"Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапхана жұмысында алдағы уақытта да сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберлікті одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде оқушыларымыздың заман талабына сай халқымыздың рухани санасын оятуға ұмтылсақ деймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің

кітапхана меңгерушісі Кульмуратова Бибигул Аманалиевна


ЭССЕ


Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы


Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Кітап оқыған жанның жаны таза, ой-өрісі ұшқыр болады. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана - оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы - кітапханашылар.

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығының оқу орнына 1989 жылы Ақтөбе мәдени – ағарту училищесіне түсіп, 1991 жылы бітірдім.  Мен осы оқу ордасының «Кітапхана ісі» мамандығының түлегі бол­ғаным үшін, қазіргі таңда осы сала бойынша мектеп кітапханасында қызмет жасап жат­қанымды мақтанышпен айта аламын. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартым­дылығымен ерекшеленеді. Себебі күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар, мұғалімдер, қызметкерлер легі толастамайды. Сонымен қатар бір - ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт - бағдар алуы үшін жан - тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан – теңіз деп ойлаймын.

Кітапханашы - көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары - адамдармен қарым - қатынас құралы болып табылады. Кітапханашы шығармашылық ізденісте оқырманмен байланысып, оқырманның мәдени - ағарту, әр ғасырда өмір сүрген ғалымдар еңбегімен танысуына ықпал етеді.

Осы мамандықтың иесі болғандықтан, қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратамын деген мақсатты алдыма қойдым. Мен жұмыс атқарған білім мекемесі Әйтеке би ауданының Талдық елді мекеніндегі Талдық орта мектебі болатын. Тарихы сонау тереңнен басталатын ауылдың атына да заты сай ерекше. Әуелі сол ауылда орналасқан мектептің өзін айтар болсам, шалғайда орналасқан шағын мектеп, әрі байланыс аясы ұстамаса да мен белсенді түрде жұмыс жасап, көркейтуді қолға алдым. Ол үшін әуелі кітапхананың өз алдына бөлек бөлмесі де болмаған еді. Мектеп басшысына ой тастап, бір бөлмені жасақтауға кірістім. Көне ғимарат болса да, тазалыққа жаны құмар пенде болғандықтан, ішін тазалап, әктеу жұмыстарын жүргізіп, кейін ішіне қойылған сөрелерді реттестіріп, кітапхананың сәнін кіргізу үшін түрлі көркем әдебиеттермен толықтыра бастадым. Осы орайда «Бір үй, бір кітап» акциясын қызу түрде ұйымдастырып, барша ауылдың үлкенді – кішісін атсалысуын сұрадым. Ойлағанымдай барынша қолдау көрсетіп, акцияға қатысқан жандарды мадақтап, қолпаштаған болатынмын. Әрі жұмысымның одан әрі жандануы үшін мектепте өткен әрбір шараларға өз көрмемді қызықты етіп, шолу жасап, мектеп оқушылары арасында әр түрлі іс – шараларды өткізіп, күн сайын кітапханаға оқырманның қызығушылықтары одан сайын оянып, келулері де артты. Кез - келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстанымы ол - кәсіби шеберлік болып табылады. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Кәсіби шеберлік, білімділік, әсіресе, кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде мамандар бірінші кезекте. Мектеп кітапханасы шағын болғанымен, мен ауылдың кітапханасының дамуына өзіндік зор үлесімді қостым деп ойлаймын.

Ал, қазіргі уақыттағы Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің ғимаратының көне болғанына қарамастан, мектептегі балаларға тәрбие берудегі игі мәдени шаралар мектеп кітапханасында атқарылып келеді. Кітапханашы баланы оқыту мен тәрбиелеуде ұстазға жаңаша жұмыс жасауға, үнемі шығармашылық ізденісте әдістемелік көмек беріліп отырады. Кітапханаға оқырмандар, оқушылар жиі келіп қажетті әдебиеттерін, материалдарын жазғызып алып, газет - журналдарды оқу залында отырып керегінше пайдаланады. Ол да жаңа заман талабымен жұмыс жасап, ізденіп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, ой салады.

Қазіргі уақытта заман да жаңа, оқушы да жаңа, осы орайда менің айтпағым бұл кітапхананың ішіндегі бөлмелерін барынша реттеп, ендігі кезекте кітапхананың жағдайын одан әрі көркейту үшін көптеген жоспарларым бар. Бүгінгі күні кітапхана ең жоғарғы төртінші қабатта орналасқан. Бөлмелері шағын, сол себепті болашақта жоспарым бойынша кітапхананы төменгі бірінші қабатқа көшіруді ойлап отырмыз. Өйткені кітапханаға өз алдына бөлек оқу залы, абонемент, оқулықтар қоры, көрмелер қойылатын сөрелер қажет. Жаңа заман компьютер дәуірі болғандықтан, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы кітапханаға ғаламтор желісі қондырылып, компьютерлермен жабдықталғанын қалар едім. Біздің барлығымызға да ортақ міндет - әрбір оқырманның өзінің керек кітабын тауып, қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасай отырып, коворкинг нысаны жұмыс жасап тұрса деймін. Теледидардан қызықты бағдарламалар мен сүйікті мультфильмдерді көре алады және балалар жұмсақ көрпелерге отырып, демалады.

Терең білім мен қатар сапалы тәрбие беру - әрбір парасатты кітапханашының абыройлы борышы. Мектептегі кітапхана мектептің жүрегі, бір бөлігі деп айтар едім. Сондықтан да кітапхана жұмысында алдағы уақытта да сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберлікті одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде оқушыларымыздың заман талабына сай халқымыздың рухани санасын оятуға ұмтылсақ деймін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2020
1353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі