Қоғамда үздіксіз болып жататын өзгерістер мен жаңалықтар құралы болатын тіл- қашанда қоғамнан тысқары қалмауы, қоғаммен бірге дамуы табиғи құбылыс. Тілдің кейбір қабаттары ұғымдық атаулармен толығып, өзгеріп отырады. Бұл құбылыс, әсіресе тілдің терминология саласына тән деуге болады. Себебі, термин дегеніміздің өзі «белгілі бір арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми лексика» деген анықтамаға жүгінер болсақ, қоғамдық өзгерістердің сан алуан тармақтары өзіндік қызметтерімен, арнаулы лексикалық қолданыстағы ерекшелігімен айқындалады. Тіл мамандары терминдер жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырады. Жалпы терминдер қызметі мен оларға тән ерекшеліктерін айқындау жалпы терминологияның даму бағытын бағдарлау – терминдерді теориялық жағынан зерттеу деген сөз. Ал енді, терминдерді тәжірибелік /практикалық/ тұрғыдан зерттеу дегеніміз – салалық терминдер жүйесін қалыптастыру, терминжасам әдісін саралау, жаңа ұғым атауларының жасалу жолдарын айқындап, талдап беру. Ұлт тілінде терминдер жасау – мемлекетіміздің тілге берген мәртебесі арқылы ұлт тілінде терминдер жасауды барынша жан-жақты тереңдету керек деген талап қоюының да белгісі. Ұлт тіліне деген осындай қөзқарас 1920-30 жылдары байқалған болатын. 1920 жылы Қазақстан өз алдына автономиялы ел болып, 1923 жылы қарашада тұнғыш рет Тіл туралы декрет қабылданды. Ал 1930-40 жылдары арасында интернационалдық терминдер мен орыс тіліндегі атаулар өзгеріссіз енгізіле бастады. 1940-70 жылдарға дейін орыстану бағыты жүріп жатты. 1970-90 жылдарда қоғамдық өзгерістер тілдің даму бағытына мейлінше әсер етіп отырды. 1990 жылдарда елімізде Тәуелсіздік туы желбіреп, дербес мемлекет болуы қазақ тілінің қанат жаюына, мемлекеттік тіл мәртебесін алуына игі әсер етті. Алайда терминологияны  бұрыс, жүйесіз құру, оны  мұқият және ретті қолданбау салдарынан пайда болған терминологияның қанағаттанарсыз жағдайы кейіннен кейде практикалық қателерге алып келеді, күмәнді және қате түсініктер жасауға ықпал етеді, оқырманнан артық уақыт пен еңбек шығынын талап етеді. Терминологияны реттеу жөніндегі жұмыстар терминология жұмыстары қағидаттарының тиісті білімдерінсіз орындалған жағдайда қажетті нәтиже бермейді.

«Терминологияның тағы бір кемшілігіне бір түсінікке бірнеше терминді қолдану (терминдер синонимиясы) болып табылады. Термин-синонимдерге мынадай мысалдар келтіруге болады: «жанды күш» және «кинетикалық энергия», «күштер жүйесінің бас векторы» және «қорытындылаушы күш» (теориялық механика), «көлденең күш», «кесу күші», «үгілу (жарылу) күші», «ығыстыру күші», «қиюшы күш» (құрылыс механикасы). Жалпы тіл сөздерінің көпмағыналылығы мен синонимиясы тілдің икемділігі мен байлығына ықпал етіп, заңдылық құбылыс болған жағдайда терминдердің көпмағыналығы мен синонимиясы терминологияның елеулі кемшілігі саналады. Көпмағыналы терминдер терминологияның дәлсіздігін тудырады, практикалық қателерге әкелуі мүмкін, ал термин-синонимдер терминологияны қажетсіз баяулатады, мамандар арасында бір-бірін түсінбеушілікке, ерекше терминологиялық диалектілердің тууына алып келеді» [5].

Терминологияны біріздендіру барлық аталған кемшіліктерді жоюды мақсат етеді. Бұл кемшіліктерді кейбір сәтсіз терминдерді  қарастырып және оларды басқаларымен ауыстырумен шешуге болмайды. Белгілі бір саланың терминологиясын біріздендіру үшін  белгілі бір пәннің түсініктер жүйесіне сәйкес келетін терминдерді жүйеге келтіру қажет.

Көптеген пәндерде түсініктер жүйесі жоқ болғандықтан, терминологияны біріздендіру жұмысын да аталған пәнді түсініктер жүйесіне, яғни, олардың арасында байланыс орнату, топтастыру мен анықтамалар құрудан бастауға тура келеді.

«Сондықтан, терминологияны біріздендіру мен әзірлеу бойынша сәтті жұмыс үшін, жалпыдан жалқыға бару үшін, жалпы (түрлік) ұғыммен бірге (мысалы, коррозия) сол түсініктің түрлеріне (химиялық коррозия және электорхимиялық коррозия), ішкі түрлерге (газдық, сұйық, атмосфералық, топырақтық), топтарға және т.б. бөлінуін беру арқылы түсініктердің ғылыми негізделген топтастырылуы мейлінше қажет» [5].

Әдетте сөздіктерде бірізділік қағидасы, яғни, сөзтізбедегі тірек сөз (түбір сөз) қалай аударылып берілсе, одан жасалған туынды сөздер де сол негізді сақтап тәржімеленіп (ұялату әдісімен) берілгені дұрыс. Сонда терминдердегі бірізділік, реттілік сақталады  әрі сөздіктен кез келген сөзді іздеген адам бірден тауып алады. Ал бір орысша сөз бірнеше нұсқада немесе оның туынды түбірі басқа сөзбен аударылып берілсе, нағыз шатасу орын алады да негізгі сөздің туынды түбірінің қалай аударылғанын табу қиындық тудырып жатады. Тағы айтарым: «орыс тіліндегі бір сөзге қазақ тілінен бір ғана сөзнұсқа беру» қағидасы сақталса, сөздік қорымыз да байитын еді әрі сөздерді сөздіктерден ешқандай қиындықсыз тауып алуға болар еді.

Ғылыми атақтарды біріздендіру жайында ғалым М.Серғалиев: ... баспасөз беттерінде «педагогика ғылымдарының докторы», «психология ғылымдарының кандидаты» деу қазақ тілінің заңдылықтарын сақтамағандық болады. Бірде автордың дәрежесі «педагогикалық ғылымның докторы» деп те жазылды. Қазақ тілінде көптік мағынаны сөздің жекеше тұрған күйімен де беруге болады. Сондықтан педагогика ғылымы (ғылымдары емес) академиясы», «психология ғылымының (ғылымдары емес) докторы» түріндегі атауларды қалыптастырған мақұл»,- дейді [8; 56].

Бүгінге дейін терминдерді жазуда да ала-құлалық сақталып келеді. Термин қолданыстағы бірізділіктің жоқтығы жайында жиырмасыншы жылдары Сәкен Сейфуллин «Оқу-білім майданында» мақаласында бір адамдар «Халық ағарту комиссариаты» деп жазса, басқалары «Оқу халық комиссариаты» деп жазатынын, бұл атауды ретке келтіру қажет екенін айтады [10].

1991 жылы «Аламан» жинағын құрастырушылар «Бұқарадағы Көгілташ медресесенің салынуы туралы әпсана» деп тақырып  қойып, кітап соңындағы түсінікте предание – аңыз деп көрсетіпті. Х. Досмұхамедұлы мұны «В.В. Бартольду-Туркестанские друзья и почитатели» жинағында «легенда» түрінде берген.

Ғалым С. Қасқабасов қазақ фольклорын жүйелеу, біріздендіру барысында «легенда» ұғымына «әпсана-хикаят» терминнін алуды жөн санайды. Әпсана-хикаяттың мақсаты – баяғыда болған не болатын бір керемет оқиғаның әрекетті немесе жағдайды көркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат беру [5].

«Термин шығармашылығы кезінде жарыса қолданылып жүрген баламалардың біріне тоқталып, оны арнаулы ұғымның атауы ретінде терминологиялық лексикада тұрақтандыру процесін біріздендіру деп түсінетініміз белгілі. Біріздендіру жұмысы, ең алдымен, ұғым мазмұнын дәл бермейтін, терминге қойылатын талаптарға сай келмейтін атаулардан арылып, сәтсіз жасалған баламалар мен терминологияда ретсіздік туғызып, жарыса қолданылып жүрген нұсқаларды сараптан өткізіп, солардың бірін тілде орнықтырудан бастау алуға тиіс» [9, 24].

Біріздендіру (унификация) – әртүрлі ұлттық тілдердегі терминдермен аталатын ғылыми және техникалық ұғымдардың сәйкес келуі.

Мұндай терминжасамдағы проблема маркетинг ғылымында айналып өтпеді. Жоғарыда келтірген маркетинг терминдерінің бірі «принцип». Терминологиялық сөздіктер бір жылдары қағидат, қазір принцип деп беріліп жүр. Жалпы бұл термин тек маркетингте ғана емес экономика, педагогика, психология, лингвистика салаларында да кездеседі.

«Тілдегі сөздерді сөздіктерде бірізді берудің мынадай екі жолы болуы қажет» дейді ғалымдар:

1. Көлбеу (горизонталды) біріздендіру. Біріздендірудің бұл түрі бойынша аударылған кірме сөзге берілген бірнеше жарыспалы нұсқаның Терминком қабылдағанын ғана сөздікте беру. Ол былайша қолданыс табады:

Принцип – принцип, қағидат, қағида, ұстаным

2. Тік (вертикалды) біріздендіру. Бұл біріздендіру жолы бойынша аударылып берілген кірме сөздің түбірлес сөзі де, ол сөз қатысқан тіркес сөз де негіз сөз қалай аударылса, сол нұсқада аударылуы қажет. Бұл жағдайда да Терминком бекіткен нұсқа алынуы қажет. Ол мынадай көрініс табады:

Принципиальный – принципті, қағидатты, қағидалы, ұстанымды

Принцип абстракции – абстракция қағидаты, абстракция принципі, абстракция қағидасы, абстракция ұстанымы

Принцип двухзначности – қайшылық қағидаты, қайшылық принципі, қайшылық қағидасы, қайшылық ұстанымы

Маркетинг саласында әр түрлі баламасы бар терминдер баршылық. Оларды екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі өзге тілден енген нұсқасымен қазақ тіліндегі баламасы жарыса қолданылып жүрген терминдер:

Вебвизор - вебкеңесші, вебшебер

Вебаналитика - вебталдау

Верификация - тексеру

Конфликт – шиеленіс, жанжал, кикілжің

Имидж - бедел, мәртебе

Процесс - үрдіс

Онлайн-консультант - желідегі кеңесші, желіде кеңес беруші, желі кеңесшісі

Екінші түрі қазақ тілінде бірнеше баламасы қатар қолданылатын терминдер:

Вебстраница - вебпарақша, веббет

Динамический контент - динамикалық контент, динамикалық мазмұн

Тайный покупатель - құпия сатып алушы, жасырын сатып алушы

Ескерту: мұнда белгіленген сөз терминком бекіткен нұсқа саналады, сондықтан сөз қолданыста, сөздіктерде сол термин ғана қолданылуы тиіс және басқа жарыспалы сөздерді берудің еш қажеті жоқ.

Бұл терминдер маркетинг саласында қолданылатын оқулықтардан алынды. Маркетинг саласындағы оқулықтар өзге тілден не ағылшын тілінен не орыс тілінен аударылған. Яғни аудармашы қай нұсқаны алуды жөн көреді өзі біледі. Егер әр аудармашы Терминкомда берілген нұсқаларға сүйенсе мұндай жүйесіздік болмас па еді?! Маркетинг саласында қазақ тілінде жөні түзу еңбектердің болмауына, бұл саланың біздің елде енді өркендеп келе жатуы, мамандардың жоқтығы әсер етуде.

Жалпы біріздендіруде Терминком бекіткен терминдердің тек ғылым саласында, ғылыми стильде ғана қолданылуын қадағалау, яғни термин қолданыста жарыспалылықтың, синонимділіктің, көпмағыналалықтың, қарапайым немесе жаргон сөздердің болмауын назарда ұстау; жарыспалылық, синонимділік,  көпмағыналылық тек қана көркем әдеби, ауызекі, т.б. тілде қолданылатыны жайлы түсінік жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік органдардан, мекемелерден, жарнама иелерінен терминдерді дұрыс жазу, қолдануды талап ету шаралары қолға алынуы керек секілді.
































ҚОРЫТЫНДЫ


Мен осы жоба жұмысын жасай отырып маркетинг - нарықтық экономика саласының қажеттілігінен туған сала екендігін біле алдым. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басында АҚШ-тан бастау алған маркетинг дамудың үш кезеңін өткеріп, бүгінде үлкен ғылым саласына айналып отырғандығымен таныстым.

1.Маркетинг саласын жетік меңгерген адамды маркетолог деп атайды екен. Біздің елге аталған ғылым саласы тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана нарықтық экономикамен бірге енгенін.

2.Қазақстан қоғамына маркетингтің желілік маркетинг және интернет маркетинг деген екі саласы ғана таныс, ал нейромаркетинг, ауромаркетинг, арналық маркетинг, телемаркетинг деген салаларын арнайы сала мамандары болмаса, көпшілік халық біле бермейді екендігін түсіндім.

3.Менің зерттеулерім бойынша маркетинг саласының терминдерінің басым көпшілігі ағылшын тілінен бастау алады. Арнайы маркетинг терминдеріне арналған қазақ тілінде сөздік жоқ, бірақ Терминком сайтында бекітілген бірқатар маркетинг терминдерін табуға болатындығын дәлелдедім. Сонымен қатар, «Маркетинг негіздері» атты оқулықтардың соңында глоссарийлер берілетіні жайлы ақпарат таба алдым. Маркетинг пен экокномика тығыз байланысты салалар болғандықтан, кейбір терминдерінің аудармасы мен анықтамасын экономика терминдерінің сөздігінен табуға болатынын көрдім.

4.Маркетинг - ХХІ ғасырда қарқынды дамып жатқан сала және жыл сайын оның жаңа бағыттары пайда болуда. Соған байланысты терминдік қатары да күн сайын толығып отыр. Сондықтан аталған салада сол қалпында енген кірме сөздер өте көп екендігін біле алдым. Менің пікірімше көпшілігін аударуға қазақ тілінің мүмкіншілігі жетсе де, мамандардың жоқтығынан бұл процесс кейінге шегеріліп тұр. Тіпті кейбір оқулықтарда аудармашылардың немқұрайлы қарауы салдарынан олқы аударылған терминдер де толып тұрғандығын байқадым.

5. Ғылыми әдебиеттер мен әлеуметтік желілерде бір сөз бірнеше баламамен қолданылып жүр. Яғни, бұл аталған ғылым саласының терминдері жүйелеуді қажет ететіндігін айқындайды.

6.Маркетинг термин жүйесінде будан терминдер де, баламасыз терминдер де, баламасы бола тұра, сол қалпында қолданылатын терминдер де, тек тұлғалық жағынан өзгеріске ұшырап қолданылатын терминдер бар екендігіне көзім жетті. Сонымен қатар морфологиялық, синтакистік, калькалау әдістері маркетинг терминдерін жасауда жиі қолданылатынын дәлелдедім.

7.Маркетинг терминдері қазақ тілінің мүмкіншілігін пайдаланып, аударуды қажет ететін сөздер екен. Бұл саланың терминдерін жүйелеу уақыт еншісінде деп ойлаймын.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Филип Котлер, Гари Армстронг Маркетинг негіздері. - Ұлттық аударма бюросы, 2018.

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki

  3. Ә. Қайдар «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» Алматы «Рауан» 1993 ж.

  4. Әбдірахманов А. Тіл мәдениеті және терминология // Тіл мәдениеті және баспасөз. Алматы: Ғылым. 1972. 82-б.

  5. https://termincom.kz/

  6. tilqazyna.kz

  7. Сыздықова P., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1994.

  8. Серғалиев М.С. Оқу-ағарту жұмысында қолданылатын терминдер мен ұғымдар жайында  // Терминдер және олардың аудармалары. – Алматы: Ғылым, 1990. – 216 б.

  9. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. -Алматы: «Ғылым» баспасы, 1984.

  10. Құрманбайұлы. Ш. Терминология мәселелері. 2-кітап. – Астана.


























Зерттеу күнделігі

Орындалған жұмыс

Мерзімі

Нәтижелері

1

Ғылыми жетекшіммен жоба туралы кеңестім.

Қыркүйек 2021

Ғылыми жұмыс жазуға келістім.

2

Ғылыми жетекшіммен жобаға тақырып таңдадық.

Қыркүйек 2021

Ғылыми жұмыстың тақырыбы анықталды.

3

Ғылыми жобам туралы ғаламтордан мағлұматтар іздедім.

Қазан 2021

www.nur.kz, www.google.kz, www.kkwikipedia.com, www.vk.com, сайттарын пайдаланып, мәліметтер жинадым.

4

М. Әуезов атындағы кітапханасынан мағлұматтар іздедім.

Қараша 2021

Өмірзақ Айтбайұлы

"Қазақ тіл білімінің терминологиясы мәселелері"-Алматы:"Абзал-Ай"баспасы, 2013.-400бет кітабынан мәліметтер жинадым.

5

Д. А. Қонаев атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасынан мағлұматтар іздедім.

Желтоқсан 2021

  1. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. -Алматы: «Ғылым» баспасы, 1984.- [5]

Құрманбайұлы. Ш. Терминология мәселелері. 2-кітап. – Астана. әдебиеттерін қолдана отырып, тақырыпты тереңірек қарастырдым.


6

М. Х. Дулати атыңдағы Тараз өңірлік университетіне барып филология және журналистика кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты,

профессор Куламанова Зиба Абдуллақызы

кездестім, жұмысымның тақыры мен идеясын таныстырдым.

Қаңтар 2022

Менің ғылыми жетекшім болуға келісті, өз пікірімен бөлісіп жаңа деректерді ұсынды.







7

М. Әуезов атындағы кітапханасынан мағлұматтар іздедім.

Ақпан 2022

  1. Филип Котлер, Гари Армстронг Маркетинг негіздері. - Ұлттық аударма бюросы, 2018 [1;15]

. Сыздықова P., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1994; [7]


8

А. Құнанбаев атындағы кітапхасынан мағлұматтар іздедім.

Наурыз 2022

  1. . Ә. Қайдар «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» Алматы «Рауан» 1993 ж. [3;36], [3;37], [3;45]

2.MASS MEDIA және Телекоммуникация терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша анықтамалық сөздігі,Алматы-2015,632бет.

Терминология, маркетинг терминдері бойынша ұсынылған әдебиеттерді оқып, өз ойымды қорытындыладым.

9

Ғылыми жетекшіммен зерттеу жұмысының мәселелері жөнінде ой бөлістім.

Сәуір 2022

Маркетинг терминдерін жасаудағы тәсілдермен таныстым,сәтсіз аударылған терминдерді өз мүмкіндігімше аударуға тырыстым.Терминком ұсынған нұсқаны қатаң сақтау керек екенін түсіндім.Маркетинг терминдері бойынша өзімнің аударған нұсқамды "Тілдер басқармасына "апарып табыстадым.

10

Жұмысымды қорытындылауға кірістім.

Мамыр 2022

Ғылыми жұмысым жайлы слайд жасауға кірістім.

11

Жетекшіме орындалған жұмысымның нәтижесін көрсеттім.

Маусым 2022

Жұмысыма жетекшімнен пікір сұрадым.

12

Жұмысты әрлеу.

Қыркүйек 2022

Жұмысымды мұқабаға өткіздім.

13

Ғылыми жоба жайлы жетекшілерімнен пікір сұрадым.

Қазан 2022

Пікірлерді алдым.




31


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!