Материалдар / Қазақстан кітапханалары. Т.Тәжібаев атындағы ж.б.б.м Жанбирова Тамара.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан кітапханалары. Т.Тәжібаев атындағы ж.б.б.м Жанбирова Тамара.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: • мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; • үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар.Морфология (Үстеу. Үстеудің мағыналық түрлері)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан кітапханалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану;

Сабақ мақсаты:

  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;

  • үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады;

ОДД

Қолдану

Жоспар

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесемін, түгелдеймін.

«Блиц кездесу» әдісімен сыныпта жағымды ахуал қалыптастырамын. (жұптасып бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін айтады).

Топқа бөлу. Оқушыларға себет ішіндегі гүлдерді таңдата отырып топқа бөлу әдісімен 3 топқа бөлемін.


1-топ «Қызыл гүлдер» тобы

2-топ. «Ақ гүлдер » тобы.

3-топ. «Сары гүлдер» тобы

Үй тапсырмасын « Wordwall » әдісі бойынша сұраймын.

https://wordwall.net/ru/resource/68372145

  • Кітапханаға жиі барасыз ба?

  • Кітап оқуды ұнатасыз ба?

  • Кітап оқу мен кино көрудің қайсысын таңдар едіңіз? Неге?

  • Кітап оқу-демалудың бір жолы деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

  • Әлемдегі қандай кітапханаларды білесіз?

  • Қытай кітапханасы туралы қандай ақпарат білесіз?

  • Қағаз кітап пен электронды кітаптың қайсысын пайдаланған дұрыс?

  • Электронды кітаптың пайдасы мен зияны туралы не айтасыз?

Жаңа сабақ.

Тыңдалым. 1-тапсырма.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында интерактивті тақтадан Қазақстан кітапханасы туралы бейнежазбаны тыңдатамын. Пысықтау үшін тақырыпқа қатысты сұрақтар қоямын.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырып өтемін.

  • Біздің елімізде қандай кітапханалар бар?

  • Өздерің қандай кітапхананың оқырманысыңдар?

  • Ол жерде қандай талаптар бар?

  • Балаларға арналған кітапханаларға барып көрдіңдер ме?

Дескриптор:

  • Қазақстан кітапханасы туралы бейнежазбаны тыңдап,пысықтау үшін мұғалім тарапынан қойылған тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді; [1]

ЕББҚ. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыдан ауызша бейнажазба туралы түсінгенін сұраймын. (ойлау қабілеті кешеуілдеген)

Оқылым. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Оқулықта берілген 4-тапсырмадағы мәтінді оқып, «Қазына іздеу жолында» әдісі бойынша мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табыңдар, мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырыңдар.

Негізгі ақпараттар:

Қосымша ақпараттар:

Нақтылау сұрақтары:


Дескриптор:

  • Оқулықтағы мәтінді оқиды; [1]

  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады; [1]

  • мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; [1]

ЕББҚ. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды табуды тапсырамын. (ойлау қабілеті кешеуілдеген)

Оқушылар тапсырма орындап жатқан кезеңде бағыт-бағдар беремін, қажет болған жағдайда, қосымша уақыт қосып беремін.

Мағынаны тану. Алдағы тапсырмаларға қажет болуына байланысты үстеу жайында түсінік беріп өтемін. Топтардың алдына кеспе қағаздары арқылы қосымша материалмен бөлісемін.

Үстеу іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.

 Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейдіМысалы, ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тейосылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандайт.б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейінбұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайынт.б.

-шама, -шалықсоншама-соншалық, мұншама-мұншалықт.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейіншеоқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейіншет.б.

2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

Барыс септіктің көнеленуіненбекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме), т.б.

Жатыссептіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т.б

Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т.б.

Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасаладыСөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулерқыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл), т.б.

Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-тектет.б.​​​​​​​

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойыт.б.​​​​​​​

Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседіқас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан тазат.б.​​​​​​​

1. Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері?

Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таң сәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.

2. Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.

4. Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншама? Қаншалық?

Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.

5. Күшейткіш үстеуі

Қалай? Қандай?

Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.

6. Мақсат үстеуі

Қалай? Не мақсатпен?

Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.

7. Себеп-салдар үстеуі

Не себепті? Неге?

Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.



Жазылым. 3-тапсырма. Жеке жұмыс

Берілген сөйлемдердегі күшейткіш үстеулерді теріп жазыңдар.

Дескриптор:

  • Берілген сөйлемдердегі күшейткіш үстеулерді теріп жазады; [1]


Айтылым. Жазылым. Топтық жұмыс. 4-тапсырма

«Кестедегі сыр» әдісі арқылы Қазақстандағы кітапханалар тізімін жасап, атауы бойынша ол кітапхананың кімдерге арналғанын, қандай бағытта жұмыс істейтінін кестеге түсіріңдер.Дайын болған соң, қорғаңдар.

Атауы

Орналасқан жері

Жұмыс бағыты





Дескриптор:

  • Қазақстандағы кітапханалар тізімін жасайды; [1]

  • атауы бойынша ол кітапхананың кімдерге арналғанын, қандай бағытта жұмыс істейтінін кестеге түсіреді; [1]

  • дайын болған соң, қорғайды; [1]

Білім алушылар тапсырма орындау барысында қосымша уақыт қажет еткен жағдайда уақыт қосып беремін. Қажет біліммен бөлісемін.

Жазылым. 5-тапсырма.Жеке жұмыс.

«Еркін жазу» әдісі бойынша үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіре қолдана отырып, «Әлемдегі және еліміздегі кітапханалар» тақырыбында таныстырылым жасаңдар. Жазылым барысында күшейткіш үстеулерді қолданыңдар, грамматикалық қателіктерге жол бермеуге тырысыңдар.

Дескриптор:

  • «Еркін жазу» әдісі бойынша үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіре қолдана отырып Әлемдегі және еліміздегі кітапханалар» тақырыбында таныстырылым жасайды; [1]

  • Жазылым барысында күшейткіш үстеулерді қолданады, грамматикалық қателіктерге жол бермеуге тырысады; [1]

ЕББҚ. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға Қазақстандағы кітапханалар туралы шағын мәтін жазуын тапсырамын. Жазылым барысында күшейткіш үстеулерді қолдануын қадағалаймын.

Сергіту сәті.

«Киндер сюрприз» әдісімен екіге бөлінген кітап туралы мақал-мәтелдерді анықтап сәйкестендіріңдер. Мағынасын ашып түсіндіріңдер.

1) Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

2)Кітап - көзі жұмыққа арзан,

Көзі ашыққа маржан.

3)Жақсы кітап - жан азығы.

4)Кітапты сүйіп оқы,

Көңілге түйіп оқы.

5)Кітап — алтын қазына.

6)Кітап — алтын сандық,

Іші толған қазына, құт.

Оқы, оқы, ойыңа тұт.

7)Кітап ғылым — тілсіз мұғалім.

8)Кітап — білім бұлағы,

Білім — өмір шырағы!

9)Кітап оқығандікі,

Білім тоқығандікі

10)Күш - білімде, білім - кітапта.

Дескриптор:

  • Киндер сюрприз» әдісімен екіге бөлінген кітап туралы мақал-мәтелдерді анықтап сәйкестендіреді; [1]

  • Мағынасын ашып түсіндіреді; [1]

Сабақты қорытындылауИнтервью» әдісі бойынша сабақты қорытындылауға байланысты сұрақтарға жауап беріңдер. Өз жауаптарыңды өмірмен байланыстырыңдар:

  • Кітаптың бізге тигізетін пайдасы қандай?

  • Көркем әдеби кітаптарды оқисыңдар ма?

  • Соңғы рет оқып шыққан кітаптарың қандай?

  • Оқу жас таңдайды ма?


«Блиц кездесу» әдісімен сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады. (жұптасып бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін айтады)







Интерактивті тақтадан «Wordwall » әдісі бойынша үй тапсырмасына жауап береді.











Қазақстан кітапханасы туралы бейнежазбаны тыңдайды. Мұғалім пысықтау үшін тақырыпқа қатысты қойған сұрақтарға жауап береді.








Оқулықтағы мәтінді оқып, «Қазына іздеу жолында» әдісі бойынша мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады, мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады




















\




















































Берілген сөйлемдердегі күшейткіш үстеулерді теріп жазады.






















«Еркін жазу» әдісі бойынша үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіре қолдана отырып, «Әлемдегі және еліміздегі кітапханалар» тақырыбында таныстырылым жасаңдар. Жазылым барысында күшейткіш үстеулерді қолданады, грамматикалық қателіктерге жол бермеуге тырысады


«Киндер сюрприз» әдісімен екіге бөлінген кітап туралы мақал-мәтелдерді анықтап сәйкестендіреді.. Мағынасын ашып түсіндіреді











Сабақты қорытындылау. «Интервью» әдісі бойынша сабақты қорытындылауға байланысты сұрақтарға жауап береді. Өз жауаптарын өмірмен байланыстырады.


Қалыптастырушы бағалаулар















ҚБ:

«Асықпен бағалау» әдісі













ҚБ:

«Асықпен бағалау» әдісі






































































































ҚБ:

«Асықпен бағалау» әдісі



















ҚБ:

«Асықпен бағалау» әдісі





























ҚБ:

«Асықпен бағалау» әдісі









6-сыныптың қазақ тілі оқулығы





Интерактивті тақта



https://wordwall.net/ru/resource/68372145













































































































































































































































«Киндер сюрприз» әдісі










Сабақтың соңы

Үй тапсырма: 7-тапсырма.

Кері байланыс: «Банкомат» әдісі арқылы

























Мен барлығын түсіндім.



Сабақта түсінбеген жерлерім болды.



Маған сабақ ұнамады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!