Материалдар / Қазақстан тарихы госс сұрақтар жауабымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы госс сұрақтар жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих жауаптары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2023
850
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы мемлекеттік емтихан


  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.


Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50 жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса , ал 1883 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып , оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер , тас найзаның ұштары, қырғыздар, пышақ тәріздес тас құралдар , тас балталар қойылды. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, XX ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып , ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В.В.Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қоғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап , олар туралы хабар беріп отырған . Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттеулі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына басталды.Кеңес дәуірінде алғашқы кезінде қазақ жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С. И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай.Оның жазу бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты- тас дәуірінің қонысы белгілі болған . Сол Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты - тас дәуірінің қоныстарын тапқан.
Елiмiзде тас дәуiрiнiн нагыз гылыми тургыдан зерттелуі 50-жылдардын 2-жартысынан басталады. Казак Ұлттық академиясы Ш.Уалиханов атындагы тарих, археология жане этнография институтының гылыми кызметкерi тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшiлiгiмен 1957 жылы құрылған Қаратау отрядының жүргізген жумысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзiмнiң iшiнде ғалым тас дэуiрiнiн 
теменгі кезенiнен бастап, онын сонгы кезенiне дейiнгi мезгiлдердi дәлелдейтiн ескерткіш- тердi тапты Бул жумыстың нәтижесi Онтустiк Казакстаннын теменгі тас дәуір атты монография болып жарыққа шықты . Қазакстандагы алгашкы адамдардың ескерткiштерi бiршама зерттеліп, игiлiктi жумыс жолга қойылды. ХХ гасырдың 80- жылдарынан бастап бугiнгi күнге дейiн палеолит дәуiрiн зерттеуді Маргулан атындагы археология институты, сонымен қатар Ж. К.Таймагамбетовтың жетекшiлiгiмен әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-дың галымдары жургiзiп келедi. Ж. К .Таймагамбетовтың бастамасы жане жетекшiлiгiмен 2000 жылы эл-Фараби атындагы Казак улттык университетiнде ТМД елдерiнiң iшiнде алгаш рет палеолит муражайы ашылды. Қазақстанның солтустiк аудандарында алгаш рет неолит дәуiрiнiн коныстарын 1926 ж. м. П Грязнов пен М. Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезенiнiң ескерткiштерiн тауып жане оларга гылыми зерттеу жумысын жүргiзуде археолог галым С. Черниковтың енбегі зор. Ол кiшi Красноярск жане Усть-Нарым коныстарына казба жумыстарын жүргізді. Сырдариянын томенгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерiнде неолит кезенiнiк коныстарын зерттеуде Хорезм археологиялык экспедициясының менгерушiсi Толстовтың сіңірген еңбегі айтарлықтай. 

Ескерткіштердің басым көпшілігі Қаратау жотасында орналасқан Тянь-Шань тауларының батыс бөлігі болып табылатын Қаратау жотасы екі аймақты – Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласы шектеп, бөліп тұр.Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ежелгі адамдардың мекендеуіне ерекше қолайлы болған [11].Қаратау жотасы Арыстанды, Тұрлан, Шаян, Боралдай сияқты көптеген өзендермен суарылады.Сондықтан ескерткіштер көбінесе тау бөктерлерінде немесе өзен алқаптарында кездеседі.


Оңтүстік Қазақстандағы тас ғасыры ескерткіштерінің басым көпшілігін Х.А.Алпысбаев ашқан. Ол кісі 1957 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қаратау жотасы мен бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясының тас ғасыр ескерткіштерін зерттеумен айналысты. Х.А.Алпысбаевтың қажымас еңбегінің арқасында бүкіл әлем Қазақстан территориясында да ежелгі адамдардың мекендегенін білді.Өз зерттеулерінің қортындыларын Х.А.Алпысбаев көптеген ғылыми жинақтарда мақала етіп басып шығарды [12]. Өзі қайтыс болғаннан кейін, 1979 жылы жарық көрген монография және басқа да мақалалары [13] ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегінің қортындысы болды.


Тас ғасыры кезеңіне жататын көптеген мол қазба материалдары еліміздің барлық аймақтарындағы археологтардан қабылдап, қор жинақтау жұмыстарын жүргізіп жатқан мұражайлардың бірі және бірегейі — «Ғылым ордасы» РМК археология мұражайы. Мұражай қорындағы және жаңадан қабылданған материалдар негізінде тас ғасырынан бастап, орта ғасырларға дейінгі Қазақстанның ежелгі тарихының барлық кезеңдерін бейнелейтін жаңа ғылыми экспозиция құрылды.


Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан территориясындағы көне және соңғы орта ғасыр уақытындағы адам қоғамының дамуын көрсету болып табылады. Республикамыздың аумағында мекен еткен тайпалар мен халықтар өздерінен кейін көптеген ескерткіштердің түрлерін қалдырып кеткен, сол ескерткіштер мәдениеттің және жалпы өркениеттің дамуына өз үлесін қосқанын көре аламыз.


Тас дәуіріне:Витриналарда кремниден жасалған еңбек құралдары, шапқыш қарулар, қысқыштар, өзекті қару түрлері ұсынылып отыр. Олардың табылған жері — Оңтүстік Қазақстандағы Бөріқазған мен Тәңірқазған ескерткіштері болып есептелінеді.


Орта палеолит (мустье) кезеңдерін қамтитын ескерткіштер — Оңтүстік Қазақстан, Сарыарқа мен Солтүстік Балқаш жерлерінен табылған болатын. Оңтүстік Қазақстаннан табылған қарулар түрі: қысқаштар, өткірұштар, қашаулар.


  1. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)


Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас гравюралар жиі кездеседі.
Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы – көне заман жайында дерек беретін жәдігер.
Қола дәуірінде, ертедегі көшпенділер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған.
Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстүрде дамыды. Бұл заман суреттерін көне петроглифтердің үстіне салу мұнда жиі кездеседі. Кейбір орта ғасырлық петроглифтердің жанында жазулар да бар. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды.
Жер асты суларының мол қоры мен ұлан-ғайыр жайылымды жердің болуы аумақтық және экономикалық жағынан Ұлытау көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қоныс болған.
Жартастағы суреттерден ертедегі темірқорытушылардың, 
көшпелі керуеншілердің, малшылардың өмірінен деректер беретін сызбаларды көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі. Қола дәуірінің петроглифтері діни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттерді бейнеледі.
Суретшілер нүктелі әдіспен қашап, бояу, 
сызу арқылы көшпелі тұрмысты, шабандоздарды, жабайы аңдардың бейнелерін – құлан, барыс, бұқа-тұр, қасқыр, жабайы жылқы тағы басқаларды анықтап көрсеткен. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен киіктің әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған.
Көптеген аңыздар Теректі-Әулиемен байланысты, Жезқазған қаласынан шығысқа қарай 80 шақырым жерде, Теректі теміржол станциясынан 20 шақырым жерде гранитті қарымның ұшар басында орналасқан.
Суреттер – ежелгі адамдардың көшпелі өмірінің көрінісі. Аң аулауға, жабайы аңдарға арналған, ертедегі 
адамның санасында Көк Тәңірге, Күн рына табыну басым болған.
Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни-нанымдар, әдет-ғұрып сахналары – «Көкке табыну», «Құрбандық шалу салты», «Көк Тәңірге жол тарту» көріністері бейнеленген. Сондықтан да, қажылыққа барып тәу етушілер мен мистиканы әр түрлі жақтаушылар мұнда жиі келеді.

Жартас гравюраларының үлкен тобы – Байқоңыр ауылынан 20 шақырым жерде Бұланты өзенінің жартастағы жағалауында орналасқан. Көптеген жануарлар суреттерінен, аңшылық сахнасынан тұратын ондаған метр жерге созылған петроглифтердің ішінде түйелі керуен де бейнеленген. Петроглифтердің көп бөлігі қазіргі уақытта адамның аяғы жете алмайтын, шығуға келмейтін биік тік тастарға салынған. Ертедегі суретшілер аттардың керемет сымбаты мен мінезін бере алған. Сарыарқаның кеңістігіндегі петроглифтердегі ат суреттері ширақ қимылға толы.

Мәдени мұралар адамзаттың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, тарихы, шежіресі десек, біздің тарихи-мәдени мұрамыздың тамыры тереңде жатыр. Ол ұлттық болмысымызда, салт-дәстүрімізде айқын көрініс тапқан. Ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани материалдық байлықты, жалпы ата-баба мұраларын келешек ұрпаққа дәріптеу – біздің басты мақсатымыз. Құнды мұраларымызды сақтап, оның өміршеңдігін қадағалау әрқайсымыздың ұрпақ алдындағы борышымыз.

  1. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.


Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.


Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал 
өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.
Металл кеніштері Зыряновск, 
Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерлерде орналасқан.
Мысты өндіру үшін 
кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған. Шытынап, уатылған кенді тас және қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.
Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады.
Академик В.П.Алексеевтің берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі 
шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған".
Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды.
Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.
Петровка мен Боголюбов қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған.
Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған.
Қола дәуіріндегі тасқа 
салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған.
Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.
Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.
Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. 
Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.
Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның 
дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.
Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.
Ерте темір дәуірінде зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы жетілдіріле түсті. Ертедегі көшпелілер қалың табақ алтынды (0,6 мм), сондай-ақ алтын түйіршіктерін илеу және-дәнекерлеу техникасын меңгерді. Сонымен қатар мәнерлі алтын жолақшалармен көркемделген темір әшекейлер, мәнерлі тағалар және алтын мен күмістен жасалған көркемдігі жоғары бұйымдар табылған.


  1. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.


Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.

Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.

Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.

Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.


  1. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.


Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген. XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса кызығушылық ғалымдардың жеке-дара зерттеулерінен көрініс тапты. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында тарихымызға тастағы суреттерді зерттеуге деген ұмтылған жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Осындай

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!