«ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚТЫ СҮЮДІ ҮЙРЕТКЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚТЫ СҮЮДІ ҮЙРЕТКЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынов жайындағы мақалада ұлт қайраткерінің шығармашылығы туралы кеңінен талқылау жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚТЫ СҮЮДІ ҮЙРЕТКЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ»


Қазақ халқы біртуар перзенті Ахмет Байтұрсыновты қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, ең бастысы ұлт жанашыры ретінде жақсы біледі. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ.

«Алыптардың иығына шығып, алыстарды көріп тұрмыз» деген даналық сөзге сүйене отырып, алыптардың бірі де бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы. Алыптың артына қалдырған еңбегі ұшан-теңіз, ұрпаққа мұра, болашаққа аманат. Ахаң мұрасы - бірнеше параметрге саятын мұра. Ұстаз да, ұлағатшыл да тұлға қайраткер де бола білген. Қайраткерлігінің белгісі қазақтың бар-жоғын түгендеп, қазаққа не жетпейді деген мәселеге бет бұрды. Қазаққа ғылым жетпейді, қазаққа мәдениет керек, қазаққа азаттық керек. Осы тұрғыдан келгенде кемеңгердің үлкен қайраткерлік тұлғасынан оның ғалымдығы, көсемсөзшілдігі тағы басқа қырлары айқын көрінген. Саналы ғұмырын ел келешегі, жас ұрпақтың білім нәрімен сусындату, қазақ балаларын сауаттандыруға арнаған Алаш арысының «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді Ахаң. Істі ағартушылықтан бастау – халқын құлдықтан азаттыққа алып келетінін аңғарған. Жазушы Сейіт Кенжеахмет: «1917 жылы 5-13 желтосқан аралығында Орынборда ІІ жалпықазақ съезі өтті. Онда Алашорда үкіметінің құрамы бекітілді. Ахмет Байтұрсынұлы Алашорда үкіметінің оқу комиссары болып тағайындалды. Қасында Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Биахмет Сәрсенов, Телжан Шонановтар болды. Ахаң сол тұста халықтың сауатын ашу ісіне ел арасындағы молдаларды пайдаланған. Өйткені ол кісі сауат ашуға тек «қаріп тану» деп қарамаған. Оны тәрбиенің өзегіне балаған. Адамгершілік, жанашырлық, мейірім, шапағат секілді қасиеттерді бойына сіңірмеген адамның алған білімі зиянды деп түсінген» деп пікір білдіреді. Осындай қасиеттерді ұлтының бойына сіңіру, өзін-өзі тәрбиелеу, ұлтты тәрбиелеу мақсатында үндеу, насихаттау барысында жазған өлеңдері мен мысалдары, мақалалары көпшілікке ұран іспеттес. «Жұртыма» өлеңінде :

  • «Бірлік қып іс етуге шорқақ, жұртым,

Табылса, оңай олжа ортақ, жұртым...» дей келе, өлеңнің соңында :

«Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!» - деп халқына сауал тастайды.

Қайран қазағын бірлікке, еңбекқорлыққа, өз бағасын білуге, жөнді мен жөнсізді айыра білуге шақырады. Өзіңді бағаламасаң, өз ұлтыңды сыйламасаң, өз туған халқыңды өзің құрметтемесең сені кім қадірлемек деген ой сан оқырманға ой салғаны сөзсіз. Осы жерде халқымыздың «Өз-өзіңді бағаламасаң, қалғаны – бос әурешілік» деген асыл сөзі еске түседі. Ал «Аққу, шортан һәм шаян» аудармасының қорытынды сөзін былай аяқтайды.

«...Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болса жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас». Бұл жерде елінің тұтастығын қалап, ынтымақ жалауының астында бірге болуын қалайды. Бұл Ахмет аңсаған елдің ел болу қағидасы еді. Ахметтің әр өлеңінен, әр шығармасынан әр қазақ өзін көрді, өз қатесінен сабақ алды, әрбірі өзгені өзіндей сүюді үйренді десек, ешқашан қателеспейміз. Себебі, Ахаң жолы, оның алтындай сөздері адастырмас алтын қазық іспеттес.

Ахметтің ақылы мен даналығы «Маса» мен «Қырық мысал» кітаптарымен ғана шектелмек емес. Ол жайлы мақалалар Байтұрсыновтың өз заманындағы ерен еңбегін «бізге болашаққа жол ашуға шырақ болып жанып тұрады» деп бағалады. «Масаға» кірген шығармалары авторды толғандырған, сол дәуірдің өзекті мәселелерін сөз етеді. Қалың ұйқыдағы халқын маса болып ызыңдап оятып, ұлт намысын ояту, ұлттың жоғын жоқтау, ұлттың намысын жырту Ахмет сияқты алып жүрекке ғана тән еді.












Әдебиеттер тізімі:


  1. «Ана тілі» газеті 2020 жыл, №36-37

  2. «Ана тілі» газеті 2018 жыл, №22

  3. «Жұлдыз» журналы 2017 жыл №7

  4. А.Байтұрсынов «Ақ жол» 1991 жыл, 257-бет;

  5. А.Байтұрсынов «Маса» 2005 жыл, 157-бет ;









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2024
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі