жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілінен ашық сабақ
Қазақ тілі 2 сынып
|
Тақырып |
Дауыссыз н мен ң |
|
|
Жалпы мақсаты |
Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының
айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән
беру; |
|
|
Әдіс- тәсілдер |
Сұрақ- жауап, жекелеме, жұптық, топтық жұмыс |
|
|
Күтілетін нәтиже |
Дауыссыз «н» мен
«ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысады, сөздердің
мағынасын түсінеді; |
|
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, А4 қағаздары, маркер, проектор |
|
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту (5 мин) |
Топ басшыларын сайлатады. |
Топ басшылары бағалау парағын толтырады. |
|
|
« Ортада қалам» стратегиясын қолданады. -Дыбыстар неше топқа бөлінеді -Жуан дауысты дыбыстарды ата -Жіңішке дауысты дыбыстарды ата -Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата -Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата -Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. Жұмбақ шешкізеді. 1. Нанда бар, майда жоқ. Ұнда бар, айда жоқ. 2. Шаңда бар, гүлде жоқ Аңда бар, сайда жоқ. |
Қалам иелері сұрақтарға жауап береді. Слайдтан көре отырып, жұмбақты шешеді. |
|
Мағынаны тану |
- Ендеше, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Дауыссыз н мен ң» Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң Н мен ң қандай дыбыстар? Н мен ң дыбыстары кездесетін қандай сөздер білесіңдер? Ң дыбысы сөз басында кездесе ме екен? Н мен ң екеуі екі басқа дыбыс. Н- тіл ұшы дыбысы,ң- тіл арты дыбысы. Н мен ң дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді. Дәптермен жұмыс жасатады. Көркем жазу жұмысы Нн Нн Нн Нн ң ң ң ң ң әріптерін бір жолға жазғызады. 129- жаттығу 1- топқа Шын- шың тон- тоң 2- топқа Кен- кең мен- мең 3- топқа Сен- сең он- оң сөздерін жазғызады. Семантикалық картамен жұмыс жасатады 130- жаттығуды ауызша орындатады. Жеке жұмыс Барлық оқушыға н, ң дыбыстары кездесетін 1-1 сөз таратып береді де, сол сөзге дыбыстық талдау жасатады. 131- жаттығуды тақтада орындатады.
132- жаттығуды ауызша орындатады. 133- жаттығуды оқытады. Қон, қоң сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Кен, кең сөздерінің мағынасын түсіндіреді де, осы екі сөзге ұйқас өлең құрастыртады. Слайдтан Ескен Елубаевтың ұйқас өлеңін оқытады. 1. Кисе де тонды, Қатты тоңды. 2. Жайлауға қон, Жисын мол қоң. 3.Есінен танды, Жарасын таңды. 4. Таңғалтқан мені, Беттегі меңі. 5. Байлықтың кені, Жеріңнің кеңі. |
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді.
Оқушылар күн мен тақырып жазғаннан кейін көркем жазу жұмысын жазады. Оқушылар сөздерді салыстырып, мағыналарының екі түрлі болуы қай дыбыстың әсерінен екенін айтады. Оқушылар топпен жұмыс жасайды, тақтада бір оқушы қорғайды. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Ң дыбысы туралы өздері қорытынды жасайды. 3 топтан 3 оқушы шығып қорғайды. Слайдтан қарай отырып, тиісті әріптерді қойып, сөздерді тақтада орындайды.
Берілген сөздерге сөйлемдер құрайды. Кен, кең сөздеріне ұйқас өлең құрастырады. Өлеңнен ұйқас сөздерді табады. |
|
Ой- толғаныс |
Венн диаграммасын толтыртады. Пікірлер ағашын толтыртады.
|
Венн диаграммасын толтырады. Пікірлер ағашына өз пікірлерін жазып іледі. Топ басшылары бағалайды. |
|
Үйге тапсырма |
134- жаттығуды орындауға береді. |
|
Қазақ тілі 2 сынып
Күні:
|
Тақырып |
Сөз және оның құрамы |
|
|
Жалпы мақсаты |
Сөз құрамы туралы еске түсіріп, түбір мен қосымшаның бір -
бірінен өзгешелігін таныту, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып
бөлінетінін еске түсіру. |
|
|
Әдіс- тәсілдер |
Сұрақ- жауап, жекелеме, жұптық, топтық жұмыс |
|
|
Күтілетін нәтиже |
Сөз құрамы туралы естеріне түсіріп, түбір мен қосымшаның бір- бірінен өзгешелігін таниды. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттері, ойы, қиялы дамиды. |
|
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, А4 қағаздары, маркер, |
|
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. |
Орманның бiз
емшiсiмiз, Оқушыларды топқа бөледі. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
Қызығушылықты ояту (5 мин) |
Сұрақ - жауап
әдісі: |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
|
Мағынаны тану |
а)
Көркем жазу. б) Топпен жұмыс Түбір
және қосымша туралы түсінік бере отырып, бекіту мақсатында 3 топқа
бірнеше сөздер береді. 257- жаттығуды ауызша орындатады. Сәйкестендіру тестін орындатады. 260- жаттығуды орындатады. Өлеңнен қарамен жазылған сөздердің қайсысы түбір, қайсысы қосымша екенін дәлелдетеді. |
Оқушылар дәптерлеріне орындайды. 3 топ мүшелері берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажыратады. I топ қала, бала. Оқушылар қарамен жазылған сөздерді салыстырып, әр сөздің мағынасын түсіндіреді. 3 топ та түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды сәйкестендіреді.
|
|
Ой- толғаныс |
Топтық жұмыс |
Қосымшалы сөздерді тауып,
сөз құрамына ажыратады Сөз құрамына талдайды Қосымшалы сөздердің астын сызады. |
|
Үйге тапсырма |
261- жаттығуды орындауға береді. |
|
Қазақ тілі 2 сынып
Күні:
|
Тақырып |
Жалғаудың өзіндік белгілері. |
|
|
Жалпы мақсаты |
Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Түбір сөзге жалғау жалғатып, олардың сөз бен сөзді байланыстырып тұратынын анықтау. |
|
|
Әдіс- тәсілдер |
Сұрақ- жауап, жекелеме, жұптық, топтық жұмыс |
|
|
Күтілетін нәтиже |
Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдері кеңейеді. Жұрнақ және жалғаудың бір- бірінен айырмашылығын ұғады. |
|
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, А4 қағаздары, маркер, |
|
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. |
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... Балалар: Сәлем! Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге... Балалар: Сәлем! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
Қызығушылықты ояту (5 мин) |
Сұрақ - жауап әдісі: -Қосымша деген не? -Қосымша нешеге бөлінеді? -Жұрнақ деген не? 3 топқа бірнеше түбір сөздер беріп, оларға жұрнақ жалғатады.сөздер беріп, |
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. |
|
Мағынаны тану |
а)
Көркем жазу.
б) Топпен жұмыс 283- жаттығудағы мақалды жаттап, жатқа жазғызады. 284- жаттығудағы сөздерге жұрнақ жалғатады |
Оқушылар дәптерлеріне орындайды. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып мағынасын түсіндіреді. Жұрнақ жалғанған сөздерге сөйлемдер құрайды.
|
|
Ой- толғаныс |
Жеке
жұмыс |
Оқушылар пайымдау мәтінін құрайды. |
|
|
Үйге тапсырма береді. |
Оқушылар бір- бірін бағалайды. |
Қазақ тілі 2 сынып
Күні:
|
Тақырып |
Сын есімді қайталау |
|
|
Жалпы мақсаты |
Сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. Сын есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрену. Сауатты да таза жазуға дағдыландыру. |
|
|
Әдіс- тәсілдер |
Сұрақ- жауап, жекелеме, жұптық, топтық жұмыс |
|
|
Күтілетін нәтиже |
Сын есім туралы алған білімдері кеңейеді. Сын есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйренеді. Сауатты да таза жазуға дағдыланады. |
|
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, А4 қағаздары, маркер, |
|
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. |
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... Балалар: Сәлем! Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге... Балалар: Сәлем! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
Ой қозғау (5 мин) |
Сұрақ - жауап әдісі: -Зат есім, олардың түрлері қандай? -Етістік, олардың түрлері қандай? -Сын есім дегеніміз не «Мен қандаймын?» ойынын ойнатады |
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өз есімдеріне бірнеше сын есімдер қосып айтады. |
|
Мағынаны тану |
а) Көркем жазу жұмысын орындытыды.Оо ә) Сөздік сынақхат жазғызады «Автор орындығы» 3 топтан 3 оқушыны жеке- жеке шығарып, оларға 1-1-ден зат есім беріп оны сын есіммен байланыстырып айтқызады. Топпен жұмыс
3 топқа да бірнеше сын
есімдер беріп, оларға мәндес сөздер
жазғызады. 443 жаттығуды орындатады. -Шымшық туралы не білесіңдер? -Шымшыққа сипаттау мәтінін жазғызады. |
Оқушылар дәптерлеріне орындайды. Бірнеше сын есімдерді тауып жазады.
Мәндес сөздерді топпен біріге отырып орындайды. |
|
Ой- толғаныс |
Жеке жұмыс |
Олар аңдарға сипаттама береді. |
|
Үйге тапсырма Бағалау |
Үйге тапсырма береді. |
Оқушылар жинаған жұлдызшалар арқылы өздерін- өздері бағалайды. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген