Материалдар / ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ОТАРЛАУ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚОЗҒАЛУЫ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ОТАРЛАУ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚОЗҒАЛУЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқытушылар мен білім алушыларға арналған. Өз елінің көп ұлтты мемлекетке айналу мәселесі, жалпы Отанының тарихы қызықтыратын оқырман қауымның барлығына пайдалы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ОТАРЛАУ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚОЗҒАЛУЫ.


Чалгинбаева Г.С.

«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК оқытушысы, Астана қаласы


Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістердің қазақ зиялыларының еңбектерінде көтерілу мәселесіне назар аударған абзал. Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда, ұлттық зиялы қауымның еңбектерін талдау арқылы зерттеу қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды.
Кеңестік дәуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл ж
өнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде демография мәселесіне байланысты еңбектер жазуға рұқсат етілмей, 1937 ж. халық санағының қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.

Баяндаманың басты мақсаты - Қазақстандағы көші-қондық процестердің қазақ зиялы қауым мүшелерінің еңбектерінде көрініс табуын зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- Көші –қон мәселесі туралы қазақ зиялыларының еңбектерін талдау;

  • Көші-қон арқылы отарлауға байланысты қазақ зиялыларының пікірін қарастыру;

Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтының зиялылары болғандығы белгілі. Көші-қон, отарлау саясатының басты бағыты болғандығы белгілі. Қазақ тарихында бұл процесс кезеңдеп қарастырылуда. Столыпин аграрлық реформасы кезеңінде жерсіз, аш халыққа сусыз, құрғақ қазақ даласын ұсынған бұл саясаттың күндері шектеулі деп, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының бірі Ә.Бөкейханов көреген пікір білдіргені белгілі.

Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудың бір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметінің пайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оның сын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды.

Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Сәдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды. Оның ұлттық мәселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларының себептерін дәлелдеуге тырысқан. Көші-қон саясатының қазақ халқына тигізген жағымсыз нәтижелерін шынай айыптаған қазақ зиялысы «садуақасовшылдық» деген айыптауға ұшырағаны тарихтан белгілі.

Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мәселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дәлелдейді. Зерттеуші бір кездері Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарының орыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға талпынғандығын да зерделейді.

1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мәселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нәтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу және ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау – отаршылдар жұмысының екінші жемісі» [1], - деп жазып, мәселені дәл басып көрсетті.

М. Тынышпаев Жетісу облысындағы қоныс аударушылардың тым көптігіне назар аударып, келімсектердің келуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген [2], - деп жазды.

Қазақстан халқы, оның ұлттық құрамы мен орналасуы мәселелері Т.Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде және М.О.Әуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан.

Ә. Ғали өз зерттеуінде 1926 ж. халық санағына дейінгі сыртқы және ішкі көші-қон процестерінің ауқымын қарастырған. Оның көрсетуінше, 1926 ж. дейінгі аралықта 800 мыңнан астам адам республикаға келіп қоныстанған деген мәлімет келтірген.

Қазақ зиялыларының көші-қон саясатына ашық қарсылық білдіріп, объективті шындықты баяндаған еңбектері, қазақ даласындағы 20-шы жылдардағы халық өсімі көбінде табиғи емес, механикалық болғандығын дәлелдейді. Одан кейінгі зұлмат саясаттың қазақ халқының тең жартысын қырып тастағаны тарихтан белгілі. Голощекин сияқты сауатсыз басшының кесірінен қазақ ұлтына жойылу қаупі төнгендігі және ол туралы сөз қозғаған ұлт зиялыларының қуғындалып 30-шы жылдары атылғандығы жөнінде де қазіргі ұрпақ жақсы білеміз. Сол кезеңді көзімен көріп, батыл қарсы шыққан, көші-қон саясатының мәнін түсініп, ұрпақтарына осындай мол мұра қалдырған бабаларымызға біз шексіз алғысымызды білдіреміз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. -Алматы: Жазушы, 1999. -224 б.

2.Тынышпаев М. История казахского народа: Учеб. пособие. -Алматы: Қазақ Университеті, 1993. -С.224

3. Есболұлы М. Түркістанда келімсектерге арналған аудандарда жер мғселесі. -Ташкент: Түркістан Мемлекеттік баспасы, 1923. -62-б.

4. Асфендияров С. История Казахстана. 2-е издание. -Алма-Ата: Қазақ Университеті, 1993.

5. Рысқұлов Т. Собрание сочинений. В 3-х томах. -Т.2. -Алматы, 1997. -350 б.

6. Сәдуақасұлы С. Таңдамалы. 2-том. –Алматы: Алаш мұрасы, 1993. -86-б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!