Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстан егеменді мемлекет
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егеменді мемлекет
Мақсаты:
• Білімділік:
оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы
мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін
қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы
білімдерді меңгеру үшін жағдай
туғызу.
•
Дамытушылық: Қазақстанның тәуелсіздік алып, егеменді ел
болуының маңыздылығын үйрету, тарихи
оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау
қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: өз
елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы
жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген
сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік, егемендіктің маңыздылығын түсінеді, тарихи оқиғаларға баға бере алады
Сынып: 5 «а»
Сабақтың түрі: аралас
Әдістері: интерактивті
І. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу
- түгендеу
-Психологиялық ахуал туғызу: «Машина, поезд, ұшақ» ойынын ойнап, көлік түрлерінің қимылдарын көрсету арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұшақ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру: қағаздан ұшақ жасап, бір жақ қанатына сұрақ жазып, бір-біріне ұшырады. Ұшақты ұстап алған оқушы екінші қанатына жауап жазып қайтарып береді. Сұрақтар үлгілері: Ғарыш сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? (кеңістік, космос); Әлемде тұңғыш ғарышқа кім және қашан ұшты? (Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде); Түңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) т.б.
ІІІ.Жаңа тақырып:
Оқушыларға тақырып негізгі ұғымдары жазылған карточкалар таратылады: КСРО, 1922 жыл, одақтас республикалар, 1979 жыл, 1986 жыл, 1991 жыл, 16 желтоқсан, республика, егемендік, Н.Ә.Назарбаев, президенттік сайлау.
Дұрыс жауаптары: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы; КСРО 1922 жылы құрылды; КСРО құрамында 15 одақтас республика болды; 1979 жылы Целиноградта (Ақмола, бүгінгі Астана) қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсылығы болып өтті; 1986 жылы КСРО-ның отаршылдық, әкімшіл-әміршіл саясатына қарсы қазақ жастарының наразылық қимылы. Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күндері ереуілге шағып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап етті; 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады; 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні; республика – мемлекет басшысын халық немесе арнайы сайлау алқасы сайлайтын басқару жүйесі; егемендік - мемлекеттің саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті; президенттік сайлау – республика өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекет басшысын сайлау мақсатында 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.
Әр топ осы тіректі ұғымдарды топпен талқылап, тақырыпты өздігінен меңгереді. Топтар дәптерлерімен өзара алмасып, бір-бірін тексереді.
«Конверттегі сұрақтар»: әр топқа конверттер таратылады. Конверт ішіндегі сұрақтарға топ ішінде 1 минут ойланып жауап беру ұсынылады. Сұрақтар:
1-топ: Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады? ( КСРО құрамында болғанда Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетімен шеше алмады. Үнемі Мәскеуден берілген нұсауды ғана орындауға тиіс болды. Экономикалық жағынан да Қазақстан өз байлығын өзі ие бола алмады. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының 1 %-ы ғана түсті).
2-топ: Қазақ халқының өз рухани байлығынан айырылу қаупін неден көруге болатын еді? (Ұлттық ерекшеліктер ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтар өз тілін, салт-дәстүрін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді, т.б.).
3-топ: Бүгінде Қазақстан әлем алдында егемен ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр? (Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. БҰҰ-ның мүшесі, мемлекеттік рәміздеріміз қбылданды, ұлттық теңгемеіз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді, Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды, т.б.).
ІҮ. Бекіту. Жеке жұмыс: тест
-
КСРО-ның өмір сүрген уақыты
А) 1922-1986 жылдары
В) 1917-1991 жылдары
С) 1919-1990 жылдары
Д) 1923-1990 жылдары
-
Қазақстан тәуелсіздік қашан алды?
А) 1991 жыл 1 желтоқсан
В) 1991 жыл 16 желтоқсан
С) 1986 жыл 17 желтоқсан
Д) 1991 жыл 31 желтоқсан
-
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет
А) Түркия
В) АҚШ
С) Германия
Д) Үндістан
-
1991 жылы 1 желтоқсанда болған оқиға
А) Қазақстан тәуелсіздік алды
В) Целиноград оқиғасы болды
С) КСРО құрылды
Д) Бүкілхалықтық Президент сайлауы
-
Целиноград оқиғасы кезінде жастар неге қарсы шықты?
А) Қазақстанның басшысын басқа ұлт өкілін қойғандықтан
В) Неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты
С) Қазақстанның Ресейден бөлінуін талап еткендіктен
Д) Қазақстанның тәуелсіздік алуын талап етті
Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру.
КСРО құрылған жыл
1986 жыл
Целиноград оқиғасы болған жыл
1991 жыл 1 желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы болған жыл
1991 жыл 16 желтоқсан
Қазақстанның тәуелсіздік алуы
1922 жыл
Бүкілхалықтық Президент сайлауы
1979 жыл
Топтық жүмыс: Әр топқа Қазақстанға келген шетелдік қонаққа сыйлық жасау және сыйлықтың мәнін түсіндіру тапсырмасы беріледі. Әр топ бір бірінің сыйлығын бас бармақ арқылы бағалайды.
Ү. Рефлексия.
«Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылар параққа алақандарын қойып, салған соң, сабаққа қатысты мынадай сұрақтарға жауап береді: бас бармақ – бүгінгі сабақта ең құнды не нәрсе болды?
Балалы үйрек – мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
ҮІ. Үй тапсырмасы: Тәуелсіз Қазақстан туралы шағын эссе жазу
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім
Мақсаты:
1. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік – тұғырым» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.
Сабақ түрі: Әдеби-көркем монтаж.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Жоспар: 1. Тарихи шолу
а) Тәуелсіздік жолында
ә) Желтоқсан жаңғырығы
2. Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу. Сабаққа әзірлеу.
Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім». Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.
1-оқушы. ХV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес Қазақ хандығын құрды.
2-оқушы. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі ХVI-XVIII ғасырлардағы жоңғарлардың шапқыншылығы болды.
3-оқушы. 1723 жылы қаннен-қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние-мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір-шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды.
Ән: «Елім-ай»
4-оқушы. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар Қазақ халқын қазақтың ханы – Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.
5-оқушы. XVIII ғасырда Қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болды.
6-оқушы. Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған Қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, Қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.
7-оқушы. Ресей империясының отаршылдық және орыстандыру саясатына қарсы Қазақ халқы сан рет ұлт-азаттық көтеріліске шықты.
-оқушы. XІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Жанқожа батыр бастаған қазақтардың Хиуа, Қоқан хандардың езгісіне қарсы күресі.
-оқушы. 1870 жылы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.
-оқушы. 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
оқушы. 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісі.
-оқушы. 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.
-оқушы. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың Қазақ, яғни халқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың Қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.
-оқушы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн. 100 мың Қазақ қырылды.
-оқушы. 1937-1938 жылдардағы репрессияда Қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.
-оқушы. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.
-оқушы. Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз Қазақ қыздарын
Омондар бастан тепкен күн,
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір дауа
Ер қайрат қыршын кеткен күн.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»
-оқушы. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
-оқушы. Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-апаларымыз – Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.
-оқушы: «Ақтық сөзің не?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін.
Салт-санадан айрылып,
Арақтан ұрпақ азбасын,
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын,
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңлің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойныма алып жаланы,
Мен болайын құрбаның
Ән: «Желтоқсан желі»
-оқушы. Желтоқсан оқиғасы – ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық-коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы Қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
-оқушы. Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
оқушы. Тура келіп тарихи бір орайға
Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,
Не көрмеді Қазақ елі соны ойла.
-оқушы. Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,
Қанын төкті қанша батыр бабалар.
Осы жолдар құрбан болды емес пе?
Халық жауы атанған көп ағалар.
-оқушы. Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құбандары жеткілік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн
Б.Тілеухановтың орындауындағы ән «Қазақғым менің»
-оқушы. Кеше көрсек қол жетпейтін армандай,
Арзандатып бүгіп сыйға алғандай,
Үлесіңе сенің тиді тер төгу,
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай, - деп ақын жырлағандай қазір әрқайсымыз да тәуелсіздік бізге қандай қиыншылықпен келгенін біліп, сезінуіміз керек.
-оқушы:Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мұғалім: Иә, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші. Мысалы: 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-інің егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ары қарай, жалғастырып айтып көрейік.
-оқушы. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
-оқушы. 1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
-оқушы. 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
-оқушы. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
-оқушы. 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
-оқушы. 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.
-оқушы. 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.
-оқушы. 1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
-оқушы. 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. 1998 ж. Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
ән «Астанаға арнау»
-оқушы. Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,
Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.
Ән: «Қазағым менің» Сөзі: Н.Назарбаев. Әні: Б.Тілеуханов.
Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!
Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!
Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.
Музыкалық қоштасу. Сау болыңдар, балалар.
Сабақтың мақсаты:
· Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру, тәуелсіз Қазақстанның заңдық негізі туралы білім беру.
· Дамытушылық: заңдық білімдерін жетілдіру, конституциялық құрылыс жайында өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өз пікірлерін түйіндей білуге үйрету;
· Тәрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституциялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: құқық
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызады.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын әңгіме түрінде өткіземін.
Алдымен сыныпқа ортақ сұрақ қоямын:
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
Әр топтан бір оқушыдан жауап беруі керек.
Сұрақ: Тәуелсіздік бізге қалай келді?
Бұл сұраққа да бір оқушыдан жауап беруі керек.
Ең соңында бір-бір сөзбен жауап беретін сұрақ қоямын.
Сұрақ: Президент - ол:
Бұдан кейін оқушылардың үйде жазған әңгімелерін тексеруге жинап алып, жаңа тақырыпқа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын алдын ала тақтаға жазамын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Осыдан кейін әр топқа ҚР Конституциясын таратамын.
Тақырыпқа мынадай жоспар құрылады:
1. Ата Заңының тарихы.
2. Ата Заңның құрылымы.
3. Мемлекет, адам құқығы және Ата Заң. Ең алдымен жалпы сұрақ қоямын:
Конституция дегеніміз не?
Әр топ ақылдаса отырып бір парақ қағазға жауап жазады. Оны бір оқушы шығып түсіндіріп береді.
Осыдан кейін оқушылардың сәйкес келетін жауабын іріктеп ала отырып, Конституция сөзінің мағынасын түсіндіріп өтемін.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституция негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
Одан әрі еліміздің Ата Заңының тарихын оқушыларға баяндап беремін. Оны мына бағытпен түсіндіремін:
· Алғашкы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан).
· Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995 жылы 30 тамыз).
· Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).
Ата Заңның құрылымымен таныстырғанда тақтаға схема түрінде сызып көрсетемін. Бұл схеманы ҚР Конституциясын пайдалана отырып, оқушылар жеке-жеке толтырып шығады. Артынан Ата Заңның құрылымы туралы айтып беремін.
-
Қазақстан Республикасының Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)
Бөлімдер
Тақырыбы
Баптар саны
I бөлім
II бөлім
III бөлім
IV бөлім
V бөлім
VI бөлім
VII бөлім
VIII бөлім
IX бөлім
Алдымен жоспардың үшінші бөлімі бойынша сабақты түсіндіремін. Онда мына бағыттарды негізге аламын:
? Азаматтардың конституциялық құкығы мен міндеттері.
? Мемлекеттің сипаты. Топтық тапсырмалар.
Әр топқа ата заңның бірінші, екінші бөлімінен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тауып жазуды тапсырамын. Тез орындаған және көбірек жазғанға көңіл бөлемін.
Әр топқа келесі тапсырманы беремін. Төрт плакатты таратамын. Ондағы схема бойынша топпен ақылдасып отырып, тапсырманы орындаймын. Оқушылар алдындағы түсіндіргенімді естеріне түсіреді.
Қазақстан Республикасы |
|||
Демократиялық |
Зайырлы |
Құқықтық |
Әлеуметтік |
|
|
|
|
Толтырылған схеманы тақтаға іліп бір оқушы түсіндіріп береді.
Қорытынды кезең.
Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай?
2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?
3. Референдум дегеніміз не?
4. Азаматтардың конституциялық құқықтарын атап беріңдер.
5. Конституцияда Қазақстан мемлекетіне қандай сипат берілген?
6. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1. 56-параграфты оқу.
2. Конституцияны оқып мазмұндау.
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
мен Әнұраны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың
сабаққа деген белсенділігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер
тақырыбына түсінік беру.Септік жалғауларын қайталау. Грамматикалық
тақырыптарды практикада қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға, туған жерін мақтан
тұта білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар,кәртішкелер,тірек сызбалар,тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
І. Бағыт беру кезеңі:
-ұйымдастыру
-сұрақ-жауап жұмысы
Қандай мереке жақындап келе жатыр?
Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?
«Тәуелсіз» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз жеріміз, теңдігіміз, рәміздеріміз, теңгеміз бар)
(Сабақтың тақырыбы, міндеті айтылады, дәптерге күн жазылады)
Бейнематериал көрсетіледі.
-үй жұмысын тексеру (әр балаға карточка беріледі)
ІІІ деңгей
1. Берілген сөздерді буындарға бөліп, буындардың түрін анықтаңдар.
Қыран, ұлттық, күн.
ІІ деңгей
1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Тудың, мемлекеттік.
І деңгей 1. Тест
1.Мемлекеттік тудың түсі қандай? а) қызыл ә) көк б) ақ
2.Тудың авторы кім? а) Шота Уәлиханов ә) Жұмекен Нәжімеденов б) Шәкен Ниязбеков
3.Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? а) 1991 жылы ә)1992 жылы б) 2006 жылы
4.Туда не бейнеленген? а) шаңырақ ә) күн б) жұлдыз
5. Тудың өлшемі қандай?
а) ені-1 метр, ұзындығы-2 метр ә) ені-2 метр, ұзындығы-2 метр б) ені-2 метр, ұзындығы-3 метр
-Үй жұмысын бағалау
ІІ. Іске асыру кезеңі:
-сөздік жұмысы пырақ-мифический крылатый конь шаңырақ-купол юрты уықтар-купольные жерди юрты жұлдыз-звезда аңыз-легенда -мәтінмен жұмыс (мұғалім оқиды, оқушылар өздері дауыс шығарып оқиды, кезектесіп оқиды)
Мемлекеттік елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков
пен Шота Уәлиханов.
Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі шаңырақ. Шаңырақтың
айналасында уықтар бар. Уықтарды қанатты пырақтар қоршап тұр. Пырақ
аңыздарда кездесетін қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес
бұрышты жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» жазуы орналасқан.
Елтаңбаның түсі алтын және көгілдір түсті.
Мемлекеттік әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов. Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
-жаңа сөздерді мәтіннен тауып оқып, аударамыз (аудару барысында жұлдыз, пырақ нені білдіретінін сұрау)
ІІІ. Бекіту:
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
-Мемлекеттік рәміздер күні қай күн?
-Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не?
-Шаңырақтың айналасында не бар?
-Уықтарды не қоршап тұр?
-Пырақ деген не?
-Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар?
- Елтаңбаның төменгі жағында не орналасқан?
-Елтаңбаның түсі қандай?
- Елтаңбаның авторлары кім?
-Елтаңба қашан қабылданды?
-Әнұранның авторы кім?
-Әнұранның сөзін жазған кімдер?
-Мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?
-грамматика
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2. Қазақ тілінде неше септік бар? 3. Зат есім дегеніміз не? 4. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-топпен жұмыс
І топ Мәтіннен 5 зат есімді тауып жазыңдар. Сөйлем құраңдар.
ІІ топ «Шаңырақ» сөзін септеңдер. Сөйлем құраңдар.
ІІІ топ Мәтінге тірек сызба дайындаңдар. (сызба бойынша әңгімелеу)
-Сергіту сәті
-тақтамен жұмыс
Сөйлемді дұрыс құраңдар
Міндеті / сыйлау- /әрбір адамның /мемлекеттік рәміздерді. (Мемлекеттік рәміздерді сыйлау-әрбір адамның міндеті.)
-Мемлекеттік рәміздерді сыйлау дегенді қалай түсінесіңдер?
-Рәміздерді сыйлау, қадірлеу, яғни өз Отаныңды қадірлей білу. Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
IV. Үйге: мәтінді мазмұндау, жаңа сөздер V. Бағалау:
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Х-ХІІ ғасырлардағы даму себептерін, артына өшпес із қалдырған ғұлама ғалымдармен оқушыларды таныстырып, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Қолданылатын әдістер: Сұрақ- жауап, оқулықпен жұмыс, ауызша әңгіме,топтық жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р картасы, әл- Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауидің портреттері, ребус, тірек- сызбалар.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау.
Әр елдің сәлем беру салтымен амандасу.
Мысалы: 1. Қазақша сәлем беру салты (қол алысу).
2. Италиандықтардың сәлемдесу дәстүрі (төс қағысу).
3. Зимбабедегі сәлемдесу салты (арқасынан қағу).
ІІ. Сабақтың тақырыбын ребустар шешу арқылы анықтау.
ІІІ. Сабақтың мақсатын анықтау.
ІҮ. Оқушыларды топқа бөлу: 1- топ. «Отырар»
2- топ. «Сайрам»
3- топ. «Түркістан»
Ү. Сабақ жоспарымен таныстыру:
1. Ғылымның дамуы
2. Тіл білімінің дамуы
3. Әдебиет
ҮІ. Мұғалім сөзі: Сабаққа жалпылама шолу жасау.
Х- ХІІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің қанат жаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлдене түсті.
Осы ғасырларда ғылым, білім, әдебиет даму үстінде болды. Ғылым саласына тоқталатын болсақ, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесін қосқан, екінші Аристотель атанған - Әбу- Насыр әл - Фараби.Әл- Фарабидің бүгінгі күнде математика, логика, философия ғылымдарына арналған 150- ге жуық еңбегі бар.Тіл білімінің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Х ғасырға дейін түркі тілдес халықтарының бірнеше қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарын бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болды. Ал, бұл ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлесін қоқан ғалымдар: М. Қашқари, Ж. Баласағұн. Кесте арқылы түсіндіру.
Үшінші мәселеге келетін болсақ, жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, көзі тірісінде – ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деген атқа ие болған әйгілі ақын- Ахмет Иүгнекиді айуға болады. «Ақиқат сыйы» атты дастанында халықты инабатты болуға, әділеттілікке, білімді болуға, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға шақырады.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар үлестіру.
Тапсырмасы: Оқулық мәтіні бойынша
1. «Отырар» тобы - Әбу Насыр әл- Фарабидің ғалымдық жолына тірек- сызба жасау;
2. «Түркістан» тобы – Қожа Ахмет Яссауидің әдебиет саласындағы қосқан үлесі бойынша тірек – сызба жасау.
3. «Сайрам» тобы – Ж.Баласағұнның еңбек жолы бойынша тірек – сызба құру.
ҮІІІ. Ақын шығармаларынан үзінді оқып, талдау.
Мәселен: М.Қашқаридің «Диуани луғат ат- түріктен» үзінді оқу.
Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліктен» үзіндіні талдау.
А. Иүгнекидің «Ақиқат сыйынан» үзінді оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқытып, ақын шығармаларындағы негізгі айтар ойын анықтау, өз ойларын ортаға салу.
ІХ. Сабақты бекіту. Сәйкестендіру тестін алу.
1
1
Махмұд Қашқари
а
Диуани хикмет
2
Қожа Ахмет Яссауи
ә
Ақиқат сыйы
3
Ахмет Иүгнеки
б
Ғылымдардың шығуы
4
әл- Фараби
в
Түркі тілдерінің сөздігі
2.
1.
Ж.Баласағұн
а
Қашқар
2.
Әл- Фараби
ә
Сайрам
3
Қожа Ахмет Яссауи
б
Отырар
4
М.Қашқари
в
Баласағұн
3.
1
Екінші Аритотелі атанған шығыстың аса көрнекті ғалымы
а
Махмұд Қашқари
2.
Ислам дінінің сопылық бағытын насихаттаушы Йасылық ақын
ә
әл- Фараби
3
Ахмет Яссауидің шәкірті,ел ішінде Хакім ата атанған ақын
б
Қожа Ахмет Яссауи
4.
Түркі тілдерінің сөздігін жасаған тіл білімінің көрнекті өкілі
в
Сүлеймен Бақырғани
Х. Сабақты қорытындылау
Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздерді оқи отырып, ішіне, сыртына кестесін толтыру. Ішіне бағанына сабаққа қатысты сөздер, ал қатысты емес сөздер сыртына бағанына толтырылады.
Ішіне
Сыртына
Түркістан,
Түрік тілдерінің сөздігі
Сайрам
Бағдат
Хакім ата
Ақиқат сыйы
ислам
тотем
отқа табыну
мешіт
Сәйкестендіру тесті.
1
Махмұд Қашқари
а
Диуани хикмет
2
Қожа Ахмет Яссауи
ә
Ақиқат сыйы
3
Ахмет Иүгнеки
б
Ғылымдардың шығуы
4
әл- Фараби
в
Түркі тілдерінің сөздігі
2.
1.
Ж.Баласағұн
а
Қашқар
2.
Әл- Фараби
ә
Сайрам
3
Қожа Ахмет Яссауи
б
Отырар
4
М.Қашқари
в
Баласағұн
3.
1
Екінші Аритотелі атанған шығыстың аса көрнекті ғалымы
а
Махмұд Қашқари
2.
Ислам дінінің сопылық бағытын насихаттаушы Йасылық ақын
ә
әл- Фараби
3
Ахмет Яссауидің шәкірті,ел ішінде Хакім ата атанған ақын
б
Қожа Ахмет Яссауи
4.
Түркі тілдерінің сөздігін жасаған тіл білімінің көрнекті өкілі
в
Сүлеймен Бақырғани
Бағалану критериилері: 10-12 – «5» 8-9 - «4» 8- ден төмен – «3»