Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған "Сөз өнері" тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
М.ТӨЛЕГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ырғыз аудандық білім бөлімінің
« » ––––––––––2018 жылғы
№–––––––––– бұйрығымен
Б Е К І Т І Л Д І
«СӨЗ ӨНЕРІ»
БАҒДАРЛАМАСЫ
(6 сыныпқа арналған)
Құрастырған: Махметова Мейрамгул Бекмухамбетовна
Ақши - 2018 ж
1. Бағдарламаның негізі: «А.Леубаева «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық мәні», «Қазақ тілі «Шешендік өнер» дидактикалық материалдар», «Қазақтың би-шешендері», «Б.Әлменұлы «Шешендік сөздер» әдістемелік құралдарын басышылыққа алып құрастырған.
Құрастырғандар: Махметова Мейрамгул Бекмухамбетовна
«М.Төлегенов атындағы орта мектебі» ұйымының әдістемелік - педагогикалық кеңесі отырысында «Сөз өнері» бағдарламасы талқыланды.
Хаттама № «___ » «_____ » «______________» 2018 жыл
Мектеп директоры: Ғ.Ә.Әжмағанбетов
Аудандық сараптау комиссиясының отырысында «Сөз өнері» бағдарламасы мақұлданды.
Сараптау комиссиясы төрайымы
Ырғыз аудандық білім бөлімінің
әдістеме кабинетінің меңгерушісі: __________________________А.М.Нарегеева
Хаттама № ______ «_____» ______________2018жыл.
М.Төлегенов атындағы орта мектебінде
6-сынып білім алушыларына Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін «Сөз өнері»
тақырыбындағы таңдау курсы жұмысына
Пікір
2018-2019-шы оқу жылында пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асыру мақсатында 6-сыныпта қазақ әдебиетінен «Сөз өнері» курсының жылдық жұмыс жоспары құрылған.
Курс бағдарламасының түпкі мақсаты: білім алушылардың сөз өнеріне яғни шешендік өнерге деген қызығушылығын ояту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушыларды би-шешендердің өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Шешендер сөзіндегі өсиеттерге ден қойып, шешенге лайықты қасиеттерді саралау,өнегелі сөздің дидактикалық мәнін,бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту. Би-шешендердің өмірі мен шығармаларын зерттеу, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйретуде бұл бағдарламаның қосар үлесі зор. Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Шешендік сөзде бір мақсатты көздей отырып қойылған жағдаяттық сұраққа-жауап беруде өзіндік көзқарасын белсенділік тұрғысынан терең пайымдауда зерделі ойлауға үйретеді. Сөз өнері курсын оқытуда бойында шешендік сөздер арқылы тілдік білімі мен қарым-қатынас біліктілігін жетілдіру арқылы дара тұлғаның сөз өнері негізінде сөйлеу шеберлігін арттыруды дамытады.
Қоғамдық- гуманитарлық пәндер
бірлестігінің жетекшісі: А.Қ.Қалмағамбетова
М.Төлегенов атындағы орта мектебінде
6-сынып білім алушыларына Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін «Сөз өнері»
тақырыбындағы таңдау курсы жұмысына
Пікір
Бағдарлама барысында 6- сынып білім алушылары шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысады. 6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен жасалынған «Сөз өнері» курсынан жыл бойына жасалынған жоспары қазақ әдебиетіндегі шешендік сөз өнері мен би-шешендердің шығармашылығына арналады. Білім алушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудырады.
Курстың құрылымы: аптасына бір сағаттан, жылына отыз төрт сағатқа есептелінген.
Таңдау курсының тақырыптық мазмұнында жалпы жеті бөлімді қарастырылған:
-бірінші бөлім: «Кіріспе» ( 1 сағат) ,
- екінші бөлім: «Шешендік сөз – ұлттық өнер» (8 сағат),
-үшінші бөлім: «Қазақ шешендік өнерінің тарихы» ( 7 сағат),
-төртінші бөлім: «Билер сөзі – ақылдың көзі» (9 сағат),
-бесінші бөлім: «Нақыл сөз – тіл мәйегі» ( 5 сағат) ,
-алтыншы бөлім:, «Шығармашылық жұмыстар» (3 сағат),
-жетінші бөлім «Қорытынды» ( 1 сағат)
Өтілген тақырыптар аясында білім алушылардан тест түрінде сынақтар алу, шығармашылықтар жұмыстар жүргізу, эссе жазулары, жыл бойғы өтілген материалдарды меңгерулерін тексеру жұмыстарына арнайы сағаттар қарастырылған.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін «Сөз өнері»тақырыбындағы таңдау курсы білім алушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде шығармашылықпен, жан-жақты ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Р.Т.Шайқақов.
Түсінік хат
Бұл бағдарламада заманында туған елінің бірлігі мен ынтымағы үшін күресіп, жауласқан елді табыстырып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қазақ халқының дана билері мен құс көмей шешендерінің ел аузында қалған, толқынннан-толқынға жалғасып, ұрпақтарының санасының есеюіне ықпалын тигізіп келген ғибратты шешендік сөздерін оқып, танып білуге үйретеді. Онда зерттеушілер арқылы бізге жеткен философия мен әлеуметтік мәнге толы мұраларымен таныса отырып, сонымен қатар әр кездегі заман ағымы жайлы керемет, терең мағыналы мәліметке ие боламыз. Шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысамыз.
Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің қайта жаңғыруы – қоғамдық қажеттілік. Шешендік – болашақтағы қадамдарыңызға жол ашатын, өзіңізді танытуға мүмкіндік беретін, биік белестерге жетелейтін қуатты құралыңыз, пәрменді күшіңіз. Сондықтан бұл курстың мақсаты – шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларыңызға мүмкіндік жасау.
Атақты шешен Цицерон айтқандай «Ақындық - туа бітті өнер болса, шешендік – жүре келе қалыптасатын қасиет». Олай болса сөз өнерін үйренуге талаптану әркімнің тілегіне, рухани қажеттілігіне. Өзектілігі: Шешен-билердің өмірі мен шығармаларын зерттей отырып, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйрету. Білім алушылардың өз бетінше бетінше іздене білуіне, шығармашылықпен айналысуына бағыт беру Бағзы замандардан жинақталған – бүгінгі күн кәдесіне толық жарайтын би-шешендердің сөздерінің қажеттілігін сезіну. Осы курстан үйренгендерін, көкейге түйгендерін, білгендерін білім алушы өмірде қолдана ала ма?
Курстың мақсаты мен міндеттері:
Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларына мүмкіндік жасау.
Шешендер сөзіндегі өсиеттерге ден қойып, шешенге лайықты қасиеттерді саралау,өнегелі сөздің дидактикалық мәнін,бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту. Би-шешендердің өмірлері мен шығармашылығын таныстыру. Міндет – оқушыларды сөз өнерінің құндылықтарын танып білуге; - шешендер сөздеріндегі ақыл-ой байлығы, билік шешімдері,кісілік қасиет туралы ойларын пайымдау;
білім алушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету, оқушы бойындағы талантын танып, бағыт-бағдар беру; - шешен-билердің сөздерінің эстетикалық мәнін ашу; - әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім алушыны көптеген адами қасиеттерге, сөз тереңдігін түсінуге, тіл тазалығын насихаттай отырып, шешендік сөздің мазмұны арқылы тәрбиелеу. Курстың практикалық маңыздылығы:
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Курстың құрылымы: Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған. Сабақтың жүргізу әдістері:
Теория мен тәжірбиенің байланысы мен бірлігін ескере отырып, білім алушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарды түрлендіріп отыру арқылы дидактикалық материалдармен жұмыс жасау. Олар: шешендер сөздерінен нақыл сөзге айналған сөздерді табу,шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу тіліне баға бергізу, пікір айтқызу, сахналық көрініс қою және т.б.
Білім алушыларды меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары: 1. Шешендік сөздерді мұғалімнің ұсынуы бойынша және өз таңдауымен мақамдап оқи білу; 2.Шешен-билер шығармаларын оқу барысында шешендік сөздердің мазмұн-мәнін,әдеби ерекшелігін, көркемдік мұратын танып білуі керек; 3. Шешен сөздері бойынша сахналық көріністер көрсете білу; 4. Білім алушылар өз бетінше ізденуіп және де пікір айта білуі тиіс.
Біліктері: 1. Сөз өнері туралы білім өрісін кеңейту. 2. Білім алушыларды өз бетінше іздене білуге дағдылану. 3. Би-шешендердің шығармаларының әдеби-көркемдік мән-мағынасын түсіне білуге жәнеде жекелеген сөздерінің мәтінін талдап,үзінділер жаттауға қалыптасу.
Білім алушылардың білімін бағалау: І. Теориялық білімдер бойынша 1. Кіріспе бөлімі. Сөз асылы - шешендік 2. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің алғашқы бастаулары 3. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің дамуы 4. Қазақ шешендік өнерінің тарихы 5. Билер шешендігі 6. Нақыл сөз – тіл мәйегі ІІ. Тестілеу 1. Шешендік сөз – ұлттық өнер 2. Қазақ шешендік өнерінің тарихы 3. ХҮІІІ ғ. Сөз бен қаруын қатар жұмсаған шешен-батырлар Күтілетін нәтиже:
Сөз өнері курсын оқытуда бойында шешендік сөздер арқылы тілдік білімі мен қарым-қатынас біліктілігін жетілдіру арқылы дара тұлғаның сөз өнері негізінде сөйлеу шеберлігін арттыруды дамытады. Шешендік сөзде бір мақсатты көздей отырып қойылған жағдаяттық сұраққа-жауап беруде өзіндік көзқарасын белсенділік тұрғысынан терең пайымдауда зерделі ойлауға үйретеді. Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық мұраттарын ұлттық сипатта қалыптастыруды мақсат етеді.Оқушының зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу.
Тақырыптық мазмұны
І.Кіріспе ( 1 сағат) \
1. Кіріспе. Шешендік-сөз өнері.
ІІ.Шешендік сөз – ұлттық өнер (8 сағат)
1.Сөз асылы - шешендік
2.Шешендік сөз – ұлттық өнер.
3.Қазақ ұлттық шешендік өнерінің алғашқы бастаулары.
4.Қазақ ұлттық шешендік өнерінің негізін қалаушылары
5.Қазақ ұлттық шешендік өнерінің дамуы.
6.Шешендік сөзге қойылатын талаптар
7.Шығармашылық жұмыс
8.Тест жұмысы.
ІІІ.Қазақ шешендік өнерінің тарихы. ( 7 сағат)
1.Қазақ шешендік өнерінің тарихы.
2.Майқы би, Аяз би.
3.Асан қайғы.
4.Жиренше шешен.
5.Тәуке ханның ел билеу жүйесі. «Жеті жарғы».
6.Шығармашылық жұмыс
7.Тест жұмысы.
ІV.Билер сөзі – ақылдың көзі (9 сағат)
1.Билер сөзі – ақылдың көзі.
2. Билер шешендігі.
3.Билер шешендігіндегі сөз өнері.
4.Үш жүздің ұлы билері. Төле би.
5. Қаз дауысты Қазыбек би.
6.Әйтеке би.
7. ХҮІІІ ғ. Сөз бен қаруын қатар жұмсаған шешен-батырлар.
8.Шығармашылық жұмыс
9..Тест жұмысы
V.Нақыл сөз – тіл мәйегі ( 5 сағат)
1.Нақыл сөз – тіл мәйегі.
2.Шешендер сөздеріндегі адамгершілікті дәріптейтін сөздер.
3. Шешендік сөздердегі ұтымды жауаптар.
4. Қазіргі шешендіктің түрлері.
5.Шешен сөйлей білесің бе?
VI.Шығармашылық жұмыстар (3 сағат)
1.Шығармашылық жұмыс.
2.Эссе жазу
3.Тест жұмысы
VII.Қорытынды. (1 сағат)
4.Өтілген материалдармен жұмыс.
Оқу тақырыптық жоспары
6-класс (аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат)
№ |
Сабақтың реті |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Білім нәтижесі |
Оқу әдіс-тәсілдері |
Уақыты |
Ескерту Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |