«Қазақстан тарихы пәнінде тарихи карталарды қолданудың тиімділігі» (әдістемелік құрал)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстан тарихы пәнінде тарихи карталарды қолданудың тиімділігі» (әдістемелік құрал)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны Кіріспе Тарихи карталар Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану Тарих сабағында карта сұлба және кескін карталарды пайдалану Тарихи картографиялық ойындар Тарихи карталар жинағы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Дүниені, дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих беттерінің өткен ерте кездегі кезеңдерін, ондағы құбылыстарды білуіміз керек. Тарихты оқытып білдіре отырып бала санасында дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елестету, одан кейін фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн. Ал одан кейін сол тарихи жағдайларды білуге құмарту, терең түсінуге жағдай жасау, яғни оқушылардың қабілетін дамытуды қалыптастыру, оқушыларды өз бетінше ізденуге әкеп тіреу керек. Сонда ғана біз баланың жан-жақты да
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан тарихы пәнінде тарихи карталарды қолданудың тиімділігі»

(әдістемелік құрал)















Мазмұны


Кіріспе

Тарихи карталар

Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану

Тарих сабағында карта сұлба және кескін карталарды пайдалану

Тарихи картографиялық ойындар

Тарихи карталар жинағы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





















Кіріспе


Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Дүниені, дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих беттерінің өткен ерте кездегі кезеңдерін, ондағы құбылыстарды білуіміз керек. Тарихты оқытып білдіре отырып бала санасында дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елестету, одан кейін фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн. Ал одан кейін сол тарихи жағдайларды білуге құмарту, терең түсінуге жағдай жасау, яғни оқушылардың қабілетін дамытуды қалыптастыру, оқушыларды өз бетінше ізденуге әкеп тіреу керек. Сонда ғана біз баланың жан-жақты дамуына әсер ете аламыз. Мұғалім жаңа сабақты оқушының санасында ой туғызып, білуге ынтасын арттырып, алдыңғы уақытта өз бетінше жұмыс орындауына негіз қалайтындай жүргізу керек. Бұл үшін тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын ояту қажет. Ең бастысы, сабақты түрлендіре отырып шәкіртті қызықтыра білу, тарта білу, жаңаны көрсету, өз ойын ашық айта білуге жетелей отырып, ойланта білу керек. Оқушылардың есте сақтау белсенділігін арттыруда тарих сабағында әр түрлі көрнекіліктер пайдаланған жөн. Оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыруда картографиялық көрнекіліктердің маңызы зор.

Әдістемелік құралдың мақсаты: Тарих сабағында картографиялық көрнекіліктерді пайдалану арқылы оқушылардың ой-танымы мен көзқарасын, білімі мен біліктілігін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру болып табылады.

Әдістемелік құралдың міндеттері:

  • Тарих сабағында картографиялық көрнекіліктерді пайдалану арқылы сабақтың мазмұнын ашып көрсету;

  • Тарихи карталардың географиялық карталардан айырмашылығын айқындау;

  • Сабақта кескін карта, оқу картасы, карта сұлбаны қолдану арқылы оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру;

  • Картографиялық ойындарды сабақта қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Әдістемелік құралды жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған тапсырмалар арқылы

  • Өз ойын ашық айта алады;

  • Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;

  • Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

Бағалау формалары: Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысында: материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдың дәлелді баян далуын, интеллектуалды, жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет





















Тарихи карталар


Тарихи карталар географиялық негізде жасалады және тарихи оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі –шартты көрінісін танытады. Ол көріністе нысанның кеңістікте орналасуы белгілі бір масштабқа түсіріледі. Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар, олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Ең ежелгі карталар б.д.д. ПІ - І мыңжылдықтарда Вавилон мен Египетте жасалса, арнайы оқу карталары Ресейде ХҮШ ғасырдың соңында дүниеге келді.

Тарихи және географиялық карталардың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Географиялық картадағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына береді. Тарихи картаның тағы – бір ерекшілігі онда оқиғалар мен процестердің қозғалысы ашылады. Географиялық картада тұрақты болып көрінген нысандар тарихи картадан өзгермелі сипат алады, мысалы, мемлекеттердің қалыптасуы олардың аумағының өзгеруі, әскердің, сауда керуендерінің қозғалыстары. Картада тарихи қозғалыстар мынадай шартты белгілер тілінде сөйлейді: әскери соққы – жебе, шайқас алаңы айқасқан қылыш, көтеріліс ошақтары – алау.

Тарихи карталар аумақтарды қамтуы бойынша әлемнің, құрлықтың, мемлекеттің картасы; мазмұны бойынша жинақтаушы және тақырыптық; масштабы бойынша ірі, орта, ұсақ масштабты болып бөлінеді. Жинақтаушы картада мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу бағдарламасы бөлімінде қарастырылған негізгі оқиғалар мен құбылыстар белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді. Жинақтаушы карталар: «Ежелгі Қазақстан», «Б.д.д. ІІІ – ІІ ғ. Рим мемлекетінің өсуі», «ІХ – ХІІ ғ.ғ. Ежелгі Русь».



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2024
1008
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі