Материалдар / ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тарих пәнінің оқытушыларына өте тиімді. сабақ барысында білім алушыларды деректермен жұмыс жасату арқылы қызықтыру жолдары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
785
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ


Г.С. Чалгинбаева



Халқымыздың рухы мықты ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі мен елдігіміздің сақталуы жас ұрпаққа байланысты. Ұлт тәрбиесі туралы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да аталып өтілген: « Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бəсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық жəне адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен əлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады».

Бүгінгі таңда елімізде мектептегі білім беру ісі, заманауи ақпараттық технологиялармен жарақтандыру шаралары біршама өз шешімін тапқандай болса да, әлі де рухы таза, ұлтжанды ұрпақ өсіруде нәтижеге қол жеткізе алмай отырған сияқтымыз. Ұлттық тәрбие мәселесі Елбасының Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да аталып өтілген. Онда: «Басты мақсат – азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы өз елі, ұлты үшін мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеуді қалыптастыру» делінген. Осы мақсатты жүзеге асырушы тұлғалардың бірі – тарихшылар болып табылады.

Сондай-ақ, 2012 жылдың шілдесінде баспасөзде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласы жарық көрген еді. Мақалада Елбасымыз елімізде қордаланып қалған және шешімін күткен бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселелерді қозғай келіп, тиісті орындар шұғыл атқаруға тиісті іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде нақты 20 тапсырманы қадап көрсетіпті. Солардың ішінде 13-ші тапсырмада былай деп атап көрсетілген: «ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын». Елбасымыздың өзге пәндерден бөле-жара Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріп, оны өзгерту мәселесін көтеріп, оның шұғыл орындалуы үшін тиісті нақты тапсырма етіп белгілеуі бекер емес. Мақалада тарих пәніне қатысты өзге проблемаларды қозғамай, тек оны жас ұрпаққа жеткізудің жолын қарастырмақпын. Қазақстан тарихын оқытудың өзіне жаңашыл бағыттар қажет тәрізді. Солардың бірі ретінде – тарих сабағында деректермен жұмыс жасау жолын ұсынып отырмын. Тарих ғылымының өзге ғылымдардан өзгешелігі ол деректерге сүйеніп жазылады. Кез-келген мәселенің шынайылығы қолда бар деректерді талдау арқылы анықталады. Әрине кез-келген деректердің өзі субъективті болатындығы өз алдына, алайда студенттерді сабақ барысында деректермен жұмыс жасату арқылы оқыту тарих сабағына деген олардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Деректермен жұмыс жолын ұсынуымның бірден-бер себебі - біздің ұлтымыздың тарихында біз қорынатындай ешқандай ұлтты қаралайтын беттер де, деректер де жоқ. Қазақ тарихы – тірі болу, тірлік үшін күресу, бірігу тарихы екендігі баршамызға аян.

Қазақстан тарихының кез-келген кезеңінің өзіне тиісті дерек көздері бар. Ежелгі Қазақстан тарихы мен түрік дәуірі кезеңінде тиісінше тастан, қоладан, темірден жасалған заттардың суреттері, табылған тұрақтар туралы бейне таспалар және мұражайлардағы дерек материалдарын пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға толық негіз бар.

Моңғол шапқыншылығы мен Қазақ хандығы дәуірінде жоғарыда аталған дерек көздерімен қатар, жазбаша деректерді пайдаланған дұрыс. Мысалы қазақ хандығының құрылған уақыты туралы мәселеде бірқатар ғалымдардың пікірлерін айта келе, студенттерге Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен біздің тарихымызға қатысты тұстарын дерек ретінде талқылауға берілсе, аталған проблема бойынша нақты жауапқа келу арқылы олардың жадында бұл тақырыптың берік сақталуына және қызығушылығының оянуына қол жеткіземіз.

Қазақ хандығының Ресейдің боданына айналуы тақырыбын түсіндіргенде студенттерге Әбілхайыр ханмен Анна Иоановна арасындағы келісім-шартты дерек ретінде талқылауға беру арқылы, олардың ау бастағы келісім-шарттың мазмұнын Ресей империясының бұрмалап, бұзғандығын түсінеді. Жаңа және қазіргі заман Қазақстан тарихына қатысты деректер көзі толып жатыр, оларды сабақтың құрылымына, түріне қарай таңдау арқылы қызықты сабақпен студенттердің сапалы біліміне қол жеткізуге болады.

Ұлтжанды, дүниетанымы мол ұрпақ қалыптастыру үшін Қазақстан тарихы сабақтарында оқулықтан тыс қосымша көркем әдебиеттер, естелік зерттеу еңбектерін тұрақты пайдаланылуы тиіс. Әсіресе ұлт тарихында азаттық күрестер, нәубет жылдар оқиғасы, тарихи дара тұлғалар туралы жалаң сөз етпей, оқиғаны әсерлеп, сезіміне әсер ете отырып, білім бергенде олардың көп білуге деген ұмтылысы, пәнге қызығушылығы, сондай-ақ ұлы тұлғалардың ерлік істеріне деген мақтаныш сезімі кеудесін кернейді. Сондай-ақ ұлы оқиғаларға байланысты нақты деректерге негізделген қосымша тарихи, көркем шығармалардан үзінді беріліп, талқыланса студенттердің білімі беки түсетіндігі сөзсіз. Сонымен қатар С.Сейфуллин “Тар жол тайғақ кешу”, С.Мұқанов “Ботагөз”, Ә.Нұршайықов “Ақиқат пен Аңыз”, Б.Момышұлының еңбектері, М.Шахановтың қаншама тарихи тақырыпқа жазылған еңбектері, Абайдың қара сөздері, М.Әуезовтың “Абай жолы”, М.Мағауин “Бір атаның балалары”, З.Қыстаубаев “Нәубет”, И.Есенберлин “Көшпенділер”, Д.Қонаевтың “Өттің дүние осылай”, Елбасының еңбектері және тағы да басқа осындай құнды еңбектерді тарих сабағында дерек көздері ретінде пайдаланып, оқушыларға шығармашылық жұмыс беріп, сол шығарма туралы өз ойын, өз көзқарасын білдіруді тапсырса, тәрбиелік мәні зор болар еді.

ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры болып табалады. Осыған орай тарих сабақтарында да ақпараттық-технологияларды өз орынымен пайдалану өте қажет. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Тарих сабағында жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Жоғарыда аталған деректермен жұмыс жасауды ыңғайлы ету үшін, оқытушы Қазақстан тарихының кезеңдеріне тиісті деректерді жинақтап оны электронды оқулық ретінде әзірлеп алғандығы абзал. Және де сабақта тарихи бейне-таспаларды пайдаланудың өзі қазіргі ақпараттық ғасырдың жемісі.

Қорыта айтқанда, ұлтжанды, патриот азаматтарды тәрбиелеу үшін Қазақстан тарихы пәнің оқытудың жаңашыл жолдарын жан-жақты қарастырып, пайдаланған жөн. Солардың бірі ретінде – ұсынылып отырған деректермен жұмыс тарих сабағына деген студенттердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Елбасы тапсырмасы ойдағыдай орындалатын болса, онда еліміздің білім және ғылым саласы серпінді дамуға ие болып, әлемдегі озық елдердің алдыңғы шоғырынан көрінетініміз күмәнсіз. Төл тарихымызды оқыту мәселесі оңалатын болса жас ұрпақтың өз еліне деген мақтаныш сезімі күшейіп, патриоттық тәрбие беру жұмысы да пәрменді бола түсетіні даусыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. //Егемен Қазақстан. 10 шілде 2012 жыл.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 7 желтоқсаан 2010 жыл

  3. С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008 ж.

  4. А. Иманбаева. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. //Қазақстан мектебі. №2, 2005ж.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!