Материалдар / Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларға арналған материал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларға арналған материал

Материал туралы қысқаша түсінік
6-11сынып оқушыларына арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2020
252
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

1

Кітапханалық-ақпараттық орталық
Мұхаммед Хайдар
Дулати – көрнекті
мемлекет қайраткері, әйгілі
тарихшы, ғалым, әдебиетші
Библиографиялық көрсеткіш
Тараз, 2018


Page 2

2

Қҧрастырушыдан / От составителя
Мҧхаммед Хайдар Дулати – кӛрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі тарихшы, ғалым,
әдебиетші: Библиографиялық кӛрсеткіш/Құрастырушы: Д.Искакова.- Тараз қаласы.-М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.-
Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2017.- 64 бет.
Әдебиеттер – 17 аталым, 262 дана; мерзімді
басылымдар беттеріндегі 47 мақалалар тізімі
әліпбилік ретпен берілген.
Библиографиялық кӛрсеткіш Дулат Хұсайынұлы
Мұхаммед Хайдар (1499 -1551) – кӛрнекті
мемлекет қайраткері, әйгілі тарихшы, ғалым,
әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің
тарихы жӛнінде аса құнды деректер беретін
«Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама»
дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі
Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық
аты-жӛні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза
Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар»
- ӛз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты,
«Мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін
атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны
секілді), «Дулат» - шыққан тайпасының аты.
Мҧхаммед Хайдар Дулати –
кӛрнекті мемлекет қайраткері,
әйгілі тарихшы, ғалым,
әдебиетші: Библиографический
указатель/ Составитель
Д.Искакова. –Тараз.-
Библиотечно-информационный
центр Таразского
государственного университета
имени М.Х. Дулати, 2017.-64 стр.
(Литература состиот из 17
наименований, 262 экземпляров
и сборник статей собранных из
периодических изданийсостоит
47 наименований, списки
составлены в алфавитном
порядке).
Библиографический указатель «Мҧхаммед Хайдар Дулати – кӛрнекті мемлекет
қайраткері, әйгілі тарихшы, ғалым, әдебиетші» составлен из биографических данных с
университетского сайта. Одним из выдающихся сынов казахского народа, забытых во
времена тоталитарной системы, является Мухаммед Хайдар Дулати , живший и
творивший в сложную эпоху. Полное имя Дулати звучало Мырза Мухаммед Хайдар бон
Мухаммед Хусаин Дуглат Кореген.
Библиографический указатель предоставлен широкому кругу читателей.


Page 3

3


Page 4

4


Page 5

5

Дулати Хҧсайынҧлы Мҧхаммед Хайдар (1499-1551) – әйгілі тарихшы,
әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жӛнінде аса құнды деректер беретін
«Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнаме»дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат
тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жӛні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза
Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – ӛз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты,
«мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан
аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.
М.Х. Дулати – кӛрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың – тұңғыш тарихшысы, философы,
ғұлама ақын, дипломат, әскери қолбасшы және ол қазақ халқын құраған ежелгі түркі
тайпаларының бірі – ұлы ойшыл ғалым.
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының тӛңірегінде
дүниеге келген. Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ұлы атасы Мұхаммед Хайдар
мырза Қашқарияны биледі. Әкесі Мұхаммед Хұсайн ХV ғасырдың ақыры мен ХVІ ғасырдың
басында Моғолстанның батыс бӛлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі
болды. Мұхаммед Хайдардың анасы Хубнигар ханым – Шағатай ұрпағы, Моғолстан ханы –
Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың
жазуынша Жүнісхан – кӛшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған
кісі.
М.Х. Дулат Моғолстанның сұлтан Сайд ханмен және Үндістандағы баласы ұлы Моғолдар
әулетінің негізін қалаушы Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырмен бӛле. М.Х. Дулатидің балалық шағы
Мұхаммед Шайбани хан бастаған кӛшпелі ӛзбектердің қысымынан Орта Азияда Әмір Темір әулеті
мемлекетінің күйреуі, Моғолстанның ыдырау және қазақ хандығының ӛркендеу дәуірімен тұстас
келді. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде 1508 жылы
Шайбани әскерінің қолында М.Х.Дулаттың әкесі ӛледі. Cегіз жасар Хайдар әкесінен жетім қалып,
үш-тӛрт жылдай Кабулдағы ӛзінің бӛлесі, атақты жазушы Бабырдың қолынан тәрбие алады. Ол
Бабырдың Мауереннахр жорығына қатысты. 1512 жылдан бастап Сұлтан Сайд ханның
Қашқардағы сарайында тұрып, әскери және сарай қызметін атқарды. Оның Әбу Бәкірмен Қашқар
және Жаркент үшін 1514 жылы болған соғысына, сондай-ақ Қырғыстанға, Оңтүстік-Шығыс
Қазақстанға және Тибетке жасаған әскери жорықтарына қатысты.
Хан мұрагері – Әбу ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы хан тағына отырған Әбу
ар-Рашид Дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратты. М.Х.
Дулаттың немере ағасы Сайд Мырза ӛлтірілді. М.Х.Дулат Үндістанға қашып кетті. Ол мұнда ұлы
Моғолдар сарайында әскери қолбасшы болды, Кашимирді жаулап алу соғысына қатысады.
Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. 1551 жылы
жергілікті халықтың кӛтерілісі кезінде 52 жасында сол жерде дүние салады. М.Х. Дулати – XV
ғасырдың алғашқы жартысында жасаған Бабыр сияқты, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан
білгіш, майталман кісінің бірі. Ол ғылымға қатты кӛңіл бӛліп, кітап оқып, ӛлең шығарып, сурет
салу ісімен айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық ӛнерімен шұғылданады. Онымен бірге
Хайдар ӛзінің ойға жүйрік, майталман, сӛзге шебер, ерекше саңлақ болуымен халық ортасында
даңқты болады.
Қазақстанда Дулати бабамызға ел тәуелсіздігін алған кезден бастап айырықша кӛңіл бӛліне
бастады. БҰҰ-ның шешімі бойынша 1999 жылы М.Х. Дулатидың 500 жылдығына арналған
арнайы конференция ӛткізілді.
Енді ғана есін жиып, тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ӛткеніне үңіле бастаған елдің
тарихының ӛшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні
бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен түркі тектес халықтардың
мәдениетін зерделеген еуропалық ғалымдардың қай-қайсысын алсақ та, оған жүгінбей, еңбегіне
соқпай кете алмайды.
http://www.tarsu.kz/kz/biografiya.html
М.Х. Дулатидің ӛмірі мен қызметі
МҦХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ (1499–1551 ЖЖ.)
ХVІ ғасырдың кӛрнекті мемлекет қайраткері, қазақ Геродоты атанған тарихшы, қолбасшы, ақын,
әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати ежелгі түркі тайпаларының бірі – дулаттан шыққан
ойшыл ғұлама.
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының тӛңірегінде дүниеге
келген. Ұлы атасы Мұхаммед Хайдар мырза Қашқарияны биледі. Әкесі Мұхаммед Хұсейін ХV
ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басында Моғолстанның батыс бӛлігіне билік еткен Сұлтан
Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Мұхаммед Хайдардың анасы Хубнигар ханым –
Шағатай ұрпағы, Моғолстан ханы – Жүніс ханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа


Page 6

6

дейін басқарған. Хайдардың жазуынша Жүніс хан – кӛшпелі руларды отырықшылық ӛмір салтқа
үйреткен тұлға.
М.Х. Дулати сұлтан Сайд ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін
қалаушы Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырмен бӛле. М.Х.Дулатидің балалық шағы Мұхаммед
Шайбани хан бастаған кӛшпелі ӛзбектердің қысымынан Орта Азияда Әмір Темір әулеті
мемлекетінің күйреуі, Моғолстанның ыдырау және қазақ хандығының ӛркендеу дәуірімен тұстас
келді. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде 1509 жылы
Шайбани әскерінің қолында әкесі Мұхаммед Хұсайн қаза болады. Cегіз жасар Хайдар әкесінен
жетім қалып, үш-тӛрт жылдай Кабулдағы ӛзінің бӛлесі, атақты жазушы Бабырдың қолында
тәрбиеленеді. Ол Бабырдың Мауереннахр жорығына қатысады. 1512 жылдан бастап, Сұлтан Сайд
ханның Қашқардағы сарайында тұрып, әскери және сарай қызметін атқарады. Оның Әбу Бәкірмен
Қашқар және Жаркент үшін 1514 жылы болған соғысына, сондай-ақ Қырғызстанға, Оңтүстік –
Шығыс Қазақстанға және Тибетке жасаған әскери жорықтарына қатысады. Мұхаммед Хайдар
Дулат хан тағының мұрагері Абу ар-Рашид сұлтанды тәрбиелейді. Бабырдың айтуы бойынша
Мұхаммед Хайдар Дулат энциклопедиялық біліммен қаруланған ғалым болған. Ол сол кезеңдегі
саяси жағдайлар мен саяси қайраткерлердің барлығынан хабардар болатын. 1533 жылы Сұлтан
Саид хан қайтыс болады да, оның тағына отырған мұрагері Әбу ар-Рашид дулат тайпасымен
келісе алмай, олардың отбасын қуғынға ұшыратады.
Жорықта жүріп осындай қайғылы хабар алған Мырза Хайдар ӛз ӛміріне де қауіп тӛнгенін сезіп,
сол кездегі Пәкістанның ғылыми және мәдени орталығы Лаһорға кетіп, бірнеше жыл сонда
тұрақтайды. Кейіннен Бабырдың баласы Хұмаюнға қосылып, бірнеше жорықтарына қатысады.
М.Х.Дулати 1540 жылы Хұмаюн берген аз ғана әскермен бірге Кашмирді басып алады. Сол жерде
11 жыл билік етеді. Ол ӛзіне қараған қалалар мен қоныстардың әл-ауқатын кӛтеріп, жолдарын
жақсартты. Әдебиет пен мәдениеттің ӛркендеуіне жағдай жасады. Кашмир ӛлкесін гүлдендіріп
абат баққа айналдыру ойымен талай жерлерге ӛкілдерін аттандырып, қолынан іс келетіндерді
ӛзіне шақырды. Бірте-бірте ол Тибетті де ӛз иелігіне қосып алды.
1551 жылы жергілікті халықтың кӛтерілісі кезінде 52 жасында сол жерде дүние салады.

М.Х.ДУЛАТИДІҢ ЕҢБЕКТЕРІ

М.Х.Дулати – Орта Азия халықтарының тарихы, этнографиясы мен географиясы, тілі мен
әдебиеті, мәдениеті туралы сӛз ететін «Тарих-и Рашиди» еңбегі мен «Жаһан наме» атты
классикалық шығармалардың авторы.

«ТАРИХ-И РАШИДИ» ЕҢБЕГІ
Қазақ тарихы мен мәдениетінің қалыптасуына кӛп үлес қосқан – кӛрнекті ғалым, тұңғыш
тарихшы, әрі шежіреші, әдебиетші,
орта ғасырдағы мемлекет қайраткері
Мұхаммед Хайдар Дулати XIV-XVІ
ғасырлардағы тек отандық тарихты
ғана емес, сонымен бірге біртұтас
Орталық Азия аймағының
халықтары мен Шығыс Түркістан,
Тибет, Үнді халқының, яғни
Шығыстың тарихы, мәдениеті
туралы құнды еңбек қалдырды.
Ғалымның парсы тілінде жазылған
«Тарих-и Рашиди» еңбегі
медиевистикада (орта ғасырлар
кезеңін зерттейтін тарих
ғылымының саласы (лат. - medium
aevum - орта ғасыр деген сӛзі)
кеңінен танымал. Оны XVІ-XVIІ
ғасырлардағы кӛптеген шығыс
авторлары мен соңғы орта
ғасырлардағы Орталық, Орта Азия
тарихын зерттеушілер түпнұсқа
ретінде пайдаланды.
Бұл тарихи еңбек екі дәптерден


Page 7

7

тұрады. Бірінші дәптер 70 тараудан, екінші дәптер 117 тараудан тұрады. Бірінші дәптер Тоғлық
Темірдің хан тағына отырған 1346 жылдан бастап, 1546 жылға дейінгі тарихи оқиғалар, кӛптеген
тарихи тұлғалардың ӛмірбаянын қамтыған күрделі кезең туралы жазылған. 1346-1546 жылдар
аралығында Орталық Азиямен қатар Тибет, Кашмир, Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Қашқар, тіпті
Иракқа дейінгі территорияның шеңберінде оқиғалар барынша шеберлікпен бейнеленген.
Екінші дәптер М.Х.Дулатидің ӛзінің ӛмірі, естеліктері, кӛрген-білгендері, ӛзбек шағатай
хандарымен сұлтандарының тарихы және ӛз замандастарының басынан ӛткен оқиғалары
баяндалады.
«Тарих-и Рашиди» – Орта Азия тарихы туралы жазылған шығармалардың ішінде ең мағыналысы
және мағлұматтың ең дұрыс толығы болып саналады. Бұл еңбек бүгінде барлық мәдениетті
елдердің тіліне аударылып, мәңгі ӛшпейтін дүниежүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр.
М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі – Орталық Азия халықтарының ХІІІ–ХVІ ғасырлардағы
тарихы мен географиясы, этнографиясы, әдебиеті мен мәдениеті, ӛнері жайлы классикалық
шығарма. «Тарих-и Рашиди» – ӛз заманының кӛрнекті, тарихи-әдеби энциклопедиялық сипаттағы
туындысы. Қазақ хандығының құрылу тарихы жӛнінде нақты тарихи мәліметтерді осы
шығармадан алуға болады. 1541-1546 жылдары жазған автордың бұл еңбегі Орталық Азия
халықтарының ғана емес, Қазақстан тарихына қатысты хронологиялық жағынан алғанда XIV-XVІ
ғасырларға жататын тарихи мәліметтерімен маңызды. М.Х.Дулатидің еңбегіндегі XV-XVI
ғасырлардағы қазақ хандығы тарихының құрылу кезеңі туралы мәліметтері – Қазақстан тарихы
үшін құнды деректеме. 1465 жылдан бастап Қазақ хандығы тарихта дербес саяси мемлекет ретінде
құрылғанын тұңғыш рет автор «Тарих-и Рашиди» еңбегінде жазып қалдырды.
ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының мынандай басты оқиғалары аталған еңбекте қамтылған:
1.Қазақ хандығының құрылуы(ХҮ ғ. 40-50 жж. Дешті Қыпшақтың саяси жадайы, Қазақ
хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан жағдайы, Керей мен Жәнібек хандардың Шу
бойында хандық құруы);
2.«Қазақ» сӛзінің мағынасы;
3. Алғашқы Қазақ хандығының негізін қалаған жеті хан - Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым,
Мамаш, Таһир, Бұйдаш туралы мәліметтер;
3. ХVІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы және Қасым ханның билікке
келуі мен Қасым хан тұсындағы қазақ хандығына сипаттама;
5. ХVІ ғ. 20-30жж. Қазақ хандығының әлсіреуі жайында;
6. ХV ғ. қазақ-моғол, қазақ-ӛзбек қатынастары турасында.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Үнді және Орта Азия тарихшылары «Тарих-и Рашидиді» ӛз еңбектерінде
кӛп қолданған. Мысалы, Үндістанның Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы Мұхаммед Қасым
Ферште Бадахшан Кашмир уәлаяты туралы жазғанында түгелдей дерлік осы шығармадан алып
отырған. Мұхаммед Хайдар Дулат жайында күншығыс елінің ғалымдары да кӛп жазды.
Үндістанның атақты ғалымдарының бірі Ағзам Кашмир ӛлкесі туралы жазғанына ерекше ілтипат
кӛрсетіп, ӛзінің «Кашмир тарихы» деген кітабында Мұхаммед Хайдардың әдебиеттегі орнына
ерекше баға береді.
Еңбек ағылшын тілінде 1849 жылы (Калькутта) басылып шықты. Қазақ тарихына тиісті бӛлімін
Ресей тарихшысы Владимир Владимирович Вельяминов-Зернов зерттеп, деректерді 1864 жылы
«Қасым хандарының тарихы» атты кітабының екінші томына қосып шығарады. Еңбегінде ғалым
«дулат» деген атауды ұстанды. Ол дулаттар туралы: «Дулаттар - ерте тарихи заманнан келе жатқан
түрік тілдес ежелгі тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ қауымына қосылып, Алтын Емел
тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр», - деді.
Европалықтар «Тарих-и Рашиди» еңбегін Лондонда 1895, 1898 жылдары ағылшын тілінде жарық
кӛрген аударма арқылы оқып, таныды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің
қолжазба нұсқалары Ресей, Ӛзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Қытай, Ұлыбритания,
Франция елдерінің сирек кездесетін қолжазба қорларында күні бүгінге дейін сақтаулы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ӛзінің әйгілі «Жоңғария очерктерінде» Мұхаммед Хайдар
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі туралы былай келтіреді: «Мұнда автор ӛзінің жеке басынан
ӛткен тарихи оқиғалары туралы, географиялық және этнографиялық мәліметтер береді».
Қазақ халқының тұңғыш профессоры Санжар Асфендияров ғалым еңбегінен үзінділер аударды.
Ал, академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1941 жылы жазған «Қазақтың тұңғыш тарихшысы»
мақаласында: «Мұхаммед Хайдар Дулати – XVI ғасырдағы шығыстан шыққан атақты
ғалымдардың бірі, оның Орта Азия мен Қазақстан туралы жазғандары бұл реттегі мағлұматтардың
ең ұлы арнасына жатады. Оның жазған «Тарих-и Рашидиі» – Мұхаммед Хайдардың атын бүкіл
дүние әдебиетіне білікті қылған белгілі шығарманың бірі. Оның үстіне қазақ тарихының кӛмескі
кездерін зерттеу үшін «Тарих-и Рашиди» еңбегінің әдебиеттегі орны бүтіндей бір басқа», – деді.


Page 8

8

Ә.Х.Марғұлан Мұхаммед Хайдар Дулатиді қазақ халқының тұңғыш тарихшысы ретінде
таныстырып, оның еңбегін ғылыми тұрғыда бағалай отырып, алдағы міндет халқымызға түсінікті
тілде шығарып, оны халық игілігі жасау қажеттігін баса жазып ӛтті.
Тарихшы Манаш Қозыбаев Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі туралы:
«Мырза Мұхаммед Хайдар – тек кәсіби тарихшы емес, ол оның теоретигі, ғылыми негізге
салушыларының бірі. Ол тарихи, ғылыми обьективтік, диалектикалық байланыс, салыстырмалы
кешенді, концептуальды зерттеу принциптерінің негізін қалаған тарихшы. Сондықтан, ол жазған
«Тарих-и Рашиди» – тарихи классикалық туынды», – деп баға беруі - оның еңбегінің баға жетпес
құндылығының дәлелі.

«ЖАһАН НАМЕ» ДАСТАНЫ
М.Х.Дулати «Жаһан наме» атты классикалық
шығарманың авторы. Бұл дастанның негізгі тақырыбы
адал да таза махаббат. Қолжазбаны Берлин
кітапханасынан тауып алып оқып, 1937 жылы неміс
тілінде тұңғыш мақала жазған башқұрт ғалымы атақты
Ахмет Зәки Валиди Тоған (1891-1970) болатын.
Әйтсе де, Берлин кітапханасының қолжазба
қорындағы бұл асыл дүние кӛпке дейін қолымызға
түспей келді. Тек, 1994 жылы ғана Мюнхен
университетінің оқытушысы Лидия Клетцель
ханымның кӛмегі арқасында «Жаһан наме» автордың
тарихи отанына қайта оралды.
1981 жылы Қашқар қаласынан қазақ ғалымы Ахметбек
Кіршібаевтан қолжазбаның бір кӛшірмесін Алматыға
алып келген, бабамыздың мұрасын зерттеп,
шығармашылығын насихаттап жүрген, дулаттанушы
ғалым, филология ғылымдарының докторы,
профессор, академик Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Әбсаттар қажы Дербісәлі М.Х.Дулатидің «Жаһан
наме» поэмасының ежелгі түркі (шағатай тілінен) Берлин нұсқасы бойынша жолма-жол
аудармасын және оны Қашғар нұсқасымен салыстыра ғылыми транскрипциясын жасап, сӛздікті
құрастырып, түсінік, ескерту, аннотация және кӛрсеткіштерін дайындап, баспаға әзірледі.
Поэманы шартты түрде бірнеше бӛлімге бӛлуге болады. Алғашқы 110 бәйітті шығарманың
«Кіріспесі» деуге болады. Ежелгі мұсылман Шығысы әдебиетінде кейбір кӛркем дүниелер мақтау,
теңеу, мадақтау, кітаптың жазылу себебі іспетті шартты бӛлімдерден тұрады. «Жаһан намеде» де
осы қағида бұзылмаған. Сондықтан дастанның «мақтау» бӛлімінде Мырза Мұхаммед Хайдар (1-
14-бәйіттерде) жаратушыны жырға қосады.
Сонымен, поэманың негізі оқиға желісі 115-бәйіттен басталады да, 1290 бәйітпен біткен. әрі қарай
динамикалы түрде дами бастайды.
Әрі қарай 1306-бәйітке дейін Мырза Хайдардың ӛмір, тағдыр жайлы философиялық
толғанысы берілген.
Поэмада сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай, ел ӛмірі, халық басына қасірет әкелген
хандардың зұлымдығы сипатталады. Халықтың тұрмыс жағдайын түзетіп, мемлекетінің
шекарасын кеңейтіп, нығайтуға әрекет жасаған, қираған қалалар мен елді мекендерді
қалпына келтіріп, мешіт, медреселер салдырған, орта ғасырлық билеушілер мен хандар
туралы мадақтаулар жырда аз кездеспейді.
М.Х.Дулат осы уалайатта ӛткен жастық шағына бірнеше бәйіттер арнаған. Автордың
«уалайат» деп отырғаны Орта Азия. Ӛйткені орта ғасырларда Түркістан, Ташкент,
Самарқан мен Бұхара, Әндіжан мен Ферғана секілді шаһарлар бар аймақ «уалайат» деп
аталғаны тарихи деректерден мәлім. М.Х.Дулатидің «Жаһан наме» шығармасы әлем
әдебиеті жауһарларының бірі.

http://www.tarsu.kz/kz/biografiya.html


Page 9

9

Мҧхаммед-Хайдар Дулати

Мұхаммед Хайдар Дулати
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен
оған іргелес елдердің тарихы жӛнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен
«Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.
Оның толық аты-жӛні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы
«Мұхаммед Хайдар» - ӛз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің
тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» -
шыққан тайпасының аты.
Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан
қызметтерін тқарған, ӛздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Ӛз әкесі
Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін
Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан ӛлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс
ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және
Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен
бӛле. Әкесі ӛлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан
кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай
қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді,
сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның
тәрбиешісі болады.
Сұлтан Саид ӛлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп,
оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті ӛлтіреді.
Осыдан кейін ӛз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға
қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына
қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол
осында ӛзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.
Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-Хайдардың кім
болғаны, оның адамшылық тұлғасы кӛз алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер
Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия кӛлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі
екенін кӛресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы
тілінде жазылған ―Тарихи Рашиди‖ деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті
елдердің тіліне аударылып, мәңгі ӛшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр.
Мұхаммед-Хайдар туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды. Академик В.В.
Вельяминов-Зерновтың анықтауынша: Мұхаммед-Хайдар дулат руынан, текті атадан. Дулаттар
тарихи заманнан келе жатқан түрік нәсілдес кӛп тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ
қауымына қосылып, Алтын Емел тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді. Шоқан
Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед-Хайдар – дулат руы Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы ол
кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед-
Хайдардың ӛз әкесі – Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу ӛзені, Талас бойын мекен еткен дулаттар
ортасында туып-ӛсіп, оның ел билеген атақты адамдарынан сан алған.
Қазақтың Қасым ханы мен ӛзбектің Шайбани ханы Алтын Ордадан қалған мұра – Сырдария
бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде, Хайдардың әкесі – Хұсайын, оның ағасы –
Мұхаммед Қайсар, дулат биі – Сұлтан Ахмет – барлығы дулат руының тума бектері аталған
қолбасылар. Олар бір жағынан Ферғанадағы Бабырға күш берсе, екінші жағынан Қасым ханды
қолдап, ӛзбек Шайбани ханға қарсы тұрады. Хайдардың әкесі Хұсайын кӛрген ол кезде ӛзінің
қайын атаса Моғұлстан ханы Жүніс ханның мезгіл-мезгіл Ташкент пен Ұратӛбе қаласын
басқарады. Осы кезде келешектегі жазушы Мұхаммед Хадар келеді. Тегінде ұлы жүз үйсін,
дулаттардың не шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға қатынасуы тарихта аз болмаған.
XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі бұл қалада аса зор болған, ең соңғысы Тӛле бидің ӛзі кӛп
ӛмірін осы қалада ӛткізіп, бірталай естелік қалдырған, ӛзі ӛлгеннен кейін денесі де сол қалада
жерленген.
Жетісудың ол кездегі саяси аты Моғұлстан болса, оны мекендеген тайпаларды ресми тілде Моғұл
деп атады. Бірақ бұл Моғұл деп отырған кӛшпелі тайпалар-моңғол да, ұйғыр да, ӛзбек те емес,
түрік тілінде сӛйлейтін сол жердің тарихи заманнан бері келе жатқан тұрғын халқы болатын.
Екінші түрде айтқанда моғұл деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін мен дулаттар,
қаңлы мен шанышқылы, жалайырлар. Бұларды біріктіріп, саяси тіршілік ретінде не моғұл, не


Page 10

10

дуғлат деп атағандығы байқалады.
Дұрысында бұл моғұлдарды шағатай ұлысынан бӛлініп шыққан сол кездегі қазақ тайпаларының
(ұлы жүздің) бірінші саяси одағы (бірлігі) деуге болады. Кейін Алтын орда үкіметі ыдыраған кезде
Керей мен Жәнібек (Әз-Жәнібек) соңына ерген қыр қазақтарымен Моғұлстанға келіп, ұлы жүз
тайпалары үйсін, дулаттан кӛп күш алып, шу ӛзені бойында Қазақ хандығын құрады.
Осы кезде Моғұлстан үкіметі де кеңейіп, күшейеді. Ӛйткені, оның құрамына енді қашқар
уәләяты да қосылады. Моғұлстанның билігі толғынан Қашқар жұртына ауысқанда, XVI ғасырдың
30 жылдары, Рашид ханның заманындаұлы жүз тайпасы, оның ішінде дулаттар Моғұлстан бӛлініп,
Қазақ хандығына қосылады.
Дулаттар әлі күнге сол тарихи қонысында тіршілік жасап, қазақ халқының бір іргелі бӛлігі
болып отыр. Ол кезде Дуғлат, бүгінде дулат аталуында еш қайшылық жоқ. Бұл сол тарихи
дұғлаттардың кітапта дұғлат аталып, халық аузында дулат аталуы ғажап емес. Ӛйткені ӛткен
ғасырдағы кітап тілінің әсерімен Абайдың ӛзі де кӛп сӛздерді солой жазғандарын мұра етіп, Орта
Азия халықтарымен бірге мақтаныш ететін, оның тікелей ұрпағы – қазақтың ұлы жүз тайпасы
оның ішінде дулаттар.
Тарихи жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед Хайдардың нақтылы қай жерде туғаны
кӛрсетілмеген. Бірақ бұл мәселені ӛзге мәліметтерімен анықтауға болды: біріншіден, оның әкесі
Хусайынның тіршілік жасаған орындары арқылы, екінші, анасы Хуб Нигар-ханымның болған
жерлері арқылы. Бұлардың екеуінің де тұрғылықты орындары Ташкент қаласының тӛңірегі
болған. Әкесі Хусаин Қасым-ханмен бірге Шайбаниға қарсы соғысқанда,осы Ташкент маңында
қаза табды. Сондықтан Мұхаммед – Хайдар осы Ташкент тӛңірегіндегі туған облуы керек.
Мұхаммед-Хайдардың анасы Хубнигар-ханым – Шагатай ұрпағы. Моғұлстан ханы –
Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың
жазуынша Жүнісхан – кӛшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған
кісі. Дегенмен, Жүністің ӛзі де жаз күні жайлауға шығып, Арыс, Бӛген, Шаян, Қаратауға дейін
жайлап, кӛшпелі тайпалармен аралас отырады. Жүністің екі баласы – Ахмет-Алаша мен Мұхамед
қазақ қауымның бірігінуіне кӛп күш жұмсаған кісілер тобына кіреді.
Махмұд-Хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше парасатты қыздары болған.
Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы Бабырдың шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар
ханым – қазақ ханы Әдіктің бәйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед-
Хайдарға бала күнінен таным болмаса, ол ―Тарихи-Рашиди‖ кітабын да сондайлық жылы,
сондайлық ашық жаза алмас та еді.
Хайдардың жазуынша Сұлтан Нигар-Ханым ӛз күйеуі Әдік-сұлтан ӛлгеннен кейін Сыр
бойында соғыс жиі бола берген соң, қырда тұра алмай, Қашқардағы туыстарына кеткісі келеді.
Ӛзінің ӛгей баласы сол кездегі қазақтың ханы Тайырға арыз етіп, ―Мен болсам қартайдым,
Маураннахр мен рашид, қыпшақ арасы әлі түзелер емес. Қалған ӛмірімді қалада ӛткізейін, мен
қашқарға апарып,Сейітханның қолына табыс ет ‖ дейді. Бұл кезде Сұлтан Нигар – ханымның
қалған тӛркіні тегісімен Ташкент, Түркістан тӛңірегін қалдырып, Қашқарға барғаны байқалады.
Кейін олардың соңын ала жетім қалған Мұхаммед-Хайдар да нағашысының қолына барады. Бұл
жерде айтылып отырған Қашқар ханы Сейіт жоғарыда кӛрсетілген Жүніс ханның немересі, сұлтан
Нигар ханымның ағасы Ахметтің баласы.
1526 жылы Сейіт пен қазақ ханы Тайыр араздаса бастағанда, сұлтан Нигар-ханым бұл екеуінің
арасына бітім айтады. Екі ханның екеуі де (бірінің апасы, бірінің шешесі) бұл кісінің сӛзіне бас
иіп, татулыққа келеді. Мұхаммед-Хайдар бұл туралы былай дейді: ―Хан Қашқардан щығып,
Қошқар келеді. Бұл жерге мен де келдім. Маған айтты: сен Қашқарға бар да апайды алып кел,
Тайыр ханмен екеумізді татулыққа келтірсін.‖ Әдік ұлы Тайыр ханның ол кезде аузынан жалын
шығып тұрған еді.
Бұрынғы Моғұлстан қырғызды, үйсін, дулатты ӛзіне қаратып, қырғыз бен қазақты бірдей
меңгеріп тұрған еді. Міне, осы уақиғаның ашық суретін біз бір ғана Хайдардың ―Тарихи Рашиди‖
кітабынан кӛреміз. Бұл суреттер, біріншіден, Мұхаммед-Хайдардың туып-ӛскен ортасы кім екенін
білдірсе, екіншіден, оның ол ортаны сондай жақсы біліп, оны кейінгі заманға мұра етіп
қалдырғанын кӛреміз.
Мұхаммед Хайдар халық ортасында кӛбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқты болған. Оған
қосымша лақабы Кӛреген, Мырза Хайдар – Кӛреген. ―Кӛреген‖ – ескі моңғол – түрік тілдерінде
күйеу деген сӛз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би батырларға ―кӛреген‖ деген
лақап беретін болған. Мағынасы ел басқартын ханның күйеуі. Бірақ ханның ӛзі емес. Бұл лақапты
Хайдардың ӛз әкесі Хұсайын да, Әмір темірдің ӛзі де, тағы басқаларда тағынған. Лақап атынан
басқа, жазған кітаптарында Хайдар ӛзінің қай рудан екенін білдіру үшін ресми атын Мұхаммед -
Хайдар Дұғлати деп жазған. Демек, ол шыққан руы дулат елі екенін кӛрсетеді.


Page 11

11

Мұхаммед Хайдардың шыққан ортасы дұғлаттары екенін Хайдардың ӛзінен бастап басқа
жазушылар да келтіріледі. Мәселен, Орта Азияның атақты тарихшыларының бірі Хафиз Таныш
ӛзінің ―Абдулла-нама‖ деген кітабында Әбілхайыр ханның баласы Беріш-ұғланды Жәнібек пер
керей ханы қалай ӛлтіргенін, дұғлат Хайдар мырза осылай жазады дейді. Осындай сәл
ескертулердің ӛзі де Хайдардың қазақ қауымының жүйрік, білгір, жеке дара адам екенін кӛрсетіп,
оның қазақ қауымына аса жақын болғандығын дәлелдейді. Мұхаммед-Хайдар шыққан дулат
тайпасы ӛз заманындағы ұлыстардың алдыңғы қатарында болып, Моғұлстан кезіндегі саяси
тіршіліктің ну ортасында болған.
Дұғлат тайпасынан XV – XVI ғасырладрда бірнеше атқты адамдар шықты. Олар: Әмір Темірдің
Моғұлстанды жаулауына қарсы тұрған белгілі Қамаридтен, Болашы, Түлек, Жорас деген кісілер.
XV-XVI ғасырларда бұлардың аталары шағатай мемлекеттің үлкен астанасы Алмалық маңында
болып, оларға қызмет етті. Алмалаық – Жетісудағы ең үлкен қала. Сауда мен мәдениеттің, саяси
тіршіліктің қайнаған ортасы болды. Хайдардың арғы аталры Дұғлат Бауырты, оның баласы
Болашы Шағатай ұрпағы Есенбұқа мен Тұғлық-Темірге қызмет істеп, моғұлстанның атақты
билерінен болған. Бұл екеуі де Тұғлық-Темір дәуірінде Алмалық қаласы тӛңірегінде жасап,
дәфенделген Тұғлық-Темірдің әдемі күмбезі осы күнге дейін, сол ескі Алмалық қаласының ӛзінде,
қазіргі Коркос тӛңірегінде сақталғаны байқалады.
XIII – XIV ғасырларда Шағатай хандары мен Дұғлат билерінің жаз күні жайлаған жері – Іле
ӛзенінің бойы, Ақкент деген жер. Қазіргі Жаркент (Панфилов) қаласына жақын тұрған. Хайдар
атларының тұрақты қонысы – осы Алмалық қаласының Жетісу ӛңірі. Ӛзге дулаттар Алмалықтан
Ташкентке дейін созылып отырған. Бұл ара – ұлы жүз тайпаларының ескі дәуірлерден XIX
ғасырларға дейін мекен еткен жері. Тарихи жешілердің кӛрсетуінше Дұғлат Болашы би XIV
ғасырдыңбірінші жартысында жасаған кісі. Болашы би мен Хайдардың арасында6-7 апта ӛткен.
Хайдардың түп атасы – Болашы Шағатай ұрпағы еенбұқа мен оның баласы Тұғлық темір
заманында билік құрған кісі.
Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлаяты (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын
Шағатай ұрпағы (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы,
Есенбұқа мен Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейіт хан баласы Рашит
сұлтанға арнап, кітабының атын ―Тарихи Рашиди‖ деп атайды.
Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының тӛңірегінде туады. Оның әкесі Мұхаммед
Хұсайын – Дұғлат Бауырты мен Болашы бидің тұқымы. Ол қазақ ханы Қасым мен бірігіп.
Шайбани ханмен жауласып, жүргенде, 1508 жылы Шайбани әскерінің қолында ӛледі. Cегіз жасар
Хайдар әкесінен жетім қалып, үш-тӛрт жылдай ӛзінің бӛлесі, атақты жазушы Бабырдың қолынан
тәрбие алады. 13 жасқа жеткенде, Хайдар ӛзінің тума нағашысы Жүніс ханның немересі, атақты
Сұлтан Ахмет-Алаша ханның баласы Қашқар ӛлкесін билейтін Сейіт ханның қолына келіп, рның
қарамағында әрі би, әрі әскер басы болып болып қызмет атқарады. Сейіт хан ӛлген соң, оның
баласы Рашид сұлтанға уәзір болып істейді, бірақ Мұхаммед – Хайдар рашид сұлтанмен келісе
алмай, қйыра Бабырдың балалары Қарман мен Ғұмайынның қасына барып, олар арқылы Қашмир
уәләятын басқаратын болады. Сӛйтіп кашмир ӛлкесін басқарып тұрғанда, 52 жасында сол жерде
дүние салады.
Мұхаммед Хайдар – XV ғасырдың алғашқы жартысында жасаған Бабыр сияқты Орта Азия мен
Қазақстаннан шыққан білгіш, майталман кісінің бірі. Ол бӛтен нәрсеге кӛңіл бӛлмей, бір ғана
кітап оқып, ӛлең шығарып, сурет салу ісімен айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық ӛнерімен
шұғылданады. Шемберлік ісінде ол бармағынан бал тамған ісмер, сұлулық дүниесін жанымен
сүйетін хас шебердің ӛзі болады. Қырнау, безеу, ою ӛрнек ӛнерін тіпті асқарлы түріне жеткізіп,
оның шын мағынасында сұлулық қазынасы - ӛнерге айналдырған. Онымен бірге Хайдар ӛзінің
ойға жүйрік, майталман, сзге шебер, ерекеше саңлақ болуымен халық ортасында даңқты болады.
Ӛзінің айтуынша: ―халқпен кішіпейіл болып марқаласуды (кеңесуді), олардың алдыңғы әдепті,
мәйін болуды, соғыс үстінде қырағы болуды, атқыш мергендікті, тағы басқа ӛнер түрлерін
үйренуде мен нағашым Сейіт ханның Шәкірті ғана едім‖ деп, ӛзінің қойдан қоңыр, кішіпейіл
мінезін тағы да сипаттайды. Хайдардан басқа біреу болса, әрине, буға пікісіп, ―мен-мен!‖ деп,
кеудесін соғар еді. Оның жазған тарихи шығармалары, кӛркемӛнер, поэзия туралы жазғандары
кейінгі жазуш ыларға зор әсер етіп отырды.
Мұхаммед Хайдардың адамшылық қасиеті туралы Бабыр былай дейді: ―Хайдардың әкесін
ӛзбектер ӛлтіргеннен кейін ол менің қарамағыма келіп, үш-тӛрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап,
Қашқардағы Сейіт ханға кетті. Не нәрсе болса да, ӛзінің шыққан тегіне (асылына) тартатын әдеті
ғой, мәселен, сап алтын да, күмісте, қорғасын да тегіне тартпай ма! Жұрттың айтуынша ол
бұрынғыдан кӛп есейіп, жақсы жолға түскен. Ӛзінің қолы әр нәрсеге шебер, оның қолынан
келмейтін іс жоқ: ол әрі жазушы, әрі суретші, онымен бірге садаққа оқ жасап, оның жебелерін ӛзі


Page 12

12

істейді. Бір жағынан дарынды (құйылма) ақын. Маған бірер жазу келген еді, әлпеті еш жаман емес.
‖ Кейін есейіп ер жеткен шағында Мұхаммед Хайдар шын мағынасында Кұншығыстағы даңқты
адамның бірі болып, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиетіне, оның тарихына зор үлес
қосады.
Күншығыс халқын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Мұхаммед-Хайдардың атын жоғары
кӛтеріп, оны жұртқа танытқан, әсіресе, оның ―Тарихи-Рашиди‖ атты кітабы болды. Бұл
шығарманың Күншығыс жазушыларына берген әсері сонша еді, олар мұхаммед -Хайдардың
тарихи жазуларына ерекше баға беріп, оның кейбір жерлерін ӛзерінің жазған кітаптарында
пайдаланып отырады. XVI – XVII ғасырлардағы Үнді мен Орта Азия тарихшыларынан Мұхаммед
– Хайдардың ―Тарихи-Рашиди‖ кітабын пайдаланбағандары кем де кем-ақ. Оның ішінде
Үндістанның Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы Мұхаммед-Қасым Ферште Бадахшан, Қашмир
уәләяти туралы жазғанында, оның мағлұматын бір ғана ―Тарихи-Рашиди‖ кітабынан алады,
Мұхаммед-Қасымның айтуынша ―Тарихи-Рашиди‖ – Орта Азия тарихы туралы жазылған
шығармалардың ішінде ең мағыналысы және мағлұматтың ең дұрысы, ең толығы болып санлған.
Мұхаммед Хайдарды оқыған күншығыс ғалымдарының ол туралы жылы сӛз айтпай қалған бірде
бірі жоқ. Үндістанның атақты ғалымының бірі – Ағзам. Ол Мұхаммед-Хайдардың Қашмир ӛлкесі
туралы жазғанына зор қуаныш кӛрсетіп, ӛзінің ―кашмир тарихы‖ деген кітабында Мұхаммед-
Хайдардың әдебиеттегі орнына ерекше баға береді. ―Мұхаммед-Хайдар күншығыс ғылымның
терең білген данышпан еді оның үстіе ол қаламынан сӛз құйылған талантты ақв болды. Оның
―Тарихи Рашиди‖ кітабы болған оқиғаны тӛндіре айтуда ең инабатты шығарманың бірі‖ дейді.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан
мемлекетінің, Қазақ хандығының ӛткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей ӛзі куә болған
жайлары да кӛп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының
тарихына қатысты ӛте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы,
одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, ӛзбектермен қарым-қатынасы, кӛрші елдермен
жайында кеңінен сӛз болады. Әсіресе ғалымның ӛз заманы, соның ішінде Қазақ хандығының
құрылуы, бұл Орданың қалыптасуы кезеңіндегі ОА-дағы саяси оқиғалар туралы егжейлі-тегжейлі
мәліметтер берген деректері аса құнды болып отыр. Оның тарих саласындағы құнды еңбектері
арқылы біз Ұлы ғалымды қазіргі Қазақ тарихы ғылымының бастау кеӛздерінің бірі және ұлттық
тарихтың негізін салушы ретінде танимыз. Оспанова Марина
http://www.tarsu.kz/kz/video/item/5049-zhizn-i-tvorchestvo/5049-zhizn-i-tvorchestvo.html


Мҧхаммед Хайдар Дулати – атақты тарихшы, дарынды қолбасшы
Мұхаммед Хайдар Дулати ғылым мен мәдениетке қосқан үлесінен басқа, ӛзін батыл жауынгер әрі
тәжірибелі басшы ретінде де кӛрсете білгенін ұмытпауымыз керек Мұхаммед Хайдар Дулати –
тарих, география, этнография, әскери іс сияқты ғылым салаларын зерделеген әйгілі ғалым. Бұдан
басқа ол екі рет Кашмирді бағындырған, жауының сағын сындырып отырған талантты қолбасшы
да болған. Оның әйгілі «Тарих-и Рашиди» кітабына Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері
туралы мәліметтер енген. Мұхаммед Хайдар Дулати ғылым мен мәдениетке қосқан үлесінен
басқа, ӛзін батыл жауынгер әрі тәжірибелі басшы ретінде де кӛрсете білгенін ұмытпауымыз керек.
Тек бейбіт уақытта ғана ол әскери кәсібін қойып, ӛз еңбектерін жазумен айналасуға мүмкіндік
алды. Хайдар Дулати Моғолстан мемлекетінде, қазіргі Шығыс және Оңтүстік Қазақстан
территориясы, жаугершілік әрі аумақтық шекаралар үнемі ауысып тұрған заманда, 1499 жылы
ӛмірге келген. Мырза Хайдар текті әулеттен шыққан,оның ата-бабалары беделді құсбегі
лауазымын атқарған. Олар ӛз елінің саясатына араласып, Моғолстан тағына үміткерлерге және
сайланып қойған басшыларына да ықпал ете алған. Ӛздеріне кӛрсеткен қолдауларына
разылықтары ретінде Шыңғыс тұқымы XIII ғасырда Дулатидің ата-бабасына қазіргі Қашқар жерін
тарту етеді. Әулет мүшелерінің арасында билік үшін күрес туындаған шақта Мырза Хайдардың
атасы туған жерін тастап кетуге мәжбүр болады. Дулати әулеті Орталық Азия аумағына келеді.
Осы жерде Мырза Хайдардың әкесі – Мұхаммед Хұсайын 1492 (1493) жылы Моғолстан билеушісі
Жүніс ханның үшінші қызы Хұб Нигар ханшайымды әйелдікке алады, ал 1499 жылы Мұхаммед
Хайдар Дулати дүниеге келеді. Ол әке-шешесінен ерте айырылады. Мұхаммед Хайдар Дулати
шамамен бір жарым жаста болған кезде шешесі қайтыс болса, 1508 жылы ӛзбек-шейбанидтердің


Page 13

13

шабуылы кезінде әкесі қаза табады. Мырза Хайдар біршама уақыт ӛзінің бӛлесі, кейіннен әйгілі
ойшыл, қолбасшы, Үндістандағы моғолдар әулетінің негізін қалаушы Мұхаммад Захир ад-дин
Бабырдың үйінде тұрады. Кейінірек Дулати Андижанда тұрады. Бұнда Жүніс ханның немересі
Әбу Саид-хан Хайдар Дулатидің әпкесі Хабиба Ханишқа үйленеді, ал ӛзінің қарындасын Дулатиге
тұрмысқа береді. Осылайша, Хайдар Дулати кӛреген – хан әулетінің күйеу баласы болады. 1514
жылы Саид хан Әбу Бәкір Дулати Қашқардан билікті тартып алып, Қашқар хандығының негізін
қалайды, астанасы Жаркент болады. Бұл жерде Хайдар Дулати 18 жылға жуық тұрып, білім алып,
әскери салада қызмет етеді. 1524-1525 жылдары қазіргі Қырғызстанның оңтүстігіне, 1527-1528
жж. – Кафиристанға (Кәпірстан), 1529-1530 жж. – Бадахшанға, 1532-1533 жж. – Балтистан, Балур
мен Кашмирге жасалған жорықтарға қатысады. Кашмир оған зор әсер етеді. Мырза Хайдар ол
жерде әскери стратегиялық тапсырмамен жүрсе де, сол аймақты жіті бақылап, кейін сол
бақылауларын ӛз еңбегінде қолданады. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде ол ӛлкенің тарихын,
табиғатын, дінін, жергілікті халқын, олардың салт-дәстүрлерін, архитектурасын егжей-тегжейлі
жазады. Қалада және қала маңында қарағай мен сауырағаштан кӛптеген тамаша ғимараттар
салынған, олардың кӛпшілігі бес қабатты. Әр қабатта тұрғын бӛлмелер, террасалар, балкондар мен
ғажайып тамаша есіктері бар – қанша талпынып-тырыссаң да, олардың бәрін сипаттап айтып беру
мүмкін емес... Алмұрт, қара ірі тұт, қызыл шие, шиеден басқа бұл жерде басқа да ғажап жемістер
ӛседі, әсіресе, алмалары керемет. Онда жемістердің кӛптігі сонша, олар барлық тілегіңді орындай
алады. Қолбасшы жаңа территорияларды жаулап, Кашмирге тереңдеп ене берді. Бірақ, отрядта
аяқ астынан бүлік шығып, Хайдар Дулатидің күштерін әлсіретіп тастайды. Соның нәтижесінде ол
кашмирліктермен бейбіт келісім жасауға мәжбүр болады. 1533 жылдың шілдесінде Тибетке
жасаған жорығынан қайтып келе жатқан жолда Саид хан қайтыс болады. Таққа мұрагерлік
жолмен оның ұлы Әбу ар-Рашид отырады. Ӛз бәсекелестерінің кӛзін жоя бастаған Әбу ар-Рашид,
Саид Мұхаммед Хұсайын мен оның отбасын жауыздықпен қырып тастайды. Бұны естіген Хайдар
Дулати Жаркентке қайтпауға шешім қабылдайды, ӛйткені ӛзін де дәл осындай сыбаға күтіп тұруы
мүмкін еді. Ол біршама уақыт Тибетте, Балтистанда, Ладакта тұрып, ол жақтан Бадахшанға
кӛшіп барады да, кейін Кабулға ауысады. 1536 жылы ол Бабырдың балалары – Қамран мен
Құмайынды іздеп Үндістанға сапар шегеді. 1540 жылы Хайдар Дулати Құмайынмен бірге
қайтадан Кашмирге аттанады. Мырза Дулати Кашмирге билік жүргізеді, бүліктерді басып,
дұшпандарының шабуылдарына тойтарыс бере отырып, ӛз позицияларын нығайтады. 1549 жылы
ол Үлкен және Кіші Тибетке, сонымен қатар, оңтүстік Кашмирдің бүлікшіл аудандарына жорыққа
шығып, бұл жерлерді бағындырады. Олар Кашмирдің құрамына кіріп, Хайдар Дула тидің
үзеңгілестері осы жерлерге наменгер болады. Кашмирдың қиыр оңтүстігіндегі Бхирбал
провинциясын Махмұд мырзаның немересі болып саналатын Қара Бахадүр билейді. Мырза
Дулатидың айтуынша, Мырза Махмұд – Мұхаммад Хұсайынның ағасы Саид Мұхаммадтың
баласы. Яғни, Қара Бахадүр – Хайдар Дулатидың немере інісі. Мырза Дулатидің қарсыластары
оған қарсы қастықтарын жалғастыра берді. Олар Ладак пен Балтистанға, Пакли мен Раджауриге
жасалған жорықтарда моғолдарға қарағанда кашмирлік сарбаздар кӛп ӛлді, ал елді, шындығында,
жергілікті тұрғындарды – кашмирліктерді ығыстырып тастап, басқыншының жерлестері ғана
билеп отыр деген сияқты ӛсек-аяң тарата бастайды. Ақырында моғолдар мен кашмирліктер
арасындағы шайқас кезінде Хайдар Дулати қаза табады. Мұхаммед Хайдар Дулати ӛліміне
қатысты бірнеше нұсқа бар. Сол нұсқалардың бірі оның сенімді наменгері Қара Бахадүрмен
байланысты. XVІ ғасырдың ортасында чактер Хайдар Дулатиге қарсы бүлік шығарып, оның
әскерінің бір бӛлігін Тибеттегі, бір бӛлігін Паклидегі, енді бір бӛлігін Раджауридегі бүлікті басуға
шоғырландыру арқылы оның қуатын әлсіретеді. Бүлікшілердің басында Қожа қажы тұрды, ол
кезінде Мырза Хайдардың іс басқарушысы болған, бірақ, кейін билеушісін сатып кетеді. Ханпура
елді-мекенінде дұшпандар Мырза Хайдарға шабуыл жасап, оны мәмілеге келуге мәжбүр етеді. Ол
бүлікшілерге тұтқынға түскен Қара Бахадүрді босату туралы келіссӛздер жүргізуді бастайды.
Келіссӛз кезінде оған Камал Дуби шабуыл жасап, ӛлтіреді. Басқалары, Мырза Хайдарды оның
ӛзінің жеке қызметшілерінің бірі сатқындық жасап, садақпен атып ӛлтірді деген нұсқаны
ұстанады. Хайдар Дулатиді ӛзінің кирасирі Шах Назар байқаусызда ӛлтіріп алған деген теория да
кең таралған. Бүлікшілерге қарсы шайқас Ханпурада басталуы керек болған. Мырза Хайдар мен


Page 14

14

оның жанындағылар бұталы талдың астына жасырынады. Айналаны кӛзге түртсе кӛргісіз
қараңғылық басқан, бірақ Дулати мен оның отряды Қожа қажы паналаған жерге қарай жылжиды.
Жауын аттым деп ойлаған Шах Назар ӛзінің мырзасын атып салады. Моғол мен кашмирліктер
арасында Мырза Хайдардың ӛлімі туралы хабар тарағаннан кейін, моғолдар Индаркотқа қашады,
ал кашмирліктер соңдарына түседі. Олар біраз уақыт шабуылдарға тӛтеп беріп отырғандарымен,
ұзаққа шыдай алмас еді. Сол кезде Хайдар Дулатидың жесірі моғолдарға былай деген екен:
«Мырза Хайдар болса, енді жоқ, сондықтан кашмирліктермен бітімге келген дұрыс болады».
Кашмирліктер моғолдарды қудаламауға сӛз береді, бірақ, қала қақпасы ашылысымен-ақ, қалаға
баса-кӛктей кіріп, Мырза Хайдардың қазынасын тонап, барлық құнды заттарды талан-таражға
түсіріп, тасып әкеткен. Ал, елді кашмирлік қолбасшылар ӛзара бӛліп алады. Даңқты қолбасы,
еңбектері бүгінгі күні зор маңызға ие ғалымның ӛмірі 1551 жылы үзілді. Мақаланы дайындаған
кезде шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні» кітабынан
материалдар қолданылды
Автор: Алтынзер Даулетбаева
Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/3998
© e-history.kz
Жақсыдан қалған жәдігер шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлі және «Жаһан наме»
дастаны
Сәмен ҚҦЛБАРАҚ,
филология ғылымының докторы,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ профессоры
ХХ ғасырдың 90 -жылдарының екінші
жартысында Мырза Мҧхаммед Хайдар
Дулатидің мҧрасына елімізде кең кӛлемде
бетбҧрыс жасалып, кӛптеген ғалымдар назар
аударып, белсенділік таныта бастағанда, ең
алдымен, ол кісі мемлекет қайраткері, атақты
тарихшы деп қабылданып, «Тарих-и Рашиди»
еңбегіне баса кӛңіл бӛлінді.
Бҧл орынды да болатын. Ғалым бабаның
жарқын істер мен кҥреске толы ғибратты ӛмір
жолын, тағдыр-талайын, шығармашылығын,
оның ішінде әйгілі «Тарих-и Рашиди» еңбегінің
мән-маңызы мен жазылу тарихын, әлемдік
тҧрғыдан зерттелуі мен ӛзге тілдерге
аударылуын, сондай-ақ Орта Азия және қазақ
халқының тарихындағы орнын зерделеу, тану
бірінші кезекте тҧрды. Бҧл ретте М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университетінде
халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциялардың тҧрақты ӛткізілуі ҥлкен
ҧйымдастырушылық маңызға ие болды.
Дегенмен, алғашқы конференция (1997) жҧмысынан бастап, Дулатидің мҧрасын ӛзге ғылым
салалары философия, педагогика, психология, әскер ӛнері, тағы басқа тҧрғыдан зерттеумен
қатар, әдебиеттану ғылымы тарапынан зерттеу жҧмысы да қолға алынды. Сӛз жоқ, оның
кӛшбасында шығыстанушы ғалым, ҚР ҦҒА корреспондент -мҥшесі, филология
ғылымының докторы, профессор Әбдісаттар Дербісәлі тҧрғаны анық.
Ол бірінші конференцияда «Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Жаһан наме» поэмасы» деген
тақырыпта баяндама жасаса, 1998 жылдың 9 желтоқсанында Дели қаласында Үндістан тарихы
ғылымдар жӛніндегі Ғылыми Кеңесі мен осы елдегі Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен
М.Х.Дулати ӛмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми семинарда «Мұхаммед Хайдар
Дулати және тәуелсіз қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетінің мәселелері» атты баяндама жасады.
1999 жылы ұлы бабаның туғанына 500 жыл толуына орай мамыр айының 23-30 аралығында қазақ


Page 15

15

делегациясы құрамында Үндістан жеріне барып, Кашмир ӛлкесінің бас қаласы Сринагардағы
«Мазар-и Салатин» қабырстанындағы зиратына туған жер топырағын жеткізушілердің бірі болды.
Мұндағы зиялы қауымның бас қосуында Мырза Хайдар зиратына екі ел бірлесіп ескерткіш белгі
қою, Үндістанның кітапханалары мен қолжазба қорларындағы Дулатиге қатысты дүниелерді
аударып, зерттеу, жариялау, бірлесіп конференция ӛткізу мәселелері туралы ұсыныс жасайды
және ұлы ақынның әд еби мұрасы жайлы ойларын ортаға салады.
Профессор Әбдісаттар Дербісәлінің 1999 жылы М.Х. Дулати қоғамдық қорының қолдауымен
«Мұхаммед Хайдар Дулати. Ӛмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық» атты кітабының
шығуы, біздіңше, ұлттық дулатитану ғылымы саласындағы зор жемісті еңбек болды. Бұл жӛнінде
толық ой-пікірді «Дулатитаным тұнығы» атты мақаламызда білдірдік.
Дулатитануға алғашқы болып қалам тартқан қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы Шоқан
Уәлихановтың, академик Әлкей Марғұланның мақалаларының орны ерекше. Қазақ елінің тарихын
зерттеуде С.Аспендияровтің М.Х. Дулати еңбегіне сүйенгені айтылады. Ӛзге де қазақстандық
кӛптеген ғалымдар тарихи зерттеулерінде ұлы баба еңбегіне сүйенді.
Дегенмен, ғалым Әбдісаттар Дербісәлінің ӛмірбаяндық-библиографиялық анықтамалығының
жарық кӛруі дулатитанудағы еліміздегі жаңа бетбұрысты кезеңнің басы болды. Бұл кезде 1996
жылы орыс тілінде тәржімаланып Ташкентте жарыққа шыққан «Тарих-и Рашидидің» 1999 жылы
Алматыда «Санат» баспасынан екінші басылымының қайта жариялануы, тағы басқа ізденістер
қазақстандық ғалымдардың белсенді ізденісінің айғағы еді.
Шығыстанушы ғалым, ақын Ӛ.Күмісбаевтің «Дулати және оның әдеби ортасы», профессор
Ж.Дәдебаевтің «М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасы – қазақ тарихи прозасының
байырғы үлгісі», профессор Н.Омашевтың «Ұлы ғұламадан ұлағат» атты тақырыптарында
жасалған баяндамаларында кейінгі зерттеулерге негіз болатын байыпты ғылыми тұжырымдар
айтылды.
Бұл ретте профессор Ә.Дербісәлі алғашқылардың бірі болып «Тарих-и Рашиди» еңбегінің әдеби
сипатына кӛңіл аударып, ғылыми дәлелді, байыпты пікірлерін ортаға салды.
«Ал «екінші дәптердің» тарихи-мемуарлық сипаты басым. Мұнда ол ӛз ӛмірбаянын тілге тиек
еткен, әрі оны «бірінші дәптерден» бұрын туындатқан. Мұнда автор ӛзі кӛріп куәсі болған,
басынан ӛткен немесе естіген жайттар мен түрлі оқиғаларды қаз-қалпында баяндаған. Сол себепті
де оны әдеби-мемуарлық кӛркем прозаның туған әдебиет тарихындағы алғашқы үлгісіне
жатқызуға болады. Онда сан қырлы суреттер мен эпитет, теңеулер, айшықты образдар мен сол
заманда ӛмір сүрген ақындар мен ойшылдар ғана емес, сондай-ақ автордың ойға толы ӛз жыр
жолдары да ұшырасады» деп жазды.
Тұтастай алғанда, Әбдісаттар Дербісәлінің М.Х.Дулатидің ӛмір жолы мен тағдыры,
шығармаларының жариялануы, сақталуы, зерттелуі, библиографиясы туралы мақалаларында ӛріс
алған ғылыми ой-толғамдарының дулатитанудағы маңызы жоғары. Міне, осы реттегі оның аса ірі
еңбегі – ұлы бабаның екінші бір жарқын туындысы «Жаһан наме» дастанын тауып, онымен қазақ
оқырмандарын қауыштыруы еді.
Ғалымның бұл еңбегі кезінде қаншалықты дәрежеде айтылды, бағаланды, ол ӛз алдына әңгіме, ал,
шын мәнінде, Ә.Дербісәлінің бұл еңбегі – қазақ руханиятындағы үлкен жаңалық болатын.
Автор дастанның ежелгі түркі (шағатай) тілінен Берлин нұсқасы бойынша жолма-жол аудармасын
және оны Қашғар нұсқасымен салыстыра ғылыми транскрипциясын жасап, кең кӛлемді алғы сӛзін
жазып, сӛздікті құрастырып, түсінік, ескерту, аннотация және кӛрсеткіштерін дайындап, сӛйтіп
толық күйінде баспаға әзірлеп, 2006 жылы Алматының «Білім» баспасынан жарыққа шығарды.
Кӛркем безендіріліп, сапалы дайындалған кітап 432 беттен тұрады.
Кітапта Ә.Дербісәлінің «Жақсыдан қалған жәдігер» атты кең кӛлемді зерттеу мақаласы берілген.
40 беттің үстіндегі еңбекте М.Х. Дулати мұрасының хатқа түсуі, зерттелу тарихы, қазақ
ғалымдарының еңбектерінде «Тарих-и Рашиди» деректерін пайдалануы, ғылыми айналысқа түсуі
қысқа да нұсқа айтыла келіп, «Жаһан наме» дастанының табылу тарихы мен әдеби туынды
ретіндегі ерекшелігі, кӛркемдік мәселелері жан -жақты талданады.
«Мырза Мұхаммед Хайдарды біз негізінен тарихшы ретінде танып, бағалап келдік. Десек те
кейбір еңбектерде оның ақын да болғандығы жайлы айтылғанмен, поэзиясы туралы деректер аз
ұшырасады.
Әйтсе де, оның қаламынан «Тарих-и Рашиди» секілді классикалық еңбектен басқа «Жаһан наме»
атты поэма да туған. Ғалым еңбектерінің әлем кітапханалары мен қолжазба қорларына шашырап
кеткендігі сияқты поэма да кӛпке дейін мәлімсіз болып келді. Оны Берлин кітапханасынан
кездейсоқ ұшыратып, оқып 1937 жылы неміс тілінде ол туралы шағын да болса тұңғыш мақала
жазған башқұрт ғалымы атақты Ахмет Зәки Валиди Тоған (1891 -1970) болатын.
Әуелі ол поэманың еш жерінде автордың аты аталмайтынына кӛңіл аударған. Сол себепті және де


Page 16

16

ол поэма ежелгі түркі әдеби тілінде жазылып Орталық Азияда болған тарихи оқиғалар
баяндалатындықтан ба, неміс шығыстанушысы И.М.Хартман (1764-1827) оны Қожа Ахмет Ясауи
ӛлеңдерінен тұратын жинаққа қосқан. Содан оны Ахмет Зәки Валиди оқи келе поэманы жазған
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатиден басқа ешкім де емес деп пышақ кесті тұжырым жасаған» деп
жазады ғалым.
Мұны сол кездегі шығыстанушы ӛзге ғалымдар да қуаттаған. Алайда ғалым Ә.Дербісәлінің
айтуынша, ең басты айғақ – дастанның беташарындағы автордың бірінші жақпен баяндаған
ӛмірбаянының Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашидиінің» «екінші дәптерінде» жазған
ӛмірбаянымен тікелей, әрі толық үндес келуі болатын.
«Жаһан наме» туындысы ғалымның қолына оңайлықпен түспеді. Тек 1994 жылы сәті келіп,
қажырлы еңбегінің арқасында ғана Берлин кітапханасының қолжазба қорындағы асыл мұра туған
елге оралады.
Шығарманы аудару жұмысымен айналысып жүріп, бірде Шыңжан ӛлкесіне іссапармен
барғанында, «Жаһан наменің» тағы бір кӛшірмесінің Қашғар қаласынан табылғанын естіп, сәті
түсіп сондағы қазақ ғалымы Ахметбек Кіршібаевпен кездесіп, одан поэманы елге алып қайтады.
Бұл қазақ руханиятындағы үлкен олжалы жұмыс еді. Дастанды ежелгі түркі әдеби тілінен қазақ
тіліне аудару кезінде Берлин мен Қашғар нұсқаларын салыстыра тексереді.
Сӛйтіп, профессор Әбдісаттар Дербісәлі ежелгі түркі әдеби тіліндегі жазбаның транскрипциясын
келтіре отырып, шығарманы қазақ тіліне аударған. Дастанның қазақ тіліне аударылуы жоғары
деңгейде деп білеміз. Тілдік, стильдік ерекшелігі сақталынып, тілге жеңіл де түсінікті, бейнелі де
әуезді тәржімаланған. Аударма бүгінгі оқырманның ұғымына сай тартымды оқылады. Бұл айтар
ауызға жеңіл болғанмен, ғалымның кӛз майын тауысып, үлкен махаббатпен, Дулати мұрасына
деген шексіз сүйіспеншілікпен орындаған нәти желі жұмысының жемісі болатын.
Сондай-ақ бұл кітапта ғалым «Жаһан наме» дастанына жан-жақты филологиялық талдау жасайды.
Тақырыптық-идеялық, құрылымдық, сюжеттік, образдық, тілдік, кӛркемдік тұрғыдан шығарма
табиғатын терең ашып баяндайды. Шығарманың мемуарлық, тарихи сипатына мән береді. Шығыс
әдебиетіндегі дәстүр жалғастығын кӛр сетеді.
Тұтастай алғанда, «Жаһан наме» туындысы тарихи, филологиялық тұрғыдан терең білгірлікпен
талданған бұл еңбек кейінгі зерттеушілерге ғылыми-методологиялық жағынан Темірқазық
жұлдызындай жӛн -жоба сілтеуші болады десек қателеспейміз.
Ғалым дастанға уақыт тезінен ӛткізіп, асығыстыққа жол бермей салмақты, байыпты кӛзқараспен
келген. Сондықтан да туындыдағы кездесетін кейбір бәйіттерге түсініктің берілуі, сӛздік
жұмысының жүргізілуі, жекелеген сӛздерге түсініктің жазылуы, ұлы бабаның ӛмірі мен шы-
ғармашылығы жӛнінде орыс тілінде тарихи-әдеби очерктің ұсынылуы, кең кӛлемді әдебиеттер
библиографиясының қамтылуы, ақыр соңында Берлин кітапханасының қолжазба қорынан алынған
«Жаһан наме» дастанының фотокӛшірмесінің берілуі, орыс, ағылшын тілдерінде аннотацияның
жазылуы – кітаптың ғылыми -танымдық сипатын арттырған.
Қорыта айтқанда, ғалым дайындап баспаға ұсынған бұл кітап – әдебиет тарихына қосылған құнды
қазына. Оны оқу, әлі де тереңдете зерттеу, бағалау бүгінгі зерделі ұрпақ мойнында. Қоғамды
нарық билеп, адам жүрегі қатқылданып бара жатқан мына заманда жас ұрпақты мейірімділік пен
ізгілікке, махаббат сезіміне тәрбиелеуде шығарманың тағылымдық сипаты, эстетикалық әсері
жоғары. Ал әдебиеттің, кӛркемӛнердің басты міндеті адамның бойындағы жақсылық сезімін, Жа-
ратқан Иеге құрметін ояту болса, арада 5 ғасырдың үстінде уақыт салып бізге жеткен бұл
жәдігердің бағасы арта түспек.

Мҧхаммед Хайдар Дулати (1499–1551)
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған
іргелес облыстардың тарихы жӛніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди»,
«Джаһаннаме» дастандарының авторы. Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир
уалаятында қайтыс болған. Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ата-бабалары
Моғолстан мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен
Түркіменстанның саяси ӛмірінде белгілі адамдар болған. Дулати — ӛз заманы үшін жан-жақты
әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Оған Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырлық аса
кӛрнекті ғұламалар тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет ӛнері, зергерлік салалары бойынша
дәріс берген. Хайдар Дулатидің әкесі Мұқамед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады.
Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған
ӛзінің туған бӛлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр ӛзінің атақты «Бабырнаме»


Page 17

17

атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындық талантын, білімділігін, садақ жебесін
жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған. Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына
отырған кезде Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол
ханның мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанның ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады. 1533 жылы
хан тағына отырған Әбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты
қуғынға ұшыратады. Дулати Үндістанға қашып кетіп, онда Ұлы Моғолдар сарайының әскербасы
болады. 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының кӛмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес
мемлекетке ӛзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тайпалардың
бірімен шайқас кезінде мерт болады. «Тарих-и Рашиди» — Хайдар Дулатидің есімін әлемге
мәшһүр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасырларда қазіргі Қазақстан,
Ӛзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар
туралы баяндайды. Сондай-ақ дастанда Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір
саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, сол елдерді мекен еткен ру-
тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік ӛмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-
ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құндылығы — Хайдар
Дулати ӛз кӛзімен кӛрген аса маңызды оқиғаларды ӛзінен бұрынғы және ӛзі ӛмір сүріп отырған
дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндаған. «Тарих-и
Рашиди» — қазіргі Қазақстан, Ӛзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет
елдерінің ХV-ХVI ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші
ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер кӛзі болып табылады. Бұл еңбекте бір кезде
ауылы аралас, қойы қоралас болып жатқан күллі түркі халықтарының қоғамдық-әлеуметтік
ғұмыры баяндалады. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының тӛл тарихы,
шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы, Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан
мемлекетінің ӛмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан — шығысында Ертіспен,
солтүстігінде Балқаш кӛлімен, батысында — Түркістан және Ташкент шаһарларымен,
оңтүстігінде Қағариямен шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет болған. Сонау XIV ғасырдың
екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлұқ -Темір мен Ілияс-қожа
Мауераннахрды ӛзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізген. Бертін келе осы мемлекетке
қарасты, Жетісу жеріндегі билік әмір Қамараддинге кӛшкен. Бұл кезде Орта Азияның билеушісі
Әмір Темір Моғолстан жеріне қайта -қайта шабуыл жасаумен болған. Моғолстанның
билеушілері әмір Қамараддин Дулат, Еңке тӛре, Қызырқожа хан және Ақ Орда билеушісі
Тоқтамыс хан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шыққан. Он бесінші ғасырдың екінші жартысында
мемлекеттің ішкі қайшылықтары күшейіп, қазақтың кӛптеген ру-тайпалары Дешті Қыпшақты
тастап кеткен. Жетісуға қоныс аударған оларды Шу ӛңіріне қазақтың алғашқы хандары
саналатын Жәнібек пен Керей бастап барған. Моғолстан ханы Есенбұға кӛшіп келген қазақтарға
негізінен Шу ӛзені, Қаратау маңайынан қоныс беріп, Жәнібек пен Керей Жетісуда қазақ
хандығын құрған. Сӛйтіп, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы
хандары және олардың кӛрші елдермен қарым-қатынасы кең кӛлемде сӛз болады. Сондай-ақ
мұнда Керей ханның баласы — Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы — Қасым хан, т. б.
туралы құнды деректер бар. Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-
тайпалар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды
қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып
кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді. «Тарих-и Рашиди» қанатты сӛздерге, мақал-
мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге мейлінше бай. Ең бастысы — бұл мемуарлық еңбектің
шынайы кӛркем туындыға тән сюжеттік желісі бар, композициялық құрылысы ширақ жасалған
әрі метафора, эпитет, теңеу іспеттес кӛріктеу құралдары қатар пайдаланылған. Тағы бір назар
аударатын жәйт — автор белілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймай, дәл сол
деректер жайында ӛзінің ой-толғаныстарын дидактикалық философиялық, психологиялық
тұрғыдан талдап түсіндіреді. Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде ӛзін дарынды
ақын ретінде де таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол арагідік
поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізген. Оның ақындық дарынын кезінде «Тарих-и Рашидиді»
ӛзге тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың кӛптеген ғұламалары ерекше атап


Page 18

18

кӛрсеткен. Хайдар Дулатидің бұл еңбегін тұңғыш рет Англияның аса кӛрнекті тарихшысы
Денисон Росс (1871–1940) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып
шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір ӛзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық кӛрген.
Шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын кезінде белгілі шығыстанушы ғалымдар В.
Вельяминов-Зернов, В. Вяткин, т. б. тәржіма жасап, ӛз еңбектерінде ғылыми негізде
пайдаланған. Шежіренің кейбір бӛлімдерін кезінде қазақтын кӛрнекті ғалымы С. Асфендияровта
аударған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде
жарық кӛрген. Ӛзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996
жылы Ташкентте бастырып шығарған.
Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашид» еңбегі — түркі тектес халықтар
тарихынан, соның ішінде қазақ кауымының кӛне шежіресінен аса құнды деректер беретін
бірден-бір туынды.

Дереккӛзі: https://www.zharar.com/kz/referat/3089-mohammed.html
© www.ZHARAR.com
Мҧхаммед Хайдар Хҧсайынҧлы Дулати
Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына ӛлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым,
халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін
жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін ӛткеніне үніле бастаған елдің тарихының ӛшкенін тауып,
қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен
Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген
европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның ӛмірі
жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп
жаткан ғылыми мекемелер де кӛрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де
қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып
дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара
тұлғаның ӛмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап ӛтуді жӛн кӛрдік.
Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін кӛзі тірісінде ұлдарына бӛліп бергенде, Алтайдан
Атырауға дейінгі ӛлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен
Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен,
XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бӛлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—
1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен
Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Ӛзі тұрақтап қалған
мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: «Моғолстанның шығыс
шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскӛл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз
(Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана
уалайатынымен, Турфанмен шектеледі».
Хайдар Дулатидін бабалары кезінде осы елдін тарихында үлкен рӛл атқарып, биік мансапқа ие
болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді. Олардық
Моғолстан тағына ӛз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік
кӛрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп
аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін
таласта Дулат тайпасы да ӛзгелер секілді ӛзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны
ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы
1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.
Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш ӛмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын
батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы
алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани
тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі
Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің
басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте


Page 19

19

Ашанас, Сығынақ,Ӛзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сыр бойы қалалары мен
қоныстарын ӛздеріне бағындырған кӛшпелі ӛзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған
Темір әулеті жӛнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген
шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.













Page 20

20

«Бабалар ізімен» экспедициясы Мҧхаммед Хайдар Дулатиге қатысты зерттеу
жҧмыстарын жҥргізді .
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бабалар ізімен» ғылыми-тарихи экспедициясы
Үндістанда даңқты бабамыз Мұхаммед Хайдар Дулатиге де қатысты зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Экспедиция мүшелері Кашмир штатында болып, даңқты қолбасы әрі тарихшы-ғалымның
жерленген жеріне арнайы барған еді. Олар сондай-ақ Мұхаммед Хайдар Дулати мұрасын зерттеп
жүрген жергілікті ғалымдармен
кездесіп, тың мәліметтер жинап қайтты.
Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыз
1540-1551 жылдар аралығында
Кашмирде 11 жыл бойы билеуші
болған. Ол атақты Захир ад Дин
Бабырдың бӛлесі болған және Ұлы
Моғолдардың сарайындағы әскербасы
ретінде қызмет етіп, Кашмирді
бағындырды. Және оның атақты
«Тарихи рашиди» деген еңбегі де осы
таулы, табиғаты әсем және жанға
жайлы Кашмир жерінде жазылған. 1551
жылы Мұхаммед Хайдар Дулати
қайтыс болған соң ол Кашмирдің
орталығы Сринагар қаласындағы
«Мазар и Салатинге», яғни сұлтандар
мазарына жерленген еді. Бүгінде бұл
орын тарихи жерге айналған. Сапар
Ысқақов, «Бабалар ізімен»
экспедициясының жетекшісі: – Бұл кісі
жатқан жер қазақтарға киелі жер деп
есептеймін. Осы жерге келіп, Құран
оқып, бас иіп кету әрбір азаматтың
борышы сияқты маған. Бұл кісіден
қалған кӛп мәліметтер бар Кашмир
университетінде, Дели университетінде,
басқа жерлерде. Соны егер біздің ғалымдар келіп, зерттейтін болса, кӛп мәліметтер табуға
болады. Үндістандық ғалымдар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «»Жаханнама» және «Тарихи
рашиди» деген еңбектеріне ерекше баға береді. «Олар бұл шығармалар ӛзінің тарихи
шынайылығымен және кӛркемдік сипатымен құнды», – дейді. Дәл осы «Тарихи рашиди»
еңбегінің жазылу тарихы «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі Сапар Ысқақов пен
Кашмир Университетінің профессоры Рафуддин Махмуди арасындағы кездесу барысындағы
әңгімеге арқау болды. Рафуддин Махдуми, Кашмир университетінің профессоры: – Ол «Тарихи
Рашиди» деген еңбек жазды. Ол – монументалды, ӛте үлкен шығарма. Мұхаммед Хайдар Дулати
сондай-ақ Кашмирдегі барлық дін ӛкілдерінің басын қосып, діни тақырыптарды ашық
талқылайтын жиындар ұйымдастырған. Ол Кашмирді басқарған кезінде Ислам дінінің сүнниттік
тармағына кӛп қолдау білдірген. Мырза Хайдар білім, ӛнер және ағартуға ерекше кӛңіл бӛлген.
Мұхаммед Хайдар Дулати Солтүстік Кашмирден бӛлек Тибет, Бадахшан, Кафиристан мен
Ладакқа да жорық жасаған. Ол солтүстік Үндістанда кӛптеген реформа жүргізіп, әскерді
күшейтеді, ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың әл -ауқатын кӛтереді. Ол Кашмирде
Моғолдар Империясының билеушісі Хумаюнның атынан күміс теңгелер құйдырып, айналымға
енгізеді. Кашмир ол кезде Ауған және Иран сияқты елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас
жасайтын деңгейге жетеді. Тарихи тұлғаның есімі Қазақстан мен Үндістанды мәдени тұрғыдан
жақындастыруға толықтай лайық. Болат Сәрсенбаев, Қазақстанның Үндістандағы елшісі: –


Page 21

21

Мұхаммед Хайдар Дулати – қазақ елі үшін айтулы, тарихи тұлға. Оның мұрасын зерттеу ісі
Президент Назарбаев жария еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай келіп тұр. Ол арқылы
біздің азаматтарымыз үшін ӛз тарихының белгісіз тұстарын анықтауға мүмкіндік тумақ. Яғни
біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған шақырым жерге келіп, дәл осы Үндістан жерінде із
қалдырған. Бұл деректерді Қазақстанда да үнді елінде де насихаттау керек. Мұхаммед Хайдар
Дулатидің ӛмірінің соңы ӛте аз зерттелген. Қолда бар деректерге сүйенсек, ол 1551 жылы Кашмир
аймағындағы Ханпура деген жерде кӛз жұмған. Оның қандай жағдайда ӛмірден ӛткендігі туралы
аңыз әңгіме кӛп. Экспедиция мүшелері дәл осы Ханпураға жол тартып, орта ғасырлық бекініске
келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Енді алдағы уақытта Кашмирден жаңа деректерді табу
міндеті тұр. Бұл үшін жергілікті ғалымдармен тығыз жұмыс жалғаса бермек.
Авторлары: Саят Жӛкенұлы, Қуаныш Қожабеков, Арман Данышбаев

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/217308-babalar-izimen-ekspeditsiyasy-m-khammed-khajdar-dulatige-atysty-
zertteu-zh-mystaryn-zh-rgizdi
3 ҚАРАША - М.Х. ДУЛАТИ ЕСІМІ УНИВЕРСИТЕТКЕ БЕРІЛГЕН КҤН

ХVІ ғасырдың кӛрнекті мемлекет қайраткері, қазақ Геродоты атанған тарихшы, қолбасшы, ақын,
әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулатидің ӛмірі мен шығармашылығы тарихи танымдық
тағылым.
Университет үшін жыл сайын дәстүрлі түрде 3-қараша үлкен атаулы мереке. Бұл күн оқу
ордамызға ұлы ғалымның есімі берілген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 3
қарашадағы № 1485 қаулысының шешімімен Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулати
есімі берілді.
Осыған орай университетте 3-16 қараша аралығында «М.Х. ДУЛАТИ: ӚМІРІ МЕН
ӚНЕГЕСІ» атты арнайы апталық басталды. «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының
ұйымдастыруымен әрбір факультет М.Х.Дулатидің ӛмірі мен шығармашылығына арнап,
тәрбиелік-танымдық бағыттарда іс-шаралар, «ашық тәлімгерлік сағаттарды» жоспарлы түрде
ӛткізуде.
Апталықтың тұсаукесері «М.Х.Дулати - Қазақ хандығы тарихының жаршысы» атты тақырыпта
Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ТарМу магистранттары, студенттері
қатысуымен болған дӛңгелек үстелмен басталды. Дӛңгелек үстелге М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-
дың бірінші проректоры Абдуалы Асқар Бегәділұлы, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті
т.ғ.к., Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы доцент, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының
директоры, т.ғ.к., Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызы, Тараз Ммемлкеттік педагогикалық институты
«Ж.Баласағұн» атындағы Түркістан ӛлкесінің тарихын зерттеу орталығының бас ғылыми
қызметкері т.ғ.к.. доцент Жүрсінбаев Бақытжан Әбсаматұлы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың
аға оқытушы Баярисов Режеп Оразбайұлы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің
«Тарих» мамандығының 4-курс студенті Сатаева Ботакӛз Ерболқызы және басқа да ғалымдар мен
магистранттар, студенттер қатысты. Дӛңгелек үстелдің басты мақсаты - М.Х.Дулатидай тарихи
тұлғаның ӛмірі мен қызметін болашақ жас мамандарға насихаттай отырып, олардың бойына
отансүйгісштік сана сезімді, білім мен ғылымға деген қызығушылықты, жаңа қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру.

http://www.tarsu.kz/en/zhizn-i-tvorchestvo/3-arasha-m-kh-dulati-esimi-universitetke-berilgen-k-n.html
I- ші Дулати оқулары

Кӛрнекті ғалым тарихшы М.Х.Дулатиға арналған «І Дулати оқулары» Халықаралық ғылыми-
теориялық конференциясы 1997 жылы 13-15 наурызда ӛтті. Конференцияға профессор-


Page 22

22

оқытушылар құрамы тарапынан жалпы саны 77 баяндама келіп түсті және оның нәтижесінде
конференция материалдарының жинағы жарияланды.
http://www.tarsu.kz/en/zhizn-i-tvorchestvo/meropriyatiya.html

















Тараз қаласының
университетіне
Мҧхаммед Хайдар
Дулатидің есімі
берілуі

Қазақстан Үкіметінің
1997 жылғы 3
қарашадағы №1485
қаулысының
шешімімен Тараз
қаласындағы іргелі
университетке Қазақ
тарихының негізін
қалаушы, ғұлама-ғалым,
ақын, қоғам қайраткері
Мұхаммед Хайдар
Дулатидің есімі
берілді.





Page 23

23





Есткерткіштің ашылуы
ҚР Мемлекеттік хатшысы Әбіш
Кекілбаевтың 1998 жылды «Халық бірлігі
мен ұлттық тарих жылы» деп жариялау
туралы ӛкімі шығады. 1998жылдың 18
ақпанында бекіткен қаулы аясында 1998
жылдың 26 тамызында М.Х. Дулатиге
арналған еліміздегі тұңғыш ескерткіш
Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты
түрде ашылды.


















Ескерткішке Елбасының гҥл
қоюы

Ҥндістанға барған Қазақстан
делегациясының қҧрамы


Page 24

24

1999 ж. М.Х.Дулатидің 500 жылдық тойын ЮНЕСКО кӛлемінде атап ӛту мақсатында мемлекет
қайраткері, «Дулати қоғамдық қорының» президенті А. Асқаров Үндістанға баратын Қазақстан
делегациясын ұйымдастырады. 1999 ж. 22-30 мамырда делегацияның жетекшісі М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ-дың ректоры, профессор У.Қ.Бишімбаев, ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі, қоғам
қайраткері, меценат М.Дайырбеков, жазушы, тарихшы М.Қазыбек, Тиграхауд фирмасының бас
директоры Ә.Жау¬жүрек, ТарМУ доценті, т.ғ.к. А.Б.Абдуалы, Жамбыл облыстық «Ақжол» газеті
редакторының орынбасары Б.Әбілдаев, Шығыстану институтының аға қызметкері Т.Бейсенбиев
Кашмирге барды.
http://www.tarsu.kz/en/meropriyatiya-na-2013-2014-gg.html
II –ші Дулати оқулары
Ұлы ғалым М.Х.Дулатиға арналған «ІІ Дулати
оқулары» «Қазақстанның кӛне және ортағасырлық тарихының
проблемалары» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-теориялық
конференциясы 1998 жылы 18-20 қыркүйек айында ӛтті.
Конференцияға профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жалпы
саны 85 баяндама келіп түсті және оның нәтижесінде конференция
материалдарының жинағы шыққан.
Конференциядан соң 1999 ж. 17 маусымында Кашмирдегі М.Х.Дулати
зиаратынан әкелген топырақты ескерткішке салу рәсімі орындалды.
Сенат тӛрағасы Ӛ. Байгелди, мемлекеттік хатшы Ә. Кекілбайұлы,
Қазақстанның бас мүфтиі Рәтбек қажы, Жамбыл облысының әкімі С.
Үмбетов, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.


Page 25

25



http://www.tarsu.kz/en/meropriyatiya-na-2014-2015-gg.html
















Page 26

26


Ҥндістан сапары



Ҧлы бабамыздың 500 жыл толуы қарсаңында
1999 жылы мамыр айы Ҥндістан, Кашмир сапары
Акбар мавзолейі
«Тарих-и Рашиди» XVI ғасырда кӛшірілген қолжазба


Page 27

27

Университет холындағы Мырза Хайдардың
қызыл барқытпен кӛмкерілген «Тарих-и Рашиди»
еңбегінің XVI ғасырда кӛшірілген қолжазба
нұсқасын делегация құрамы қызықтап, танысуда.
Кашмир штатындағы Сринагар шаһарының
аймағындағы Ұлы ғалым жерленген «Мазар-и
салатин» – «Сұлтандар зиратындағы» қабірде
делегация құрамы 1999 ж. 27 мамырда болады.
Арнайы құран бағыштап, зиарат етеді. Туған
жерден топырақ пен бір топ жусанды апарып,
қабірге салады, Тараздағы ескерткішке топырақ
алады. 1822 жылы Англия патшайымының
Үндістандағы атбегісі, саяхатшы Уильям
Муркрафт осы зиратқа аялдап, арнайы тапсырма
беріп қойдырған екінші құлпытасқа бетон рама
жасаған.






































Қабір басындағы рәсімдердің жасалуы
«Мазар-и Салатин қабірстанындағы Баба қабірінің басында»
М.Х.Дулати қабірінен туған елге топырақ алу


Page 28

28

1999 ж. 28 мамырында Кашмир университетінде ЮНЕСКО-ның, Үндістан білім және ғылым
министрлігі, Қазақстанның Үндістандағы елшілігі ұйымдастыруымен халықаралық конференция
ӛтеді. Ғалымдар Мырза Хайдар Дулати туралы ойларын ортаға салады. Мырза Хайдардың игілікті
істерін кашмирліктер құрметпен баяндайды. Конференция соңында екі ел делегациялары естелік
сыйлықтар табыстайды.


Page 29

29


http://www.tarsu.kz/en/meropriyatiya-na-2015-2016-gg.html


Page 30

30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!