Қазақ
тілінен
8-сынып
үшін
бақылау
жұмыстары
2017-2018 оқу
жылы
Қазақ тілі
бойынша
8-сыныпқа арналған
диктант.
І
тоқсан.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ отбасы оның
ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту,үлкенге құрмет,кішіге міндет
ұстанымын берік сақтауға үйрету.Сауатты ,каллиграфиялық норманы
сақтап жазу дағдыларын дамыту.
Қазақ
отбасы
Отбасы дегеніміз туыстық
байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар.Отбасы- адам баласының
өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Адамға
отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік
болады.
Қазақ отбасында әкенің орны
ерекше. Ол- отбасының тірегі, ана- отбасының жүрегі. Ұл бала-
шаңырақ иесі, қыз бала- қонақ. Тұңғыш ұл – кейінгі
іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы
бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Қазақ отбасында үлкенге
құрмет, кішіге міндет принципі қатаң ұсталады. Немерені тәрбиелеуде
атасы мен әжесі үлкен рөл атқарады.
Қазақ отбасында үш туыстық
жұрт болады. Өз жұрты, анасы жағынан нағашы жұрты және әйелі
жағынан- қайын жұрты. Осы үш жұрттың тілін тауып, сыйластықта өмір
сүру әр қазақ отбасының басты міндеті болып
саналады.
(110
сөз)
Қазақ тілі
бойынша
8-сыныпқа арналған
мазмұндама.
І
тоқсан
Мақсаты: Оқушылардың білім кеңістігін
нан туралы,нанның қасиеті туралы ұғымдармен толықтыру.
Жазу,таза,каллиграфиялық норманы сақтап жазу дағдыларын
тексеріп,бағалау.
Ас
атасы-нан.
Нан-біздің Отанымыздың
байлығы.Нан сапасы егін шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал
егістіктен біз астық аламыз.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті
тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Қазіргі
таңда Қазақстанда нанның 200-ден астам түрі дайындалады.Бидайдың
құрамында крахмал мен көмірсулар В 1, В2,В 6,С,Е
дәрумендері,калий,кальций,магний,фосфор минералдары
бар.
Қазақ халқында «Ас атасы-нан»
деген сөз бар,яғни астың,дәмнің үлкені-нан.Қазақ отбасында
кішкентай балаға оң қолына нан ұстауды,нанды баспауды,жерге
тастамауды үйретеді.Сондықтан нан –ең қастерлі,ең қасиетті тағам
болып саналады.
Үйге келген кез келген адам
асығыс болса да,өзге тамақтан емес,наннан ауыз тиіп шығады.Ал өзі
нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Қазақтың «бір күн
дәм татқан жерге қырық күн сәлем бер» дейтін сөзі осыдан келіп
шыққан.
(102
сөз)
Қазақ тілі
бойынша
8-сыныпқа арналған
мазмұндама.
І
тоқсан
Мақсаты: Оқушылардың отбасы
құндылығы,ата-ана алдындағы парыз ұғымдарын кеңейте отырып,мәтінді
мазмұндау дағдыларын дамыту. Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
деген ұстанымды берік ұстауға шақыру.
Ата-анаңа не қылсаң,алдыңа
сол келер.
Бір отбасында атасы, баласы,
келіні, немересі тұрып жатты.
Атасы қартайып, аяғы жүруден,
көзі көруден қалды. Асын да дұрыс ішпей езуінен ағызатын болды. Ұлы
мен келіні асын бөлмесіне апарып, үстелге шақырмайтын
болды.
Бірде келіні көжесін шыны
ыдыспен апарғанда, қарт ыдысты қолынан түсіріп
алады.
Келіні:
«Үйдегі шыны ыдысты шағып
болды, енді асты итаяққа құйып беремін»,-деп
ашуланады.
Біраз күн өткен соң жас
жұбайлар ұлдарының бір нәрсе жасап отырғанын
көреді.
- Мақсат, сен не істеп
жатырсың?, - деп сұрайды әкесі мен шешесі.
Мақсат:
- Сендер қартайғанда тамақ
құятын итаяқ жасап жатырмын,-дейді.
«Әкеңе не қылсаң, алдыңа сол
келер» деген мақал осыдан қалған болар.
Қазақ тілі
бойынша
8-сыныпқа арналған
диктант.
ІІ
тоқсан.
Шәкен
Айманов
Мақсаты: Оқушыларға қазақ кино өнерінің
негізін салушы , жерлесіміз Шәкен Айманов туралы түсінік
беру.
Шәкен Айманов- қазақ өнерінің
негізін салушы,актер, режиссер, халық артисі. Болашақ актер 1914 ж.
15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол
кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен.
Ауыл мектебін бітіріп, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға
түскен.
Кейін қазақ драма театрына
шақырылып, жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді
ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған
спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне
түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Петруччо,
Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов
актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып,
спектакльдер қояды.
1984 жылдан бастап
«Қазақфильм» студиясы Шәкен Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй
мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта
орнатылған.
(111
сөз.)
Қазақ тілі
бойынша
8-сыныпқа арналған
мазмұндама.
ІІ
тоқсан
Мақсаты: Оқушыларды еңбекке деген
сүйіспеншілігін арту. Еңбек етуге баулу. Сауатты жазуға
дағдыландыру. Өз ойларын жеткізе білуге
үйрету.
Еңбекпен тапқан
тиын.
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі
жалқау екен .Сонда да әкесі оны өсіріп, киіндіріп жүріпті. Бір күні
ол қартайып, ауырып қалады.Әйелін шақырып былай
дейді:
-Барлық жинаған мүлкімді басқа
біреуге беремін. Ұлыма ештеңе
қалдырмаймын. Ол –жалқау. Ұлын
аяп, анасы он сомдық алтын береді:
-Кешке дейін бір жерде жүре
тұр,- дейді анасы. - Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң: «
Мынаны еңбегіме алған едім »,- деп, әкеңе
бер.
Баласы айтқанын орындайды .
Алтынды әкесі жанып жатқан пешке лақтырады
да:
-Бұл еңбекпен тапқан ақша
емес,- депті. Ұлы күліп ,түк айтпай шығып кетіпті. Әкесін алдай
алмайтынын білген анасы:
-Біз әкеңді алдай алмаймыз,
балам. Сен ақшаны жұмыс істеп тап ,- деп ақыл
айтыпты.
Анасын тыңдап , бала бір апта
жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Әкесі алтынды тағы да
отқа лақтырып жібереді.
-Жоқ, бұл да еңбекпен тапқан
ақша емес, - депті.
Бұған ұлы шыдамай, шоқтан
жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады
да:
-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы
шаршап таптым. Сіз
оны отқа тастайсыз. Мұныңыз
қалай?-деп айқай салыпты.
Сонда әкесі
тұрып:
- Ақшаны шынында да,өз
еңбегіңмен тапқан екенсің.Енді барлық мұрамды саған қалдырамын
,депті әкесі.
Қазақ тілі
бойынша
8-сыныпқа арналған
мазмұндама.
ІІ
тоқсан.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау , ой
түйіндеу дағдыларын дамыту. Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа
тәрбиелеу.
Бақ, қайда
барасың?
Бірде Төле бала 100-ге келген
Әнет бабаның батасын алуға келіпті. Әнет
бабадан:
-Ынтылсақ,ел бірлігі неде?-деп
сұрапты. Сонда Әнет баба жауап бермес бұрын бір бума шыбық
алдырады.
-Балам, мына шыбықты сындырып
көрші.Төле буылған шыбықты сындыра
алмайды.
-Енді шыбықтарды бір – бірлеп
сындыршы.Төле бір-бірден сындырып берді.
-Бұдан не түсіндің ,
балам,-деді Әнет баба. Сонда Төле бала:
-Түсіндім ынтымағы,бірлігі
шықты елді жау да, дау да ала алмайды, дейді
Төле.
-Дұрыс, балам, «бақ қайда
барасың- ынтымаққа барамын» деген осы, -депті Әнет
баба.