"Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін орта мектеп кітапханашыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы»

« Адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады»

Абай Құнанбаев

«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы, ал кітапханашыларды ещқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын»

Әбіш Кекілбаев

Қазақ елінің ұлы тұлғаларының осы сөздері арқылы расында кітаптан қымбат, одан асыл қазына жоқ, адамзаттың алға басу жолындағы еңбегі, өмірден көріп, сезіп, түйгенін қорытып жүйеге салынғаны-білім, ал білім сандығы-кітап, кеңесшісі-кітапханашы екенін анық байқаймыз.

Кітап-кітапхана-бұл күнделікті өмір. Кітапханада оқырман сөз шеберлерімен кітап оқу арқылы кездеседі, рухани демалып,бұрын білгендерін дамытып, білмегенін таниды. Балаларға арнап көптеген шығармалар жазған Өтебай Тұрманжанов ақынымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана, көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсалғанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап – ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы» - деген болатын. Осынау қоғамның өркендеп, адамзаттың өсіп отырған шағында, жас ұрпаққа кітап оқытып, кітапханаға жиі келтіруді қалай дағдысына айналдыра аламыз?

«Интернет жақсы, компьтер керемет – ал, кітап оқу одан да жақсы» - екендігін қалай дәлелдейміз. Осы кезге дейін мектеп кітапханасында жас деңгейіне байланысты «Кітапты оқып, сурет сал», «Көп оқып, көп білуге үйрен», «Үздік оқырман», түрлі әдеби вернисаждар, «100 кітап» жобасы аясындағы жұмыстар, буккросинг, түрлі кештер және де басқа көптеген жұмыстар жүргізілді. Десек те, бұл өскелең ұрпағымызға аздық етеді. Мектеп кітапханаларының әдеби қорлары өте аз болғандықтан ұлттық нақышта көркем безендірілсе, электронды кітаптармен, терең мазмұнды қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі заманауи кітаптармен толықтырылса деп армандайтынбыз. Сөйтіп жастарымыз арасында кітап оқу сәнге айналып, Отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып, оқу сауаттылығы қалыптасса дейтінбіз, міне, бұл күнге де қол жеткізгендейміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларындағы кітап қорына жаңартулар мен толықтырулар енгізудің аса маңызды екенін айтты.

Осыған орай, мектеп кітапханашыларына оқырмандарымызды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы жұмыстары басталуда. Негізгі бұл жобаның мақсаты-еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру. Әр аймақ әкімшілігі жыл сайын мектеп кітапханаларын 20 пайызға көркем әдебиетпен толықтырып отырса, әрине нұр үстіне нұр болар еді. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқандығын алға тарта, «Дәстүрлі кітапханалардың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды» – деген болатын мемлекет басшысы. Сондықтан да кітапханалар жүйесі мен жұмысына жаңаша көзқараспен қарау қажет және кітапханашылар жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, мысалы: «Кітаптар фестивалі», «Ерекше оқылатын кітаптар», «Кітап заманауи форматта оқу», «Балалар сайты», «Қазақстан тарихы» порталдары арқылы оқырманға көрсетілу қызметін жаңаша ұйымдастырып заман талабына сай боламыз.

Дамудың жаңа дәуіріндегі Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуындағы тың өзгерістерге бейімделіп, жаңа идеяларды ортаға салып, кітапхана мамандары жұмыла жүмыс істеп, нақты нәтижелерге жеткізу міндетіміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2020
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі