Материалдар / ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп білім ортасы болса, сол білімнің сандығы, қайнар көзі кітапта, дұрысы оқулықта. Оқулық дидактикалық талаптарды қанағаттандыратын, оқу бағдарламасын баяндайтын, оқу мақсаттарын жетуге бағытталған, пән мазмұнын ғылыми тілмен, жүйені баяндайтын кітап
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2020
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


А.Н.Айтуганова

Өскемен қаласы "№49 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің тарих пәні мұғалімі aiman_nurken2011@inbox.ru


Аңдатпа

Мектеп білім ортасы болса, сол білімнің сандығы, қайнар көзі кітапта, дұрысы оқулықта. Оқулық дидактикалық талаптарды қанағаттандыратын, оқу бағдарламасын баяндайтын, оқу мақсаттарын жетуге бағытталған, пән мазмұнын ғылыми тілмен, жүйені баяндайтын кітап. Әр оқулық оқушыға бағдарламаға сәйкес білім беруге арналып жасалғанымен, онда оқушының жас ерекшелігін, менталитетін, ұлттық құндылықтарын, идеялогия негіздерін, тәрбиелік аспектілерді ескеру қажет.бепрілетін оқу материалы дәл, нақты болып, ережелер мен заңдардың және анықтамалардың берілу тілі жаттық, оқушының ұғым-танымына сәйкес болуы шарт. Оқу материалын жақсы түсіну үшін қосымша сурет, кесте, диаграммалар және сызбалар беріліп, бағдарламаны жан-жақты түсінуге жағдай жасалу керек.

Если школа – это кладезь знаний, то источником знаний является книга, а точнее учебник. Учебник представляет собой книгу, соответствующую дидактическим требованиям, излагающую учебную программу, направленную на достижение целей обучения, представляющую содержание и структуру предмета научным языком. Не смотря на то, что каждый учебник предназначен для обучения ученика в соответствии с программой, в нём необходимо учитывать возрастные особенности, менталитет, национальные ценности ученика, основы идейности, воспитательные аспекты. Необходимо, чтобы изучаемый учебный материал был точным, конкретным, и что немаловажно, язык объяснения правил и определений должен быть понятен для ученика. Для лучшего понимания учебного материала должны быть даны дополнительные рисунки, таблицы, схемы и чертежи, созданы условия для всестороннего понимания программы.

If the school is an educational environment, then the chest of knowledge, its source is a book, a textbook to be more precise. A textbook is a book that meets didactic requirements, presents the syllabus, is aimed at achieving educational goals, also describes the content and the structure of the discipline in a scientific language. Although each textbook is intended to teach a student according to the program, it should take into account the age characteristics, mentality, national values, ideological foundations, and educational aspects of students. The educational material must be clear, specific and importantly it is essential that the textbook explains laws, rules and definitions in comprehensible language for students. With the purpose of making better understanding of the educational material, there should be provided such materials as additional pictures, tables, diagrams and drawings, this method will lead to effective learning.

Мектеп білім ортасы болса, сол білімнің сандығы, қайнар көзі кітапта, дұрысы оқулықта. Оқулық дидактикалық талаптарды қанағаттандыратын, оқу бағдарламасын баяндайтын, оқу мақсаттарын жетуге бағытталған, пән мазмұнын ғылыми тілмен, жүйені баяндайтын кітап. Әр оқулық оқушыға бағдарламаға сәйкес білім беруге арналып жасалғанымен, онда оқушының жас ерекшелігін, менталитетін, ұлттық құндылықтарын, идеялогия негіздерін, тәрбиелік аспектілерді ескеру қажет.бепрілетін оқу материалы дәл, нақты болып, ережелер мен заңдардың және анықтамалардың берілу тілі жаттық, оқушының ұғым-танымына сәйкес болуы шарт. Оқу материалын жақсы түсіну үшін қосымша сурет, кесте, диаграммалар және сызбалар беріліп, бағдарламаны жан-жақты түсінуге жағдай жасалу керек.

И. Лернердің оқулыққа енетін элементтерге төмендегідей сипаттама берген екен:

  1. Ақпараттық (вербалды немесе көрнекі құралдары арқылы ұсынылған);

  2. Репрадуктивті, яғни білім мен іс – әрекет дәрістерін ұйымдастырушы;

  3. Шығармашылық іс – әрекетке ынталандырушы;

  4. Тәжірибені ақиқатқа әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоцияналдық қарым-қатынасты игеруге ықпал етуші.

Яғни, ақпарат арқылы білім алушы жаңа, өзіне таныс емес материалды алады, екіншіден. Берілген материал оқушының іс-әрекет жасауына ықпал етуі қажет. Үшіншіден, берілген материал оқушы қиялын шыңдап, тұжырым жасап, интерпретациялап, өз ойынан мысалдар бере алатындай болуы шарт. Төртіншіден, оқулық арқылы білім алушы эмоцияналдық ахуалының түзелуіне оң ықпал етуші деп түсінуге болады.

Қазақ педагогикасының негізін қалаған білімпаз аталарымыз Мағжан Жұмабаев, Ыбырай Алтынсариндерден бастау алған оқулық жазу тәжірибесі біздің ғалымдарымыз үшін жаңа іс емес. Кеңес дәуірінде бүкіл одақ көлемінде бір бағдарлама, бір саясатты оқулықтар оқытылу жүзеге асса, еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап өз саясатымыз, өз білім алу жолы бар дербес мемлекет үшін жаңа оқулықтар дайындалды. Кеңес дәуіріндегі оқулықтардың ішінде мән-мағынасын жоғалтпағаны біраз уақытқа дейінқолданыста болып келді. Себебі, бүкіл жүйені біз мезгілде ауыстыру қиындық тудырды. Бұның бір шеті экономикалық жағдайға байланысты болса, екінші ұшы біздің елдегі оқулық жазатын ғалымдардың тапшылығы еді. Сондықтан, оқулыққа қойылатын талаптардың білім алушылар мен ұстаздардың көңілінен шықпаған кездері де болды.

Қазіргі таңда елімізде оқулық жазу ісі дұрыс жолға қойылды, әлемдік білім ошақтарының ғалымдарының қатысумен де жұмыс жасау тәжірибесі қалыптасты. Сонда оқулық қандай болу керек? Оқулыққа заман ағымына сай болумен қатар дұрыс безендірілуі мен дидактикалық тұрғыда жазылу талабы қойылады. Дұрыс безендірілген оқулық оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, түрлі медициналық – гигиеналық талаптарға жауап береді. Ал дидактикалық жағын дұрыс берілген материал оқушының жас ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік тағылым бере отырып, оқушының білім алуына, танымдық деңгейін дамытуға септігін тигізеді. Осылайша оқулықтардың қандай болуы қажеттігін қарастыруға тоқталуға болады.

Біз қарастырғалы отырған Тарих оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндіксана-сезімді және адамгершілігі-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарих пәнін оқытудағы басты мақсат – балаларды өз елінің тарихымен таныстыру және танымдық қабілеттерін өсіруде зияткерлік саналарын дамытуға ықпал ету. Ата-бабамыздан мирас болып мұраға қалған тарихымызды біліп, тану парызымыз болса, соған жетелейтін, баулитын бірден-бір құрал ол, тарихтың сатылай, қоғам дамуына бөле отырып, оқылуы.

Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу. Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни, тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор. Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру мүмкіндігі туып отыр.

Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Тарихты оқыту әдістемесі – оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс –тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Оның басты мақсаты – оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени –тарихи тәжірибесінің негізін оқытып меңгерту. Осыған байланысты тарих пәнінің танымдық және тәрбиелік мәнін ашып, талдауға күш салдық.

Тарих пәнінің тәрбиелеушілік міндеттері өте мол. Тарих пәні сабағында оқушылардың дүниеге деген ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, отаншылдыққа тәрбиеленеді, халықтар мен ұлыстарды құрметтеуге, сыйлауға үйренеді, аға ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүрін ұғынады. Сондай-ақ, діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны бағалауға, жалпы адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді. Осы орайды 5 сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулығын парақтай отырып, баланың қандай тәрбие –тағылым алатындығын пайымдап көрейін.

Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген қанатты сөз бар, сондай-ақ, «өткенсіз бүгін жоқ» дегендей, өзінің шыққан тегін білмейтін, арғы бабаларының немен айналысқанын, кімдер болғанын, қаншалықты даму деңгейінде өмір сүргенін біліп өсу–мәдениетті, білімді, тәрбиелі азаматтың белгісі. Оның бергі жағында ата - баба қалдырған асыл мұраларымыз Ұлан – ғайыр жерінің, тарихи ескерткіштерімізді кадір тұтып, мақтан етуімізде білімпаз ұрпақтың көрегендігі болып табылады. Тарих пәнін оқи отырып білім алушы тарихи сананы, өз елінен басқа елдердің мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар толқынында қалыптасқан жалпы адамзаттың, ұлттың және адами құндылықтарды дәріптеуге, ұлттың және әлемдік мәдениет жетістіктерінің мәнін, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін ұғынуға талпынатын болады. Осылайша өзінің мәдени-тәрбиелік деңгейін көтереді.

5 сыныптағы Қазақстан тарихын оқыту барысында білім алушы Қазақстан территориясында орналасқан «Таңбалы шатқалындағы» петроглифтері, Есік, Берел қорғандары сияқты ғажайып археологиялық жәдігерлер жайлы, Алтын Адам, Күлтегін ескерткіші, Ұлы Жібек жолындай баға жетпес тарих жетістіктері туралы танысады.

Ерте замандағы қазақ жеріндегі өмір сүрген тайпалар: сақтар, үйсіндер, қаңлылар мен сарматтар, сондай-ақ ғұндар жайлы оқып үйреніп, олардың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен қанық болады.Оқулық пен бағдарламада 10 – 11 жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері де ескерілген. Психолог ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл 6 жастағы шәкірттер мінез-құлығының дамып, қалыптасуы жағынан қиын, өтпелі кезеңдегі «кіші жеткіншектер» деп танылған. Осы ретте қазіргі заманғы білім беруші мұғалімнің ғылыми-теориялық білімі жан-жақты, терең болуы, оқыту әдістемесін жетік білуі талап етіледі. Бұл курстың жетекші идеясы – оқушыларды қазақстандық патриотизмге, төзімділікке, биік мәдениетке тәрбиелеуге септігін тигізу. Осы мақсатта оқулықта курстың жетекші идеясын аз-аздап, бірте-бірте ашуға, бұл үрдістің аса маңызды жақтарын мүмкіндігіне қарай толық көрсетуге септігін тигізетін факторлар іріктеліп алынған. Сонау ерте заманда Қазақстан аумағында мекендеген сақ, ғұн, түрік тайпалары, олардың өмірі мен тұрмысы, тәуелсіздік жолындағы ерлік күрестері оқушылардың жадында тек жақсы сақталып қана қоймай, олардың сезіміне әсер ететіндей баяндау қарастырылады. Сондықтан Тұмар патшайым, Шырақтың ерлігі, Еділ-Аттила, Білге, Күлтегін, Тоныкөк, Қайырхан туралы материалдар оқушылардың көкейіне қонымды жеткізіліп, олардың бойында отаншылдық сезімдерді қалыптастыруға көмектесуі тиіс.

Ал 5 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінің танымдық аспектісіне келетін болсақ, оқу мақсаттары –оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылатын пәннің білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытуға бағыттылған. Бұл пәнді оқи отырып оқушы оқиғалар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты айыра білуге, қандай да бір оқиғаның немесе фактордың үдерістерге әсерін түсінуге, қандай да бір тарихи құрылымның маңызын түсінуге, белгілі бір тарихи оқиғаны өз ойының елегінен өткізуге (интерпретациялау) дағдыланады. Тарихи түсініктер негізінде жазылған оқулық тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды тез түсінуге бағытталған, сол арқылы пәннің мазмұнын түсіну оңайлайды.

Еліміздің аумағындағы өмір сүрген ежелгі адамдардың Неолит, Палеолит, Меролит жаңа тас дәуірі және энолит дәуіріндегі өмір сүру дәстүріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды саралау үшін хронологиялық таблицаларды толтыра отырып, талдайды. Әр жылнамашы және тарихшылардың берген сипаттамаларын салыстырады.

Сонымен қатар, оқулық авторы оқушылармен жобалық жұмыс жасауға ыңғайлы тапсырмаларды бере отырып, оқушының шығармашылық жұмыс жүргізуіне ықпал етеді. «Мультимедиялық слайдты таныстырылым» әзірлеу тапсырмасы соның айғағы. Сондай-ақ, оқушыларға Венн диаграммасын құра отырып, салыстырып, мәтіннен сұрақ құрасыру, эссе (қарғалы тәтісі) жазу сияқты тапсырмалар беру олардың тарихи танымын тереңдетіп, пән бойынша білім мазмұнын игеруге үлкен себін тигізетіні анық.Сонымен қатар, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақта оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай туғызады. Оқушылар өздігінен жауап іздеп, талдайды, қорытындылайды, өз пікірін еркін білдіруге, оны күнделікті өмірінде қолдануға ұмтылады. Міне, осындай оқытудың нәтижесінде оқушыларға өмірге қажетті дағдылар мен біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік беріледі. Іріктеп алынған материалдардың мазмұны оқушылардың танымын кеңейтіп, тарихтағы адамның рөлін түсінуге көмектеседі. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи оқиғалар туралы түсініктерін нақтылай түседі. 5-сыныптағы оқу материалының мазмұны онда берілген ұғымдардың белгілі бір жүйесі арқылы ашып көрсетіледі. Бұл сыныпта арнаулы терминдердің, тарихи ұғымдардың ғылыми толық анықтамасы айтылмайтыны белгілі. Мысалы, «ғасыр», «біздің заманымыздан бұрынғы», «біздің заманымыз», «тарихи карта», «топонимика», «этнография», «археология», «қазақ» атауы, «тәуелсіздік» және басқа ұғымдар 10–11 жастағы оқушылардың көкейіне қонымды түрде жеткізіледі және ғылыми негіздегі мәтіннің түсінуге қажетті белгілері ғана ашылады. Бұлар сол ұғымды басқа бір жеке не қарама-қарсы ұғымдармен салыстыру арқылы тарихи құбылыстың анағұрлым нақты, айқын жағын ашып көрсетуге көмектеседі. Оқулықта тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи карта туралы алғашқы түсініктерді одан әрі тереңдете түсуге мүмкіндік берілген. Бірінші бөлімде сонымен қатар білімдік, тәрбиелік және дамытушылық жағынан маңызды фактілер мен идеяларды сұрыптап алуға ерекше назар аударылған. Жалпы түсініктердің мағынасы жүйелі түрде, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды жай баяндау, әңгімелеу, суреттеу арқылы ашылып көрсетіледі. Курстың мазмұны бастауыш білім беру сатыларында «Дүниетану», «Ана тілі» пәндерінен алған білімдерін пайдаланып, тарих сабағында оқушылардың білімін одан әрі тереңдете түсуге жағдай жасалған.

Білім алушылардың танымдық біліктілігін арттырудың тағы бір жолы – картамен жұмыс жасау. Картаның шартты белгілерін қолдануды меңгеріп, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлануды үйрену – білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, Отанның дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуде, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ісіне асыруда маңызды рөл атқаратын білім саласы.






Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қосымова Г.Дәулетбекова Ж. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық– Алматы: Атамұра, 2017, 1-150 б.

  2. Қазақстан тарихы (орысша-қазақша). Мажитов С. Ф. – Алматы, 2000, 1-97б.

  3. «Оқулық жазу шарттары және оның тәрбиелік негіздері» А.М. Таганова, ҚазҰУ хабаршысы, 2012ж.,56б., Алматы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!